Сыныбы – 10                               сабақ реті:                              күні________

 

Тақырыбы §1.1,1.2.Химиялық элементтер, атом молекулалар. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы,периодтық жүйенің құрылысы. уақыт
Білімділік мақсаты:

 

дамытушылық:

 

тәрбиелік:

 

 

 

Химияның бастапқы ұғымдарын, бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын, х имиялық қасиеттерін қайталау;

Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын анықтай білу, химиялық қасиеттерін сипаттайтын химиялық  реакция теңдеулерін құрастыра білу, түсіндіру, есте сақтау,көңіл аудару,есеп шығару білім-білік дағдыларын жетілдіру;

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

 

 
Сабақ типі: Жаңа сабақ.  
Сабақ өткізілу түрі:  Мұғалімнің ауызша түсіндіруі, 10-ЕТЖ-1 жаттығулар орындау, фронталды әңгімелесу,дәптермен жұмыс, 9-ЕТЖ-5;

 

 
Құралдар мен реактивтер: интерактивті тақта, 10-ЕТЖ-1,  ХЭПЖ, кітап, дәптер.  
Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

-сабақта  қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

-оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың  жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

ТҚ. Бойынша әңгімелесу. ТҚ. журналымен таныстыру.

Химия сабағына дәптер жүргізуге қоятын мұғалімнің талаптарымен таныстыру, сабаққа дайындалу.

1-2
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:  Сабақтың  білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

Айналым бойынша берілген тапсырманы тексеру.

5-7
Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі: 1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын  айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің  практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту.

(Актуализация )

Білімділік міндеттері: .

-оқушылардың  білім алуға деген    ынта-ықыласын жұмылдыру.

-оқушыларды  білім алудың мақсаттарын анықтауға;

— оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

 2.Оқыту проблемалары:

Химияның бастапқы ұғымдары

1.Білімді жаңғырту:

1. Фронталды әңгімелесу:

ü  Атом ,молекула,  химиялық элемент деген не?Анықтама беріңдер;

ü  Мына элементтердің салыстырмалы атомдық массасын есептеңдер: калий,  магний,  алюминий.

3-4
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білімділік міндеттері:

Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;

— оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды

шығаруға,жүйелеуге қажетті  түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;

— оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.

2.Мұғалімнің түсіндіруі:

Жаңа сабақты түсіндіру:

9-ЕТЖ-5 (3) жұмыс істеу – негізгі ұғымдарын қайталау.

2. Параграф 1.1оқу  – бірінші нұсқа

Параграф 1.2 оқу – екінші нұсқа

3.Нашарүлгеретін оқушыларға көңіл аудару.

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын

алғашқы тексеру кезеңі:

Білімділік мақсаты:

— оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

— кеткен кемшілікті жою жұмыстары; —

1. 10-ЕТЖ-1 дәптерімен жұмыс орындау: бірінші нұсқа №1-4, 6бет

2. (1-8) сұрақтарға ауызша жауап беру  :  8 бет 1.1параграфтан соң;

10бет (1-10)  1.2. параграфтан кейін.

 

20-22

 

 

Білімді қорытындылау және жүйелеу:   

 

-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;

·         Атом – күрделі өте кішкентай бөлшек

·         Молекула –бұл жай немесе күрделі заттың құрамы мен химиялық қасиетін сақтайтын, кішкентай бөлшектер

·         Химиялық элемент –ядро зарядтары бірдей атомдардың түрі.

·         1 мольдің массасы  — бұл  молярлық масса

·         Молекулалық кристалл торы бар күрделі заттар, алыну әдісіне қарамастан құрамы тұрақты болады: құрам тұрақтылық заңы

·         Әрбір молекуланың салыстырмалы молекулалық массасы болады.

23

·          Кез-келген заттың 1 молінде 6.02*10 бөлшек болады

·         Бұл Авогадро саны

·         Бірдей жағдайда әртүрлі газдың бірдей көлеміндегі молекула саны да бірдей. Бұл  Авогадро заңы.

