ҚыСҚАМерзіМді ЖОСпАр

 

1

 

тАҚырыБы: АдАМ деНеСі Мектеп/Мұ:
күні: педагогтің аты-жөні:
СыНып/тОп: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
ұОҚ оқытылу мақсаты: 0.1.1.1. Адамның дене құрылысын білу.
  Барлық балалар:

Адамның дене мүшелерін және кейбір ішкі ағзаларды атайды.

көпшілік балалар:

Дене мүшелері және ішкі ағзалардың күтімі жайлы алған білімдерін қолданады.

кейбір балалар:

Дене мүшелері және ішкі ағзалардың күтімі жайлы түсіндіреді.

 

тілдік мақсат дағдыларын дамыту:

Адамдардың өзара айырмашылығы мен ұқсастығын сипаттай алады. Ауызекі сөйлеуде белсенділік танытады.

көптілділік:

адам человек human жүрек сердце heart

дене мүшелері части тела parts of the body

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: адамның денесі, дене мүшелері, жүрек, қантамырлар, жүрек қағысы, өкпе, тыныс алу, оттегі, көмірқышқыл газы, ауыз, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ішек, ми, жүйке, жүйке жүйесі. Пікір алмасу сұрақтары:

Біз бірдейміз бе, әлде әртүрліміз бе?

Жүрек біздің ағзамызда қандай орын алады? Жүрек мықты болу үшін не істеу керек? Адам өмірі тыныс алуға тәуелді ме?

Ас қорыту жүйесіне адам ағзасының қайсысы қатысады? Адамның барлық ағзасын кім немесе не басқарады?

Ми үшін не қауіпті?

Өткен ұОҚ алған білім Адамның дене мүшелері жайлы қарапайым түсінік.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жұмыс түрлері ресурстар

 

і. дұрыс әсерлі көңіл күй орнату

0-1 минут

 

 

 

 

 

іі. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам

2-5 минут

(ұ) Жағымды көңіл күй орнату. «Сәлем, досым!» ойыны

Балалар дөңгелене тұрып, алдымен бір-бірімен, содан кейін педагогпен амандасады. Балалар бір минут ішінде

үлгергендерінше барлық балалардың қолдарын алып, «Сәлем, досым!» – деп сәлемдесіп шығуы тиіс.

(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:

– Денсаулық дегеніміз не? Ауру адам мен сау адамның айырмашылығы бар ма?

Балалар өз ойларымен бөліседі.

Дені сау адам – еш жері ауырмайтын адам. Ол жақсы көреді және естиді. Оның қолдары мықты әрі шымыр, оның көңіл күйі жақсы. Ол әрқашан көтеріңкі көңіл күйде, тәбеті жақсы, ұйқысы тыныш және өз қалауымен балабақшаға немесе жұмысқа барады.

Дене мүшелерінің, ішкі ағзаларының бірінің ауруы себепті адамның денсаулығы нашарлап, көңіл күйі бәсеңсиді, сондықтан олардың еш нәрсеге зауқы болмайды.

Қорытынды: Ендеше, «Денсаулық – зор байлық» деп халқымыз айтқандай, оны ешнәрсеге теңеуге болмайды, адамдар бір-біріне ең бірінші денсаулық тілейтінінің себебі, міне, осында.

Көңілді музыка әуені

 

ұОҚ ортасы

III. тақырып бойынша жұмыс

6-25 минут

(Ж, ұ) проблемалық сұрақ:

– Мен кіммін? Мен – адаммын. Менің басқа адамға ұқсастығым мен айырмашылығым қандай? Біз ұқсаспыз ба, әртүрліміз бе?

Балалар бір-біріне қарап, қандай айырмашылықтары мен ұқсастықтары барын атайды, бір-бірінен қандай өзгешеліктері барын талқылайды.

Қорытынды: Адам бір-бірінен көзінің, терісінің, шашының түсімен, мұрнының, басының пішінімен, бойының ұзындығымен және т.б. ерекшеленеді.

Әр адам қайталанбас, бірегей жаратылыс, бірақ оларды бір нәрсе біріктіреді, ол – адам денесінің құрылысы. (ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс:

Балалар адамның дене құрылысымен танысады. Ол түрлі бөліктерден тұратыны, әрқайсысының өзінің атауы болатыны туралы қорытындыға келеді: бас, мойын, дене, қол, аяқ. Баста – көз, мұрын, ауыз, құлақ, шаш бар. Әр қолда бес саусақтан және аяқта бес башпайдан болады. Сонымен қатар адамның ішкі ағзасы бар. Сендер қандай ағзаны білесіңдер? Атап беріңдер.

көптілділік:

адам человек human жүрек сердце heart

дене мүшелері части тела parts of the body (ұ, Ж) проблемалық сұрақ:

Адам не үшін өз организмі жайлы білуі керек, ол бұл түсінігін қалай қолдана алады?

 

 

  Балалар адамдардың дені сау әрі бақытты болғысы келетіні жайлы талқылайды.

Олар өздерін, өз мүмкіншіліктері мен күшін тануға, өз организмі жайлы көбірек білуге ұмтылады. Олар дене құрылысы жайлы көбірек білген сайын өздерін тереңірек таниды.

