Сызу пәні

9-сынып

 

Тақырып мазмұны Сағат саны Міндетті

графикалық

жұмыстар

Мерзімі
Теория Практика Барлығы
Кіріспе

1 сағат

Сызу пәні. Сызбаның дамутарихы 1 1
Сызбаларды безендірудің негізгі ережелері және сызбадағы геометриялық салулар

9 сағат

Сызу аспаптары, материал-дары және жабдықтары 1 1
Стандарттар туралы ұғым.

Масштабтар. Сызбаны оны

Шектейтін сызықпен және

Негізгі жазумен безендіру.

Сызба сызықтары

1 1 2 Сызық түрлері
Графикалық жұмыс № 1 А4 пішімі
Сызба қаріптері. Сызбаларға

өлшемдерді түсіру

1 1 2 Сызба қаріптері
Графикалық жұмыс № 2
Перпендикуляр түзу салу.

Түзу кесінділерін бөліктерге

бөлу. Бұрышты салу және тең бөліктерге бөлу

1 1
Шеңберлерді тең бөліктерге

бөлу

1 1 3, 6, 4, 8, 5, 10-ға
Графикалық жұмыс № 3 А4 пішімі
Сызықтардың түйіндесулері 1 1 2 А4 пішімі

Ішкі және сыртқы түйіндесулер

Проекциялау әдістері

8 сағат

Проекциялау. Центрлік және параллель проекциялау. Тік бұрыштап проекциялау 1 1 2
Аксонометриялық проекция-ларды алу және салу (фронтальдиметриялық және изометриялық проекциялар) 1 1 2
Беттері дөңгелек пішінді нәрселердің аксонометриялық проекциялары 1 1 2 А4 пішімі, текше ішіндегі овалдың изометриясын салу
Техникалық сурет 1 1 2
Геометриялық денелер мен модельдердің проекциялары

12 сағат

Нәрсенің геометриялық пішіндерін талдау 1 1
Геометриялық денелердің сызбалары 1 2 3 6 қырлы призма, цилиндр және т.б.
Нәрсенің төбесі, қабырғалары мен қырларының проекциясы 1 1 2
Нүктенің нәрсе бетіндегі проекциясын салу 1 1 2
Берілген екі көрінісі бойынша нәрсенің үшінші көрініс салу. Тесігі мен ойығы бар геомет-риялық денелер проекциясы 1 1 2 А4 пішімі, нәрсенің пішімі-нің өзгеруі
Геометриялық дене беттерінің жазбалары 1 1 2
Кескіндер – көріністер, қималар және тіліктер

12 сағат

Сызбада көріністердің орналасуы. Жергілікті көріністер 1 1 2
Қима және оны орындау 1 1 2 А4 пішімі, қарапайым қиманы орындау
Қарапайым тілікті белгілеу және орындау 1 1 2 А4 пішімі, қарапайым қиманы орындау
Күрделі тіліктер 1 1 2
Көрініс пен тілікті біріктіру 1 1 2
Тіліктерді аксонометриялық проекцияда салу 1 1 2 А4 пішімі, аксо-нометриялық тілік
Машинажасау сызбала-ры туралы жалпы мағлұмат

14 сағат

Бұйымдар туралы жалпы түсінік. Тетіктерді біріктіру тура-лы жалпы мәліметтер 1 1
Бұранданы кескіндеу және белгілеу 1 1 А4 пішімі, жұмыс сызбалары
Тетіктерді біріктіру сызбалары (ажырайтын біріктіру) 1 1 2
Тетіктерді біріктіру сызбалары (ажырамайтын біріктіру) 1 1 2
Құрастыру сызбалары туралы жалпы мәлімет 1 1 2
Қарапайым құрастыру сызбаларын оқу 1 1 2
Бөлшектеу 1 1 2 А4 пішімі, жұмыс сызбалары
Эскиздердің атқаратын қыз-меті және оның орындалуы 1 1 2
Құрылыс және топогра-фиялық сызбалардың элементтері

6 сағат

Құрылыс сызбаларының ерекшеліктері (ғимараттың қасбеті, жоспары, тілігі). Құрылыс сызбаларындағы шартты белгілер 1 1 2
Қарапайым құрылыс сызба-ларын оқу 1 1 2
Топографиялық сызулардың элементтері 1 1 2
Графикалық редактор-дың негізгі жұмысы

4 сағат

Компьютердің графикалық программалары туралы түсінік 1 1 2
Графикалық редакторда сызбаны орындау 2 2 Қарапайым тіліктің сызбасын орындау
Қорытынды 2 2
Барлығы 38 30 68

 

 

 

 

 

     Сабақ № 1                                                                                                                                                                                 Тақырыбы: «Сызу пәні. Сызбаның даму тарихы»

  Мақсаты: Өндіргіш күштер мен ғылыми техникалық прогрестің өсуі техникалық мамандарды дайындауға жоғары талаптар қояды.Техникалық білімдерді жемісті игерудің мақсаты, графикалық сауаттылық екендігін түсіндіру. Сызбаның даму тарихымен таныстыру.

