Күні:

Сыныбы: 7

Пәні: физика

Сабақтың аты §1.2.3 Табиғат және адам. Физика –табиғат туралы ғылым. Физика және техника.
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты Ø  Табиғат және адам. Физика –табиғат туралы ғылым. Физика және техника  жайлы мағлұмат беру

Ø  Табиғат және адам. Физика –табиғат туралы ғылым. Физика және техника жайлы күнделікті өмірмен байланыстыра  білуге үйрету

Ø  өзін-өзі бағалауға баулу

Күтілетін нәтиже Ø  Табиғат және адам. Физика –табиғат туралы ғылым. Физика және техника  жайлы мағлұмат алады

Ø  Табиғат және адам. Физика –табиғат туралы ғылым. Физика және техника жайлы күнделікті өмірмен байланыстыра  білуге  үйренеді

Ø  өзін-өзі бағалай алатын болады

Негізгі  идеялар Физиканың мақсаты –табиғаттағы болып жатқан әр түрлі физикалық құбылыстарды өзара байланыстыратын заңдарды ашу.

Физикалық құбылыстарды және оларды сипаттайтын заңдарды бір жүйеге түсіру арқылы физикалық теориялар жасалады.

Физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың мәнділік мазмұнын ашып беретін терминдар физикалық ұғымдар деп аталады.

Кеңістікте белгілі бір пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсені дене деп атайды.

Дененің сапалық тектілігін сипаттайтын материя түрін зат деп айтады.

Физика мен техникаға байланысты жетістіктер:

1.         Физиктер атом ядросындағы энергияны алу жолын тапты.

2.         ХХ ғасырда адамзат физика  мен техникаға жетістіктерінің арқасында ғарышқа көтерілді.

3.         Лазердің дүниеге келуі.

4.         Кибернетика мен электрондық есептеуіш техникасының дамуы.

 

Тапсырмалар Топтық  жұмыс «Жигсо»
Тапсырмалар Жұптық жұмыс  «Пилот — Штурман»
Тапсырмалар Жеке жұмыс «тест тапсырмасын орындау»
 

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

1.1.    Сәлемдесу

1.2.    Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу

1.3.    Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (техника, құбылыс, материя  сөздері арқылы 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5  минут)

1.      Физика  курсы жайлы  шолу жасау

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)

1.      Физика қандай пән деп ойлайсыңдар?

2.      Физиканың мақсаты неде?

3.      «Табиғат» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5  рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт  сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы  жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

 

 

 

 

Бақылаушының  бағалау парағы

 

Бағалау өлшемдері Көш

басшы

Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы
1 Тақырыптың ашылуына үлес қосу
2 Міндетін атқару
3 Топтық жұмысқа атсалысуы

 

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

Ү. Жұптық жұмыс  «Пилот — Штурман» (5 минут)

(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы)

Берілген сөздерге шағын эссе жазады

  1. табиғат
  2. техника
  3.  құбылыстар

Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру

V. сергіту сәті  (3 минут) (видео)

VІ. Жеке жұмыс «тест жұмысын орындау» (10 минут)

  1. . Аспан денесін көрсет:
  1. Тікұшақ
  2. Ағаш
  3. Комета
  4. Ауа
  1. Қайсысы физикалық дене?
  1. Автомобиль
  2. Ауа
  3. Килограмм
  4. Қайнау

3 . Қайсысы зат болып табылады?

A.     Ай

B.     Жарық

C.     Мыс

D.     Грамм

4 . Дыбыс құбылысына сәйкес құбылысты тап?

  1. Шардың қозғалысы
  2. Қоңыраудың сыңғыры
  3. Таңның атуы
  4. Қардың еруі

5.      «Физика» атауы нені білдіреді?

A. Табиғат                       B. Адам                      C. Қоғам және техника         D. Космос

E. Жануарлар мен өсімдіктер

6 . Тұңғыш қазақ ғарышкері-

A. Т. Мұсабаев    B. Т. Әубәкіров          C. Ю. Гагарин            D. Н. Басов

7 .  Астрономияның негізгі құралын атаңыз?

A. Микроскоп      B. Телескоп   C. Лупа                       D. Бинокль

8. Материя дегеніміз —

A. Тастар              B. Ағаштар     C. Өсімдіктер D. Табиғаттағы кез-келген зат

 

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ.  Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

 

Кейінгі тапсырмалар Күнделікті өмірде тапсырмаға байланысты өзің байқаған құбылыстар жайлы шағын эссе жазу.
Кейінгі оқу §1.2.3 Табиғат және адам. Физика –табиғат туралы ғылым. Физика және техника.

