1-сабақ                                                  Оқу ісінің меңгерушісі:

Қазақ тілі Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы 1-сыныпта өткенді қайталау
Сілтеме Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Мәтін,сөйлем құрауға қажетті тапсырмалар
Жалпы мақсаттар Білімділігі: өткен тақырыпты саяхат жасау арқылы пысықтау, сурет бойынша сөйлем құруға дағдыландыру;
Дамытушылығы: ауызша және жазбаша тілдерін дамыту. Сөздік қорын және байланыстырып сөйлеуін дамыту.
Тәрбиелігі: адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, шапшаңдыққа баулу.
Оқыту  нәтижесі
Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 — топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 — топ, көктем айындағылар 3 — топ, жаз айындағылар 4 — топ болып бөлінеді.
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Психологиялық дайындық.
Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін.
Екі құлағың не үшін керек?
Ақыл кеңес тыңдау үшін.
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
Екі аяғың не үшін керек?
Туған жерде жүру үшін!-
 

 

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады

Үй тапсырмасын сұрау

 

1-сыныпта өткен ережелерді сұрау.
Қызығушылықты ояту «Немене» аулына саяхат жасаймыз. «Немене» ауылы сендердің сөйлем тақырыбын қалай меңгергендеріңді сынамақшы. «Сиқырлы сандық» әзірлепті.
— Қане, сандықты ашып қарайық. (сандықтан сұрақтар оқу)
1 — оқушы: Сөйлемдегі сөздер бір — бірімен қалай жазылады?
2 — оқушы: Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?
3 — оқушы: Сөйлемнің соңына қандай белгілер қойылады?
4 — оқушы: Сөйлемдегі сөздер қандай болады?
5 — оқушы: Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай білеміз?
6 — оқушы: Қазақтың тұнғыш ғарышкері кім?
Енді бәріміз «Ұшты — ұшты» ойынын ойнаймыз
Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Оқулықтағы жаттығуларды топтарға бөліп тастау.

Шығармашылыққа тапсырма

1 — парақша «Балалар» сөзін қатыстырып сөйлем құра.
2 — парақша «Ойыншықтар» сөзімен сөйлем құрау.

Фонетикалық жаттығу.
— Еске түсіріп көрейік, үйрек ашуланғанда қандай дыбыс шығарады?
Ш-ш-ш, Ш-ш-ш, Ш-ш-ш, Ш-ш-ш

Дарынды оқушымен жұмыс

Бес жолды өлең құрастырыңдар

Сергіту сәті Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс Жұмбақтарды шешіңдер.

Жылт — жылт еткен,
Жырадан өткен. (су)
Өнерде бар, Талапта жоқ.
Өрмекте бар, Оюда жоқ (ө)
Мейізде бар, өрікте жоқ.
Киізде бар, Сырмақта жоқ (з)

Үй тапсырмасы Оқулықтағы тапсырманың қалғанын үй жұмысы ретінде беру Күнделіктеріне жазады
 Бағалау  Смайликтер арқылы

 

 

2-сабақ                                                  Оқу ісінің меңгерушісі:

Қазақ тілі Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Сөйлем және сөз
Сілтеме Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Кесте, үлестірмелі қима қағаздар, суреттер.
Жалпы мақсаттар 1.Сөйлемнің сөздерден, сөздің дыбыстардан құралатынын, дыбыс әріппен таңбаланатынын оқушылардың есіне түсіру.

2. Сөз  белгілі бір заттың,құбылыстың,сын-сапаның,т.б. атауы екенін ұғындыру, сөздің өзіне тән мағанасы болатынын байқату.

3. Оқушылардың сөздерді дұрыс қолдана білу қабілетін дамыту, сөздерден сөйлем құрау дағдысын жетілдіру.

Оқыту  нәтижесі
Топқа бөлу Оқушыларға қызыл,жасыл,сары түсті қағаздар үлестіріледі. Қағаздың түсіне сай 3 топқа бөлініп отырады.
Ынтымақтастық атмосферасы Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлерден,

Ытқып-ытқып  жүгірді.

