Тақырыбы:  «Химия-заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы. Химия ғылымының пайда болуы, дамуы және маңызы туралы қысқаша тарихи мәліметтер. ТҚ ережесі бойынша кіріспе»
Күні: Мұғалім:
Сынып:  8 Қатысқан.              Қатыспағандар.
Сабақта  меңгерілетін  оқу  мақсаттары Химия ғылымы туралы алғашқы ұғым қалыптастыру, химия тарихын оқып үйрену.
Табыс  критерийлері Барлық  оқушылар  білуге  тиісті: Химия  пәнін оқулықтан оқып сипаттайды.
Оқушылардың  көпшілігі  Химия тарихына шолу жасап, химия пәні ерекшеліктерін анықтайды.
  Кейбір  оқушылар  Өмірде кездесетін химиялық құбылыстарды мысалға келтіріп, салыстырады.
Тілдік мақсат Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Сабақта  диалог/ жазылымға қажетті тіркестер.

Бұрыннан бар білімдері .

Жоспар

Жоспарланған уақыт Жоспарланған уақыт Ресурстар
Басы

0-5 мин

6-10 мин

1.     «Қызығушылығын ояту». Бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырады, жаңа ақпаратпен толықтырады. Мақсаты:

—         оқушы өзінде қалыптасқан білімі мен  түсініктерін өзектендіру;

—         оқылатын тақырыпқа танымдылық қызығушылығын ояту;

оқушының белсенділігін арттыру.

Жаңа тәсілдер:

«Кім жылдам?», Аквариум,  Семантикалық карта,топтық әңгіме, жұппен жұмыс

Суретті қағаздар

Флипчарт, Ғаламтор

Балама тест

Бөлме өсімдіктері

Ортасы

11-20мин

21-35мин

«Қайда қарасақта, қайда көз жіберсек те көретініміз химия ғажайыптары. Химия адам ісіне құшағын кең жаяды» деп М.В.Ломоносовтың айтқан сөзімен сабағымды бастаймын.Күнделікті өмірде біз отынның жануын, металдардың тоттануын, судың булануын, қатуы сияқты құбылыстарды байқап жүрміз.
Тұрмыста Медицинада
бояу, май шам, дәрі-дәрмек
ыдыс-аяқ
Химия
Өндірісте Ауыл шаруаш/да
Солярмай, Минер.тыңайтқышт
Бензин т.б. гербицидтер
Химия физикамен тығыз байланысты, «Бұл екі ғылымның, — деп жазды Ломоносов – өзара байланысқандығы соншалық, бірінсіз-бірі жетіле алмайды». Сонымен қатар жаратылыстану ғылымдарымен геология мен биологиямен тығыз байланысты. Химия мен геология аралығынан Жердің әртүрлі жүйелерінде химиялық элементтердің таралуымен миграциясын зерттейтін геохимия ғылымы туды. Химия мен биология ның арасында тірі ағзадағы химиялық процестерді зерттейтін биохимия, биобейорганикалық, органикалық химия ғылымдары қалыптасты. Космохимия космостық денелердің құрамы мен әлемдегі элементтердің таралуын зерттейді.
Химия тарихы туралы. Химия өте ертеде пайда болған. Ғылым. Ол өте күрделі даму жолынан өтуде. Химия негізінен күнделікті өмірге қажеттіліктен туған.Біздің эрамызға дейін 3-4 мың жыл бұрын да химиялық өндіріс болған.Ертедегі Египетте түрлі кендерден таза металдар темір, қорғасын, мыс, қалайы алуды білген, алтын, күміс құймалар, шыны ыдыс-аяқ, түрлі бояулар, иіссу өндіре алған.Сондай-ақ, химиялық өндіріс ертедегі Месопотамия,Индия және Қытайда дамыған.Химия Египет пен гректерден VII ғасырдың ортасында арабтарға тарады. Олар химияға «ал» деген жалғау жалғап, «алхимия» деп атады. Алхимия Испания арқылы Европаға таралды. Химияның осы кездегі дамуын «алхимиялық кезең» деп атады.Бұл кезеңнің химия ғылымы үшін орасан зор пайдасы болды. Алхимияның мақсаты — кез келген затты аса бағалы затқа – алтын мен күміске — «философиялық тас» деп аталатын затты қосу арқылы айналдыру еді. Көптеген ғалымдар, сондықтан, «философиялық тасты» іздеумен шұғылданды. Әркім өзінің істерін құпияда ұстады.Олардың ойынша «философиялық тас» адам өмірінұзартуға мүмкіндік береді деп сенді. Осы кезде алхимия үш түрлі бағытта дамыды:1) араб алхимиясы; 2) діни бағыт; 3) алхимияны іс жүзінде пайдалану бағыты – дәрі –дәрмек, тау ісі, металлургия үшін пайдалану.Алхимиктердің жұмысы нәтижесінде заттар алудың, тазартудың жаңа әдістері табылды, көплеген жаңа химиялық жабдықтар жасалынды. Дегенмен, көптеген алхимиктер өз істерін құпияда ұстағандықтан, олардың тапқан жаңалықтарын ешкім пайдалана алмады. ХVII ғасырда іс жүзіндегі химиядан теория қалып қойды. Енді ғалымдар химияның теориялық жағын жасауға тырысты.Алғаш мұндай қадам асаған ағылшын Роберт Бойль еді. Оның ойынша химиялық өзгерістер «элементтердің» өзгеруіне байланысты мәселе еді.1700 жылы неміс ғалымы Шталь флогистон теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша жаңа алатын заттың құрамында «флогистон» деп аталатын салмағы теріс бөлшек болады. Зат жанғанда флогистон бөлініп,массасы артады. Мыс: металл+ оксид+флогистон. Алғашында бұл теория химияның теориясын біраз дамытып, кейіннен кейбір химиялық процестерді түсіндіре алмады, теория дамуын тежеді.
Жаңа химия орыс ғалымы М.В.Ломоносовтың еңбектерінен басталады.Ол химияның негізгі заңы «зат массасының сақталу заңын» ашты. Атом-молекулалық ілімнің негізін қалады.Қазіргі кездегі химия Д.И.Менделеевтің жұмыстарынан нәр алады.Ол 1869 ж периодтық заңды ашып, элементтердің периодтық жүйесін жасады. Сөйтіп, «Химия негізі» атты кітабында алғаш химияны периодтық заң тұрғысынан түсіндірді.Сонымен қатар ерітіндінің химиялық теориясының негізін қалады. Химияны дамытуда зор еңбек атқарған А.М.Бутлеров – ашқан органикалық заттардың құрылыс теориясы.Органикалық заттардың алуан түрлілігін осы теория бойынша түсіндіруге болады.
 