Денеде орналасқан ішкі ағзалар адамның өсіп, дамуына көмектеседі.

– Сендер қандай ағзаларды білесіңдер?

– Ағзалардың ішінде ең маңыздысы бар ма? Ойланып тауып көріңдер.

Жұмбақ шешейік: Таппайтын тағат, Тығулы сағат. (Жүрек)

Педагог балаларға кеудесіне қолдарын қойып, жүректің соғуын және оның қалай «қағатынын» сезінуді ұсынады. Балалар өз әсерімен бөліседі.

педагог ақпараты: Жүрек адамның сол жақ кеуде қуысында орналасқан. Жүрек қағысын сендер алақан арқылы сезе аласыңдар. Жүректің көлемі қандай? Педагог балаларға жұдырықтарын түйіп, оның көлеміне зер салып қарауды ұсынады, өзінің жұдырығын достарының жұдырығымен салыстырады.

Әр баланың жүрегі өзінің жұдырығының көлеміндей. Баланың жүрегі үлкендер жүрегінен көлемімен ерекшеленеді. Бала өскен сайын оның жүрегі де бірге өседі.

 

 

  (ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.

– Неліктен адамдар жүректі ең маңызды ағза деп есептейді, неге жүрексіз адам өмір сүре алмайды? Балалар жүрек-қан тамырларының суретін қарайды. педагог ақпараты: Адамның жүрегін моторға теңейді, күндіз-түні еш дамылсыз жұмыс істейтін мотор. Адам өмірі жүрек қызметіне тәуелді. Жүрек тынбай еңбектеніп, қан тамырлары арқылы қанды жүргізеді. Қанның жүруі өмірлік маңызды үдеріс.

(ұ) динамикалық үзіліс.

Балалар қолдарын сол жақ кеуде тұсына қойып, соғысын тыңдайды.

1 минут орнында тұрып секіреді.

Қайтадан жүрек қағысын тыңдап, қағыс күшейгенін байқайды.

(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:

– Секіргеннен кейін біздің жүрегіміз неліктен жиі соғады және тамыр соғуы жиілене түседі?

– Қанның адам ағзасы үшін қандай маңызы бар, ол қандай қызмет атқарады?

Балалар өз пікірлерін айтады.

педагог ақпараты: Аз қозғалатын адамның жүрегі әлсіз соғады, ал белсенді қозғалыста, дене шынықтыру сабағында жүрек бірқалыпты жұмыс істейді және қан тамырлардан қанды жеңіл жүргізеді.

Әліппе-дәптердегі сурет

 

  Қан адам денесінің барлық бөлігінде бар, кез келген дене бөлігін инемен шаншыса, қан тамшысы шығады. Қан тамырлары арқылы қан адам организмінің әр жасушасына оттегі мен түрлі нәрлі заттарды жеткізеді. Денеге су, жылу таратады, сондай-ақ адам өмір сүруіне бөгет болатын зиянды заттарды жинайды. Сол себепті жүректің соғуы мен қанның жүруі бір-бірімен тығыз байланысты. Жүрек адамның негізгі мүшесі, оны қорғау керек.

– Жүректің саулығын сақтау үшін не істеу керек? Балалар талқылайды.

Қорытынды: Дене шынықтырумен, спортпен шұғылдану, шаңғы, конькимен сырғанау, шомылу, таза ауада серуендеу, күнделікті жаттығу жасау – дене бұлшық еттерін нығайтады. Бұл жүректің бұлшық еттерін дамытып, жақсы жиырылуына көмектеседі. Спортпен, гимнастикамен шұғылданбаса, жиі қимылдамаса, бұлшық еттер серпінділігін жоғалтады, жүрек әлсіреп, әртүрлі ауруға шалдығады.

Сондай-ақ адам әбден әлсірегенше жұмыс істеуге, жүгіруге болмайды: бұл жүректі әлсіретеді.

Жүрек ауырмауы және дұрыс жұмыс істеуі үшін, дене шынықтырумен, спортпен шұғылдану, таза ауада қыдыру, күн тәртібі мен тамақтану тәртібін сақтау қажет.

(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:

– Адамның жүрегі сияқты үзіліссіз жұмыс істейтін тағы қандай маңызды ағзасы бар, ол қандай ағза?

 

 

  Педагог балаларға сұраққа жауап бермес бұрын, тыныштықта өздерінің ағзасын тыңдауды ұсынады. Балалар өздерінің тыныс алуын естіп, анықтайды. – Тыныс алу адам өміріне қаншалықты маңызды? Педагог балаларға мұрындарын, ауыздарын жауып демалуды ұсынады.

Қорытынды: Дене шынықтырумен, спортпен шұғылдану, шаңғы, конькимен сырғанау, шомылу, таза ауада серуендеу, күнделікті жаттығу жасау – дене бұлшық еттерін нығайтады. Бұл жүректің бұлшық еттерін дамытып, жақсы жиырылуына көмектеседі. Спортпен, гимнастикамен шұғылданбаса, жиі қимылдамаса, бұлшық еттер серпінділігін жоғалтады, жүрек әлсіреп, әртүрлі ауруға шалдығады.