2-3

 

Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі:  -оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс  меңгергенін анықтау;

Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың   себебін анықтау.

-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

Дәптерге қажетті мәліметтерді жазу.

3-4
Үй тапсырмасын беру кезеңі: Білімділік міндеттері:

-оқушыларға  үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар:

параграф 1.1-1.2.оқу. № 11,15– жазбаша орындау. (9бет)

1-2
Сабақ қорытындысын шығару кезеңі. — жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою. 1-2

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы – 10                              сабақ реті:                              күні________

 

Тақырыбы § 1,3.1,4. Химиялық элементтердің атом құрылысы.Атомдағы электронның күйі.Энергетикалық деңгейлер бойынша электрондардың таралуы. уақыты
Білімділік мақсаты:

 

 

дамытушылық

 

тәрбиелік:

Оқушылардың атом құрылысы,атомдағы электрондардың күйі,энергетикалық деңгейлерді толтыру заңдылықтарын,период нөмірі мен энергетикалық деңгейлер арасындағы байланысты ашу,кванттық теорияның маңызы химиялық туралы алған білімдерін жетілдіру;

энергетикалық деңгейлерді толтыру,атомдағы электрондардың қозғалысының материалдық негізін аша білу білік- дағдыларын дамыту;

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

 
Сабақ типі: Жаңа сабақ түсіндіру.  
Сабақ өткізілу түрі: фронталды әңгімелесу,қорытынды жасау,жаттығулар орындау,  кітаппен өзбетінше жұмыс істеу, 10-ЕТЖ-1,  
Құралдар мен реактивтер: Кітап, дәптер, интерактивті тақта . Д.И.Менделеевтің ХЭПЖ , 10-ЕТЖ-1.  
Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

-сабақта  қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

-оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың  жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі Сабақтың  білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

1.мына қосылыстарды (тақтаға жазу)ата: айналымға берілген үй тапсырмасын тексеру.

1-2
Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

 

 

 

 

 

 

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын  айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің  практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың  білім алуға деген    ынта-ықыласын жұмылдыру.

-оқушыларды  білім алудың мақсаттарын анықтауға;

— оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

 2.Оқыту проблемалары:

3.Білімді жаңғырту.  (Актуализация ):

Электрондардың энергетикалық деңгейлер бойынша таралуы:

10-ЕТЖ-1 тексеру жұмысын жүргізу (20 бет,) 3нұсқа -№1,2,4;  4нұсқа-№2,3,4.

5-6
Жаңа сабақ түсіндіру кезеңі: Білімділік міндеттері:

-оқушылардың өтілген материалды қабылдау ,есте сақтауын қамтамасыз ету;

-нақты қорытындылауға ,жүйелеуге әкелетін әдістермен тәсілдерді меңгеруіне жағдай туғызу;

— оқушыларды өтілген материалды қайта жаңғыртып, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету;

-түсініктер,заңдар,ережелерді философиялық тұрғыдан түсінуге ,талдауға көмек ету;

-оқушылардың оқу материалын өз әдіс -тәсілдерімен бетінше қабылдауын қамтамасыз

Мұғалімнің  толықтыруы

1.Берілген тақырыпты кітаппен өз бетінше оқу —    2.3  ( 55-56)  жоспар бойынша:

Оқу және айтып беру:

     1.  Корпускулалық екі жақты қасиеті.

     2.  Орбиталь.  Энергетикалық деңгейлер.

3. Бас квант саны.

     4.Қорытынды.

Мұғалімнің толықтыруы.

  Энергетикалық деңгейлер

Атомның орбитальдарының мөлшері әр түрлі. Электрон ядроға неғұрлым күшті тартылса, яғни ядромен неғұрлым берік байланысса, соғұрлым орбиталь мөлшері азаюы керек. Мөлшері жуық орбитальдардан электрондық қабаттар немесе энергетикалық деңгейлер қалыптасады. Энергетикалық деңгейлерді ядродан қашықтығына қарай нөмірлейді: 1,2,3,4,5,6,7. Кейде оларды сәйкесінше әріптермен белгілейді: K, L, M, N, O, P, Q.  (2.4 сурет).