Күтілетін нәтиже:  Сызбаның даму тарихымен танысады және техникалық білімдерінің қажеттілігін түсінеді.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып меңгеру

Әдістері:              түсіндіру, сұрақ- жауап

Құрал-жабдықтар: сызу аспаптары, жұмыс дәптері

                                                   Сабақтың барысы

  Мұғалім: Қазіргі өндірісте сызбаның маңызы зор. Күн сайын заводтарда әр түрлі бұйымдар, ұшақтар, тұрмыстық бұйымдар, т.б. нәрселер жасалып жатыр. Бұлардың бәрін сызбасыз жасап шығару мүмкін емес. Сызбалар бойынша машиналардың тетікбөлшектерін дайындап, дайын бөлшектерден күрделі машина механизмдарын құрастырады.

Сонау ерте замандарда адамдар жер бетіне, тастарға жабайы аңдардың, болашақ құрылыстардың суреттерін бейнелеген. Кейінірек осы сияқты кескіндерді күнделікті тұрмыста пайдаланатын заттардың сыртына бейнелеу орын алатын болған. Алғашқыда сызбалар көз мөлшерімен қолмен салынды. Тұрғын үйлерді, бекіністерді және басқа да нысандарды салу барысында «план» деп аталатын алғашқы сызбалар пайда болды.

Нәрселерді міндетті түрде масштабты сызбаларда кескіндеу де жүзеге аса бастады.

ХҮІІІ ғасырда сызбалар аса ұқыптылықпен, түрлі түсті бояуларды пайдалану арқылы орындалды. Бұл сызбаларда нәрселердің шартты тіліктері жасалды және оларда нәрсенің материалының түріне байланысты тіліктердің орындары әр алуан түстермен бояу арқылы берілді. И. И. Ползунов пен И. П. Кулибиннің сызбалары бұл өнертапқыштардың нәрсенің дәл проекциялық сызбасын салу саласындағы танымдық қабілеттерінің жоғары болғандығын көрсетеді. (5-6 сурет, И. Кулибиннің арқалы көпірінің жобасы және И. Ползуновтың бу машинасы құрылысының схемасыныуң суреттері көрсетіледі).

Сызбаларды орындау тәжірибесі ХХ ғасырдың басында жетілдіре түсті. Елдерді индустрияландыру, машина жасау мен басқа да өнеркәсіптің пайда болуы, жаңа зауыт фабрикаларды салу ісінің жандануы сызбаларды кеңінен қолдану мәселесін алға қойды (7-сурет, жеңіл автомобильдің сызбасын көрсету).

Сызу дегеніміз сызбаларды орындау мен оның оқу ережелерін баяндайтын пән. Сызуды тек қана мектепте емес, сонымен қатар училищелерде де, колледждерде де, университеттерде де оқып үйренеді. Сызбаны, көбіне, информация беретін графикалық құрал деп айтады. Сызу математика, геометрия пәндермен байланысты.

Сызба дегеніміз  — нәрсенің немесе ол жасалатын, бақыланатын, орнатылатын және жөнделетін бөліктердің графикалық кескінін қамтитын құжат. Сызбалар бойынша құрасшылар тұрғын үйлер, фабрикалар, зауыттар, жолдар және тағы басқа инженерлік нысандарды салады; машина жасаушылар машиналар, станоктар, турбиналар жасайды және т. Б.

Оқушыларға сұрақ қойылады:

Сызу нені зерттейді?     Сызба деген не?      Сызбалар адам өмірінде қандай орын алады?

Өзіндік жұмыс: Сұрақтарға жауап жазу.

Бағалау. Сұрақ-жауап арқылы

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ № 2                                                            

Тақырыбы: «Сызу аспаптары мен жабдықтары. Сызу аспаптарын пайдалану тиімді жолдары. Стандарттар. Пішімдер.»