Сондай-ақ адам әбден әлсірегенше жұмыс істеуге, жүгіруге болмайды: бұл жүректі әлсіретеді.

Жүрек ауырмауы және дұрыс жұмыс істеуі үшін, дене шынықтырумен, спортпен шұғылдану, таза ауада қыдыру, күн тәртібі мен тамақтану тәртібін сақтау қажет.

 

 

  педагог ақпараты: Адам үнемі ауаны ішке тартып, сыртқа шығарады, яғни тыныс алады. Адам тіпті ұйықтап жатқанда да тыныс алады. Ауасыз жер бетінде бірде-бір жаратылыс өмір сүріп, бірде-бір өсімдік өспейді.

– Демді ішке тартқан кезде ауа қандай күйде болады? Педагог балаларға қолдарын кеуде тұсына қойып, терең тыныс алып, сыртқа шығаруды ұсынады.

(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.

Балалар тыныс алу мүшелерінің құрылысын қарайды. педагог ақпараты: Тыныс алғанда біздің кеудеміз көтеріледі. Ол кезде ауа өкпені толтырады және өкпе кеңейеді (қап тәрізді).

Демді сыртқа шығарғанда, кеудеміз төмен түскенін сеземіз. Ол кезде өкпедегі ауа сыртқа шығады, көлемі кішірейеді және қысылады.

Біз әр 3-4 секунд сайын құрамында оттегі бар ауаны өкпемізге толтырамыз.

Өкпе – қызғылт түсті әуе шарына ұқсас көптеген ұсақ көпіршіктерден тұрады.

Демді сыртқа шығарғанда – көмірқышқыл газы сыртқа шығарылады, ал оттегі қанға түсіп, ол қанмен адамның барлық ағзасына таралады.

(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:

– Адамның денсаулығына тыныс алуы маңызды ма, яғни оның өкпесі қалай жұмыс жасайды және қандай ауа пайдалы?

Балалар өз пікірлерін білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптердегі сурет

 

  Қорытынды: Адам денсаулығы үшін оның немен және қалай тыныс алатыны маңызды. Тұмау және тыныс алу жолдарымен жиі ауыратындарға дәрі ішу ғана емес, тыныс алу, дене шынықтыру жаттығуларын жасау, спортпен айналысу, шынығу, көп уақытын таза ауада өткізуге, әсіресе ауасы таза қала сыртында болуға кеңес беріледі.

 

Сұрақ: Жер бетіндегі ең ақылды, ең күшті кім? (Адам)

 

(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:

– Неліктен адам барлығынан ақылды?

– Адам өмірі үшін ең маңызды тағы қандай ағзаны атауға болады?

– Адамның барлық ағзасын не басқаруы мүмкін?

 

педагог ақпараты: Адам ағзасы бір уақытта жұмыс жасайды. Барлық мүшенің қызметін ми басқарады. Педагог балалардан саусақтарын күйдіріп немесе бір нәрсеге соғып алғандарын еске түсіруді сұрайды. Бұл жағдайда не болады? Мұндай кезде ауру жаныңа батып, қолыңды тез тартып аласың. Қолдың ауырып, соғылып, күйіп қалғаны туралы мәлімет жүйкелер арқылы миға келіп түседі. Мидың бұйрығымен адам жылдам қолын тартып алады.

 

 

  Есік алдында ойнап жүргенде қасыңа жақындаған автомобильдің даусын естідің. Не істейсің?

Балалар пікірін педагог толықтырып, дыбыс белгілерінің есту мүшесі (құлақ) пен жүйке арқылы миға ақпарат беретінін, осыдан соң ми тарапынан бұйрық болатынын (бұрылу, тоқтау немесе басқа жаққа жылжу) айтады. Қорытынды: Жүйке жүйелері – мидың алғашқы көмекшісі.

(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.

Балалар ми және жүйке жүйесінің суретін қарайды.

 

педагог ақпараты: Адамның миы бастың ішкі жағында болады, ол бассүйекпен қапталған. Ми грек жаңғағының жарты бөлігіне ұқсайды.

Жүйке жүйесі қоршаған ортадан алған ақпаратты тері, көз, құлақ, ауыз арқылы миға жеткізеді. Біздің барлық ойымыз, сезіміміз, қалауымыз бен қозғалысымыз ми қызметімен байланысты.

Ми қуатты компьютер орталығы сияқты барлық ішкі мүшелерді басқарады, көптеген тапсырмаларды

орындайды, денсаулық пен ағзаның тіршілік әрекетін қамтамасыз етеді.

(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:

– Ми үшін не қауіпті? Неден және қалай басымызды қорғауымыз керек?

Педагог балалармен бірге жауаптарын қорытындылайды. •       Бассүйек миды соққы мен ми шайқалудан қорғайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптердегі сурет

 

  Басқа тиген қатты соққыдан мидың шайқалуы мүмкін. Ми шайқалғанда адамның басы айналып, құлағы шуылдайды, жүрегі айнып, құсуы, басы ауыруы мүмкін. Мұндай жағдайда міндетті түрде дәрігерге қаралу керек. •                Жер сілкінісі кезінде балаларға үстел астына жасырынып, басын екі қолымен жабу ұсынылады.