Электрондардың энергия қоры және ядро өрісіндегі олардың қозғалысының сипаты – атомдағы процестерді сипаттайтын, математикалық теңдеулерді шешкенде шығатын кванттық сандармен анықталады.

  n бас квант саны

Электрондардың энергиясын сипаттайтын бүтін сан n бас квант саны деп аталады. Ол электрон  орналасқан энергетикалық деңгейдің нөміріне тең. Бірінші энергетикалық деңгейдің электрондарының энергиясы аз, олар ядроға күшті тартылады. Келесі деңгейлердің электрондары үлкендеу энергия қорларымен сипатталады, олар ядромен әлсіздеу байланысқан. Сыртқы деңгейдің электрондары ядроға тым әлсіздеу тартылатыны анық.

Атомдағы энергетикалық деңгейлердің саны элемент орналасқан периодтың нөміріне тең: І период атомдарында – бір энергетикалық деңгей, ІІ периодта – екі, ІІІ периодта – үш және т.с.с. Энергетикалық деңгейдегі электрондардың максимал саны (V периодқа дейін) мынадай формуламен анықталады:

мұндағы N – электрон саны, ал n – деңгей нөмірі немесе бас квант саны.

Осы теңдеуге сәйкес, 1-энергетикалық деңгейде екі электрон: 2-де – 8,3-де – 18, 4-де – 32 электрон бола алады.

Энергетикалық деңгейлер деңгейшелерден тұрады.Әрбір деңгейше бір-бірінен энергия қоры арқлы ерекшеленеді. Деңгейшелер саны бас квант санының мәніне тең. Деңгейшелер әртүрлі формадағыорбитальдардан тұрады: s,p,d,f.

Бор теориясын электронның толқындық және басқа элементар бөлшектердің қасиетін есепке алатын кванттық теория алмастырды. Кванттық механика күрделі математикалық  аппарат,  сондықтан біз,тек атом және молекула құрылысына байланысты сұрақтарды түсінуге болатын жақтарын ғана қарастырамыз.Маңыздысы атомдағы электронның қозғалысы квант сандарымен сипатталады:

                  А) бас квант саны —n

                  Б) орбиталь квант саны-l

                  В)  магнит-m

                  Г) спин-s.

        А). Бас квант саны сол орбитальда қозғалған электронның жалпы энергиясын анықтайды;олар кез келген бүтін санға тең болады 1  (п=1,2,3,….).

        Б). Орбиталь квант саны арқылы электронның қандай деңгейшеде болатынын көрсетуге болады:

Мәндері:          0     1    2    3    4

Орбитальдар:         s     p    d    f     g.                                                                         Орбиталь:  электрон бұлты болатын кеңістік

Орбитальдардың пішіні орбиталь квант санымен анықталады.

          В). Магнит квант саны  : Ядро өрісінде қозғалатын электрондар магнит өрісін туғызады,оларың өзара әсерлесуі кеңістіктегі орбитальдардың бағытын анықтайды .

                               z                                     z                                   z

                               x                                    x                                 x

                               y                                       y                               y

 Г). спин квант саны: электрондардың өз осінде қарама-қарсы бағытта ұршық тәрізді айналу қабілеті бар екені анықталды.Мұндай қасиеті«электрон спині»

( айналу)деп аталады. Атомның барлық қасиетін толықтай түсіндіру үшін 1925жылы году электронның спиндері туралы гипотеза ұсынылды. Ол z осінде  екі мәнді:

                      m  =+                                             m = —

=Қорытынды

А)Ядро маңындағы кеңістікте қозғалғанда электрондар белгілі бір орбитальдар құрайды.

Б)Мөлшері жуық орбитальдар атомда энергиясының өсуі бойынша орналасқан энергетикалық деңгейлер құрайды.

В)Энергетикалық деңгейлердің саны элемент  орналасқан периодтың нөміріне тең.