 

 

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады

Үй тапсырмасын сұрау

 

Үй жұмысы дәптерлерін тексеру
Қызығушылықты ояту Әлемдегі бар  дүние түрлі нәрселерден құралады.Мысалы: бұлттар-су тамшыларынан, орман- ағаштардан тұрады.Біздің сөйлеу тіліміз- сөйлемдерден, ал сөйлем неден құралады? Мұғалім, ең алдымен, оқушылардың сөз туралы не білетіндерін тексеріп,бұрын  айтылған ұғымдарды еске түсіреді.

-Қазір мен сендерге бір қызық өлең оқып берейін, тыңдаңдар, сонда ғана бұл сұраққа жауап бере аламыз.

Теңіз де тартылады,                     Жер болып тау шөгеді,

Мұхит да сарқылады.                  Жайқалған бау семеді.

Құлайды орман- тоғай,                Көз жастан қақ қалады…

Қирайды орда- сарай.                   Сонда не сақталады?

Мәңгілік …(сөз) қалады.

 

Дыбыстар Сөздер Сөйлем
Т,ү,й,е,м,а,л,д,ы,ң,ү,л,к,е,н,і Түйе

Мал

үлкен

Түйе- малдың үлкені.
Дербес тұрғанда мағынасы жоқ, жазғанда әріптермен таңбаланады. Әрқайсысы  белгілі бір мағынада айтылады.Дыбыстардан құралады, буынға бөлінеді. Белгілі бір ойды бейнелейді.Сөздердің саны әр түрлі болады.

Мәңгілік өлмейтін тек сөз екен.

Оқушылардың бұл білім, дағдылары төмендегі кестені талдау барысында жинақталып, кеңейтіле түседі.

 

 

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Тапсырмалар орындау
Оқулықтағы жаттығуларды топтарға бөліп орындатуКарточкамен жұмысСабақта пайдаланылатын үлестірмелі қима қағаздардың үлгілері:

Көп нүктенің орнына төменде берілген сөздердің тиістісін қойып, өлеңді көшіріп жаз.

                                     №1

 

Еңбексүйгіш…….

Ерте шығып…..,                    (құмырсқа, жұмысқа)

Жазда астық…,

Толтырады ас…..                  (тасиды, үйді)

Қыстай тыныш….,

Рақатқа…..                              (жатады, батады)

(Н.Жанаев)

 

 

                                        № 2

Төменде берілген сөздерді қатыстырып, үш сөйлем құра.

Келді, ала, өрістен, бұзау, мал, мөңіреді, шықты,Қанат, алдынан, 

малдың.                                

Төмендегі сөйлемдердің тиісті жеріне жақша ішіндегі сөзді қойып, төрт сөзден тұратын сөйлем құрап жаз.

                         №3
1.Жадыраның көйлегі бар.(қызыл)

2.  Далада жел соқты (қатты)

3.Бағдаршамның көзі бар (үш)

Сергіту сәті Таулы аймаққа саяхат
Еліміздің бестен бір бөлігін таулар алып жатыр. Ендеше тауға экскурсия жасайық. – Таудың табиғаты немен ерекше?
Ой толғаныс Төмендегі кесте арқылы сұрақ- жауап әдісімен ережені оқушылардың өздеріне қорытындылатады:

заттың

Сөз-                          сапаның                             атауы.

қимылдың

Шығармашылық тапсырма Шығармашылық тапсырма: Әр қалыпты жазу
І топ:
ІІ топ.
ІІІ топ
Үй тапсырмасы Оқулықтағы тапсырманың қалғанын үй жұмысы ретінде беру Күнделіктеріне жазады
 Бағалау

Кері байланыс

 

Смайликтер арқылы

Рефлексия Не білдік? Не істедік?

 

3-сабақ                                                  Оқу ісінің меңгерушісі:

Қазақ тілі Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Буын және тасымал
Сілтеме Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы кеспе қағаздар, текше,
Жалпы мақсаттар 1. Буын, тасымал туралы бірінші сыныпта алған білімдерін еске түсіру, қайталау; дауысты дыбыстың буын құрайтыны, буынға бөлінген сөздердің барлығы бірдей тасымалдана бермейтіні туралы түсініктерін тереңдету;
2. Буынға дұрыс бөлу, тасымалдай білу дағдыларын дамыту.
3. Сауатты жазу арқылы ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу
Оқыту  нәтижесі
Топқа бөлу Үлестірмелі парақшалар,суреттер
Ынтымақтастық атмосферасы «Қара жорға» биі Оқушылар мұғаліммен қосылып билейді
Үй тапсырмасын сұрау