•     Аспансерік (стюардесса) ұшақтың қонуы кезінде апаттық жағдай туындағанда жолаушыларға басын тізесіне тигізіп, қолдарымен басын жабу керектігін ескертеді. Мұның бәрі адамның бастан соққы алмауы үшін қарастырылады.

•     Басына кездейсоқ заттар құлап кетпеуі үшін құрылысшылар темір қалпақ (каска) киеді.

•     Жарақат алу қаупі бар спортшылар металдан жасалған баскиім (шлем) киеді. Сондай спорт түрлерін ата (велосипедші, шаңғышы, хоккейші, конькиші және т.б.).

(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.

Басқа тиген соққыдан қорғану құралдары жайлы талқылау және суреттерін қарастыру.

Қорытынды: Әр адам өз денсаулығын нығайтып, сақтау үшін көп нәрсені үйрене алады. Кімде-кім спортпен, гимнастикамен шұғылданбаса, жиі қимылдамаса, әртүрлі ауруға шалдыққыш болады. Керісінше, дене

шынықтырумен, спортпен шұғылдану, шаңғы, конькимен сырғанау, шомылу, таза ауада серуендеу, күнделікті жаттығу жасау адамның денсаулығы мықты болып, ұзақ өмір сүруіне көмектеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптердегі сурет

 

IV. ұОҚ қорытындысы. рефлексия

25-30 минут

Балалар шеңберге жиналады, қол ұстасып, достарына жылы сөздер айтып, барлық адамдарға денсаулық пен мейірім тілейді.

Педагог ҰОҚ қорытындылайды.

– Бүгінгі ҰОҚ-де қандай қызықты ақпаратты білдіңдер? Сендерге не ұнады?

(р) Педагог балаларға ҰОҚ барысындағы жұмыстарын сәттілік баспалдағы арқылы бағалауды ұсынады.

– Егер сендер адамның дене құрылысы жайлы түсінбесеңдер, онда баспалдақтың ең төменгі сатысына жабырқау смайликтің суретін салыңдар. Егер барлығын түсініп, жаңа алған білімдеріңді айта алсаңдар, онда баспалдақтың ең жоғарғы сатысына көңілді смайликтің суретін салыңдар. Ал егерде өз білімдеріңе сенімсіз болсаңдар, смайликтің суретін баспалдақтың

2-сатысына салыңдар.

– Кім смайликті баспалдақтың қай сатысына салды? Неліктен?

Педагог мүмкіндігіне қарай түрлі пікірлерді тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

2

 

тАҚырыБы: СезіМ МҮШелері Мектеп/Мұ:
күні: педагогтің аты-жөні:
СыНып/тОп: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
ұОҚ оқытылу мақсаты: 0.1.1.2. Адамның дене құрылысын білу.
  Барлық балалар:

Адамның дене құрылысын, сезім мүшелерін атайды.

көпшілік балалар:

Адамның дене құрылысы туралы білімдерін қолданады; көру, есту, дәм сезуді сақтау туралы тәсілдерді біледі.

кейбір балалар:

Көру, есту, дәм сезуді сақтаудың ережесін түсіндіреді.

тілдік мақсат дағдыларын дамыту:

Сезім мүшелерінің әрекетін сипаттай алады.

Адам өмірі үшін көру мүмкіндігінің құндылығын біледі. көптілділік: көз глаза eyes

құлақ ухо ear мұрын нос nose тіл язык tongue

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: сезім мүшелері, көру, соқырлық, көз алмасы, көздің сыртқы мөлдір қабығы, көз дәрігері, көзәйнек ілдірігі, алыстан көрмеушілік, алыстан көрушілік, саңыраулық, нашар еститін.

Пікір алмасу сұрақтары:

Әлемді тану үшін адамға қандай сезім мүшесі көмектеседі? Ол қандай қызмет атқарады?

Көздің көруін сақтау үшін не жасау керек?

Көру мүмкіндігі бұзылуын қалпына келтіруге бола ма?

 

Өткен ұОҚ алған білім Адамның дене құрылысы жайлы қарапайым түсінік.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жұмыс түрлері ресурстар
і. дұрыс әсерлі көңіл күй орнату 0-2 минут (ұ) Жағымды көңіл күй орнату.

Саусақ жаттығуы: «Қайырлы таң, менің көздерім!»

– Қайырлы таң, менің көздерім! Сендер ояндыңдар ма? (Сұқ саусақтарымен көздерін сипайды, саусақтарымен «дүрбі» жасап, қарайды).

– Қайырлы    таң,    менің     құлақтарым!    Сендер     ояндыңдар    ма? (Алақандарымен құлақтарын сипап, алақандарын құлақтарына қояды). – Қайырлы таң, менің қолдарым! Сендер ояндыңдар ма? (Кезек-кезек қолдарын сипалап, шапалақтайды).

– Қайырлы таң, менің аяқтарым! Сендер ояндыңдар ма? (Тізелерін уқалап, аяқтарымен тарсылдатады).

– Қайырлы таң, алтын Күн! Мен ояндым! (Қолдарын жоғары көтеріп, Күнге қарайды).

