Математика Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Заттардың асиеттері. Заттарды санау
Сілтеме Математика әдістемесі
Сабақтың жабдығы Тиін мен  қоянның суреті, оқулық, дәптер, үлкен және кішкентай доп, мектеп формасын киген  оқушы  және  кішкентай бала  суреті.
Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

1.Білімділік: Заттардың  қасиеттері (пішіні, түсі, мөлшері)  бойынша  оқушылардың алғашқы білім деңгейін, құбылыстар мен заттарды санай алу дағдыларын анықтау.

2.Дамытушылық:  Оқушылардың  ой өрісін, ойлау қабілеттерін, математикалық  тілін  дамыту.

3.Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.

Топқа бөлу Оқушыларды пазл арқылы топқа бөлемін
Ынтымақтастық атмосферасы — Балалар, бүгін  бізге  қонаққа   қол ұстасып  Тиін  мен  Қоян  келді.

Олар бізіді  шаттық  шеңбер құруға   шақырып  тұр.

Әрбір  адам  — досым, сыныптасым,

Әрбір  ісің  — тіршілік, адамдық

Әрбір сабақ — үйрену, оқу, іздену,

Әрбір  сөзін -шындық, бірлік, адалдық.

 

   Қызығушылықты ояту Заттардың  қасиеттері  туралы түсініктерін анықтау.

Ауызша  жұмыстар жүргізу барысында оқушылардың дайындық деңгейін анықтау. Заттар мен  заттардың топтарын  (пішіні, түсі,мөлшері  бойынша бірдей  және  әртүрлі ) таңдап алу.

Мысалы, көлемі бірдей, бірақ түсі  әртүрлі  бірнеше доп  және текше, т.б. Заттың түсі,  оның неден жасалғандығы,  көлемінің  қандай екендігі,  балалардың  олардың пішінін  ажырата алатыныдығы  анықталады. Ары қарай заттар   аталған белгілері бойынша салыстырылады.  (Мұғалім оқушылардың   неше?   деген  сұраққа  жауап бере алуын, санауды қалай жүргізгендерін   анықтайды).

Мағынаны тану

Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс

Оқулық және дәптермен таныстырып олардың атқаратын қызметіне түсінік беру.

№1   суреттің мазмұны бойынша  әңгіме  жүргізіледі.

— Суретте   кім бейнеленген? (мектеп формасын киген  оқушы  және  кішкентай бала).

№2   тапсырма екі суретті  салыстыруға арналған.

№3   тапсырма  мұғалімге  оқушылардың  санауды  меңгеру  деңгейін, зейінін, топтай білу  дағдыларын  анықтай  алуына   көмектеседі.

Барлық тапсырманы   орындағаннан  кейін  оқулықты жапқызып , оқу  құралдарының  партада  дұрыс  орналасуын көрсету керек.

Сергіту сәті Бір,екі, үш

Демаламыз , жинап күш.

Үлгілі оқушы боламыз,

Ылғи бестік аламыз.

Ой толғаныс Дәптермен жұмыс.

Дәптермен жұмыс алдында  сергіту сәті өткізіледі.  Содан кейін мұғалім  оқушыларға дәптердің  партада қалай  орналасуын  және  жай қарындашты, қаламды  қалай  ұстау керектігін  көрсетеді.  Дәптердегі  тапсырма бойынша жұмыс.

— Ойыншықтары бар сөрені тауып, суретшінің қандай ойыншық суретін салғанын  табындар.

— Неше пирамида  (сайқымазақ, доп) бейнеленген?

-Әр ойыншықтың бейнесінің  жанына сол ойыншық  нешеу  болса, сонша  таяқша сыз.

№2 тапсырма  суретте бейнеленген  заттарды санауға, салыстыруға арналған. Балалардың санау, түс,  мөлшер  туралы түсініктерін анықтау үшін түсі, жуандығы, ұзындығы  бойынша әр түрлі  қарындашты аяқтап салуын сұрайды.

№3 тапсырманы орындамас бұрын дәптердің торкөздерімен таныстыру керек.  Мұғалім үзік сызықтарды қаламмен бастыруды ұсынады.

№4 тапсырма балалардың фигуралар — дөңгелек, үшбұрыш, шаршы                                                              туралы  білімдерін  анықтау мақсатын көздейді. Сондай-ақ оларды бояу  жұмысы саусақтарының бұлшық еттерінің жетілуіне көмегін тигізеді.  Санап үйрену.