 

Дәптердегі жаттығуларды тексеру.
Қызығушылықты ояту Арайлап шықты жаңа күн
Шуағын шашып баршаға
Кәне досым, күлімде
Шаттық орнасын жүзіңде
Сыныпта жақсы көңіл-күй орнатып, балалардың назарын сабаққа аудару
Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Әр топқа жаттығуларды топтап  беру.
Дәптермен жұмыс
Көркем жазу
1-топқа тапсырмаОқушыларды назарын суретке аудару. Оқу құралдарының аттарын атау. Заттардың атын буынға бөліп жазу. Дауысты дыбыстардың астын сызу. Сөзде неше буын, неше дауысты дыбыс бар екенін анықтау.
Кі-тап, дәп-тер, қа-лам-сап, сыз-ғыш, ө-шір-гіш, қа-рын-даш.
Қорытынды: сөздегі буын саны дауысты дыбысқа байланысты екенін пысықтау.
Буын карточкаларымен жұмыс.
Оқушыларға
Сөзді буынға бөлгізу. О-қу-шы-лар-дың (5 буын), 5-буынды сөз 4 жолмен тасымалданады, бірақ біз осы сөзді 4 жолмен тасымалдай аламыз ба?
Тасымалдау жолын көрсету
1. Оқу-шылардың
2. Оқушы – лардың
3. Оқушылар-дың (жалғыз әріптен тұратын буын тасымалданбайды)
Сергіту сәті
«Адасқан әріптер» ойыны. Берілген әріптерден Қазақстан қалаларын құрап, буынға бөлу
Оқулықпен жұмыс
2-топқа тапсырма
«Барлық оқу құралың
Бүтін болсын» — ұраным.
Шылдырымен сағаттың
Өзім ерте тұрамын.(Қ.Мырза Әли)
3-тапсырмаБуындардан сөз құрау.
Ал екінші қатардағы сөздерден сөйлем құрайды.
Қорытынды: буыннан сөз құралады. Сөздерден сөйлем құралады.
Сергіту сәті Орнымыздан тұрайық,

Белімізді жазайық.

Жоғары-төмен қарайық,

Солға-солға түзу түр.

Оңға-оңға түзу түр,

Алға қарайбір адым,

Артқа қарай бір адым

Бойымызға күш жинап,

Бір дем алайық.

 

 

Оқушылар мұғаліммен бірге қайталайды

Ой толғаныс Ұйқасын тап
Қайсы күні қандай сабақ,
Қалай менің үлгерімім?
Еш жаңылып қалмай, санап
Жүреді ылғи……… (күнделігім)
Мекендеген портфелімді,
Беттері аппақ, көңілді.
Қызаратын қатем үшін
Кірлетпеймін………….. (дәптерімді)
Қатар бойынша тапсырма беру
1-қатар. Күнделігім
2-қатар. Дәптерімді (тасымалдау)
Үй тапсырмасы Оқулықтағы тапсырманың қалғанын үй жұмысы ретінде беру Күнделіктеріне жазады

 

 Бағалау  Смайликтер арқылы

 

4-сабақ                                                  Оқу ісінің меңгерушісі:

Қазақ тілі Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Дыбыс және әріп
Сілтеме Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы кітап, сөздік
Жалпы мақсаттар Білімділігі:Дыбыс,буын және әріп, тасымал туралы тақырыптарды еске түсіріп,толықтыру.
Дамытушылығы: ақыл-ойын дамыту,сөздік қорын молайту,сауатты,көркем жазуға дағдыландыру.
Тәрбиелігі:адамгершілікке,кішіпейілділікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Оқыту  нәтижесі
Топқа бөлу Жылдың төрт мезгіліне сай топқа бөлінеді.

Бағалау жетондарын үлестіремін

Ынтымақтастық атмосферасы Ал, қанеки ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық.

Байлап қойып көзіңді,

Қоршап тұрмыз айнала.

Атыңды атап шақырған, арамызда қай бала?