 
II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам 3-5 минут (ұ, Ж) проблемалық сұрақ: Адамдар көреді, естиді, сөйлейді, ән шырқайды, тыныс алады. Адамға қандай дене мүшелері, қандай ағзалар осы және басқа да әрекеттерді жасауға көмектеседі? Оларды адамның «мейірімді көмекшілері» деп атауға бола ма?

Балалар     талқылайды      және       педагог      олардың                      жауаптарын қорытындылайды.

 

 

ұОҚ ортасы III. тақырып

бойынша жұмыс 6-25 минут

(ұ) Ойын жағдайы:

Педагог балаларға көз алдарына елестетуді ұсынады:

• Таңертең сағат шырылдады – тұратын уақыт болды. (Сағаттың шырылын адам құлағының көмегімен естиді).

• Төсектен тұрғанда бөлме іші суық болса, киін. (Ауа температурасы суық немесе жылы екенін адам сезім мүшесі – тері арқылы біледі).

• Үйде кофенің иісі пайда болды. Бұл анам асүйде таңғы ас әзірлеп жатыр. (Кофенің иісін сезім мүшесі – мұрын арқылы біледі).

• Кофе тәтті емес, қант салу керек. (Кофе дәмін адам тілдің көмегі арқылы ажыратады).

Көшеде жаңбыр жауып тұр, қолшатыр алу керек. (Ауа райының өзгергенін адамға көру мүшесі – көз хабарлайды).

Қорытынды: Көз, құлақ, мұрын, тіл, тері – адамның ең негізгі көмекшілері. Адамның сезім мүшелері – көру, есту, сезу, түю – толыққанды өмір сүруге және қоршаған ортаны танып-білуіне көмектеседі. Сол себепті де біз оларды мейірімді көмекшілер деп атаймыз.

(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:

Адам егер нашар көрсе немесе мүлдем көрмесе, өзін қалай сезінер еді?

Педагог көздерін жұмып, кез келген күнделікті жұмысты орындап көруді ұсынады. Ол бір баланың көзін байлап, сөмкесіне керекті оқу құралдарын жинап салуды, ал басқа балаға киімдердің арасынан өз сыртқы киімін тауып киінуді сұрайды.

 

 

  Балалар көздерін жұмып, қараңғыда тұрғандай сезініп, күнді, аспанды, шөпті, гүлді, жақын адамдардың түрін көре алмау, яғни зағип болудың ауыр екенін елестетуге болатынын талқылайды.

(ұ, Ж) Қорытынды: Қоршаған ортаны көру қабілеті – адамның өте құнды сезімдерінің бірі. Адам өміріндегі барлық жаңалықтар көздің көмегімен қабылданады. Түрлі жағдайға байланысты көздің көруін жоғалтуы немесе көрмей қалған жағдайда адамдарға қамқорлық көмек көрсетіп, оларды сыйлау қажет.

(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. Сенің көзіңнің қаншалықты жақсы көретінін тексеріп, қажет болса, медициналық көмек көрсететін кім? Балалар суреттерді қарастырып, көздерін тексерген дәрігердің қабылдауында болғаны туралы естеріне түсіріп, өз әсерлерімен бөліседі.

Қорытынды: Көздің көруін көз дәрігері – окулист тексереді. Егер адам нашар көрсе, жүйелі түрде дәрігердің бақылауында болуы керек. Дәрігер қажеттілігіне қарай көзілдірік таңдайды және ем жазып береді. көптілділік: көз глаза eyes

(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:

– Көздің көруін сақтау үшін не істеу қажет? Саған ата-анаң, педагог және окулист дәрігерлерің қандай кеңестер мен ұсыныстар береді? Педагог балалардың жауаптарын толықтырып қорытындылайды.

•     Үй тапсырмасын орындағанда, оқығанда, сурет салғанда көз бен қағаз арасында 30 см қашықтықты сақтау керек.

•      Қараңғыда немесе жарық жеткіліксіз жерде оқу көздің көру қабілетін төмендетеді.

• Теледидар көргенде арақашықтық 3 метрдей болуы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

  •      Компьютерлік ойындарды ұзақ ойнауға болмайды. Компьютер алдында жұмыс жасау 30 минуттан аспауы керек.

• Жұмыс үстінде қайшы және басқа үшкір заттармен көзді жарақаттап алмас үшін ұқыптылық қажет.

• Кір қолмен көзді уқалауға болмайды.

(ұ, Ж) көз бұлшық еттерін нығайтуға арналған жаттығулар ҰОҚ-ден кейін немесе жұмыс арасында орындалады. Бұл жаттығу көз бұлшық еттерін нығайтуға, көздің көру қабілетін сақтауға көмектеседі.

 

(Ж) Ойын: «тауып көр».

Педагог балаларға өзінің не жасағанын және ол қандай затпен орындалғанын табуды ұсынады. Ол перде артынан ыдыспен немесе балғамен тарсылдатады, жылтыр қағазбен шытырлатады, кітап беттерін қатты сапырып ашады, стақанға су құяды және т.с.с. әрекеттер жасайды.

– Менің не жасағанымды қайдан білдіңдер? Оны білуге не көмектесті?