Үй тапсырмасы Санап үйрену Күнделіктеріне жазады
 Кері байланыс Мадақтау Смайликтерді жабыстырады

 

 

 

Оқу ісінің меңгерушісі:

 

Математика Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Өлшем,пішін туралы түсінік
Сілтеме Әдістеме
Сабақтың жабдығы Жол  белгілері,   әр түрлі заттар
Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

1. Білімділік: Заттардың  пішіні  мен өлшемі туралы түсініктерін қалыптастыру;

2. Дамытушылық:  Заттардың  ұқсастығы мен  айырмашылығын анықтай  алуға үйрету  ( түсі,пішіні, өлшемі  бойынша); заттарды  санауға  жаттықтыру.

3. Тәрбиелік:  Ұқыптылыққа, тазалыққа  баулу.

Топқа бөлу Оқушыларды пазл арқылы топқа бөлемін
Ынтымақтастық атмосферасы «Армысың досым,

Кел, маған қосыл.

Алақанға салып  алақан,

Шеңберге бірге  тұрайық  (қолдарынан ұстайды)

Жер шарындай айналып,

Әлемге жарық ұқсайық (айналады).

Қолымызды көтеріп, күннің  нұрын алайық  (қолдарын көкке созады).

Ортамызда күн нұры,

Құшаққа оны алайық (құшақтасады)».

Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық.

 

Үй тапсырмасын сұрау Ауызша   жұмыс  жүргізу  үшін  түрлі -түрлі  суреттер  дайындау. Мысалы:  3 түсті доп (үлкен, кіші ), 3 түрлі сызғыш (ұзын, қысқа),  3 түрлі текше т.б.

Әр затты  сипаттап беру.

   Қызығушылықты ояту Мұғалім бірдей  пішіндегі 2-3 затты  көрсетіп, оқушыларға заттарды, олардың  ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыруды, осындай пішіндегі заттарды  қоршаған  ортадан табуды ұсынады.

Геометриялық  фигуралармен жұмыс. Мұғалім әртүрлі  геометриялық  фигуралардың  ішінен дөңгелек, тіктөртбұрыш, шаршы пішіндегі  фигураларды  көрсетуге сұрайды.

       — Егер  оқушылар  тапсырманы жеңіл орындаса,   ары қарай тапсырманы күрделендіруге болады. Мысалы:  «Фигуралардың  арасынан  кішкентай жасыл емес фигураны тауып көрсет», т. б. Әр  оқушы өз  нұсқасын ұсынады,өз пікірін  дәлелдейді.  Мұндай тапсырмалар оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытады, ойлау процестерінің,  тілдерінің  дамуына  көмектеседі.

Мағынаны тану

Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс.  №1 тапсырма заттың пішіні туралы түсініктерін нақтылау мақсатын көздейді.   Алдымен  көшеде  жүру ережесі  туралы  әңгіме  жүргізіледі, содан соң жол белгілеріне, олардың  пішіндеріне көңіл аударылады.

Сұрақтар:

-Қандай  машиналар бейнеленген?

-Олардың  қайсысын  үлкен деп айтуға  болады?

-Жолдан кім өтіп барады?

-Жолдан қалай  өту  керек?

-Кішкентай  баланы  жолдан кім  өткізу  керек?

№2 заттардың  пішіні  туралы білімдерін анықтау.

Белгінің  өзі, оның  бекітілген тұғыры  қандай екенін қарау керек. Барлық  үшбұрыштарды (шаршыларды, дөңгелектерді) санаудыц  ұсынып, тапсырманы орындау.

№3 тапсырма  заттардың  пішіні, өлшемі  туралы білімдерін бекітуге  арналған.  Мұғалім  алдымен  көліктердің дөңгелегі нешеу екенін, содан соң жеке тұрған дөңгелектерді  санайды. Оқушылар  жауаптарын дәлелдей  тырып, машиналарға , велосипедке дөңгелектер  таңдайды.

№4 тапсырма бақылағыштықтарын дамытуға, заттардың  пішінін айыра білу дағдыларын бекітуге берілген.

-Шаршы пішінді зат нешеу?

-Дөңгелек пішінді  нешеу?

-Шам мен  матрешканы алмұрт  пішінді  деп  айтуға  болады. мұндай  заттардан  нешеу  бейнеленген?

Фигуралардың  екі  тобын  салыстыру.

«Өрнек  құр», «Артық фигураны тап» т.б.  ойын  түрлерін  жүргізуге  болады.