12-13
Жаңа сабақты қалай қабылдағанын  алғашқы тексеру кезеңдері:  Білімділік мақсаты:

— оқылған материалды оқушылардың дұрыс өз мәнінде қабылдағанын анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

— кеткен кемшілікті жою жұмыстары;

Дәптерге қажетті мәліметтерді жазу.

7-8
Білімді жүйелеу және қорытындылау Білімділік міндеттері:

— оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

— кеткен кемшілікті жою жұмыстары

-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау.

Жаттығу орындау №4-6 (63)

3-4
Бақылау және өзбетінше бақылау кезеңдері Білімділік міндеттері:

— оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

— кеткен кемшілікті жою жұмыстары;

1. Жаттығуларды тексеру

4-5
Үй тапсырмасын беру кезеңі: Білімділік міндеттері:

-оқушыларға  үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

Параграф 1,3.1,4  -оқу , 1-3(1 деңгей);№7-10 (2 деңгей)жатт.жазбаша

2. Күнделікке жазғанын тексеру.

1-2
 Сабақ қорытынды сын шығару кезеңі. — жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою. 1-2
 Рефлексия кезеңі: Білімділік міндеттері:

оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.

-оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.Өздерің сабақта не істеп үлгердіңіздер?Сыныптастарыңызға немен көмектесе алдыңыздар. қызықты болды ма? Білгендеріңнің маңызы қандай?

1-2

 

1 Химиялық элементтер. Химиялық элементтердің жіктелуі. Атом, молекула және олардың сипаттамасы.
2 Химиялық элементтер классификация
3 Салыстырмалы атомдық және молекулалық массалар.
4 Химияның стехиометриялық заңдары.
5 Авогадро заңы. Моль. Молярлық масса. Молярлық көлем.
6 Химиялық реакцияар және олардың жіктелуі.
7 Бейорганикалық қосылыстардың жіктелуі.Химиялық қасиеттері және олардың генетикалық байланысы.
8 Қышқылдар мен негіздердің иондық теориясы. Электролиттік диссоциациялану.
9 Дисперстік жүйелер. Ерітінділер.
10 Тұздардың гидролизі және оның молекулалық, толық иондық және қысқартылған иондық теңдеулері.
11 Ион алмасу реакцияларының ақырына дейін жүретін жағдайлары.
12 Осы заманғы қышқылдық-негіздік әрекеттесу теориялары. Протондық теория.
13 Қышқылдар мен негіздердің жалпылама теориясы. (М.И. Усанович теориясы)
14 Тұздар гидролизі.
15 Оксидтер, қышқылдар, негіздер, екідайлы гидроксидтер және тұздардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын тәжірибелер.
16 Экзо- және эндотермиялық реакциялар.
17 Д.И. Менделеевтің периодтық заңы мен периодтық жүйені ашу тарихы.
18 Периодтық заңның алғашқы тұжырымдамасы. Периодтық жүйенің құрылысы.
19 Периодтық заң мен периодтық жүйені атом құрылысы түрғысынан қарастыру
20 Периодтық заңның негізігі тұжырымдамасы. Элементтің атомдық нөмірі — оның атом ядросының заряды.
21 Химиялық элементтер атомдарының құрылысы
22 Атомдағы электрондардың қозғалысы.
23 Электрондар. Электрон бұлттарының пішіндері s-, p-, d-f- электрондар. Электрондық орбитальдар.
24 Химиялық элементтер атомдарының құрылысы. s-, p-, d- элементтер атомдарының конфигурациялары.
25 Атомдардың валенттігі мен валенттік  мүмкіндіктері. Тотығу дәрежесі.
26 Жоғары оксидтері мен гидроксидтері қасиеттерінің периодты түрде өзгеруі.
27 Периодтық жүйедегі орнына байланысты элементтерге және оның қосылыстарына сипаттама беру.
28 Периодтық заңның ғылым мен техниканы дамытудағы және әлемді далектикалық тұрғыдан түсінудің маңызы.
29 Демонстрация: III периодтың кейбір элементтерінің оксидтерінің үлгілерімен танысу, оларды суда ерітіп, ерітінділерін индикатормен тексеру.
30 Заттың құрылым бөлшектері: атом, молекула, ион. Химиялық байланыстың түрлері мен түзілуі.
31 Коваленттік байланыс. Коваленттік байланыстың донорлы акцепторлы механизмі.
32 Коваленттік байланыстың қасиеттері. Атомдық орбиталдардың гибридтенуі және молекулалардың геометриясы.
33 Молекулалардың кеңістік ұүрылыстары. Химиялық байланыстардың сипаттамалары: ұзынды,ы, энергиясы, бағытталуы, полюстігі.
34 Иондық байланыс.Ионды және ковалентті қосылыстардың қасиеттері.
35 Металдық  байланыс және сутектік байланыс
36 Кристалл толарының түрлері: атомдық, молекулалық,иондық және металдық.
37 Жай заттардың қасиеттерінің химиялық байланыстың түрлеріне, кристалл торларының түріне тәуелділігі.
38 Құрамы тұрақты және ауыспалы заттар. Кешенді(комплексті) қосылыстар жөнінде қысқаша түсініктер.
39 Көрсетілім: Дистильденген судың және сулы ерітінділердің электр өткізгіштіктерін сынау.
40 Галогенсутектердің, судың, күкіртcутектің  молекулалары пішіндерін құру.
41 Натрий хлоридінің, кремний (ІV) оксидінің, қанттың, йодтың қыздыруға қатынасы.
42 Химиялық реакцияның жылдамдығы
 