 

педагог ақпараты: Құлақ – адамның есту мүшесі. Құлақ адамға қоршаған орта дыбыстарын естіп, ажыратуға, қабылдауға көмектеседі. Оның көмегімен адам дыбыстарды ажыратады, сөздерді түсінеді, басқа адамдармен қарым-қатынасы жеңілдейді, құстың әнін, желдің уілін, күннің күркіреуін естиді.

Дені сау адамдар үшін әлем ғажайып дыбыстарға толы, олар барлық дыбыстарды естіп, оларға жауап бере алады. Бірақ біздің арамызда нашар еститін, мүлде естімейтін адамдар да бар. Саңыраулық – бұл ауру. Бала туа біткен саңырау болуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

  Зақымдану мен аурудан кейін есту қабілетін жоғалтып, саңырауға айналуы мүмкін. Саңырау болып туылған адам сөйлей алмайды. Біз бұл адамдардың ешқандай қиындыққа қарамай, бізбен бірге қуануына, өмір сүруіне көмектесуге міндеттіміз.

 

көптілділік: құлақ ухо ear

 

(ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс.

– Жақсы есту үшін қалай сақтану қажет?

Балалар сурет бойынша құлақты күту ережесін құрастырады. Педагог балалардың жауаптарын тыңдап, қорытындылайды.

Қорытынды: Адамның      құлағы – күрделі мүше. Сол себепті де тазалық шараларында абай болу қажет; құлақты суық және желді күндері, қатты шудан, дыбыстан қорғау керек.

1. Құлақты қаламмен, шырпымен, тағы сол сияқты үшкір, қатты заттармен шұқуға болмайды. Бұл есту мүшесінің саулығы үшін қауіпті. 2. Құлағыңа бөгде зат түссе, үлкендерге немесе дәрігерге көрсету керек.

3. Аязды күні жылы баскиім кию керек.

4. Сен еститін дыбыстар қатты болмауын қадағалау керек. Құлаққа айғайлауға болмайды. Қатты дауыс естуді нашарлатуы мүмкін.

(ұ) тәжірибе. Педагог балаларға көздерін жұмып, кезекпен үстел үстіндегі заттарды: жуа, сарымсақ, апельсин және т.б. иістері арқылы анықтауды ұсынады

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

  педагог ақпараты: Адам мұрнымен тыныс алады, сонымен қатар иістерді анықтайды. Мұрынның иістерді қабылдап, ажырата алу мүмкіндігі иіссезгіштік деп аталады. Мұрын – иіс сезу мүшесі. Айналамыздағы иістерді біз мұрын арқылы қабылдаймыз. көптілділік: мұрын нос nose

(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.

– Адам иіс арқылы нені анықтай алады?

– Мұрын қандай қауіп туралы ескертуі мүмкін?

Балалар мұрын қандай қауіп туралы ескертетінін айтады. Қорытынды: Айналамызда барлығының дерлік белгілі бір иісі болады. Иістер жағымды, жағымсыз, кейде қауіпті болады.

• Адам иісі арқылы бұзылған немесе күйген тағамды, кейбір азық-түліктің сапасын анықтай алады.

• Адам түтін, газ иісін сезеді, ол оған уақытылы қауіпсіздік шарасын

қолдануына көмектеседі.

(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:

– Мұрын адамға түрлі иістерді ажыратуға көмектеседі.

Адам өмірі үшін тағы қандай маңызды жағдайда мұрын қатыса алады? Педагог балаларға мұрындарын жауып, дем алмауды ұсынады. Балалар мұрынның тыныс алуға қатысатыны жайлы айтып, өз пікірлерімен бөліседі. Егер адам тұмау кезінде мұрынымен дем ала алмаса қиналады, амалсыз ауыз арқылы ауаны жұтады.

– Неліктен дәрігерлер, үлкендер барлық адамдардың, әсіресе балалардың мұрынымен демалуын қадағалауға тырысады?

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

  педагог ақпараты: Мұрындағы дымқылдық – бұл шырышты қабат, онда микробты өлтіретін заттар бар. Адам тыныс алған кезде шаң мен микробтар осы шырышты қабатқа жабысады, ал мұрындағы шаш талшықтары денсаулыққа зиянды заттарды жоюға көмектеседі. Мұрын келіп түскен ауаны дымқылдандырады және жылытады, шаң-тозаң мен микробтан тазалайды.

Қорытынды: Мұрын – адамның көмекшісі. Мұрын –тыныс алу және иіс сезу мүшесі, ол организмді микробтар мен бактерия түсуден қорғайтын табиғи тосқауыл.

 

(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:

– Тұмау және басқа да мұрын ауруы туындағанда кімге жүгіну қажет? Балалар тыныс алу жолдарының аурулары туралы әңгімелеп, өз пікірлерімен бөліседі.

 

педагог ақпараты: Тұмау деп мұрынның шырышты қабатының қабынуын айтамыз. Әдетте тұмау кезінде мұрын ашып, құрғайды, түшкіреді, мұрынның тыныс алуы қиындайды, тыныс алу жолдары бітеліп, адам тағам дәмін, иісін сезбейді және т.б.