   VI. Сергіту  сәті

Отырайық  жүрелеп,

Гүлді үзіп алайық.

Орнымыздан  тұрайық,

Басқа гүлге  барайық

   VII. Дәптермен  жұмыс     4-5 бет

№1 тапсырма . Түсі  және  пішіні бойынша  салыстыру  жұмыстар  жүргізіледі. Оқушылар  толық  жауаппен  жауап  беріп  отырады.  Мысалы:

-Мен екі  фигураны   олар шаршы және  түстері  бірдей  болғандықтан   біріктірдім.

№2 тапсырма  жаңа  материалды бекітеді  және  саусақ бұлшықеттерін  жетілдіруге  қызмет етеді.  Үзік   сызықтар бойымен фигураны бастыру  керек.

Ой толғаныс  

№3тапсырма .  «Сиқырлы суреттер»  қиялдарын дамытуға, графикалық және санау дағдыларын жетілдіруге арналған.  Оқушыларға фигураның пішінің анықтау, қоршаған ортада     қандай заттар  осындай пішінге не екенін табуға  тапсырма беріледі.  Осы  заттарды   аяқтап  салу  ұсынылады.

№4 тапсырма «үлкен  және  кіші»  тақырыбын  қайталауға  мүмкіндік  береді.   «Кімнің  қолшатыры»  сызық арқылы  қосу.

Үй тапсырмасы -Бүгін  қандай  тақырыппен  таныстық?

-Сабақта  не істедік?

-Қандай  тапсырма қиын  болды?

Күнделіктеріне жазады
 

Кері байланыс

Мадақтау Смайликтерді жабыстырады

 

 

 

Оқу ісінің меңгерушісі:

Математика Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Кеңістік туралы түсінік.
Сілтеме Математика оқыту әдістемесі
Сабақтың жабдығы күннің  суреті ,  геометриялық  фигуралар.
Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

1.Білімділік: оқушылардың  кеңістік  туралы   (жоғары- төмен,оңға-солға, алдында-артында, арасында,қасында, ішінде) түсініктерін  қалыптастыру және нақтылау.

2.Дамытушылық:  оқушылардың бақылағыштығы  мен логикалық ойлауын дамыту.

3.Тәрбиелік.  Зейіншілікке  ,тәртіптілікке  тәрбиелеу.

Топқа бөлу Оқушыларды пазл арқылы топқа бөлемін
Ынтымақтастық атмосферасы Тиін  мен  Қоянның  әкелген ережесін оқыту:

1.Тыныштық  сақтау.

2.Бір -бірін тыңдау.

3. Ойды ашық айту.

4.Жауапты толық айту.

Психологиялық  дайындық .

«Күлімде  ,күн, күлімде!

Күлсін барлық бала шат!

Берекелі  бүгіндей

Бейбіт  болсын  болашақ!»

Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық .

Үй тапсырмасын сұрау «Артық  фигура»  ойынды өткізу.  Берілген  суреттер  бойынша  жұмыс жүргізу.

1).Үшбұрыш, шаршы, төртбұрыш,  тіктөртбұрыш

2). Үлкен  үшбұрыш, кіші үшбұрыш, қызыл үшбұрыш,  шаршы.

3). Шаршы, төртбұрыш,  дөңгелек.   Оқушылар  жауаптарын дәлелдеп отырады.

Мағынаны тану

Жаңа сабақ

Жаңа  тақырыппен  танысу  жұмысын  практикалық жұмыстан бастауға  болады. Мұғалім  балалардан сол қолын көрсетуді, оң қолын көтеруді, сол жақ шекесіне қолын тигізуді, т.б. сұрайды.   Оқушылардың  сөйлеу  тілдерінде  «үстінде», «астында», «ішінде»,  «сыртында», «арасында», «оң жақта», «сол жақта»  сөздерін  дұрыс қолдануы маңызды.

V. Оқулықпен жұмыс.  №1 тапсырманы орындау  кезіңде сурет бойынша сұрақ  қою арқылы заттардың  , балалардың  кеңістіктегі  орны анықталады.

Заттардың  өзара орналасуына  қатысты сөздерді дұрыс  қолдануға  үйрету үшін мынадай сұрақтар қоюға болады.

Тиіннің   сұрақтары:

-Үйдің алдында не тұр?

-Балалардың қайсысы жоғарыда, қайсысы төменде әткеншек тепті?

-Әткеншектің алдында кім  тұр?  Осындай     әткеншекке жақын  тұруға бола  ма?