43

Химиялық реакцияның жылдамдығына әсер ететін факторлар: заттың табиғаты, температура (Вант-Гофф ережесі), концентрация (әрекеттесуші массалар заңы), реагенттердің жанасу беті.
44 Катализаторлар мен ингибаторлар.
45 Гомогенді және гетерогенді катализ.
46 Химиялық тепе-теңдік.  Химиялық тепе-теңдіктің ығысу жағдайлары
47 Химиялық реакцияның механизмі
48 Химиялық процестерді басқарудағы реакцияның жүру заңдылықтарын білудің маңызы.
49 Химиялық рекацияның жылдамдығының: зат табиғатына, жанасу ауданына, концентрация мен температураға, катализатор қатысуына байланыстылығы.
50 Термохимиялық теңдеулер бойынша реакцияның жылу эффектісін анықтауға есептеулер.
51 Химиялық реакция жылдамдығының зат концентрациясына және температураға байланысты өзгеруіне есептеулер.
52 Сан есептері. Химиялық тепе-теңдіктің концентрацияға, температураға, қысымға байланысты ығысуын көрсету.
53 Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі металдар мен бейметалдардың орналасуы. Металдар мен бейметалдардың атом құрылыстарының ерекшеліктері.
54 Электртерістік жіне иондану потенциалдары. Периодтар мен топтарда элементтердің металдық және бейметалдық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары.
55 Металдар. Периодтық жүйедегі орынына байланысты негізгі және қосымша топша металдарының сипаттамасы.
56 Металдардың физикалық қасиеттері мен құрылысы. Құймалар.
57 Қатты ерітінділер мен интерметалдық қосылыстар туралы түсінік.
58 Металдардың электрохимиялық кернеу қатары.
59 Металдардың химиялық қасиеттері.
60 Табиғаттағы металл. Металдарды алудың негізгі жолдары.
61 Металл оксидтерін сутекпен, көміртек (ІІ) оксидімен тотықсыздандыру және металлотермия.
62 Электролиз. Электролиз нәтижесінде түзілген заттың массасын (көлемін) табу
63 Металдардың жемірілуі және онымен күресу.
64 Қазақстандағы металдар мен бейметалдардың пайдалы қазбалары және оларды өндіру, өңдеу үрдісіндегі қоршаған ортаны қорғау проблемалары.
 