 

 

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады

Үй тапсырмасын сұрау

 

Дәптердегі жаттығуларды тексеру.
Қызығушылықты ояту Арайлап таң атты,
Күн шуағын таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
2. Негізгі бөлімҚырық қырықтықшы
Қырық қырықтықпен
Қой қырықты
Осы жаңылтпаштағы сөздердің бәрі қандай дыбыстан басталады?
Олай болса бәріміз Қ дыбысын көркем жазамыз.
— Оқушылар бізге не естіліп тұр?
— Дыбыс. Мысалы менің айтқанымды дыбыс арқылы естіп тұрмыз.
— Дыбыс дегеніміз не? Дыбыс — әріптердің ауызша естілуі.
— Әріп дегеніміз не? Әріп – дыбыстың жазбаша таңбалануы.
Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Дыбыс түрлері нешеу?
1-топқа тапсырмаСуретке назар аударайық.
Суреттен көкөністерді атайық
Жеміс — жидектерді атайық. Осы сөздерде қанша дыбыс, қанша дыбыс, қанша әріп бар?
2-топқа тапсырмаАлдымен жуан дауысты дыбыстары бар, сонан соң жіңішке дауысты дыбыстары бар сөздерді теріп жаз.
Әр топтан 2 сөзге сөйлем құрау.
Сергіту сәті.
Сөз құрау (4 оқушы)
Алма, амал, мата, тал, тас, таса, мал, ала, сат, атам
3-топқа тапсырма.Өлеңді түсініп оқы.
Алақай,
Алақай –
Шаттанды,
Балақай:
Сабақты Сағындық,
Мектепке
Ағылдық.
Бір сыныпқа
Көштік біз,
Бір жасқа.
Өстік біз,
Береке –
Салты күз,
Мереке –
Алтын күз Алақай, мектеп, береке, сөздеріне дыбыстық талдауды 5 қатарға үш сөзді талдату.
Шығармашылық жұмыс.

Логорифті оқы.
Көңіліміз ақ,
Қуанатты шақ.
Жерге қонды ұшақ,
Қарсы ал, жайып құшақ.
Қарамен жазылған сөздерді неше дыбыс, неше әріп бар?

Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,

Саңырауқұлақ тереді.

Кездесті, міне, керегі:

Екеуі қайың астынан.

Біреуі терек қасынан.

Қанша олар болмақ есепте,

Тоқылған салса себетке?

 

 

Оқушылар хормен айтып,есептейді

Ой толғаныс «Менің қиялымдағы ауыл» тақырыбына сурет салу және әңгімелеу.
Үй тапсырмасы Оқулықта қалған жаттығуды үйге беремін. Күнделіктеріне жазады
 Бағалау  Бағалау жетондарын санайды.

Смайликтер арқылы

 

5-сабақ                                                  Оқу ісінің меңгерушісі:

Қазақ тілі Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Дауысты,дауыссыз дыбыстар
Сілтеме Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Кесте, суреттер, парақшалар, сауалнама.
Жалпы мақсаттар 1. Білімділік: оқушылардың дауысты дыбыстар туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың дауысты дыбыстардың түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру,
Оқыту  нәтижесі
Топқа бөлу Жеміс-жидектердің суреттерін пайдалана отырып, топқа бөлу.
Ынтымақтастық атмосферасы I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару«Арива» биі
 

 

Оқушылар мұғаліммен қосылып билейді

Үй тапсырмасын сұрау

 

«Топтастыру» стратегиясы

Қаратпа сөз туралы не білесіңдер?

Қызығушылықты ояту Сөз дегеніміз не?
Мәндес сөздер дегеніміз не?
Қарама — қарсы мағыналы сөздер дегеніміз не?
Әр түрлі мағыналы сөздер дегеніміз не?
Жауап берген оқушылар бағаланады.
Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз. Олар: б, в, г, ғ, ң, қ, һ, й, ц, к, н, ш з, х,, ф, п,, р, л, д, ж, ч, с, м, т.(у). Қазақ тілінде барлығы 25 дауыссыз дыбыс бар. Щ – дыбыс емес, әріп. Ол щ созылыңқы( қос) ш дыбысының таңбасы.
Дауыссыз дыбыстардың ерекшелігі:
1. Дауыссыздарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа әйтеуір бір кедергіге ұшырайды.
2. Дауыссыздарды айтқанда, үн бәсең, солғын болады.
3. Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды.
4. Дауыссыз дыбыстарды айтқанда дауыс шымылдығы баяу дірілдейді.
Дауыссыз дыбыстарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығысып, салдыр пайда болады. Сондықтан дауыссыз дыбыстарда үн болмайды немесе өте аз болады.Оқулықтағы жаттығуларды топтарға бөліп орындау.
Сергіту сәті Жел соғады гу-гу

Жаңбыр жауады тырыс-тырыс.