 

 

Күні:

Сыныбы: 7

Пәні:физика

Сабақтың аты §4.5.6 Астрономия – аспан денелері туралы ғылым Орта Азия ғалымдарының ғылымды дамытуға қосқан үлестері.Ерте дүниедегі халық астрономиясы
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты Ø  Астрономия – аспан денелері туралы ғылым Орта Азия ғалымдарының ғылымды дамытуға қосқан үлестері.Ерте дүниедегі халық астрономиясы жайлы мағлұмат беру

Ø  Астрономия – аспан денелері туралы ғылым Орта Азия ғалымдарының ғылымды дамытуға қосқан үлестері.Ерте дүниедегі халық астрономиясын күнделікті өмірде  қолдана білуге үйрету

Ø  топта бағалауға  баулу

Күтілетін нәтиже Ø  Астрономия – аспан денелері туралы ғылым Орта Азия ғалымдарының ғылымды дамытуға қосқан үлестері.Ерте дүниедегі халық астрономиясы жайлы мағлұмат алады

Ø  Астрономия – аспан денелері туралы ғылым Орта Азия ғалымдарының ғылымды дамытуға қосқан үлестері.Ерте дүниедегі халық астрономиясын күнделікті өмірде  қолдануға үйренеді

Ø  топта бағалай алатын болады

Негізгі  идеялар Берілетін түсініктер: асторномияның пайда болуына себеп болған қажеттіліктер, біздің ғалам, астрономия мен физиканың байланысы, космонавтика, космология, космогония, Орта Азия ғалымдары және олардың еңбектері, ерте дүниедегі халық астрономиясы.

«Астрон» — жұлдыз, «номос» — заң.

Галактикалар – жұлдыздар жүйесі мен олардың шоғырлары.

Біздің ғалам – шексіз әлемнің біздер орналасқан бөлігі.

Космонавтика  әлем кеңістігіндегі ғарыш аппараттарының қозғалысын талдап, зерттейді.

Космогония  аспан денелерінің пайда болуын және дамуын зерттейді.

Космология — бүкіл әлем туралы, оның жалпы қасиеттері туралы ілім.

Тапсырмалар Топтық  жұмыс «Жигсо»
Тапсырмалар Жұптық жұмыс
Тапсырмалар Жеке жұмыс «»

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

  • Сәлемдесу
  • Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
  • Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (жұлдыз, галактика, жер сөздері арқылы 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4  минут)

  1. Табиғат деген сөздің мағынасын түсіндіріңдер?
  2. Табиғат пен адамның бірлігін білдіретін қандай нақыл сөздер, мақал-мәтелдер білесіңдер?
  3. Табиғат құбылыстары деп нені айтамыз?
  4. Қандай табиғат құбылыстары физикалық құбылыстарға жатады?
  5. Физикаың мақсаты не?
  6. Физика заңдары қалай ашылады?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)

  1. Астрономия қандай ғылым деп ойлайсыздар?
  2. Космонавтиканың қазіргі таңда алатын орны қаншалықты маңызды?
  3. Ертедегі орталық азия елдері ғалымдарынан кімдерді білесіңдер?

ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5  рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт  сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы  жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

 

Бақылаушының  бағалау парағы

Бағалау өлшемдері Көш

басшы

Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы
1 Тақырыптың ашылуына үлес қосу
2 Міндетін атқару
3 Топтық жұмысқа атсалысуы

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

Ү. Жұптық жұмыс  (5 минут)

Берілген сөздерден шағын эссе жазу

Галактикалар

Біздің ғалам

Космонавтика

Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру

  1. V. сергіту сәті (3 минут) (видео)

VІ. Жеке жұмыс «жалғасын тап» (10 минут)

  1. Астрономия——
  2. Астрономия ғарыш кеңістігіндегі———————-
  3. Біздің ғалам……………………..
  4. Орта азия ғалымдары:………………………………………………
  5. Күнге ең жақын планета……………….

 

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ.  Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

Кейінгі тапсырмалар Күнделікті өмірде тапсырмаға байланысты өзің байқаған құбылыстар жайлы шағын эссе жазу.
Кейінгі оқу §4.5.6 Астрономия – аспан денелері туралы ғылым Орта Азия ғалымдарының ғылымды дамытуға қосқан үлестері.Ерте дүниедегі халық астрономиясы

 

 

Күні:

Сыныбы: 7

Пәні:физика

Сабақтың аты § 7 Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері.
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты Ø  Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері жайлы мағлұмат беру

Ø  Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін күнделікті өмірде  қолдана білуге үйрету

Ø  Өзін-өзі бағалауға  баулу

Күтілетін нәтиже Ø  Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері жайлы мағлұмат алады

Ø  Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін күнделікті өмірде  қолдануға үйренеді

Ø  Өзін-өзі бағалай алатын болады

Негізгі  идеялар Табиғат туралы білім арнайы зерттеу әдістерін қолдану арқылы жинақталады.

  • Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері: бақылау, эксперимент, теориялық зерттеу.
  • Болжам – ғылыми деректермен негізделген жорамал.
  • Кез келген болжамның шынайлылығын тек практикалық тәжірибе, яғни эксперимент тексере алады.
  • Эксперимент – физиканың ең басты зерттеу әдістерінің бірі.

 

Тапсырмалар Топтық  жұмыс «Жигсо»
Тапсырмалар Жұптық жұмыс
Тапсырмалар Жеке жұмыс «»

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

  • Сәлемдесу
  • Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
  • Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (бақылау, эксперимент, теория сөздері арқылы 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4  минут)

  1. Астрономия ғылымының дамуына қандай қажеттілік себеп болды?
  2. Астрономия нені зерттейді?
  3. Астрономияның ұандай салалары бар?
  4. Ертедегі Орталық Азия елдері ғалымдарынан кімдерді білесің? Олардың ғылыми еңбектері туралы қандай хабарың бар?
  5. Аспан денелеріне байланысты халық арасында айтылатын қандай аңыздарды білесіңдер?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)

  1. Табиғатты зерттеудің мәні неде?
  2. Табиғатты зерттеуге қандай әдіс-тәсілдер қолдануға болады?
  3. Гипотеза дегенді қалай түсінесің?

ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5  рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт  сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы  жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

 

Бақылаушының  бағалау парағы

Бағалау өлшемдері Көш

басшы

Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы
1 Тақырыптың ашылуына үлес қосу
2 Міндетін атқару
3 Топтық жұмысқа атсалысуы

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

Ү. Жұптық жұмыс  (5 минут)

Берілген сөздерден шағын эссе жазу

Найзағай

Судың кебуі

Күннің шығуы

Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру

  1. V. сергіту сәті (3 минут) (видео)

VІ. Жеке жұмыс «жалғасын тап» (10 минут)

  1. Болжам——
  2. Бақылау———————-
  3. Эксперимент……………………..
  4. Теориялық зерттеу………………………………………………
  5. Телескоп ……………….

 

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ.  Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

Кейінгі тапсырмалар Күнделікті өмірде тапсырмаға байланысты өзің байқаған құбылыстар жайлы шағын эссе жазу.
Кейінгі оқу §7 Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері.

 

7-сынып.

 

Сабақ тақырыбы: §1,§2. Табиғат және адам. Физика –табиғат туралы ғылым. Физика және техника.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушыларға физикалық құбылыстар, физиканың мақсаты, физика заңдары, физикалық ұғымдар, қазіргі заманның ғылыми-техникалық жетістіктерінің ерекшеліктері туралы түсінік алуға жағдай жасау.
  2. Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін жетілдіру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
  3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабақ көрнекілігі: слайдтар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Физика кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері туралы.

ІІІ.Жаңа  сабақ.

Физикалық құбылыстар: механикалық, жылу, электр, жарық құбылыстары.

 

 

                          «бірінші ұстаз»           «екінші ұстаз»      орыс тіліне физика сөзін      

                                                                                                   алғаш енгізген ғалым

 

Физиканың мақсаты –табиғаттағы болып жатқан әр түрлі физикалық құбылыстарды өзара байланыстыратын заңдарды ашу.

Физикалық құбылыстарды және оларды сипаттайтын заңдарды бір жүйеге түсіру арқылы физикалық теориялар жасалады.

Физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың мәнділік мазмұнын ашып беретін терминдар физикалық ұғымдар деп аталады.

Кеңістікте белгілі бір пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсені дене деп атайды.

Дененің сапалық тектілігін сипаттайтын материя түрін зат деп айтады.

Физика мен техникаға байланысты жетістіктер:

  1. Физиктер атом ядросындағы энергияны алу жолын тапты.
  2. ХХ ғасырда адамзат физика мен техникаға жетістіктерінің арқасында ғарышқа көтерілді.

 

  1. Лазердің дүниеге келуі.
  2. Кибернетика мен электрондық есептеуіш техникасының дамуы.

 

ІV. Пысықтау.

  1. «Табиғат» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
  2. Табиғат пен адамның бірлігін білдіретін қандай нақыл сөздерді, мақалдар мен мәтелдерді білесіңдер?
  3. Табиғат құбылыстары деп нені айтамыз?
  4. Қандай табиғат құбылыстары физикалық құбылыстарға жатады?
  5. Физиканың мақсаты неде?
  6. Физика заңдары қалай ашылды?
  7. Физикалық теориялар қалай жасалды?
  8. Физикалық терминдар мен ұғымдар дегеніміз не?
  9. Ғылыми –техникалық жетістіктерді ата.
  10. Қорытындылау.