65

Өнеркәсіптің, техниканың әртүрлі салаларында және тұрмыста металдар мен бейметалдарды пайдалану және осы салаларға қатысты техникалық мамандықтарды меңгерудің мемлекеттік маңызы.
66 Лабораториялық жұмыс. Белсенді металдар (мырыш, алюминий) қатысуында темірдің электрохимиялық коррозиясы.
67 Лабораториялық жұмыс. Металдар мен ерітінділердің  химиялық белсенділігін салыстыру
68 Балқымалар мен ерітінділер электролиздері процестерінің сызбанұсқасын құрастыру және оларбойынша есептеулер жүргізу.
69 Электролиз нәтижесінде түзілген заттың массасын (көлемін) есептеу.
70 Периодтық жүйедегі S-элементтердің орналасуы. Олардың атом құрылыстарының ерекшеліктері.Сілтілік металдар.
71 I топтың негізгі топшасы металдары. Натрий және калий. Табиғатта кездесуі мен алынуы.
72 Жай заттардың физикалық қасиеттері.
73 Химиялық қасиеттері: галогендермен, оттекпен, күкіртпен, азотпен, фосформен, сутекпен, сумен әрекеттесулері.
74 Натрий мен калийдің маңызды қосылыстары және олардың қолданылуы.
75 II топтың негізгі топша металдарына жалпы сипаттамасы.
76 Кальций  мен магний. Табиғатта кездесуі мен алынуы.  Физикалық қасиеттері.
77 Магний және кальцийдің химиялық қасиеттері.
78 Кальций мен магнийдің маңызды қосылыстары. Олардың қасиеттері және қолданылуы.
79 Судың кермектігі және оны жою әдістері. Сілтілік және сілтілік- жер металдарының Қазақстанда кездесетін табиғи қосылыстары.
80 Лабораториялық жұмыс. Натрий, калий, кальцийдің маңызды тұздарының үлгілерімен танысу.
81 Лабораториялық жұмыс. Сілтілік және сілтілік-жер металждары тұздарының жалынның түсін өзгертуі
82 Лабораториялық жұмыс. Ізбес сүті мен ізбес суын дайындау. Ізбес суының көміртек оксидімен әрекеттесуі.
83 Металдар қатысуында жүретін химиялық реакциялардың теңдеулері бойынша зат мөлшерін, массасын, көлемін табуға есептер шығару.
84 d-элементтеріне жалпы сипаттама.
85 Мыс.  Оның периодтық  жүйеде орналасуы, қосылыстары.
86 Мырыш . Оның периодтық  жүйеде орналасуы, қосылыстары.
87 Хром. Оның периодтық  жүйеде орналасуы, қосылыстары.
88 Темір. Оның периодтық  жүйеде орналасуы, қосылыстары.
89 Хромның мысалында тотығу дәрежелеріне байланысты қосылыстарының қасиеттерінің өзгеруі.
90 Cu2+ , Fe2+, Fe3+, Zn2+    иондарын сапалық анықтау
91 Металдар қатысуында жүретін химиялық реакциялардың теңдеулері бойынша зат мөлшерін, массасын, көлемін табу мысалдары.
92 Периодтық жүйедегі p – элементтердің орналасуы: олардың атом құрылыстарының ерекшеліктері. p – элементтерінің электртерістіктері.
93 Маңызды p – элементтер және олардың қосылыстары. p – элементтерінің Қазақстандағы пайдалы қазбалары.
94 III А-топша элементтерінің жалпы сипаттамасы. Алюминий, табиғатта таралуы, алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері.
 

95

Алюминий және оның қосылыстары.Алюминий және оның екідайлы қасиеттері. Аl3+  ионын

сапалық анықтау. Алюминий және оның құймаларының Қазақстанда өндірілуі мен қолдануы.