Мақсаты: Оқушыны сызбаны рәсімдеудің жалпы ережесімен таныстыру және сызу аспаптары мен құралдарын тиімді пайдалануға дағдыландыру. Аспаптармен жұмыс істеп, үйрену, стандарттар туралы ұғым алып, масштабпен жұмыс істеп үйрену.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар аспаптармен жұмыс істеп дағдыланады, стандарт және масштабты қолдана біледі.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты таныстыру

Әдістері:              практикалық жұмыс

Құрал-жабдықтар:  сызу аспаптары, жұмыс дәптері, формат А4

                                                   Сабақтың барысы 

  1. Ұйымдастыру бөлімі.
  2. Үй жұмысын тексеру. Сұрақтар арқылы сызу тарихын қайталау
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.  Сызбаларды орындау үшін әрқайсысыңда аспаптармен жабдықтардың жиынтығы болу керек.

Сызғыштар. Ұзындығы 250-ден 300 мм-ге дейінгі сызғыштарды пайдаланамыз.

Сызба бұрыштықтары. Сызуда екі түрлі бұрыштықтар қолданады. Олардың біреуінің гипотенузаға іргелес бұрыштары 45º-тан, ал екіншісінің гипотенузаға іргелес бұрыштары 60º және   30º.

Транспортир. Сызбаларда бұрыштарды өлшеу және салу үшін.

Даярша. Қорапқа салынған сызу аспаптарының жиынтыңы даярша деп аталады. Соның ішінде шеңберсызар (циркуль), өлшемдерді көшіруге және түсіруге арналған өлшегіш, тушьпен бастыру үшін рейсфедер, ұзартқыш, ине және графит өзектері.

Қағаз. А4 пішіміндегі формат қолданады. Сызбаныкез келген өлшемдегі қағазға орындауға болмайды. Өлшемдері тағайындалған сызба салуға арналған қағазды пішім (формат) деп атайды.

Пішімі  А1: ұзындығы – 841 мм,  ені – 594 мм.

Пішімі  А1: ұзындығы – 594 мм,  ені – 420 мм.

Пішімі  А1: ұзындығы – 420 мм,  ені – 297 мм.

Пішімі  А1: ұзындығы – 297 мм,  ені – 210 мм.

Өшіргіш. Қарындаштар. Сызба салуға арнайы жасалған қарындаштарды графиттеріне қарайқатты, жұмсақ, қаттылығы орташа қарындаштар деп бөлінеді.М,  2 М,  3М –жұмсақ, ТМ қаттылығы орташа,

Т қатты. Қарындаштың ұшталған бөлігінің ұзындығы шамамен 30 мм, графит өзегі конус немесе күрекше тәрізді үшкірленеді.

Стандарт дегеніміз өндірістің барлық салаларындағы конструкторлық құжаттарды орындау мен безендірудің бәрыңғай ережелерін тағайындайтын нормативтік құжат. Олардың кейбіреулеріне әлі күнге дейін МЕСТ 27456-90 деп жазылады, ол мемлекеттік стандарт, тіркеуге алынған өнімге берілген нөмірді және стандарт бекітілген мерзімді көрсетеді.Стандарттаудағы сапаның негізгі көрсеткіші , өнімдің сенімділігі мен шыдамдылығы.

Мектепте негізінен қабырғаларының өлшемдері 297 х 210 мм болатын А4 пішімін пайдаланады.

Шектейтін сызықтар сол жағынан 20 мм , үстінен, төменнен, оң жақтан 5 мм және төменгі оң жақтан негізгі жазу орналасады.

  1.  Жұмыс орнын ұйымдастыру және сызба құралдарымен жұмыс істеудің ұтымды әдістерімен танысады. Қарындашпен, шеңберсызармен жұмыс істеу әдістерін жаттығу арқылы үйренеді.
  2. Бекіту.  Бақылау сұрақтары
  1. Қарындаштарға қатысты қандай талаптар қойылады?
  2. сызба құрал-жабдықтарының жиынтығын атаңдар.
  3. Практикалық жұмыс. 30, 45, 60, 135 бұрыштар тұрғызу, бір-біріне параллель сызықтар жүргізу, диаметрі 10, 15, 40, 60 мм шеңбер салу.
  4. Бағалау.
  5. Үй жұмысы. Практикалық тапсырманы бітіру.

 

 

Сабақ № 3                                                            

Тақырыбы: «Сызба сызықтарының түрлері»

Мақсаты: Оқушыларды сызба сызықтарының түрлерімен таныстыра отырып, сызықтарды ажыратуға және дұрыс сызуға үйрету, графикалық сауаттылықтарын дамыту, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже: Оқушылар аспаптармен жұмыс істей отырып сызықтардың түрлерін сызады

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты таныстыру

Әдістері:              практикалық жұмыс

Құрал-жабдықтар:  компьютер, слайд, сызу аспаптары, жұмыс дәптері, формат А4

                                                   Сабақтың барысы 

  1. Ұйымдастыру бөлімі.
  2. Үй жұмысын тексеру. Сұрақтар арқылы қайталау
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.  Нәрселерді сызбада кескіндеу үшін жазылуы мен жуандығы әр түрлі сызықтар қолданады. Негізгі жуан тұтас, тұтас жіңішке, тұтас ирек, штрих, штрихпунктир жіңішке, жіңішке қос нүктелі штрихпунктир, үзік сызық.