Егер мұрынды уақытылы емдемесе, микробтар мұрын арқылы тамаққа түсіп, ауруды асқындыруы мүмкін, ал егер құлақ жарғағы арқылы құлаққа түссе – отит, ал көзге түссе – конъюнктивит (көз бен қабақтың арасындағы мөлдір қабықтың қабынуы) аурулары пайда болады.

Сол себепті уақытылы мамандарға жүгіну керек. Көзді емдеу үшін көз дәрігері – окулист, ал құлақты емдеу үшін құлақ дәрігері – отоларинголог немесе лор дәрігерлеріне жүгінеді.

 

 

  (ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.

– Адам өзінің сезім мүшелерін аурудан қалай қорғай алады?

Балалар өз ойларын білдіріп талқылайды және педагогпен бірге қорытындылайды.

• Бөлме ішіндегі ауа таза және тиісінше дымқыл болуы керек.

• Табиғат аясына, қала сыртына шығып, таза ауамен дем алу керек. • Суық тимеу үшін, организмді шынықтыру керек.

• Таңертеңгі жаттығу жасау қажет. Өте пайдалы спорттық ойындар: қыста – коньки, шаңғы; жазда – суға шомылу. Спортпен айналысқаннан кейін су құйынуды ұмытпа.

• Мұрынды шынықтыру үшін күніне екі рет тұзды сумен шаю керек (бөлме температурасындағы жарты стақан суға – жарты шай қасық тұз).

• Мұрынға сарымсақ тұнбасын тамызуға болады (ұсақтап туралған сарымсаққа 1 стақан су құйып, 1-2 сағат тұндырады).

• Туралған жуа мен сарымсақты иіскеу керек. Олардың иісі микробты өлтіреді, денсаулығымызды сақтайды.

• Мұрынға нүктелі массаж жасауды үйрен.

• Тағам және ауа температурасындағы құбылмалылықтан сақтан. Дене қызуы көтеріңкі кезде суық су ішуге, балмұздақ жеуге болмайды.

 

«дәміне қарай ажырат» ойыны.

Педагог балалардың көздерін байлап, кесілген пірәндік, печенье, кәмпит, майшабақ, ірімшік, құрт, қияр, лимон, алма сияқты тағамдардың дәмін көруді ұсынады.

Әліппе-дәптер

 

  Олар өздерінің не сезгендерін, ненің көмегімен дәмді анықтағандарын, нені, қандай тағамды жегендерін (қатты, жұмсақ, тәтті, тұзды, қышқыл және т.б.) айтады.

(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.

Балалар дәптердегі бейнеленген суреттерді әңгімелеп, қарастырады. педагог ақпараты: Ауыз қуысында орналасқан сілекей безі тамақты көргенде де, ауызға түскенде де бірдей әсер береді. Сол арқылы адам ол тағамның қолдануға жарамды немесе жарамсыз екенін анықтайды. Тіл – дәм сезу мүшесі, ол адамдарға ауыз қуысындағы тағамды сезуге, тағамдардың ұнайтын, ұнамайтынын, ыстық немесе суық екенін анықтауға көмектеседі.

(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:

– Тамақтану барысында тіл қандай қызмет атқарады?

Педагог балаларға сағыз шайнаған уақытта тілдің қозғалысына көңіл аударуды ұсынады.

Қорытынды: Тіл әртүрлі қимылдарды жасайды. Ол тағамды шайнауға, шайнау барысында тағамды жылжытуға, сілекей безі арқылы жібітіп, жұтуға көмектеседі.

«дыбыстарды айт» жаттығуы.

Педагог балаларға «р» дыбысын айтуды және айтқан кезде тілдің ұшы қалай дірілдегеніне көңіл аударуды ұсынады. «Л» дыбысын айтқанда тілдің ұшы үстіңгі тістерге қысылады. Осы дыбысты тілді сыртқа шығарып айтып көріңдер. Қалай шықты?

Қорытынды: Тіл дыбыс шығаруға, сөйлеуге, күлуге, ән айтуға көмектеседі. Тілде дыбыстарды дұрыс айтуын қалыптастыратын көптеген бұлшық еттер бар.

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

  (ұ, Ж) проблемалық сұрақ:

– Дәрігерлер, аналар ауырған баланың аузын ашып, тілін, тамағын көрсетуді сұрайды. Тіл өзінің иесі туралы не білдіре алады?

– Сенің мейірімді көмекшің – тілің арнайы күтімді қажет ете ме? педагог ақпараты: Тіл еш сөзсіз-ақ дәрігерге көп нәрсе айта алады, сол себепті ауру адамды қарағанда, міндетті түрде аузын ашып, тілін көрсетуін сұрайды. Егер адамның дені сау болса, оның тілі күлгін және таза болады. Егер денсаулығында кінәрат болса, тілдің бетін ақ, сары қабат жауып тұрады. Тіл де күтімді қажет етеді. Тілді қабыршақтан арнайы қырғыш қасықпен тазалау керек. Тілдің жоғарғы жағын тазалайтын арнайы қырғышы бар тіс щеткалары да кездеседі.

Педагог балалармен бірге тілді күту ережесін құрастырады. • Тамақ ішіп болған соң аузыңды жылы сумен шайқа.