Соңы

36-45ин

 Қорытынды  ұрақтар:

1.       Химия пәні зерттейді?
2. Химия пәнінің тарихы туралы не айта аласыз?
3. «Алхимиялық кезең» қандай аралықты қамтиды?
4. Флогистон теориясы қалай жүзеге асты.
5. Химия қандай пәндермен тығыз байланыста?
6. Химияның негізгі міндеттері қандай?
Жауап берген оқушылар бағаланады.
Үйге тапсырма: ξ 1-2 Оқу № 8-16 есептер шығару

«Инсерт» (Түртіп алу) .  Бұл тәсіл бойынша оқу материалы дайын күйінде беріледі, мәтінді оқып отырып, оның бір жақ шетіне немесе кесте түрінде жазылады: «V» — білемін, «+» — мен үшін жаңа, «-»- басқаша ойлаймын, «?»-түсінбедім,, тереңірек білгім келеді. Жұп болып немесе топта өзара пікір алмасады. Түсініксіз болған ұғымдарды мұғалім түсіндіреді немесе басқа ақпарат көздерінен іздеуге тапсырылады.

1.

Қосымша мәліметтер
Саралау

(Дифференциация) –оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай  жоспарлайсыз?

-Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай күрделендіресіз?

Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

 

 

Екі жұлдыз, бір тілек.  Бағалау парағы арқылы бағалау

Пән-аралық байланыс

Дүниетану, география

— қабілеті төмен оқушылар үшін Дарынды және  талантты балаларға кеңейтілген тапсырма беру

 

 
Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен табыс критерийлері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?  Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым?

   

 

Тақырыбы:  «Сарамандық жұмыс №1»

«Химия кабинетінде жұмыс жасаудың техникалық қауіпсіздік ережелерімен танысу. Зертханалық құралдармен жұмыс»

Күні: Мұғалім:
Сынып:  8 Қатысқан.              Қатыспағандар.
Сабақта  меңгерілетін  оқу  мақсаттары Химия кабинетіндегі ТҚ ережесімен танысып, құрал жабдықтармен жұмыс жасау ережесін үйрену.
Табыс  критерийлері Барлық  оқушылар  білуге  тиісті: ТҚ ережесін жаттайды
Оқушылардың  көпшілігі  ТҚ ережесін өз сөзімен айтады, құрал-жабдықтарды сипаттайды.
  Кейбір  оқушылар ) Құрал-жабдықтарды салыстырады, оларды ретімен қойып білімдерін тиянақтайды.
Тілдік мақсат Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Сабақта  диалог/ жазылымға қажетті тіркестер.