 VІ. Үйге тапсырма: §1,§2,§3. Қазіргі заманның техникасы жөнінде қосымша әдебиеттерден баяндама жазыңдар.

  1. Бағалау.фармативті,қолпаштау, мадақтау,

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7-сынып.

 

Сабақ тақырыбы: §3. Астрономия – аспан денелері туралы ғылым Орта Азия ғалымдарының ғылымды дамытуға қосқан үлестері.Ерте дүниедегі халық астрономиясы.

Сабақ мақсаты: 1. Астрономия ғылымы, физика және астрономия ғылымдары арасындағы байланыстар,  халық астрономиясына және  астрономияның бүгінгі салаларына байланысты түсініктер  алуға жағдай жасау.

2.Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабылетін жетілдіру. Пәнге деген  қызығушылығын арттыру.

  1. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабақ көрнекілігі: приборлар, плакаттар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Шеңбер ойыны бойынша сұрақтар:

  1. Табиғат деген сөздің мағынасын түсіндіріңдер.
  2. Табиғат пен адамның бірлігін білдіретін қандай нақыл сөздер, мақал-мәтелдер білесіңдер?
  3. Табиғат құбылыстары деп нені айтамыз?
  4. Қандай табиғат құбылыстары физикалық құбылыстарға жатады?
  5. Физикаың мақсаты не?
  6. Физика заңдары қалай ашылады?
  7. Физикалық теориялар қалай жасалады?
  8. Физикалық терминдер мен ұғымдар дегеніміз не?
  9. ХХ ғасырдың ең ірі ғылыми-техникалық жетістіктері қандай?

10.Неліктен физика техниканың негізі болып табылады?

ІІІ.Жаңа  сабақ.

Берілетін түсініктер: асторномияның пайда болуына себеп болған қажеттіліктер, біздің ғалам, астрономия мен физиканың байланысы, космонавтика, космология, космогония, Орта Азия ғалымдары және олардың еңбектері, ерте дүниедегі халық астрономиясы.

«Астрон» — жұлдыз, «номос» — заң.

Галактикалар – жұлдыздар жүйесі мен олардың шоғырлары.

Біздің ғалам – шексіз әлемнің біздер орналасқан бөлігі.

Космонавтика  әлем кеңістігіндегі ғарыш аппараттарының қозғалысын талдап, зерттейді.

Космогония  аспан денелерінің пайда болуын және дамуын зерттейді.

Космология — бүкіл әлем туралы, оның жалпы қасиеттері туралы ілім.

ІV. Пысықтау.

1.Астрономия ғылымының дамуына қандай қажеттілік себеп болған?

  1. Астрономия ғылымы нені зерттейді?
  2. Астрономияның қандай салалары бар?
  3. Ертедегі Орталық Азия елдері ғалымдарынан кімдерді білесің? Олардың қандай еңбектері бар?
  4. Аспан денелері туралы астрономиялық атаулар қалай қалыптасқан?
  5. Қорытындылау.

 VІ. Үйге тапсырма: §4,§5,§6. Аспан денелері туралы аңыздар.Үлкендерден естіген аңыз әңгімелере бойынша ертегі жазу.

  1. Бағалау.критериалды,топтың бағалауы,

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7-сынып.

 

Сабақ тақырыбы: §§4,5. Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері.

Физикалық эксперимент.

Сабақ мақсаты: 1.Табиғатты зерттеуді кең тараған тәсілдері, олардың

ерекшеліктері, болжам туралы түсінік алуға жағдай

жасау.

2.Оқушылардың ой-өрісін дамытып, ғылыми ой

қорытындыларын жасауға жетелеу, ғылыми

дүниетанымын қалыптастыру.

  1. Еңбекқорлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау

Сабақ көрнекілігі: приборлар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Өткен материалдар бойынша сұрақтар:

  1. Астрономия ғылымының дамуына қандай қажеттілік себеп болды?
  2. Астрономия нені зерттейді?
  3. Астрономияның ұандай салалары бар?
  4. Ертедегі Орталық Азия елдері ғалымдарынан кімдерді білесің? Олардың ғылыми еңбектері туралы қандай хабарың бар?
  5. Аспан денелеріне байланысты халық арасында айтылатын қандай аңыздарды білесіңдер?

ІІІ. Жаңа сабақ.

  • Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері: бақылау, эксперимент, теориялық зерттеу.
  • Болжам – ғылыми деректермен негізделген жорамал.
  • Кез келген болжамның шынайлылығын тек практикалық тәжірибе, яғни эксперимент тексере алады.
  • Эксперимент – физиканың ең басты зерттеу әдістерінің бірі.
  • Гук заңы: серпімділік шегінде серіппенің L созылуы оған әрекет ететін жүктің Р салмағына тура пропорционал өзгереді.

 

Р,Н

 

 

 

 

 

0                                                   I, мм

 

ІV. Пысықтау.

  1. Табиғатты зерттеу әдістері қандай?
  2. Болжам дегеніміз не?
  3. Эксперименттің басқа ғылыми әдістерден ерекшелігі неде?
  4. Эксперимент жүргізуге қандай талаптар қойылады?
  5. Гук заңы қалай оқылады?
  6. V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: §§4,5

7-сынып

Сабақ тақырыбы:§6 Физикалық теорияның қалыптасуы. Физикалық шама. Шамаларды өлшеу.

Сабақ мақсаты:

  1. Физикалық теорияның негізгі қызметі, құрамдас бөліктері, физиканың іргелі теориялары, теорияның ең басты ерекшеліктері, физикалық шамалар және оларды өлшеу туралы түсінік алуға жағдай жасау.
  2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту.
  3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың өткен материалды қалай меңгергенін тексеру.

Берілетін сұрақтар:

  1. Табиғатты зерттеу әдістері қандай?
  2. Болжам дегеніміз не?
  3. Эксперименттің басқа әдістерден айырмашылығы қандай?
  4. Экспериментті жүргізуге қандай талаптар қойылады?
  5. Гук заңы қалай тұжырымдалады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Физикалық теорияның негізгі қызметі – құбылысты түсіндіру. Физикалық құбылыстарды  бір-бірімен өзара байланыстыра отырып, жан-жақты түсіндіретін жүйелі білім физикалық теория деп аталады.

     Физиканың  4  іргелі теориялары:

  • Классикалық механика теориясы;
  • Термодинамика және молекулалық физика теориясы;
  • Электродинамика теориясы;
  • Кванттық механика теориясы.

    Физикалық шамалар деп физикалық нысандардың немесе құбылыстардың қасиеттерінің сандық сипаттамаларын айтады.

    Физикалық шаманың мәні дегеніміз – оның сандық мәнімен қоса өлшем бірлігі.

   Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз – оны өлшем бірлік ретінде алынған біртекті басқа бір шамамен салыстыру.

Құралдың бетіне түсірілген бөліктер мен сандар аспап шкаласы деп аталады.

 

ІV. Есептер шығару.

1-жаттығу.

№1, №2, №3.

V.Пысықтау.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау. Үйге тапсырма: §§9,10. 1-ж. №4, №5, 4-тапсырма.

 

7-сынып.

 

Сабақ тақырыбы: §7. Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі. Өлшеулердің метрлік жүйесі. .Үлкен, кіші сандарды ықшамдап жазу.

Сабақ мақсаты:

  1. Өлшеу дәлдігі мен аспап шкаласы бөлігінің құнымен байланыстылығы, өлшеулер жаңылысы, өлшемдердің метрлік жүйесі, сандардың стандартты түрі туралы түсінік алуға жағдай жасау.
  2. Оқушылардың ой-өрісін дамыту.
  3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың өткен материалдарды қалай меңгергенін тексеру.

Сұрақтар:

  1. Физикалық теорияның негізгі қызметі қандай?
  2. Физиканың ең іргелі теориялары қандай?
  3. МКТ негізгі теориясының негізгі қағидалары қандай?
  4. Физикалық шаманың мәні дегеніміз не?
  5. Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз не?
  6. Физикалық шамаларды өлшейтін қандай аспаптарды білесіңдер?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Аспаптық жаңылыс.

Өлшеу қатесі: абсолют, салыстырмалы.

Аспаптардың көмегімен дұрыс орындалған өлшеулердің ең үлкен жаңылысы аспап бөлігі құнының жартысына тең.

немесе

Мұндағы: a-өлшенетін шаманың мәні. h — өлшеу қателігі.

Өлшеудің тура және жанама тәсілі болады.

Өлшеулердің метрлік жүйесі: ұзындық бірлігі – метр, масса бірлігі – килограмм, уақыт бірлігі – секунд т.б.

10n көбейткіштерін пайдаланып, берілген сандарды ықшамдап жазу «сандарды стандарт түрінде жазу» деп аталады.

ІV. Есептер шығару.

4-жаттығу. №5, №6, №8, №9

  1. Пысықтау.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Үйге тасырма: §11,§12,§13. 4-жаттығу. №1, №2, №3, №10.

VІІІ. Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

7-сынып.