-Сырғанаққа  артынан  келіп  тұрған  қызды тап, т.б.

№2 тапсырма  оқушылардың «жоғарыда, төменде, алдында, артында, оң жақта, сол жақта»   сөздерін  өз  беттерінше қолдануға  жаттығуы  үшін  берілген.

№3 тапсырма   оқушылардың зейінін    дамытуға  көмектеседі.  Оқушылардың  оң жағы мен сол жағын шатастыратыны белгілі. Бұл  әсіресе бейне немесе заттың баланың алдында  тұруына, айнадағы кескініне  байланысты. Мұндай  жағдайда  суретте  бейнеленген қонақтар орнын ауыстырып отырғанын анықтау үшін қыздың  оң  жағында  кім , сол жағында кім отырғанын анықтау керек.  Содан кейін осындай бақылауды екінші суретпен де жүргізу керек.

1-ші  суретте  балалар  қалай  отыр?  (Сұрақтарға   толық  жауап беру. Мысалы:

1-ші үстелдің  басында үш  бала  отыр. Төрде  Айгүл,  Айгүлдің  сол  жағында Болат , оң жағында Олжас отыр.)

Қоянның  тапсырмасы:

-Суреттегі қонақтар орындарын ауыстырып отырды   ма?

Иә, 2-ші  үстелдің  басында , балалар  өз  орнындарын  ауыстырып  отыр. Болат  пен  Олжас  бір -бірімен  орындарын ауыстырды.

Сергіту сәті Орнымыздан  тұрайық

Алақанды  соғайық.

Бір отырып, бір  тұрып.

Бір отырып, бір  тұрып.

Дем алғасын отырайық.

Ой толғаныс Дәптермен  жұмыс     5-6 бет

№1  (жай  қарындашпен)  қызғалдақты  киіз  үйдің сол  жағына, көбелекті  жоғары, күннің   көзін оң  жаққа,  шөптерді  төмен  жаққа  орналастырамыз.

№3  үлгі  бойынша орындау. Бағытты  көрсетіп тұрған  бағдаршаны  сәйкес  түспен бояу керек.

№4  Лабиринт. Тауықтың қозғалыс  бағытын дауыстап  айта отырып, жолын жүргізу.

VIIІ. Өтілген  материалмен  жұмыс  жүргізу.

№2 тапсырма оқушылардың  графикалық, торкөздерге дұрыс жаза  білу біліктерін  дамытуға  бағытталған.  «Түйенің  ізі» өрнегін салу. Содан  соң  «Таулар»  тапсырмасы орындалады. Алдымен   балалар өрнекті үзік  сызықтармен   бастырады, содан  соң тапсырманы  өөз  беттерінше  орындайды.  Егер   оқушы  суретті  жеңіл  орындаса, пайда  болған өрнекті  бояуды ұсынуға  болады.

Қорытынды -Бүгін  қандай  тақырыппен  таныстық?

-Сабақта  не істедік?

-Қандай  тапсырма қиын  болды?

Күнделіктеріне жазады
 Бағалау

Кері байланыс

Мадақтау Смайликтерді жабыстырады

 

Оқу ісінің меңгерушісі:

Математика Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Уақыт    туралы  түсінік.
Сілтеме Математика оқыту әдістемесі
Сабақтың жабдығы күн  тәртібі,  сағат  макеті,  суреттер
Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

1.Білімділік: оқушылардың  уақыт  туралы    түсініктерін  қалыптастыру , нақтылау.

2.Дамытушылық:  уақытты анықтайтын терминдерді дұрыс  қолдана білуге   үйрету; оқиғалардың  ретін қоя білудағдыларын дамыту.

3.Тәрбиелік:   ұқыптылыққа, тапқырлыққа  тәрбиелеу.

Топқа бөлу Оқушыларды пазл арқылы топқа бөлемін
Ынтымақтастық атмосферасы «Амансың  ба, Алтын Күн!

Амансың ба, Жер -Ана!

Амансың ба, достарым,

Сендерді  көрсем  қуанамын мен»

-Балалар,  бүгін  біздің  сабағымызға  Аю  келді. Ол  бізге  көп  тапсырма

әкелді    ( әр тапсырманы  Аю  үнтаспадан  хабарлап   тұрады)

1.Тыныштық сақтау

2.Бір -бірін   тыңдау

3. Ойды ашық айту.

4.Жауапты толық айту.