Жаңбыр басталады.

Күн ашылады.

 

Оқушылар мұғаліммен бірге жаттығады

Ой толғаныс Сөйлем
Дауысты дыбыстар саны
Дауыссыз дыбыстар саны
Ашық дауыстылар
Қысаң дауыстылар
Жуан дауыстылар
Жіңішке дауыстылар
Еріндік дауыстылар
Езулік дауыстылар
Шешесі жалғыз болғандықтан, Айсұлу жылдың басында сырттай оқуға ауысқан еді.
Ауыл ұйқыға кетісімен, уәделі жерге келдім. (Ж. Саин)
Құрмаш қанша тәрбиелесе де, Көксерек ұрлық пен адал астың айырмасы не екенін ұға алмады (М. Әуезов)
Кісі неғұрлым көп болса, канал соғұрлым тез бітеді. (С. Мұқанов)
Қалжыңы, күлкісі араласып, шай өте көңілді ішілді.
Қосымша тапсырма Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей
1. Дауыссыз дыбыстарды ретімен жазып шық
2. мәтіннен дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
Абай – өз заманының жаршысы. Оның шығармалары – сол заманның шежіресі. Оларда сол кездегі қазақ қауымының тұрмыс – тіршілігі барлық ерекшеліктерімен, тек өзіне ғана тән белгі – бедерімен, өзіндік бояу өрнектерімен мейлінше айқын да толық бейнеленген. (Ж. Смағұлов)
ІІ деңгей
1. Дауыссыз дыбыстардың дауысты дыбыстардан айырмашылығы неде?
2. Дауысты дыбыстардың салдыр мен үннің қатысына қарай бөлінуін жазып шық және мәтіндегі дауыссыз дыбыстарға фонетикалық талдау жаса.
Адамның бір атаның балалары екені рас болса, белгілі бір заманның баласы екен де даусыз.
ІІІ деңгей
5. Жұп дауыссыздарды жаз және мысал келтір.
6. Қазақ тілінде қанша дыбыс, қанша әріп бар? Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жаса және дыбыс болмайтын әріптерді тап.
Қою, қоян, ноян, фельетон, стиль, аю, кею.
Үй тапсырмасы 4-ж Күнделіктеріне жазады
 Бағалау  Смайликтер арқылы

 

6-сабақ                                                  Оқу ісінің меңгерушісі:

Қазақ тілі Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Сөздердің жуан және жіңішке айтылуы
Сілтеме Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Тақта, қима қағаздар, автор суреті.
Жалпы мақсаттар Білімділік:  Дауыссыз дыбыстардың түрлері туралы түсініктерін, білімдерін молайту.
Дамытушылық: Жүйелі сөйлеуге , сөздік қорларын молайту мәнерлеп оқу, көркем жазу дағдыларын жетілдіре түсу шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.
Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, әдептілікке, көркемділікке баулу.
Оқыту  нәтижесі
Топқа бөлу Оқушыларға Раушан,Сарғаладақтар,Қызғалдақтар гүлдері үлестіріледі. Оқушылар алған гүлдеріне сәйкес 3-тоақа бөлініп отырады.
Ынтымақтастық атмосферасы Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз — білім алу,
Міндетіміз — еңбектену
Еңбектену арқылы
“5 “- ке қолды жеткізу!
Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады

Психологиялық дайындық
Өсіп ой мен санамыз,
Білім қуған баламыз
Бақытты елдің құшағында
Білім алу ұранымыз
.
Тақтаға назар салып оқиық, мен оқушымын. Сабақты жақсы оқимын. Апайды мұхят тыңдаймын. Сабаққа белсене қатысамын.

Үй тапсырмасын сұрау

 

Ережелерді қайталау.
Қызығушылықты ояту Мұғалімнің тапсырмасы: «Кім тапқыр?»
Мысал —— Зат есім —— Сан есім —— Сын есім ——— Етістік
алма
барды
жеті
қызыл
тарақ
оқыды
қоңыр
он
Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Оқулықтағы жаттығуларды топтарда бөліп орындау.