Бұрыннан бар білімдері  

Жоспар

Жоспарланған уақыт Жоспарланған уақыт Ресурстар
Басы

0-5 мин

6-10 мин

Жаңа тәсілдер:

«Ойлан/жұптас/талқыла»  «Бірге ойлаймыз», түрткі сұрақ, сұрақ-жауап әдісі, топтық әңгіме.

№1.«Кім шапшаң?»
Үй тапсырмасын қайталау мақсатында жалпылама сұрақтар қойылады:
1. Зат дегеніміз не?
2. Дене дегеніміз не?
3. Зат пен дененің арасындағы айырмашылық неде?
4. Химия пәні нені зерттейді?
5. Қандай пәндермен тығыз байланыста?
6. Химия қай уақыттан бастап ғылым ретінде дамыған?
7. Алхимиялық кезең деген не, қай уақыттарды қамтиды?
8. Флогистон теориясының мақсаты неде болды?
9. Химияның дамуына қандай ғалымдар өз үлестерін қосты?
10. Химияның негізгі міндеттері қандай?

Суретті қағаздар

Флипчарт, Ғаламтор

Балама тест

 

Ортасы

11-20мин

21-35мин

«Кір жаятын жіп» стратегиясы.Стратегияның мақсаты: оқушылар өз беттерінше жаңа тақырыпты іздеп отырып тауып, түсіндіреді. Мәтін ішінен әр түрлі қағаздарға бір-бір сөз жазып, әр топқа таратылады. Оқушылар ізденіп, өз тапсырмасына қатысты сөйлемдерді құрап жазады. Оқулықпен жұмыстың түрі. Әр топ кір жаятын жіпке алып келіп, іліп, түсіндіреді.

1 Алдымен әрбір орындалатын жұмыспен танысып, ондағы қолданылатын заттардың қасиеттерімен, құрал-жабдықтардың нақты өздерімен әрі не үшін қолданылатынын айқындап алу керек.
2. Химиялық кабинетте жұмыс кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін дүниелердің: бастапқы көмек көрсететін дәріханалық қобдишаның, көзді жуатын айдалған судың, өрт сөндіргіштің, оттың бетін жауып кішігірім өртті сөндіретін жамылғыш пен құм салған ыдыстың, қан тоқтатқыш қоспаның, йод ерітіндісінің т.б. тұрған жерін дәл біліп алу керек.
3. Кез келген жұмысты орындаудан бұрын оқушы үстіне арнайы жұмыс халатын киіп, қажет болса көзіне қорғауыш көзілдірік, тіпті газтұтқыш арнайы тұмылдырық киіп алғаны дұрыс. Аяқ киімнің де жан-жағы жабық болғаны жөн, қолға арнайы қолғап кию де қажет болуы мүмкін. Егер оқушының шашы ұзын болса, оны жинап қою керек.
4. Тәжірибеге кірісердің алдында жұмыс үстелінің үстінен артық дүниені, соның ішінде оқулықтар мен басы артық қағаздарды шетке алып қою керек.
5. Реактив салынған ыдыстың сыртында жазылған заттың формуласы кем дегенде екі рет қарап, іздеп отырған заттың дәл сол ма айқындап  алған жөн.
6. Реактивтерді қолмен ұстауға, дәмін  татып көруге болмайды. Егер газ күйіндегі заттың иісін сезгің келсе,  оның ыдысын мұрыннан алысырақ ұстап, аздап желпіп көру керек. Оны дұрыс орындауды мұғалім немесе лаборант көрсетіп береді.
7. Реактиві бар ыдыстың аузына үңілмейді, жанынан қарайды. Сынауықтың ашық аузын оқушы өзіне немесе жанындағы адамға қаратып ұстамауы керек.
8. Артық алынған реактивтің қалғанын қайтадантаза зат салынған ыдысқа салуға немесе құюға болмайды. Кабинетте тек қана таза зат пен таза ыдыс қолданылатынын үнемі есте ұстаған жөн.
9.Кабинеттегі компютерді, диспенсерді тоққа қосулы қалпында қалдырып кетуге болмайды. Өшіргендігіңе көз т.т. жеткізу қажет.
10.Әсіресе қышқылдармен немесе сілтілермен жұмыс істегенде абай болыңдар! Егер реактив денеге немесе киімге тиіп кетсе, бірден суды көбірек пайдаланып, жуып жіберген дұрыс.
11. Реактивтің әсерінен денедегі аздап күйіп қалған жерді суық ағынды сумен жақсылып шаю керек. Содан кейін барып тиісті дәрігерлік көмек көрсетіледі.
12. Кабинетте орынсыз жүре беруге, дауыс көтеріп сөйлеуге болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресіңдер.
13.Жұмыс соңында қолданылған құрал-жабдықты, реактивтерді, қыздырғыш құралдарды өз орындарына апарып қою керек. Реактивтердің қалдығын ережеге сай мұғаліммен не лаборантпен келісіп алып, аластау керек.
14.Химиялық кабинеттен шығар алдында суды тоқтатқандығыңа, газды, ұыздырғыш торды өшіргендігіне, т.т. көз жеткізу қажет.
15.Газ жанарғысын, спирт шамды және электр қыздырғыштарды пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері бар, соларды бұлжытпай орындау керек