Бірақта пайдаланатынымыз тек 4 түрі, олар төмендегі кестеде көрсетілген.

Сызба сызықтарының түрлері

Сызықтың аталуы Сызық түрі және өлшемдері Сызық жуандығы

 

1. Негізгі жуан тұтас сызық S 0,5 … 1,4 мм

 

2. Штрих сызық S /3  …  S/2

 

3. Жіңішке  штрихпунктир сызық S /3  …  S/2
4. Жіңішке тұтас сызық s /3  …  S/2

 

5. Ирек сызық s /3  …  S/2

 

Компьютермен слайд арқылы сызықтардың түрлері сызбадағы қолдануы көрсетіледі.

3-слайд    

         Тұтас жуан сызық — Жуан сызықты мынадай жағдайда  қолданады:

      1 .нәрсенің көрінетін контурын сызуда

  1. рамка мен негізгі жазуды сызуда

4-слайд

  Тұтас жіңішке сызық шығарма, өлшем және штрих кезінде қолданады.

5-слайд

Штрих сызық  көрінбейтін контурды сызуға арналған сызық , әр штрихтың контуры бірдей болу керек.

6-слайд

Штрихпунктир сызық осьтік және центрлік сызықтар, қима сызықтар үшін пайдаланады. Әр сызықтың ұзындығы  сызбаның үлкендігіне қарай 5 — 30 мм. Штрихтардың аралары 2 — 3 мм.

7-слайд

Ирек сызық . Кескін толық берілмеген жағдайда қолданады.

 

Оқушының іс-әрекеті:  2-кестені толтыру

Бағалау.    

Үйге жұмыс:  Дәптерге сызық түрлерін сызу.

Үйге жұмыс: 20-бет, практикалық тапсырма

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ № 4                                                                          

 

Тақырыбы: «№ 1графикалық жұмыс. Сызба сызықтарының түрлері»

Мақсаты: Оқушыны сызбаны рәсімдеудің жалпы ережелері жөнінде білімдерін бекіту және сызу аспаптары мен құралдарын тиімді пайдалануға дағдыландыру. Аспаптармен жұмыс істеп, сызба салу дағдысын арттыру.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар аспаптармен жұмыс істеп дағдыланады, сызықтардың түрлерін тиімді

пайдалана алады және айыра біледі. Сызу пәніне деген  қызығушылықтары сызбалар

арқылы артады.

Әдістері:      практикалық жұмыс

Құрал-жабдықтар: сызу аспаптары, формат А4

 

Сабақ барысы

 

                                                            Тапсырма:

Пішімнің сол жақ шетінен 60 мм, ал жоғары шетінен 50 мм қашықтықтағы нүктеден

бастап ұзындығы 160 мм горизонталь орналасқан түзу кесіндксі – тұтас негізгі жуан

сызықпен жүргізіледі. Оған параллель және 15 мм қашықтықта орналасқан үзілме сызық

жүргізіледі.

Тұтас жіңішке сызық 20 мм қашықтықта. Одан кейін 15 мм.

Шеңбердің центрі қағаздың төменгі шетінен 100 мм, сол жақ шетінен 90 мм.

Радиустары 20,25,30,35 мм.  Шаршы мен шеңбердің центрлерінің арақашықтығы 80 мм.

                                                              Өзіндік жұмыс

 

Мына үлгісі бойынша сызу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тексеріп бағалау

 

Сабақ № 5                                               

 

Тақырыбы: «Масштабтар. Сызба қаріптері»

Мақсаты: Оқушыға сызба қаріптері жөнінде жалпы ережелермен таныстыру, сызба қаріптерінің түрлерін жазуға дағдыландыру, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар қаріптердің ережелерін, өлшемдерін сақтай отырып жазып үйренеді.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты таныстыру

Әдістері:              практикалық жұмыс

Құрал-жабдықтар: плакат, тақта, бор, сызу аспаптары, жұмыс дәптері

 

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру бөлімі.
  2. Үй жұмысын тексеру. Сызған сызбаларын тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Масштабтар дегеніміз тетік кескіннің өлшемдерінің оның нақты өлшемдерінен қанша есе артық немесе қанша есе кем екендігін көрсететін сан. Сызбалардағы кескіндердің масштабтарын және олардың белгілеулерін стандарт тағайындайды.