Енді төрт түлік мал туралы мақал — мәтелді, жұмбақты, жаңылтпашты қалай есте сақтадыңдар соны тексерейік.
1. ___________ теппейді
_____________ төкпейді (мақал)
2. Аттың көркі
_____ — ___ _____
3. Шөре — шөре лағым
_______ _______
_______ _______

4. Төрт түлік пікірлерін жаз.
5. Малдың төлін сүюі (оқыту)
— әр төл өзінің төлін қалай жақсы көреді?
— атап шығу.
— Балалар осы құлыным, ботақаным, момыным, қозым деген сөздермен сендерді кім еркелетеді?
— әрине анамыз
Дүниеге келген күннен бастап аялап, мәпелеп өсіретін кім?
— әрине ана.
— Суретпен жұмыс
— Не көріп тұрмыз?
— Не айта аламыз

Сергіту сәті Биік болып өсеміз,

Елкадай жайқалып,

Табиғатты сүйеміз.

Шетімізден шеберміз,

Денемізді бос ұстап,

Билеп-билеп аламыз.

 

Оқушылар денелерін шынықтырады

Ой толғаныс Топтастыру «Дауысты және дауыссыз дыбыстар»
Үй тапсырмасы 4- ж Күнделіктеріне жазады
 Бағалау  

Смайликтер арқылы

 

7-сабақ                                                  Оқу ісінің меңгерушісі:

Қазақ тілі Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Заттың атын білдіретін сөздер
Сілтеме Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Суреттер, сөздер, үлестірмелі қағаздар
Жалпы мақсаттар Заттың атын білдіретін сөздермен таныстыу. А. Құнанбаев туралы мағұлымат беру. Жаңа сабақты меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың оқу жазу дағдыларын қалыптастыру. Ойын, сөйлеу мәнерін тілін дамыту. Қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Сауатты көркем жазуға, жақсыны үйренуге, жаман қылықтан аулақ болуға тәрбиелеу.
Оқыту  нәтижесі
Топқа бөлу Пазл арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасы Қуан шаттан балақай
Қуанатын күн бүгін
Қайырлы таң, қайырлы күн
Күліп шықты күн бүгін
Жарқырап күн шықты. Бүгінгі сабақты жақсы көңіл – күймен бастайық.
 

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады

Үй тапсырмасын сұрау

 

1. Кішкене ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар.
(Қой сөзі неше дыбыстан тұрады. Дауысты дыбыстарды ата.)
2. Екі найзасы бар
Екі айнасы бар.
(Дауыссыз дыбыстарды ата)
3. Қамыс құлақ
Тостаған тұяқ
Мінсен қанат
Сүті дәрі
Еті тамақ
( Жылқы сөзін буынға бөл. Неше буыннан тұрады. Не себептен екі буыннан тұрады.)
Жылдың қай мезгілі? Көктемдегі табиғат ерекшелігін әңгімелеу. Көктемде мал төлдеп күн жылыған соң төлдер өріске шығады. Кеш қайта өрістен оралған төлдерді шақырып ауылға айдаймыз. Төлдерді әр түрлі дауыспен дыбыстап шақырамыз. Қазір мен төлдерді шақырамын, сіздер мен қай төлді шақырғанымды тауып сұрақтарға жауап бересіңдер.
1. Ертеменен айқайлап
Қайда екен деп ақылдым
Ақау, ақау. ақаулап
Қай төлді мен шақырдым?
(Сүттен жасалатын өнімдерді ата)
2. Шұнтандаған неме деп
Қосса жақсы келер деп
Шөре, шөре, шөрелеп
Қай төлді мен шақырдым?
(Қой, ешкі жүнінен қандай бұйымдар жасалады?)
3. Жүрмесін деп қалыс қап
Қайта, қайта дауыстап
Қауыс, қауыс қауыстап
Қай төлді мен шақырдым?
(Түйе сүті қалай аталады?)
4. Құйрық жүні сусылдап
Тез жетсін деп зуылдап
Қырау, қырау, қыраулап
Қай төлді мен шақырдым?
(Жылқы сүті қалай аталады?)
Қызығушылықты ояту
Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Оқулықтағы тапсырмаларды топпен орындау