9 сабақ                                   Есептер шығару.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушылардың «Физика және астронмия –табиғат туралы ғылымдар» тарауы бойынша алған теориялық білімдерін есеп шығару барысында қолдана білуге дағдыландыру.
  2. Оқушыларды өз бетінше ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: бекіту

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: карточкалар, Р.Башарұлы, Ж. Бақынов. «Физика және астрономия». Дидактикалық материалдары.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен формулаларды еске түсіру.

ІІІ. Есептер шығару.

А тобының есептері мен жаттығулары:

  1. Бақылау мен эксперименттің қандай айырмашылығы бар?
  2. Физикалық денелерге мысалдар келтіріңдер.
  3. Физикалық заттарға мысал келтіріңдер.
  4. Физикалық құбылыстарға мысалдар келтіріңдер.
  5. Ұзындығы 1,2 м, ал ені 8 см және қалыңдығы 50 мм тікбұрышты білеушенің көлемін анықтаңдар.
  6. Мына сандарды стандарт түрінде жазыңдар: 4800; 296200000; 0,525; 0,0000000016.
  7. Өрнектердің мәнін табыңдар:     .
  8. Бір жыл 31556925,9747 с болса үш орынды санға даейінгі дәлдікпен стандарт түрінде жазыңдар.

Б тобының есептері:

  1. Сым темірдің диаметрін анықтау үшін оқушы ұзындығы 30 мм сымды қарындаш бойына қатарластарып 30 орам орады. Сым темірдің диаметрі қандай?
  2. 0,25 теңіз милясы қанша метрге, қанша сантиметге тең?
  3. 4 кезде қанша сантиметр, қанша миллиметр бар?
  4. Бір парсек қанша километрге тең?
  5. Бір жарық жылы қанша километрге тең?
  6. Бактериялардың бір түрінің ұзындығы 0,5 мкм-ге тең. Қатар орналастырғанда 1 см ұзындыққа осындай бактериялардың қаншасы сыяр еді? Жауабын стандар түрінде жазыңдар.

С тобының есептері

  1. Жас бамбук тәулігіне 86,4 см-ге өседі. Ол секундына қанша өседі?
  2. Көлемі 0,002 мм3 бір тамшы май судың бетіне тамып, ауданы 100 см2 болатын жұқа қабат болып жайылды. Осы қабаттың қалыңдығын май молекуласының диаметріне тең деп қабылдап, молекуланың диаметрін анықтаңдар.
  3. Егер көлемі 1 мм3 болатын текшенің 1 с уақыт кететін болса, онда көлемі 1 мм3 болатын текше жасау үшін қанша уақыт кетер еді?
  4. 1 м2 беттегі барлық шаршы сантиметрді кесіп алып, бір-біріне жалғастыра қатар қойсақ, оның ұзындығы қандай болады?

ІV. Карточкамен жұмыс жасаған оқушылардың есебін тексеру.

  1. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: №1 зертханалық жұмысқа дайындық.

 

 

             8 сабак.                                         7-сынып.

Зертханалық жұмыс №1

Тақырыбы: Өлшеуіш цилиндр бөліктерінің құнын анықтау. Дененің көлемін өлшеу.

Жұмыстың мақсаты: өлшеуіш цилиндрді мысалға ала отырып, аспаптар бөліктерінің құнын анықтау; оларды қолдануды үйрену және өлшеуіш цилиндрді пайдаланып, денелердің көлемін өлшеу.

Құрал-жабдықтар: өлшеуіш цилиндр, су құйылған тостаған, жіңішке жіп, әр түрлі ыдыстар мен денелер.

1-тапсырма. Өлшеуіш цилиндр бөліктерінің құныны анықтау .

Жұмыстың барысы:

  1. Өлшеуіш цилиндрді мұқият көріп шығарыңдар да, оның шкаласына зер салыңдар. Қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрдің шкаласындағы жазуға қарап, ол арқылы көлемді бірлікпен анықтауға болатынын дәптерлеріңе жазып алыңдар;
  2. Қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрдің бөлік құныны анықтаңдар;
  3. Қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрді пайдаланып, жүргізілген өлшеулердің қателігін анықтаңдар. Ол үшін цилиндрге су құйып, құйылған судың көлемін өлшеу қателігін ескере отырып, анықтаңдар;
  4. Анықталған шамаларды дәптерге жазыңдар;
  5. Өлшеуіш цилиндрдің сипаттамаларын және өлшеген сұйық көлемін мына кестеге жазыңдар:

 

Мензурканың ең үлкен өлшеу көлемі, оның бірлігі Мензурка бөлігінің құны Өлшеу қателігі Қателігі көрсетілген өлшеу нәтижесі (сұйық көлемі)

2-тапсырма. Әр түрлі пішіндегі қатты денелердің көлемін анықтау.