Кішірейту масштабтар – 1:2;  1:2,5;   1:4;    1:5

Үлкейту масштабтар – 2:1;     2,5:1;      4:1;     5:1

Нақты өлшем – 1:1

Масштабтарды былайша жазып көрсетеді: М1:1;  М1:2;   М5:1

 

Қаріп – әріптердің, цифрлардың және сызбадағы белгілердің жиыны. Қаріптің өлшемі стандарт бойынша берілген.   Қаріптің өлшемі (һ) деп бас әріптердің миллиметрмен есептелген биіктігіне тең шаманы айтады. Бас әріптердің биіктігі(һ) жазу жолына перпендикуляр бағытта өлшенеді.

Сызба қарпінің қабылданған өлшемі: 2,5; 3,5; 5; 7; 10; 14; 20; 28; 40.

Көлбеу қаріптер жазу жолына 75˚-қатең бұрыш жасап көлбейді. Әдемі жазып үйрену – қол өнерінің бір түрін меңгеру. Әріптердің ені де (g) қаріптің өлшеміне байланысты анықталады:

Г, З, С әріптері үшін g – 5d;     А, Д, М, Х, Ц, Ы, Ю әріптері үшін g — 7d;

Ж, Ф, Ш, Щ, Ъ әріптері үшін g — 8d,       қалған әріптері үшін g — 6d.

Кіші әріптің биіктігі өлшемі кішірек келесі қаріптің өлшеміне тең. Мәселен, қаріптің өлшемі 14 болғанда, кіші әріптердің биіктігі 10, ал қаріптің өлшемі 10 болғанда, кіші әріптердің биіктігі 7 және с. с. болады. Әріптердің арақашықтығын қаріп сызығының жуандығынан екі есе үлкен етіп алады.

Негізгі жазуды 3,5 мм, ал сызбаның атауын 5мм немесе 7мм қарпімен толтырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі көлбеу қаріп: а\ бас әріптер, б\кіші әріптер, в\ араб цифрлар

А, Ә, Б, В, Г, Ғ, Д,  Ж, Е, З, И, К, Қ, Л, М, Н, Ң, О, Ө, П,

С, Т, У, Ү, Ұ, Ф, Х, І, Ц, Ч, Ш, Щ, Ъ, Ь, Э, Ю, Я

а ,ә, б, в, ғ, д, ж, у, з, и, к, қ, л, м, н, о, ө, п,

с, т, у, ү, ұ, ф, х, і, ц, ч, ш, щ, ъ, ь, э, ю, я

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9

 

 

  1. Өзіндік жұмыс

Үйренгенше тор сызып бас әріптердегі, сандарды және белгілерді жазу.

 

  1. Бағалау. Қаріптерді дұрыс және таза жазу арқылы бағаланады.

 

  1. Үйге жұмыс. Дәптеріне өлшемі 10 болатын Б түріндегі қаріппен өз аты-жөнін, туған ауылының атын бас әріптермен жазу.

 

 

 

 

 

 

 

І-ІІ семестр  /9 сынып / Сызу

Сабақ№  

 

Сабақ тақырыбы

Сағат  

 

Мерзімі

 

Оқу материалының мазмұны

 

Практикалық жұмыстың мазмұны

Кітаппен, әдістемелік оқулық және дидактикалық құралмен жұмыс

 

Үй тапсырмасы
9а 9б 9в Оқулық-пен жұмыс Іскерлік дағдысын қалыптастыру Жаңа технологияны пайдалануы
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
КІРІСПЕ (1 САҒАТ)
1 Сызу пәні қарастыратын мәселелер. Сызу аспаптары мен жабдықтары. 1       Кіріспе

3-4 бет,

§1 5-6 бет

Сызба, сызба, бұрыштық даярша 1-4 жаттығу 1-сурет 3-бет 3-4-5-6 бет оқу термин- дерін жаттау
СЫЗБАНЫ ОРЫНДАУДЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ (11 САҒАТ)
2 Сызба сызықтарының түрлері. 1 §4 Тұтас, жуан, негізгі, үзік, жіңішке, нүктелі үзілме, ирек 1-2 жаттығу, 9-бет

1-тест

3-сурет 8-бет 6-9бет оқу
3 Пішім. Масштаб. 1 §5 Пішім, масштаб, негізгі жазу 1-3 жаттығу 11-бет 2-сурет 17-бет №1 А3 форматына 10-11 бет рамка мен негізгі жазуды сызу
4 Сызба қаріптері. 1 §6 12-16 бет Қаріп, қаріптің өлшем көмекші тор 1-3 жаттығу, 16-бет 5-сурет

