Күні:

Сыныбы: 8

Пәні: физика

Сабақтың аты §1. Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты Ø  Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия  жайлы мағлұмат беру

Ø  Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия  жайлы күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету

Ø  өзін-өзі бағалауға баулу

Күтілетін нәтиже Ø  Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия жайлы мағлұмат алады

Ø  Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия  жайлы күнделікті өмірде қолдана білуге  үйренеді

Ø  өзін-өзі бағалай алатын болады

Негізгі  идеялар Молекулалардың ретсіз қозғалысын жылулық қозғалыс деп атаймыз.

Диффузия – бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулаларалық кеңістігіне еніп кетуі.

Диффузия сұйықтарда, газдарда, сұйықтарда және қатты денелерде жүреді.

Диффузия құбылысынан мынадай қорытынды туады: денелерді құрайтын бөлшектер бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасады және үздіксіз қозғалыста болады. Сөйтіп, дене  көлемінің үлкен бөлігін бос кеңістік алып  тұрады.

Броундық қозғалыс – сұйықта немесе газда қалқып жүрген қандай да бір қатты заттың өте ұсақ бөлшектерінің сұйық немесе газ молекулаларының соққыларының әрекетінен бейберекет қозғалуы.

 

Тапсырмалар Топтық  жұмыс «Жигсо»
Тапсырмалар Жұптық жұмыс  «Пилот — Штурман»
Тапсырмалар Жеке жұмыс «тест тапсырмасын орындау»
 

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

1.1.    Сәлемдесу

1.2.    Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу

1.3.    Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (Броун, термометр, молекула сөздері арқылы 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5  минут)

1.      7-сынып курсын еске түсіріп шолу жасау

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)

1.      Жылу деген не?

2.      Ыстық және суық дене жайлы не білеміз?

3.      Броунның қандай еңбектерін білеміз немесе осы кезге дейін білдік?

ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5  рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт  сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы  жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Бақылаушының  бағалау парағы

 

Бағалау өлшемдері Көш

басшы

Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы
1 Тақырыптың ашылуына үлес қосу
2 Міндетін атқару
3 Топтық жұмысқа атсалысуы

 

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

 

Ү. Жұптық жұмыс  «Пилот — Штурман» (5 минут)

(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы)

Берілген сөздерге шағын эссе жазады

  1. қыс мезгілі
  2. жаз мезгілі
  3.  диффузия

Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру

V. сергіту сәті  (3 минут) (видео)

VІ. Жеке жұмыс «тест жұмысын орындау» (10 минут)

1. . 5кН-да неше Н бар?

A. 50 Н          B. 0,5Н            C. 500Н             D. 5000Н      E. 50000Н

2. Молекула дегеніміз —

A. Заттың химиялық қасиетін бойына сақтаған ең кіші бөлшегі.

B. Заттың  құрамдас бөлшегі.   C. Заттың  ұсақ бөлшектері.

D. Заттың химиялық элементтерінің қасиетін бойына сақтаған ең кіші бөлшегі.

E. Дұрыс жауабы жоқ.

3. Диффузия құбылысы дегеніміз —

A. Бөлшектердің тез қозғалысы.          B. Газдағы (сұйықтағы) бөлшектердің ретсіз қозғалысы.

C. Қатты денедегі бөлшектердің ретсіз қозғалысы.

D. Бөлшектердің баяу қозғалысы.         E. Бөлшектердің ретсіз қозғалысы.

4.  Табиғатта заттың неше күйі кездеседі.

A. 1                                B. 2         C. 3       D. 4        E. 5

5. Температура нені сипаттайды?

A. Дененің  қозғалыс әреткетін.           B.  Дененің жылдамдығын

C.  Дененің ыстық, суық екендігін. D.  Дененің  температурасын

E. Дененің қызулық дәрежесін

6. Күн жүйесінде неше планета (ғаламшар) бар?

A. 7                                B. 8        C. 9     D. 10             E. 11

7. Жылдамдықтың өлшем бірлігі қандай?

A. м/с2                 B. м22       C. м2*с2                       D. м/с        E. м2

8. Гук заңы қалай өрнектеледі ?

А. F=g m1m2/R2        В. F=ma          С. F= mN.      D. F= k Δx              Ғ= mg

9. Тығыздық қандай формуламен анықталады?

А.

В.

С.

D.

Е.

 

10. Деформация дегеніміз

А. Дененің қатты созылуы.    В. Дененің пішіні мен өлшемінің өзгеруі.