   Қызығушылықты ояту Кеңістіктегі   заттардың  орналасуы туралы түсініктерін  бекітетін, санауды қайталауға бағытталған  ойындар мен  жаттығуларды кіргізе  отырып, ауызша жұмыстар жүргізуге болады  («Не өзгерді?», «Ұшақтың  ұшуы», «Дыбыс қайдан шықты?», «Керісінше», «Сөйлемді аяқта») т.б.
Мағынаны тану

Жаңа сабақ

Жаңа  материалмен  таныстыру.    Ауызша  жаттығулар.

Аю: -Мен  бірнеше сөздерді айтамын, сендер мұқият  тыңдап, қай сөзді бұрын, қай сөзді кейін айтқанымды байқандар: дүйсенбі, сәрсенбі, сейсенбі. Енді 5-ке дейін  хормен санайық.  Қай санды бұрын айттық, екі ме, әлде үш пе? т.б

-Келесі  Аюдың  тапсырмасы, оқулықпен  жұмыс.

V. Оқулықпен жұмыс.

Балалардың назарын №1 тапсырмадағы суретке аударып, баланың алдымен не істегенін, содан соң не істейтінін ретімен  айтуларын  сұрау.

Оқушының  күн  тәртібі туралы әңгіме жүргізуге  болады.

№2 тапсырма  бойынша  кім үлкен,кім кіші екенін анықтау керек. Отбасының барлық мүшелерінің жасын өсу және кему реті бойынша айтқызу.

№3 тапсырма   «ерте -кеш»  түсініктерін қолданып, уақыт туралы әңгіме жүргізуге арналған. Оқушылардың бақылағыштығын, салыстыра білу дағдыларын арттырады.

-Балалар,  Аю бізді  демалуға  шақырып жатыр.

Ой толғаныс Дәптермен  жұмыс    7-8 бет .

Жаңа білімді игеру деңгейлерін бақылау  үшін  оқиғалар ретінің  орны ауыстырылған   суреттерді ұсынуға болады (мысалы, ертегі мазмұнының  сюжетті  суреттері , жыл  мезгілдерінің  суреттері, т.б.) және қателерін түзеу өздеріне тапсырылады. №1 тапсырма орындалады.

№2 бұл  тапсырманы  түсіндіре отырып орындау.  «Бір шаршы оңға сызамын, бір шаршы жоғары, екі шаршы оңға, бір шаршы төмен, бір шаршы оңға», т.б.

№3 тапсырма алған  білімдері  бойынша сөздік қорларын бекіту үшін орындалады.  Заттарды өзара байланысты топтарға  бөледі: ағаш, тақтай, орындық: қой, жіп, свитер, дән, ұн, нан. Содан  соң  олардың пайда болу ретін анықтау.

VIIІ.Өздік  жұмыс .

Өзіндік жұмыс  ретінде №4 тапсырманы орындауға болады. Кестеге қарап, суреттерді салыстыру. Егер  оқушыларға  қиындық тудырып жатса, мұғалім жоғарғы, ортаңғы, төменгі қатарда не бейнеленгенін анықтауға  көмектеседі. Содан соң  бұл  заттарды  топтайды, артық затты атайды.

Үй тапсырмасы -Бүгін  қандай  тақырыппен  таныстық?

-Сабақта  не істедік?

-Қандай  тапсырма қиын  болды?

Күнделіктеріне жазады
 Кері байланыс Мадақтау Смайликтерді жабыстырады

 

Оқу ісінің меңгерушісі:

Математика Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Заттарды әртүрлі  белгілері  бойынша  салыстыру.

Бірдей. Әртүрлі.

Сілтеме Математика оқыту әдістемесі
Сабақтың жабдығы текше,  сызғыш,  ағаштардың  суреттері
Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

1.Білімділік: Заттарды  ұзындығы, түсі, пішіні  бойынша  салыстыру дағдыларын қалыптастыру.

2.Дамытушылық:  Оқушылардың  математика  пәніне қызығушылығын арттыру.

3.Тәрбиелік:   Ұқыптылыққа, тапқырлыққа  тәрбиелеу.

Топқа бөлу Оқушыларды пазл арқылы топқа бөлемін
Ынтымақтастық атмосферасы Екі көз  не үшін керек?

-Жақсыларды  көру үшін керек.

-Екі құлақ не үшін керек?

-Ақыл -кеңес  тыңдау үшін керек.

-Екі  қол   не үшін керек?

— Елге  көмек жасау  үшін  керек.

-Екі  аяқ  не үшін керек?