12–бет

8-сурет

14-бет

№1 Графикпен жұмыс. Альбомның мұқабасын тік және көлбеу түріндегі Б типтегі 7 және 14 қаріп
5 Сызба қаріптері 1 §6 12-16 бет 10-сурет 15-бет §4 12-16 бет оқу
6 Сызбаға өлшемдерді түсіру 1 §7 16-19 бет Бұрыштық сызықтық өлшем 1-3 жат 19-бет 11,13-сурет 16-18 бет 16-19 бет оқу
7 Сызбаға өлшемдерді түсіру 1 §7 16-19 бет Бұрыштық сызықтық өлшем 4-5жат 19-бет 12сурет

18- бет

Жаттығуды аяқтау
8 Өзара параллель немесе перпендикуляр түзулерді салу. 1 §8 20-22 бет Кесінді, сәуле, қабаттас нүкте, параллель перпендикуляр 15сурет

20- бет

№2Г Ж А3 сызықтар
9 Кесіндісін және шеңберді тең бөліктерге бөлу. 1 §9 22-24 бет Шеңберді тең бөліктерге бөлу Шеңберкесінді тең бөліктерге бөлу 17сурет

22- бет

18сурет

23- бет

№ ГЖ кесінді мен шеңберді тең бөліктерге бөлу
10 Шеңберге жанама жургізу. 1 §10 24-26 бет Қиюшы жанасу нүктесі, жанама №2Г Ж аяқтау 1-жат 26-бет 19сурет

25- бет

20сурет

26- бет

§8 24-26бет оқу
11 Түйіндесулер 1 §11 27-31 бет Центр түйіндесу нүктелері, түйіндесетін сызықтар 1-4 жат 30-31 бет

тест 1

МРС 19-22

22сурет 7- бет

23сурет 28- бет

24 сурет 30- бет

25сурет

31- бет

§9 27-31 бет 2,3,4 жаттығуды аяқтау
12 Шеңберлер доғаларын түйіндестіру 1 §11 Жаттығуларды аяқтау
ПРОЕКЦИЯЛАУ ӘДІСІ (6 САҒАТ)
13 Параллель проекциялау әдісі, қасиеттері 1 §12 32-35 бет Қиылысу нүктесі, проекция эжазықтғы, проекциялаушы түзу 1-3 жат 35-бет 27сурет

32- бет

28сурет

33- бет

29 сурет

34- бет

§10 32-35 бет оқу терминдер, жаттығу аяқтау
14 Тік бұрыштап проекциялау. 1 §13 35-39 бет Жазық фигура 1-2 жат 39 бет 31сурет

35- бет

32сурет

36- бет

33 сурет

37- бет

34сурет

38- бет

§11 35-39 бет оқу
15 Тікбұрышты проекциясының негізгі қасиеттері 1 §13 35-39 бет Канондық проекция 3-4 жат 39 бет 35сурет

39- бет

§11 35-39 бет оқу
16 Шеңбердің параллель проекциясы. Эллипс. 1 §14 40-41 бет Элипс лекало үлкен және кіші ось 1-2 жат 41 бет 37-сурет

40 бет

§12 40-41 бет №3 ГЖ жазық
17 Шеңбердің параллель проекциясы. Эллипс. 1 §14 40-41 бет Элипсті тұрғызу 37-сурет

40 бет

§12 40-41 бет №3 ГЖ Элипс түйіндесуі
18 Проекцияда көрнетіндікті анықтау. Қайтымдылық туралы түсінік. 1 §15 Бәсекелес нүктелер, қайтымды қайтымсыз кескін монж эпюрі №3 ГЖ аяқтау 38-сурет

42 бет

39-сурет

42 бет

§13 41-43 бет оқу
 

АКСИНОМЕТРИЯЛЫҚ ПОЕКЦИЯ (8 САҒАТ)

 

19 Тікбұрышты координаталар жүйесі. 1 §16 43-45 бет Координаталар, нүктелер, абцисса, ордината, опликата 1-2 жат 45-бет 40,41,42-суреттер 43-45 бет қаталап оқу
20 Аксонометриялық поекцияны шығарып алу. Бұрмалану көрсеткіштері 1 §17 46-48 бет Координаталық сынық сызық, коорд жүйесі, бұрмалану көрсеткіші 1-2 жат 48-бет 44,45-суреттер 46-48 бет оқу

 

 

 

 

 