С. Дененің     массасының өзгеруі.      D. Дене салмағының азайюы.

Е. Дененің кішіреюі.

 

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ.  Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

 

Кейінгі тапсырмалар Күнделікті өмірде тапсырмаға байланысты өзің байқаған құбылыстар жайлы шағын эссе жазу.
Кейінгі оқу §1 Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия

 

 

Күні:

Сыныбы: 8

Пәні: физика

Сабақтың аты §2.Температура. Температураны өлшеу тәсілдері
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты Ø  Температура. Температураны өлшеу тәсілдері жайлы мағлұмат беру

Ø  Температура. Температураны өлшеу тәсілдері жайлы күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету

Ø  Өзгенің пікірімен санаса білуге баулу

Күтілетін нәтиже Ø  Температура. Температураны өлшеу тәсілдері жайлы мағлұмат алады

Ø  Температура. Температураны өлшеу тәсілдері жайлы күнделікті өмірде қолдана білуге  үйренеді

Ø  Өзгенің пікірімен санаса алатын болады

Негізгі  идеялар Негізгі физикалық шама – температура жылу құбылыстарымен тікелей байланысты. Біз салқын және жылы немесе ыстық денелерді анықтай аламыз, өйткені дене әр түрлі қызу қасиетіне ие бола алады. Бүл қасиетті температура деп атайды. Жылу алмасу- екі дене жанасқанда, жылу берілу жолымен энергияның қаттырақ қыздырылған денеден азырақ қыздырылған денеге өтуі. Дене температурасы жоғарылаған сайын, дененің бірқатар параметрлері (көлем, температура, қысым) өзгеріске ұшырайды.Дене температурасын термометрмен өлшейді. Термометр- температурасы өлшенетін денемен жылулық байланыста болатын дене.

 

Тапсырмалар Топтық  жұмыс «Джигсо»
Тапсырмалар Жұптық жұмыс  «Пилот — Штурман»
Тапсырмалар Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»
 

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

1.1.    Сәлемдесу

1.2.    Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу

1.3.    Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандары  арқылы  3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5  минут)

1.      Жылулық қозғалыстың маңызы қаншалықты?

2.      Жылулық қозғалыс пен Броундық қозғалыспен салыстыр?

3.      Диффузия құбылысының мәні неде?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)

1.      Температура нені сипаттайды?

2.      Дене температурасын өлшеуде термометрдің маңызы қаншалықты?

3.      Судың қатаюы мен еруінде термометрдің қандай қатысы бар?

ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5  рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт  сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы  жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Бақылаушының  бағалау парағы

 

Бағалау өлшемдері Көш

басшы

Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы
1 Тақырыптың ашылуына үлес қосу
2 Міндетін атқару
3 Топтық жұмысқа атсалысуы

 

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

 

Ү. Жұптық жұмыс  «Пилот — Штурман» (5 минут)

(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы)

Жұптар формуланы қолдана отырып мысал есеп шығарады.

Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру

VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (13 минут)

 

1 Білу Температура дегеніміз не?  

 

2 Түсіну Кельвин шкаласынан Цельсий шкаласына айналдыратын формуланы жаз?  

 

 

3 Қолдану Күн бетінің температурасы 6000 К-ге дейін қызады. Осы температураны Цельсий шкаласына айналдыр?  

 

 

4 Талдау  Кельвин шкаласы мен Цельсий шкаласын салыстыр?  

 

 

 

 

 

5 Жинақтау Суретті қысқаша түсіндір?

 

6 Бағалау Адам баласының өмірі үшін температураның маңыздылығы қаншама?  

 

 

 

 

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ.  Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

 

Кейінгі тапсырмалар Күнделікті өмірде тапсырмаға байланысты өзің байқаған құбылыстар жайлы шағын эссе жазу.
Кейінгі оқу §2.Температура. Температураны өлшеу тәсілдері

 

 

Күні:

Сыныбы: 8

Пәні: физика

Сабақтың аты §3.4. Ішкі энергия. Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері.
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты Ø  Ішкі энергия. Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері жайлы мағлұмат беру

Ø  Ішкі энергия. Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері жайлы күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету

Ø  Топта бағалай білуге  баулу

Күтілетін нәтиже Ø  Ішкі энергия. Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері  жайлы мағлұмат алады

Ø  Ішкі энергия. Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері  күнделікті өмірде қолдана білуге  үйренеді

Ø  Топта бағалай алатын болады

Негізгі  идеялар Берілетін ұғымдар:

·           Ішкі энергия;

·           Ішкі энергияның темпертураға байланыстылығы;

·           Дененің ішкі энергиясының химиялық реакцияларға байланыстылығы;

·           Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері: жұмыс жасау, жылу алмасу.