-Туған  жерге  жету  үшін  керек.

Үй тапсырмасын сұрау  1-ден 10-ға  дейінгі ауызша санау жаттығулары (1-ден 5-ке дейін,6-дан 10-ға  дейін, 3-тен  9-ға  дейін, т.б.санау); әр қатардағы парталарды санау; «Эстафета» түріндегі ойындарды  ұйымдастыру.
   Қызығушылықты ояту
Мағынаны тану

Жаңа сабақ

Жаңа материалды оқып -үйренуге дайындық  жұмыс ретінде  практикалық жұмыс ұйымдастырылады. Сөреге біртіндеп санай отырып, бір түстегі екі кішкентай текше және басқа  түстегі үлкен бір текше қойылады: «Мына  текшелерді солдан  оңға  қарай, оңнан соға  қарай  санандар. Бұл ойыншықтар туралы не  айталасындар?»

Ары  қарай  үлестірмелі материалмен  жұмыс жүргізіледі.

Шаршы, үшбұрыш, дөңгелек — геометриялық  фигуралармен жұмыс.  Содан соң  оқушылар геометриялық фигураларды  салыстырады.

Осы  материалмен  санау және фигураларды  топтастыруға  ұйымдастыруға  болады.  Фигураларды  мөлшері бойынша, содан соң  түсі  бойынша екі  топқа бөлуді ұсынады.

Оқушылар осы  сабақтан заттарды  биіктігі, ұзындығы, ені, т.б.  бойынша  салыстырады  (мұғалім  мен  оқушының  бойы, үзілген  жіптердің  ұзындықтары,  партаның  биіктігі, қуыршақтардың  мөлшері).

      V. Оқулықпен жұмыс. №1  суреттің  көмегімен  түрлі  белгілері бойынша  (ұзындығы,түсі,пішіні) әр топтағы  сурет салыстырылады және нәтижесі  мына сөздермен айтылады:  түсі, мөлшері, биіктігі, ені  бойынша бірдей немесе  әртүрлі.  «Хайуанаттар бағында  жөндеу  жұмысы  жүргізіледі. Сырлаушылар торды сырлады. Енді  аңдарды өз  торларына  орналастыру керек. Түлкіні  қай  торға  орналастырамыз? Неге?  Түлкі мен  оның  торын  көрсет  т.б.»

№1 тапсырманы орындау кезінде белгілері  бойынша  (биік-аласа, үлкен -кіші) салыстыру  жұмысы  жүргізілсе, №2  тапсырмада автомобильдің  ұсақ  бөлшектері  салыстырылады. Бұл  тапсырма балалардың бақылағыштығын, зейінін дамытуға  бағытталған.

№3  тапсырмада заттардың  массасы туралы қарапайым  тұрмыстық  түсініктері анықталады:  «Үлкен зат -ауыр зат, кішкентай  зат-жеңіл». Мұғалім  массасы  бойынша салыстыруға болатын, сөйлем құрап айтуға ыңғайлы заттарды  атауды сұрайды. Мұғалім  оларға көмек  ретінде  массасы бойынша салыстыруға болатын мысалдарды келтіреді. Мынадай ойын  түрлерін  ұйымдастыруға  болады«Сенің  портфелиндегі заттар қандай  материалдан жасалған?»,  «Жұбын тап», «Не  өзгерді?», т.б. (ойындарға берілген нұсқауды қараңыз).

Сергіту сәті Ұзын  мұртты  құмырсқа

Келе жатыр  жұмысқа

Допты алды  қолына

Допты қойыды  жолына

Оңға қарады, солға қарады

Үлекен тау деп  ойлады.

Ой толғаныс Дәптермен  жұмыс   9-10 бет

№1 тапсырма   алғашқы  бекіту  жұмысына  арналған. Бұл  жаттығуларды орындауда балалар берілген  тапсырма  бойынша  ағаштарды   ажырата білуі  маңызды: «Теректі  көрсет. Қайыңды көрсет. Ағаштардың арасынан  емен ағашын көрсет. Қайың, емен,теректің жапырақтарын көрсет және оларды  ағаштармен  сызық арқылы  қос».

№2  тапсырма  бойынша  мұғалім  4  ұяшықтан  тұратын  4 кестені  қарауды  ұсынады:

-Оң  жақтағы  жоғарғы ұяшықта жұлдызша, сол жақта күн  бейнеленген. Оң  жақтағы төменгі  ұяшықта ненің  суреті  салынған?  Сол  жақтағы төменгі ұяшықта  ше? Кестенің  ұяшығындағы суреттер бірдей болатындай етіп ,қарындашпен суреттерін сал.