21 Нүктенің, кесіндінің көпбұрыштың, көпқырлы дененің аксонометриясын салу 1 §17 46-48 бет Тікбұрышты изометрия, қиғашбұрышты фронталь диметрия Тест№2 44,45-суреттер 46-48 бет оқу
22 Тікбұрышты изометрия. 1 §18 46,47-суреттер 48-53 бет оқу
23 Координаталар жазықтықтырының біреуіне параллель шеңбердің тікбұрышты   изометриясы. 1 §18 51-53 бет Овал 3- жат 53-бет 48-53 бет оқу
24 Қиғашбұрышты фронталь диметрия. 1 §19 53-55 бет 1-жат 55-бет 53-55 бет оқу
25 Берілген координата нүктелері бойынша фигураның аксонометриялық поекциясын тұрғызу 1 Екінші проекция көрінбейтін сызықтар №2 тест ГЖ №4 акс
26 ГЖ №4 Аксонометриялық 4 есепті шешу 1 3-жат 55-бет ГЖ №4 аяқтау
ӨЗАРА ПЕРПЕНДИКУЛЯР ЖАЗЫҚТЫҚТАРҒА ТІК БҰРЫШТАП ПОЕКЦИЯЛАУ (18 САҒАТ)

 

27 Өзара перпендикуляр екі жазықтыққа тік бұрыштап проекциялау. (Монж эпюрі)

 

1 §20

55-61 бет

Фронталь, горизониаль проекция, проекция осі, байланыс сызығы

 

Жаттығу

58-бет

55бет

55,56 сурет

55-58 бет оқу
28 Өзара перпендикуляр үш жазықтыққа тік бұрыштап проекциялау. 1 §21 Пофиль, профиль жазықтығы 1-2 жат 58,59,60

суреттер

58-61 бет оқу
29 Жеке жағдайда орналасқан кесінділер мен жазық фигуралардың  проекциялары. 1 §22

61-65 бет

Деңгейлік кесінді 1-2 жат 62,63,64,65

суреттер

6165 бет оқу
30 Жеке жағдайда орналасқан кесінділер мен жазық фигуралардың  проекциялары. 1 §22 Деңгейлік жазық фигура 3-4 жэат 61-65 бет оқу
31 Аксонометриялық поекциясы берілген фигураның фронталь, горизанталь, профиль проекциясын салу 1 Пофиль, профиль проекция жазықтығы Фронталь,горизонталь профиль проекциясын тұрғызу жаттығулары
32 Аксонометриялық поекциясы берілген фигураның фронталь, горизанталь, профиль проекциясын салу 1 Пофиль, профиль проекция жазықтығы
33 Геометриялық денелерді проекциялары Пирамида 1 §23

65-68 бет

Дұрыс перамида, табаны, иіктігі, қырлары 1-2  жат 67,68а,69

Суреттер

65-68 бет оқу
34 Геометриялық денелерді проекциялары Призма 1 §23

65-68 бет

Дұрыспризма, көлбеу призма 3-жат №3 тест

МР с 48-50

70,71 суреттер 65-68 бет оқу
35 Геометриялық денелерді проекциялары Цилиндр 1 §23

69-70бет

 

Цилиндр осі жасаушысы, бүйір беті, тік,жайма, көлбеу цилиндрлер 72-73 сурет 69-70 бет оқу
36 Геометриялық денелерді проекциялары Конус 1 §27

70-72 бет

 

Табаны жасаушысы 4-жаттығу 74-75- сурет 70-72 бет оқу
37 Шар

 

 

1 §21

72 бет

Сфера 1-4 жаттығу 76 сурет 72 бет оқу
38 Кесіндіде жазық

фигурада және дененің бетінде жатқан нүктелердің проекциялары

1 геометрия 83 сурет 77,78,79 сурет 73-74 бет оқу
39 Кесіндіде жазы фигурада және дененің бетінде жатқан нүктелердің проекциялары 1 §22

73-77 бет

1-жат 81-82 бет 73-77 бет оқу
40 Геометриялық денелер жазықтықпен қию 1 §23  77-78 бет Қиюшы жазықтық, геометриялық дене 1-3 жат 84 сурет 77-78 бет оқу
41 Қиық пирамида, қиық конус, конустылық 1 79-81 бет конустылық 4-6 жат 85,86,87 сурет 78-81 бет оқу
42 Тесігі немесе ойығы бар геометриялық денелердің  проекциялары 1 §24

82-86 бет

1-4 жат 90,91,92 сурет 82-85 бет оқу
43 Геометриялық денелер тобының проекциялары 1 §25

86-87 бет

1-2 жат 94-95 сурет 86-87 бет оқу
44 Денені проекциялар жазықтығына перпендикулюр түзуден айналдыру 1 §26

87-90 бет

Айналмалы қозғалыс қиылысу нүктесі
 НЕГІЗГІ КӨРІНІСТЕР (8 САҒАТ)