Жұмыстың барысы:

  1. Өлшеуіш цилиндрге қатты дана толық бататындай етіп су құйып, денені сұйыққа толық батырыңдар. Сонда мензуркадағы судың соңғы көлемі және алғашқы деңгейлерінің айырмасы қатты дененің көлеміне тең болады;
  2. Пішіні мен көлемі әр түрлі 2-3 қатты денені таңдап алып, оны жіңішке жіппен байлап, суы бар өлшеуіш цилиндрге салыңдар да, көлемін анықтаңдар. Өлшеу нәтижелерін кестеге жазыңдар:

 

Өлшейтін дене Сұйықтың бастапқы көлемі (V1, см3) Дене мен сұйықтың көлемі (V2, см3 Қатты дененң көлемі (V= V2— V1)

 

  1. Өлшеуіш цилиндрге сыймайтын дененің көлемін шүмегі бар ыдыстың көмегімен анықтауға болады. Өлшеу алдында ыдысқа шүмектің жоғары деңгейіне жеткенше су құйылады. Денені ыдыстағы суға батырғанда оның көлеміне тең су асып төгіледі. Төгілген судың көлемін мензуркамен өлшеп, батырылған ірі дененің көлемін анықтайды.
  2. Қорытындылау.
  3. Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7-сынып.

Сабақ тақырыбы:

«Физика және астрономия –табиғат туралы ғылымдар» тарауын қайталау.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушылардың  осы тарау бойынша алған білімдерін тиянақтау, қайталау, қорытындылау.
  2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.
  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі : аралас

Сабақ әдісі: сайыс

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушыларды 2 топқа бөлу.

«Кім жылдам?»

Берілетін сұрақтар:


І топ.

 


  1. Табиғат құбылыстары дегеніміз не?
  2. Физиканың негізгі мақсаты?
  3. Болжам дегеніміз не?
  4. Броундық қозғалыс дегеніміз не?
  5. Физикалық шамаларды атаңдар.
  6. Астрофизика нені зерттейді?
  7. Космология нені зерттейді?
  8. Айға табан тіреген астроновтар.

ІІ топ сұрақтары:

  1.  Астрономия нені зерттейді?
  2. Физикалық теорияларды атаңдар.
  3. Галактика дегеніміз не?
  4. Молекулалы-кинетикалық теориясының негізгі қағидалары.
  5. Космогония нені зерттейді?
  6. физикалық шамалардың өлшем бірліктерін атаңдар.
  7. Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері.
  8.  ХХ ғасырдың физика мен техникаға байланысты 4 жетістігін атаңдар.

                                     Есептер шығару.

Екі топтан екі бала шығады.

  1. Мензурканың бөлік құнын табыңдар. Көрсетілген денелердің көлемін табыңдар да, өлшеу қателігін көрсетіп, жазыңдар.

 

 

І топ                                                                          ІІ топ

  1. Мына сандарды стандарт түрінде жазыңдар.

0,00000125;                     1200000000;

0, 00000045;                    0,002;

14500000000;                  0,0000005

  1. Минитест.


І нұсқа


  1. Мына сөздердің ішінде қайсысы физикалық денеге жатады?

А. Ұшақ

В. Дыбыс

С. Метр

Д. Қайнау

  1. Мына сөздердің ішінде қайсысы физикалық шамаға жатады?

А. Ұшақ

В. Жылдамдық

С. Алюминий

Д. Жер

  1. Мына сөздердің  ішінде қайсысы физикалық құбылыстарға жатады?

А. Күш

В. Булану

С. Мыс

Д. Таразы

  1. Мына сөздердің ішінде қайсысы физикалық  шаманың өлшем бірлігіне жатады?

А. Ұзындық

В. Килограмм

С. Уақыт

Д. Сызғыш

  1. ХБЖ –де ұзындықтың өлем бірлігі қандай?

А. Метр

В.Километр

С. Сантиметр

Д.Дециметр

 

 

ІІ нұсқа


  1. Мына сөздердің ішінде қайсысы физикалық денеге жатады?

А. Автомобиль

В. Ұзындық

С. Масса

Д. Қозғалыс

  1. Мына сөздердің ішінде қайсысы физикалық шамаға жатады?

А. Уақыт

В. Темір

С.Метр

Д. Қайнау

  1. Мына сөздердің  ішінде қайсысы физикалық құбылыстарға жатады?

А. Күш

В. Кемпірқосақ

С. Атом

Д. Сағат

  1. Мына сөздердің ішінде қайсысы физикалық  шаманың өлшем бірлігіне жатады?