     Ішкі энергия деп денені құрайтын барлық бөлшектердің кинетикалық энергиясы мен осы бөлшектердің өзара әрекеттесуінің потенциалық энергиясының қосындысын айтамыз. Дененің температурасы жоғары болған сайын оның ішкі энергиясы артады.

Химиялық реакция деп нәтижесінде бір заттың құрамы мен құрылысы жағынан өзгеше болатын басқа затқа түрленуін айтады. Химиялық реакциялар өзара әрекеттесуші денелердің ішкі энергиясының өзгерісін тудырады.

Дене молекулаларының қозғалыс жылдамдығы өзгергенде, демек дененің тепмпературасы өзгергенде оның ішкі энергиясы өзгереді.

Тапсырмалар Топтық  жұмыс «Жигсо»
Тапсырмалар Жұптық жұмыс  «Пилот — Штурман»
Тапсырмалар Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»
 

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

1.1.    Сәлемдесу

1.2.    Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу

1.3.    Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандары  арқылы  3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5  минут)

1.      Температураны қалай түсінесіңдер?

2.      Сұйықтық термометрлердің жұмыс жасау принципі  қандай құбылысқа негізделген?

3.      Абсолют температура деген не? Оның бірлігі қандай?

4.      Газ қысымы мен оның абсолют температурасы арасындағы байланыс қандай?

5.      Абсолют нөль деп нені түсінеміз?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)

1.      Дененің ішкі энергиясы дегеніміз не?

2.      Оны өзгерту тәсілдері қандай?

3.      Дененің ішкі энергиясы температураға қалай байланысты?

4.      Жылу алмасу дегеніміз не?

5.      Химиялық реакция дегеніміз не? Химиялық реакциялар кезінде ішкі энергия қалай өзгереді ме?

ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5  рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт  сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы  жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Бақылаушының  бағалау парағы

 

Бағалау өлшемдері Көш

басшы

Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы
1 Тақырыптың ашылуына үлес қосу
2 Міндетін атқару
3 Топтық жұмысқа атсалысуы

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

Ү. Жұптық жұмыс  «Пилот — Штурман» (5 минут)

(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы)

Жұптар ішкі энергия және оның өзгеруіне мысал келтіреді?

Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру

VІ. Жеке жұмыс «тест жұмысын орындау» (13 минут)

1 Білу Ішкі энергия дегеніміз не?  

 

2 Түсіну Ішкі энергияның өзгерту тәсілдерін ата?  

 

 

3 Қолдану Адам денесіндегі ішкі энергияның өзгеруне мысал келтір?  

 

 

4 Талдау Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері: жылу алмасу және жұмыс жасауды салыстыр?  

 

 

 

 

 

5 Жинақтау Суретті қысқаша түсіндір?

 

6 Бағалау Адам баласының өмірі үшін ішкі энергияның өзгеруінің  маңыздылығы қаншама?  

 

 

 

 

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ.  Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

 

Кейінгі тапсырмалар Күнделікті өмірде тапсырмаға байланысты өзің байқаған құбылыстар жайлы шағын эссе жазу.
Кейінгі оқу §3.4. Ішкі энергия. Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері

 

 