 

45 Негізгі көріністер. 1 §28

91-95 бет

№3 тест 99-10сурет

Ә.Н. 5-бет

91-5 бет оқу
46 Негізгі көріністердің орналасуы. 1 §27

 

 

 

ГЖ №7 аяқтау 3-4 жат 91-95 бет қайталау
47 Қосымша және жергілікті көріністер 1 §29 Қосымша проекция жазықтығы, қосымша жергілікті көрініс

 

 

 

 

1-2 жат

95 бет

102,103,107,108,109

Суреттер

 

 

 

 

 

95-97 бет оқу
48 Нәрсенің негізгі екі көрінісі бойынша оның үшінші негізгі көрінісін салу. 1 §29

92-102 бет

Талдау және толықтыру әдісі Берілген екі көрінс бойынша көпқырлы нәпсенің үшінші көрінісін және диметриясын салу 111,112,114-сурет 97-102 бет оқу
49 Сызбаны оқуға және орындауға арналған жаттығулар 1 Қиғаш бұрышты және фронталь изометрия жаттығулары ГЖ №6
50 Сызбаны оқуға және орындауға арналған жаттығулар 1 ГЖ №6 аяқтау
51 Беттердің қиылысу сызықтарын көріністе кескіндеу 1 §30 Қиылысу, өту сызықтары 1-2 жат 117-120 сурет Формат дайындап әкелу
52 Көріністерді  оқуға және орындауға арналған жаттығулар 1 Тест №4 ГЖ №8
 

КҮРДЕЛІ ТІЛІКТЕР (16 САҒАТ)

 

53 Нәрселердің өлшемдерін сызбаға түсіру 1 §31

106-109 бет

Пішін, өлшемі, орналасу өлшемі, габрит тік өлшем

 

ГЖ №8 аяқтау 122,123,124 суреттер 106-109 бет оқу
54 Қима. Оңашаланған қабаттасқан қима 1 §32

109-114 бет

Оңашаланған қабат қима 1-жат 131 сурет 109-114 бет
55 Қима жазықтығы. Қиманы белгілеу 1 §32 2-жат 127,128,130 суреттер
56 Тіліктер туралы жалпы түсінік 1 §33-34 114-121 бет Тіліктер қарапайым горизонталь вертикаль көлбеу 1- жат 136,137,138 суреттер
57 Қарапайым тіліктер. Фронталь, профиль 1 §33-34 114-121 Тіліктер фронталь повиль Қима мен тілікті орындау
58 Көрініс пен тіліктерді біріктіру. Жергілікті тілік. 1 §34 1-2 жат
59 Тіліктерді орындауға арналған жаттығу сабақтары 1 Сызбаны қима мен тілікті қолдана отырып орындау 141-сурет Г.Ж №9 Қима мен тілікті орындау
60 Тіліктерді орындауға арналған жаттығу сабақтары 1 3- жатт
61 Тіліктерді орындауға арналған жаттығу сабақтары 1 Г.Ж.№9 аяқтау 4-5 жат Г.Ж№10
62 Күрделі тілік сатылы 1 §35 Сатылы тілік – горизонталь, фронталь профиль 148,149,153 сурет Г.Ж№10
63 Күрделі тілік сатылы 1
64 Күрделі тілік сынақ 1 §35 сынақ Нәрсе проекциясына тиісті проекциялық нүктені анықтау

 

151,152 сурет Г.Ж№10
65 Күрделі тілік сынақ 1 №5 тест 10 граф ж әкелу, есептер

 

66 Қайталау қорытындылау. Бақылау жұмысы 1 Сызба альбомын эскиздеу
67 Үлгілі альбомдар көрмесі 1  

 

68 Қорытынды сабақ 1  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Comments

  1. Салтанат

    9 — Сынып сызу Алматы Атамура 2013 кунделикти жоспар жылдык жоспа сиздерде барма тоык нускасы калай сиздерден алуга болады менин номерим 87011207326

  2. Айым

    Алматы, Алматы обл қай баспамен оқып жатыр? Мен өзім жас маманмын. Былтырдан бері Атамұрамен беріп жатырмын. сіздерден жауап күтем. рахмет!

  3. Назира

    Маган 9 сыныптын кунделикти сабактын 1 жылдык жоспарын бересиз бе?

  4. Ажар

    Сәлеметсизбе, мен жас маманмын. Сабақ жоспарларын қалай алуға болады?

  5. Ерасыл

    Саламатсыздар ма 6- сынып бейнелеу сабағының күнделікті сабақ жоспары бар ма?
    болса жіберіңіздерші

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code