Түйсіну кезеңі. Жаңа сабақ.
Күннің жадын жазу
суретпен жұмыс.
Суреттердін атын атап, оларға сұрақтар қойып, Заттың атын білдіретін сөздерге қойылатын сұрақтармен таныстыру.
Кім? Кімдер?
Не? Нелер?
Адамдарға, мамандық иелеріне.
Жануарларға, заттарға
Ережемен таныстыру.
Заттың атын білдіретін сөздерге кім?, не?, кімдер?, нелер? деген сұрақтар қойылады.
Суретпен жұмыс. Суретте кімдерді көріп тұрмыз? Осы балалардың қайсысының істері дұрыс деп ойлаймыз?
Балаларға ат қояйық.
Арманның ісі дұрыс. Ол табиғатқа қамқорлық көрсетуде. Ағаштарды күтіп жайқалып өсуіне жағдай жасауда. Ағаштың қандай пайдасы бар?
Бұлттар мен тамшылардаға сөздерді сұрақтарға сәйкес көлшіктерге орналастыру.
Ата
Бала
гүл
Көбелек
Сылақшы
кітаптар
Дәрігершарлар

Сергіту сәті Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

 

 

Оқушылар денелерін шынықтырады

Ой толғаныс 1. Мамандық иелеріне қандай сұрақ қойылады?
2. Не?, Нелер? сұрақтары қандай сөздерге қойылады?
3. Венн диаграмасын толтыру.
Үй тапсырмасы 5-ж Күнделіктеріне жазады
 Бағалау  Смайликтер арқылы

 

 

 

 

8-сабақ                                                  Оқу ісінің меңгерушісі:

Қазақ тілі Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Бас әріппен жазылатын сөздер
Сілтеме Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Карта, суреттер, тор басқан және тот баспаған темірлер, сызбалар, карточкалар т. б.
Жалпы мақсаттар Білімділік: Жер – су аттарының бас әріппен жазылатындығын ұғындыру, мәтінді дұрыс, түсініп оқуға үйрету.
Дамытушылық: Түрлі тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың іскерлік, танымдық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекқорлыққа, сауаттылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Оқыту  нәтижесі
Топқа бөлу Үш топ өздерінің аттарымен таныстырады.
І топ – «Алғырлар», ІІ топ – «Білімділер», ІІІ топ – «Зерек».
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Тәулiк бойы тынбайтын,

Болайықшы ақ жаңбыр

(Ақырын жауған  жауын тырсылын жасайды)

Астан-кестен жауатын

Өткiншi ендi бiз жаңбыр

(Тез-тез жауған жаңбыр тырсылын келтiредi)

Үй тапсырмасын сұрау Оқушылардың дәптерлері тексеріледі
Қызығушылықты ояту Ойын: «Кім тапқыр?»
Қанат, Марат екеуі,
Қамшы өре алады
Талғат, Талап екеуі
Тамаша ән салады
Самат, Сағат екеуі
Төгілтіп күй шертеді.
Бабақ, Барақ екеуі,
Біледі көп ертегі.
Балаларды өнерлі
Есептеп көр, сен енді? ! (8)
(Балалардың атын атап бер)
Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Оқулықтағы тапсырмаларды топтарға бөліп орындату

Шығармашылық жұмыс.

— Алматы ненің аты?
— Балқаш ше?
— Медеу ненің аты?
— Жер-су аттары қандай әріппен жазылады? (Ережені шығарту оқушылардан сұрау)
3. Салыстыру. Ережені хормен оқыту.
5. Топпен жұмыс.
6. Ұнаған жердің, судың атын қатыстырып сөйлем құрату.

Сергіту сәті Қырғауыл боп ұшамыз, ұшамыз (Екi қолымен қанат жасап ұшады)

Түлкi болып қашамыз, қашамыз  (Бiр орындарында тұрып жүгiредi)

Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп,

Орнымызға қонамыз (Бәрi орындарына отырады).