А. Ұзындық

В. Секунд

С. Уақыт

Д. Балқу

 

  1. ХБЖ –де уақыттың өлшем бірлігі қандай? А. Минут

 


В.Жыл

 

Д. Секунд

С. Сағат

 


VІ. Қорытындылау.

VІІ. Үйге тапсырма: қайталау

VІІІ. Бағалау.

 

 

1 Табиғат және адам. Физика – табиғат туралы ғылым
2 Физикалық ұғымдар. Физика және техника
3 Астрономия – аспан денелері туралы ғылым
4 Орталық Азия ғалымдарының ғылымды дамытудағы рөлі
5 Ежелгі дүниедегі халық астрономиясы
6 Табиғатты зерттеудің  ғылыми әдістері. Физикалық эксперимент. Физикалық теория
7 Физикалық шамалар. Шамаларды өлшеу
8 Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі
9 Өлшемдердің      метрлік      жүйесі.       Үлкен         және  кіші         сандарды ықшамдап жазу
10 Физикалық шамалар. Шамаларды өлшеу (өтілген тақырыптар бойынша материалды бекіту)
11 Атомдар және молекулалар. Заттың молекулалық құрылысы.
12 Молекулалардың қозғалысы. Диффузия құбылысы
13 Дене  температурасының оның молекулаларының қозғалыс жылдамдығына тәуелділігі
14 Заттың әр түрлі агрегат күйлері және оларды молекулалық- кинетикалық түсінік негізінде түсіндіру
 

15

Кіші  денелердің өлшемін     анықтау     (өтілген тақырыптар бойынша материалды бекіту)
16 Механикалық қозғалыс. Санақ      денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы
17 Планеталардың қозғалысы. Күннің жылдық қозғалысы
18 Ежелгі ғалымдардың Күн жүйесінің құрылысына көзқарасы. Коперниктің гелиоцентрлік жүйесі
19 Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы
20 Жол және орын ауыстыру
21 Бiрқалыпты және бiрқалыпты емес қозғалыстар
22 Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері
23 Бiрқалыпты емес қозғалыс кезiндегi орташа жылдамдық
24 Бiрқалыпты түзу сызықты қозғалыс графигi
25 Инерция. Кеңістік және уақыт
26 Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененiң массасы
27 Зат тығыздығы
28 Күш
29 Деформация
30 Гук заңы. Динамометр
31 Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу
32 Тартылыс құбылысы
33 Ауырлық күші. Басқа планеталардағы ауырлық күші
34 Дененің салмағы. Салмақсыздық
35 Үйкеліс күші. Үйкеліс әрекетін техникада ескеру
36 Дененің      массасы.    Заттың       тығыздығы         (өтілген         тақырыптар бойынша материалды бекіту)
37 Деформация (өтілген тақырыптар бойынша материалды бекіту)
38 Қысым
39 Қысымның қатты         денелер,     сұйықтар   және  газдар         арқылы берілуі
40 Паскаль заңы. Гидравликалық машиналар
41 Газдың қысымы
42 Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым
43 Қатынас ыдыстар. Су құбыры
44 Атмосфералық қысым
45 Торричелли тәжірибесі
46 Барометр.  Атмосфералық   қысымның биіктікке    байланысты өзгеруі
47 Манометрлер
48 Сорғылар
49 Архимед күші
50 Денелердің жүзу шарттары. Ареометрлер
51 Су көлiгi. Ауада ұшу
52 Беттік керілу
53 Жұғу. Қылтүтіктік құбылыстар
54 Архимед    заңы (өтілген      тақырыптар        бойынша         материалды бекіту)
55 Денелердің          сұйықта     жүзу шарттары  (өтілген         тақырыптар бойынша материалды бекіту)
56 Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің жұмысы
57 Қуат
58 Энергия.    Денелердің          потенциалдық     және  кинетикалық энергиялары
59 Ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы
60 Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы
61 Механикалық энергия
62 Механикалық энергияның сақталу заңы
63 Күш моменті
64 Айналатын дененің тепе-теңдігі
65 Иінді таразы
66 Жай механизмдер. Көлбеу жазықтық
67 Механиканың «Алтын ережесі»
68 Механизмдердің пайдалы әрекет коэффициенті
 

69

Денені бірқалыпты көтеру кезіндегі жұмыс. Көлбеу жазықтықтың ПӘК-і (өтілген тақырыптар бойынша материалды бекіту)
70 Иіндіктің тепе-теңдік шарттары (өтілген тақырыптар бойынша материалды бекіту)

 

 

Comments

  1. Бекболат

    Өте керемет. Шығармашылық жетістік тілеймін!!!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code