№3 тапсырма  графикалық дағдыларын қалыптастыру үшін берілген.

Өздік  жұмыс үшін №4  тапсырманы ұсынуға  болады.

Балалар сәйкес  жіпті иненің көзіне  «өткізеді».  Балалардан өздерінің таңдауларын әрекеттерін түсіндірулерін  міндетті  түрде  сұрау  керек.

 Бағалау Мадақтау Смайликтерді жабыстырады
Кері байланыс

 

Математика Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Ұзын — қысқа. Биік — аласа. Кең — тар.
Сілтеме Математика оқыту әдістемесі
Сабақтың жабдығы Суреттер,парақшалар
Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

1.Білімділік:  «ұзын -қысқа», «биік-аласа», «кең -тар»  ұғымдарын  қалыптастыру;

2.Дамытушылық:  көрсетілген  белгілері  бойынша заттарды  салыстыру  дағдыларын  дамыту.

3.Тәрбиелік:   ұқыптылыққа, тапқырлыққа  тәрбиелеу.

Топқа бөлу Оқушыларды пазл арқылы топқа бөлемін
Ынтымақтастық атмосферасы Көтеріп  шаңырақ,

Керегелер  керіліп.

Өрімдей болып өріліп

Киіз үй  боп  көріндік.

Тірек  білімдерін жетілдіру Ауызша  есептеуге  заттарды  санауға, тапсырма  бойынша  заттар  тобын арттыру  және кемітуге, дыбыстарды  санауға, өзара сәйкестікті  қоюға (қарындашты үстелге неше  рет  тақылдатсан, сонша  шаршыны қой; мен неше  рет санасам, сонша  рет еңкей, т.б.)  жаттығулар беріледі.  «Неше  рет?», «Пойыз құрастырайық», «Эстафета», «Зейін  сал» сияқты  ойындарды  ойнатуға  болады.

Ауызша  есептеуге  заттарды  әртүрлі  белгілері бойынша салыстыруға арналған жаттығуларды енгізу  маңызды («Артық затты  тап», «Заттардың  қандай  айырмашылығы  мен  ұқсастығы  бар?»).

Мағынаны тану

Жаңа сабақ

Жаңа  материалмен  таныстыруды  практикалық  жұмыстан бастауға  болады. мұғалім  ені кең және тар 2  түрлі таспаны көрсетеді;  «Таспаларды  салыстырын-дар. Ені  тар  таспаның түсі  қандай? Ені кең  таспаның  түсі  қандай?»

Мұғалім  ұзындығы, ені  бойынша әртүрлі  3 жолақ қағазды (ені тар, ұзын  жасыл жолақ: ені  кеңірек, ұзындығы  орташа  қызыл  жолақ: ені  кең ұзын сары  жолақ)  көрсетеді  де, тапсырма  береді: «Егер ені  тар жолаққа   қарағанда ені кең, бірақ ең ені кең жолаққа қарағанда  ені тар болса, ол жолақтың түсі қандай? т.б.»

ІV. Оқулықпен жұмыс.  №1 суретпен  жұмыс істей отырып, мұғалім  балаларды ұзындығы, ені бойынша салыстыруға  үйретеді. Алғашқы рет оқушыларға қарапайым  ой  қорытындысын жасау ұсынылады: «Егер шалбар ұзын  болса, онда шолақ  шалбар …..(қысқа)».

№2  тапсырма  бойынша  тіл  дамыту жұмысын  ұйымдастыруға болады («ұзынырақ — қысқарақ, биік — аласа, кең — тар» сөздерін қалыптастырып, сурет бойынша  сұрақ қойғызу).

№3 тапсырма  көзбен  шамалай алуларын, зейіндерін дамытуға бағытталған.

Ой толғаныс Дәптермен  жұмыс   10 -12бет

№1 тапсырманы ауызша талдап алғаннан кейін  дәптерлеріне  орындайды.

№2 тапсырма бойынша  фигураларды пішіні, түсі, мөлшері бойынша салыстырады. Фигураны, оның қасиеттерін дұрыс атап, төрт қоршаудағы осы фигураларды тауып,  бояйды .

№3тапсырма балаларды  жазуға  дайындауға арналған. Мұғалім торкөздерге қалай жазу  керек  екенін тақтада  жазып  көрсетеді.