Ой толғаныс Шығармашылық саты
І топ. Сын есімді қатыстырып «Әсем табиғат аясында» тақыры – бына ойтолғау жаз.
ІІ топ. Сын есімді қатыстырып «Ардақты ана» тақырыбына ойтолғау жаз.
ІІІ топ. Сын есімді қатыстырып «Менің мектебім» тақырыбына ойтолғау жаз.
Үй тапсырмасы Оқулықта орындалмаған тапсырманы үйге беремін Күнделіктеріне жазады
 Бағалау  

Смайликтер арқылы

 

Ж.Қ. Балтабаева, М.Қ. Солтанғазина, Ф.С. Лекерова

ҚАЗАҚ ТІЛІ
ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
Жалпы бiлiм беретiн 11 жылдық мектептiң 2-сынып мұғалімдеріне арналған

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған

Алматыкітап баспасы 2014

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАР

(барлығы 136 сағат)

Р/с
Сабақтың тақырыбы Сағат саны
1-тоқсан. 36 сағат
1 1-сыныпта өткенді еске түсіреміз. 2
Тіл және сөйлеу
2 Адамдарға сөйлеу не үшін қажет? 1
3 Ауызекі тіл және жазбаша тіл. 1
4 Мазмұндама. 1
Дыбыс және әріп
5 Дыбыс және әріп туралы не білеміз? 1
6 У дыбысының дауысты, дауыссыз болып айтылуы. 1
7 У дыбысының жуан, жіңішке айтылуы. 1
8 У әрпінің жазылуы. 2
9 Диктант. 1
10 И, й әріптерінің жазылуы. 3
11 Я әрпінің жазылуы. 2
12 Ю әрпінің жазылуы. 2
13 Шығарма. 1
14 Дауыссыз дыбыстардың түрлері. 2
15 Дауыссыз б мен п. 2
16 Дауыссыз қ мен ғ. 2
17 Диктант. 1
18 Дауыссыз к мен г. 2
19 Дауыссыз л мен р. 2
20 Дауыссыз н мен ң. 2
Мәтін
21 Мәтін. 2
22 Мәтіннің құрылымы. 1
23 Бақылау диктанты. 1
2-тоқсан. 28 сағат
24 Мәтіннің түрлері. 3
25 Мазмұндама жазып үйренеміз. 1
Сөйлем
26 Сөйлем және мәтін. 1
27 Сөйлем және сөз. 1
28 Диктант. 1
29 Хабарлы сөйлем. 1
30 Сұраулы сөйлем. 2
31 Лепті сөйлем. 2
32 Мазмұндама. 1
33 Сөйлемдегі сөздердің байланысы. 3
34 Өткенді пысықтау 1
35 Шығарма жазып үйренеміз. 1
36 Диктант. 1
Сөз және оның мағынасы
37 Сөз және оның мағынасы туралы түсінік. 1
38 Мәндес сөздер. 1
39 Қарама-қарсы мағыналы сөздер. 2
40 Шығарма. 1
41 Әртүрлі мағыналы сөздер. 2
Сөз құрамы
42 Сөз және оның құрамы. 1
43 Бақылау диктанты. 1
3-тоқсан. 40 сағат
44 Түбір және қосымша. 3
45 Жұрнақ. 3
46 Мазмұндама. 1
47 Жалғау. 3
48 Жұрнақ пен жалғау. 2
49 Диктант. 1
Сөз таптары
50 Не білеміз? 1
51 Сөз таптары. 1
52 Зат есім. 2
53 Шығарма. 1
54 Бас әріппен жазылатын сөздер. 1
55 Жалқы есім және жалпы есім. 3
56 Зат есімнің жекеше және көпше түрі. 3
57 Диктант. 1
58 Заттың қимылын білдіретін сөздер 1
59 Етістік. 3
60 Дара және күрделі етістік. 4
61 Заттың сынын білдіретін сөздер 1
62 Сын есім. 4
63 Бақылау диктанты. 1
4-тоқсан. 32 сағат
64 Сын есім. 3
65 Сан есім. 7
66 Өткенді пысықтау. 1
67 Диктант. 1
Сөйлеу мәдениеті
68 Сөйлесе білеміз бе? 1
69 Әдепті сөздер 1
70 Шығарма. 1
Жыл бойы өткенді қайталау
71 Тіл және сөйлеу. 1
72 Ауызекі тіл және жазбаша тіл. 1
73 Дыбыс және әріп. 2
74 Мәтін және оның түрлері. 1
75 Сөйлем және оның түрлері. 2
76 Диктант. 1
77 Сөз және оның мағынасы. 1
78 Сөз құрамы. 1
79 Зат есім. 1
80 Жалпы есім және жалқы есім 1
81 Мазмұндама. 1
82 Етістік. 1
83 Сын есім. 1
84 Сан есім. 1
85 Бақылау диктанты. 1
136 сағ.

Comments

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code