96 Периодтық жүйеде орналасуына байланысты бейметалдардың жай заттары мен қосылыстары қасиеттерінің өзгеруінің жалпы сипаттамасы.
97 Бейметалдарға жалпы сипаттама.               IV А–топшасы. Көміртек, табиғатта таралуы және алынуы. Көміртектің аллотропиясы.
98 Көміртектің маңызды қосылыстары: көміртек (II) оксиді, көміртек  (IV) оксиді.
99 Кремний және оның қосылыстары. Құрылыс материалдары.
100 V А — топ элементтеріне жалпы сипаттама. Азот және оның қасиеттері. Аммиак және оның қасиеттері, аммоний тұздары.
101 Аммиак алу. Оның судағы ерітіндісінің қасиеттерін оқып үйрену.
102 Азоттың (II) және  (IV) оксидтері. Азот қышқылы. Нитраттар.
103 Фосфор және оның қосылыстары.
104 Сары  фосфор өндіруден Қазақстанның жетістіктері
105 VI топтың негізгі топша элементтері. Оттек және оынң маңызды қосылыстары. Озон, су.
106 Күкірт, күкіртсутек, сульфидтер.
107 Күкірт (IV) және (VI) оксидтері. Күкірт қышқылы, сульфаттар.
108 Галогендердің жалпы сипаттамасы. Хлор және йод. Хлорсутек және тұз қышқылы, хлоридтер.
109 Хлорид-,сульфат-,нитрат-,карбонат-иондарын, аммоний иондарын сапалық анықтау.
110 Лабораториялық тәжірибе: Алюминий мен оның  құймаларымен танысу.
111 Лабораториялық тәжірибелер: Көмір қышқылының қасиеттерімен танысу.
112 Лабораториялық тәжірибелер: Карбонаттар мен гидрокарбонаттардың  өзара айналуы.
113 Лабораториялық тәжірибелер: табиғи силикаттар үлгілерімен танысу
114 Лабораториялық тәжірибелер: Шынының түрлерімен танысу
115 Лабораториялық тәжірибелер: Аммоний тұздарының сілтімен әрекеттесуі
116 Лабораториялық тәжірибелер: Хлорид-,сульфат-,нитрат-,карбонат-иондарын, аммоний және алюминий иондарын сапалық анықтау
117 Лабораториялық тәжірибелер: Мыстың сұйытылған және концентрлі азот қышқылдарымен әрекеттесуі
118 Лабораториялық тәжірибелер: Ортофосфор қышқылының, фосфаттардың қасиеттері.
119 Лабораториялық тәжірибелер: Күкірттің және оның табиғи қосылыстарының үлгілерімен танысу.
120 Лабораториялық тәжірибелер: Йод ерітіндісінің крахмалға әсері.
121 Р-элементтер қатынасатын реакциялар теңдеулері бойынша есептеулер.
122 Химиялық өндірістің жалпы ғылыми принциптері. Пайдалы қазбалар – Қазақстанның химия өнеркәсібінің шикізаты.Шикізат пен энергетика қорын тиімді пайдалану.
123 Өндірісте металдарды алу әдістері. Металлургия.
124 Қазақстандағы металл кендері, оларды байыту, тотықсыздандыру және флотациялау.
125 Қазақстанда қара түсті металдар және олардың құймаларын өндіру.Құймалардың практикалық маңызы.
126 Алюминий. Алюминий алудың электрохимиялық тәсілі. Қазақстанның металлургия өнеркәсібі.
127 Металлургиялық өндірістің экологиялық зиянды жақтары.
128 Силикат өнеркәсібі. Шыны өндірісі. Цемент және басқа силикат материалдарының өндірісі.
129 Цемент және басқа силикат материалдарының өндірісі.
130 Аммиак өндірісі.
131 Азот қышқылының өндірісі.
132 Минералдық тыңайтқыштар өндірісі.
133 Күкірт қышқылы өндірісі.
134 Дүниені ғылыми – диалектикалық тұрғыдан ұғынудағы, ғылым мен техниканы дамытудағы периодтық заң және зат құрылысы туралы білімнің маңызы.
135 Қазақстан Республикасының химия және металлургия өнеркәсіптерінің дамуы, химия және металлургия өндірістері қалдықтарының қоршаған ортаны ласауымен күресу.
136 Тұрақты даму тұжырымдамасы, оның жер бетіндегі биосфералық баланстың сақталуы және адамның  болашақтағы дамуындағы мәні.

Comments

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code