№4 тапсырма. Оқушылар кестенің қарапайым  түрімен алғаш рет кездеседі.

Кестенің бағаны , қатары болатынын  түсіндіру  қажет. Кестемен  дұрыс жұмыс істеуге  үйрету  үшін мынадай  сұрақтар қойылады:

-Екінші бағанның  екінші қатарында үй  орналасқан. Шатырын қандай  түспен бояу  керек? Қабырғасын ше ?

-Екінші  қатардағы үйлердің шатыры  көк болуы  керек болғандықтан, шатырын  көк түспен  бояймыз …

 Бағалау Мадақтау Смайликтерді жабыстырады
Кері байланыс

 

Оқу ісінің меңгерушісі:

Математика Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Үлкен -кіші. Жуан -жіңішке. Қалың -жұқа.
Сілтеме Әдістеме
Сабақтың жабдығы Суреттер
Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

1.Білімділік:   «Жуан -жіңішке», «үлкен -кіші», «қалың -жұқа» ұғымдарымен  таныстыру.

2.Дамытушылық:  Көрсетілген  белгілері  бойынша  заттарды  салыстыру  дағдыларын  дамыту.

3.Тәрбиелік:   Ұқыптылыққа, тапқырлыққа  тәрбиелеу.

Топқа бөлу Оқушыларды пазл арқылы топқа бөлемін
Ынтымақтастық атмосферасы «Күлімде  ,күн, күлімде!

Күлсін барлық бала шат!

Берекелі  бүгіндей

Бейбіт  болсын  болашақ!»

Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық

Үй тапсырмасын сұрау Ауызша  есептеуге   әртүрлі  белгілері  бойынша заттарды  салыстыруға арналған  жаттығуларды орындауға болады. «Неше  рет?»,
   Қызығушылықты ояту «Пойыз  құрастырайық»,  «Эстафета», «Зейін  сал» сияқты  ойындарын  ұйымдастыру.
Мағынаны тану

Жаңа сабақ

Жаңа  материалмен  жұмыс.

Жаңа  материалмен  таныстыруды  ауызша  жаттығулардан  бастауға  болады: «Бірінші мен екінші, екінші мен үшінші кітаптарды салыстыр»,  оқушылар  бірінші кітаптың екіншіге  қарағанда қалың, үшінші  кітаптың  екіншіге  қарағанда  жұқа екенін айтады.  Мұғалім мен оқушының бойы, жолақтардың ұзындықтары, сымдардың  жуандығы, қуыршақтардың, ағаштардың биіктіктері салыстырылады.

Мұғалім  «Керісінше»  ойынын жүргізеді.

ІV. Оқулықпен жұмыс .  №1 суретпен  жұмыс істей отырып,  оқушылар  заттарды  қалыңдығы, жуандығы бойынша  салыстырады. «Сөйлемді  аяқта»  ойынын  ұйымдастыру.

№2, №3, №4 тапсырмаларды орындамас  бұрын «Не өзгереді?» ойынын  ұйымдастыруға  болады,  содан кейін оқулықтағы тапсырмалар орындалады .

№3 тапсырманы орындау кезінде  «Ең кішкентай, орташа, ең үлкен» сөздерін дұрыс  қолдануға  дағдыландыру  керек .

 

 

№5 тапсырма оқушылардың  логикалық ойлау  қабілеттерін дамытуға бағытталған. «Әр  қатардағы  фигураларды  салыстыр. Олардың  ұқсастығы неде? Айырмашылығы неде? Әр  бағандағы  фигураларды  салыстыр. Олардың  ұқсастығы неде? Айырмашылығы неде?»  деген сияқты  тапсырмалар  беріледі.

 

Сергіту  сәті

 

Қане қанат жазайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға  қонайық.

Ой толғаныс Дәптермен  жұмыс  12-13 бет

Өтілген сабақты бекіту  үшін №1 тапсырма орындалады.

№2 тапсырманы орындау кезінде суреттерді  пішіні, түсі бойынша салыстыру арқылы бұрыңғы  өтілген  тақырыптарды  қайталайды.

№3 тапсырма графикалық  дағдыларын жетілдіруге  арналған.

№4 тапсырма арқылы  балалардың  жаңа сабақты қалай меңгергендерін байқауға  болады. тапсырманы мұғалім  оқиды, балалар тиісті түспен бояйды.

 Бағалау Мадақтау Смайликтерді жабыстырады
Кері байланыс

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code