1 Жылулық қозғалыс
2 Температура, оны өлшеу тәсілдері
3 Термометрлер. Температуралық шкалалар
4 Iшкi энергия. Iшкi энергияны өзгерту тәсiлдерi
5 Жылу берілу түрлері – жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару
6 Табиғаттағы және техникадағы жылу берілу
7 Жылу мөлшері. Жылу мөлшерін есептеу
8 Заттың меншікті жылу сыйымдылығы
9 Отынның меншікті жану жылуы. Отынның энергиясы
10 Қатты денелердiң балқуы және қатаюы
11 Балқу температурасы. Меншiктi балқу жылуы
12 Балқу және қатаю кезiндегi iшкi энергияның өзгеруi
13 Булану және конденсация. Қанықпаған және қаныққан булар
14 Қайнау.       Қайнау       температурасының       атмосфералық        қысымға байланыстылығын анықтау
15 Меншiктi булану жылуы
16 Ауаның ылғалдылығы. Ылғалдылықты өлшеуге арналған құрал. Айдағы, Марстағы, Шолпандағы термодинамикалық жағдайлар
17 Термодинамиканың бiрiншi заңы. Газдың және будың жұмысы
18 Жылу қозғалтқыштары. Іштен жану қозғалтқыштары
19 Бу және газ турбиналары. Тоңазытқыш
20 Жылу қозғалтқыштарының п.ә.к.-ті. Жылу қозғалтқыштарын жетілдіру жолдары
21 Жылу   қозғалтқыштарының   энергетиканың   дамуындағы   рөлi.    Жылу машиналары және табиғатты қорғау
22 Меншiктi  балқу  жылуы       (өтілген  тақырыптар  бойынша   материалды бекіту)
23 Температура және оны өлшеу тәсілдері (өтілген тақырыптар бойынша материалды бекіту)
24 Ауаның ылғалдылығы (өтілген тақырыптар бойынша материалды бекіту)
25 Денелердің электрленуі. Электр заряды
26 Элементар электр заряды. Қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуi
27 Кулон заңы
28 Электр өрiсi. Электр өрісінің кернеулігі
29 Электростатикалық өрістегі өткізгіштер мен диэлектриктер
30 Потенциал және потенциалдар айырымы
31 Электрстатикалық     өрiс     кернеулiгi     мен     потенциалдар     айырымы арасындағы байланыс
32 Конденсаторлар
33 Электр тогы. Ток көздері
34 Ток күшi. Амперметр
35 Кернеу. Вольтметр
36 Өткiзгiштiң электр кедергiсi. Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы
37 Типтік есептерді шығарудың алгоритмі
38 Электр кедергісінің температураға тәуелділігі
39 Асқын өткізгіштік. Өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi
40 Электр тізбектері. Өткiзгiштердi тiзбектей және параллель қосу
41 Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы
42 Қыздыру шамы. Электр қыздырғыш құралдар
43 Қысқа тұйықталу. Балқымалы сақтандырғыштар
44 Әртүрлi ортадағы электр тогы
45 Электролит ерiтiндiлерiндегi электр тогы. Электролиз заңы
46 Электролизді қолдану. Электронды-сәулелік түтік
47 Шала өткiзгiштер және олардың электрлік қасиеттері. Шала өткізгішті диод және оны қолдану
48 Электр тiзбегі (өтілген тақырыптар бойынша материалды бекіту)
49 Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы (өтілген тақырыптар бойынша материалды бекіту)
50 Өткiзгiштердi   тiзбектей   және   параллель  қосу      (өтілген   тақырыптар бойынша материалды бекіту)
51 Электр  тогының  жұмысы  мен   қуаты    (өтілген   тақырыптар  бойынша материалды бекіту)
52 Магнит өрiсi
53 Тогы бар катушканың магнит өрiсi. Электр-магниттер және олардың қолданылуы
54 Тұрақты магниттер. Жердің магнит өрісі. Аспан денелерінің магнит өрісі
55 Тогы бар өткiзгiшке магнит өрiсiнiң әсерi. Электр қозғалтқышы. Электр өлшеуіш құралдар
56 Заттың магниттiк қасиеттерi. Ақпаратты магнит арқылы жазу
57 Түзу токтың магнит өрiсi. Электромагниттiк индукция
58 Генераторлар. Трансформаторлар. Электр энергиясын алыс аралықтарға жеткiзу
59 Тұрақты магниттер (өтілген тақырыптар бойынша материалды бекіту)
60 Электромагниттер   және   олардың  қолданылуы      (өтілген   тақырыптар бойынша материалды бекіту)
61 Жарық. Жарық көздері. Жұлдыз – Күн
62 Жарықтың таралуы. Күннің және Айдың тұтылуы. Жарық жылдамдығы
63 Жарықтың шағылуы. Шағылу заңдары. Толық шағылу
64 Жазық және сфералық айналар. Жарықтың сынуы
65 Линзалар. Линзаның оптикалық күшi
66 Линзаның көмегімен кескiн алу. Жұқа линзаның формуласы
67 Фотоаппарат. Проекциялық аппарат
68 Көз. Көзілдірік. Лупа. Микроскоп. Телескоп
69 Жарықтың шағылу заңы (өтілген тақырыптар бойынша материалды бекіту)
70 Линзаның    көмегiмен    кескiн     алу     (өтілген     тақырыптар    бойынша материалды бекіту)

 

 

Comments

  1. Жадыра

    Саламатсыз ба маған қысқа мерзімді жоспар ұнады

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code