• Ішке инфекция түспес үшін тіл қабыршағын жүйелі түрде тазалап отыр.

• Дәм сезу бүртіктері зақымдалмас үшін тым ыстық тағамды жеуге болмайды.

• Тілді кесіп кетпес үшін үшкір, кескіш заттарды ауызға салуға болмайды.

көптілділік: тіл язык tongue

– Адам аузына салған тағам бөлігін шайнап, сілекей безі арқылы жібітеді. Одан әрі қарай не болады деп ойлайсыңдар?

педагог ақпараты: Жұтқаннан кейін тағам өңеш арқылы асқазанға түседі. Асқазанда арнайы асқазан сөлі бөлінеді. Асқазан сөлі арқылы тағам қорытылып, әрі қарай ішекке жылжиды. Ішекте тағамның барлық пайдалы заттары бөлініп, ағзаға сіңеді.

 

 

  – Адам өмірі үшін ас қорыту мүшесіндегі әрекеттің қандай маңызы бар? Оларды маңызды және мейірімді көмекшілер деп атауға бола ма? Балалар ас қорыту мүшесі адамға тағамды қорыту үшін қажет екені жайлы талқылайды, ал тағам адам өмірінің негізгі қайнар көзі болып табылады.

 

педагог ақпараты: Адамның организмі жақсы жұмыс жасау үшін, тағамның барлығын да жеу керек. Адам күн сайын тамақтанады. Тағам қасықпен ауызға түседі. Осыдан бастап тағамның саяхаты басталады. Адам аузына салған тағам бөлігін тісімен шайнап, ұсақ бөліктерге бөледі, оны сілекей безі арқылы жібітеді, себебі тағам өңеш арқылы асқазанға жеңіл түсуі керек.

Ас қорыту жүйесі тағамды қорытуды қамтамасыз етеді, ол өз кезегінде барлық организмге күш-қуат береді. Асқазан сөлі арқылы тағам қорытылып, әрі қарай ішекке жылжиды. Ішекте тағамның барлық пайдалы заттары бөлініп, сіңеді.

Адам организмі тағамдағы ең қажетті пайдалы заттарын таңдап алып, жасушаларға таратады. Яғни, ас қорыту жүйесі тіршілік әрекетін қолдайды.

(Ж) дидактикалық ойын: «Ғажайып дорба».

Ғажайып дорбаға балаларға таныс ойыншықтар мен заттар салынған. Балалар дорбаға қолдарын салып, қолына іліккен затты сипау арқылы не екенін анықтайды. Балалар көзбен көрмей-ақ, терімен сезу арқылы қолындағы заттың қандай екенін: жұмсақ, қатты, жылы немесе суық, тегіс немесе бұжыр және пішіндерін (домалақ, үш немесе төртбұрышты, қалың немесе жұқа) анықтайды.

 

 

IV. ұОҚ қорытындысы. рефлексия

25-30 минут

Педагог ҰОҚ қорытындылайды.

– Бүгінгі ҰОҚ-де қандай қызықты ақпаратты білдіңдер? – Сендерге не ұнады?

(р) Педагог балаларға ҰОҚ барысындағы жұмыстарын сәттілік баспалдағы арқылы бағалауды ұсынады.

– Егер сендер адамның адал көмекшілері жайлы түсінбесеңдер, онда баспалдақтың ең төменгі сатысына жабырқау смайликтің суретін салыңдар. Егер барлығын түсініп, жаңа алған білімдеріңді айта алсаңдар, онда баспалдақтың ең жоғарғы сатысына көңілді смайликтің суретін салыңдар. Ал егерде өз білімдеріңе сенімсіз болсаңдар, смайликтің суретін баспалдақтың 2-сатысына салыңдар. – Кім смайликті баспалдақтың қай сатысына салды? Неліктен?

Педагог мүмкіндігіне қарай түрлі пікірлерді тыңдайды.

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

ұзАҚМерзіМді ЖОСпАр

 

 

 

Бөлім

 

Бағдарлама бойынша бөлімше

 

 

Оқу мақсаттары

 

 

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің (ҰОҚ) тақырыбы

 

Сағат саны

1-тоқсан
1-бөлім Жеке бас тазалығы Бөлімше1.1 Адамның дене құрылысы  

0.1.1.1. Адамның дене құрылысын білу.

 

1

 

Адам денесі

 

1

 

 

1-бөлім Жеке бас тазалығы

 

 

Бөлімше 1.1 Адамның дене құрылысы

 

0.1.1.1. Адамның дене құрылысын білу.

0.1.1.2. Дұрыс дене бітімін сақтаудың негізгі ережелерін білу және қолдану.

 

 

 

2

 

 

 

Сезім мүшелері

 

 

 

1

 

 

1-бөлім Жеке бас тазалығы

 

 

Бөлімше 1.1 Адамның дене құрылысы

 

0.1.1.1. Адамның дене құрылысын білу.

0.1.1.2. Дұрыс дене бітімін сақтаудың негізгі ережелерін білу және қолдану.

 

 

 

3

 

 

Дене бітімі дегеніміз не?

 

 

 

1

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code