ҚТ  ережелері  стенд
Соңы

36-45 мин

Оқулықта берілген ережелерге нақты тоқталып, оқушылармен бірлесе сұрақты жеке-жеке талдап, қорытындылайды:
1. Көрсетілген зат мөлшерінен артық алуға неге болмайды?
2. Неге пайдаланған затты сол ыдысқа қайта салуға немесе құюға болмайды?
3. Не себепті тәжірибе жасағанда тек таза ыдысты пайдаланады?

1.     «Табыс сатысы» әдісі, кәдімгі сатының суреті, сатының 1-ші баспалдағы Мен………….білемін,

2.     2-ші баспалдағы Мен……………… түсінемін ,

3.     3-ші баспалдағы Мен……………….. жасай аламын.

 

Қосымша мәліметтер
Саралау

(Дифференциация) –оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай  жоспарлайсыз?

-Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай күрделендіресіз?

Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

 

 

Екі жұлдыз, бір тілек.  Бағалау парағы арқылы бағалау

Пән-аралық байланыс

Дүниетану, география

— қабілеті төмен оқушылар үшін Дарынды және  талантты балаларға кеңейтілген тапсырма беру

 

 
Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен табыс критерийлері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?  Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым?

   

 

Тақырыбы: «Заттар және олардың физикалық қасиеттері. Таза заттар және қоспалар. Заттарды тазарту әдістері»
Күні: Мұғалім:
Сынып:8 Қатысқан:                Қатыспағандар:
Сабақта  меңгерілетін  оқу  мақсаттары Таза заттар және қоспаларды бір-бірінен ажыратып, заттарды тазарту әдістерін үйрену.
Табыс  критерийлері

 

Барлық  оқушылар  білуге  тиісті: таза заттар мен қоспаларды анықтайды
Оқушылардың  көпшілігі:  таза заттар мен қоспаларды бір-бірінен ажыратып, оларды тазарту әдістерін   тұжырымдайды .
  Кейбір  оқушылар: өмірмен байланыстырады, заттарды тазарту әдістеріне тәжірибе жасайды. 
Тілдік мақсат Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Сабақта  диалог/ жазылымға қажетті тіркестер.

Бұрыннан бар білімдері Оқушылар     химия пәні        туралы біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт Жоспарланған уақыт Ресурстар
0-5 мин

6-10 мин

Үй тапсырмасын тексеру мақсатында оқушыларға өздік жұмыс беру.

Бір заттан жасалатын нәрселерге мысалдар келтір.

Оттек, көмір қышқыл газы және судың қасиеттерін сипаттау.

Химиялық диктант жүргізу: Оқушылар алюминийге қатысты физикалық қасиеттеріне сай сөздерді жазады сұйық, қатты, магнитке тартылады,балқымайды,түссіз,иісі бар,морт, иіссіз, жылтыры бар, күмістей ақ, судан ауыр, балқиды.

Таза зат дегеніміз не?

Ауа таза затқа жата ма? Неліктен?

( сүт, теңіз суы,қара топырақ )

Интерактивті тақта
Орта

11-20мин

21-35мин

Жаңа сабақ тақырыбы тақтаға жазылады: Таза заттар және қоспалар. Заттарды қоспадан бөлу және тазарту.

Қоспалар екі түрге бөлінеді: әртекті және біртекті қоспалар.

Анықтамасы беріліп мысалдар келтіріледі.

Заттарды әртекті және біртекті қоспалардан бөлу әдістерін тақтаға жазып, көрсетілім столында көрнекі көрсету:

Әртекті қоспадан заттарды бөлу: тұндыру, сүзу, магнитке тарту;

Біртекті қоспадан заттарды бөлу: қайта кристалдандыру (суалту), дистилдеу,т.б.

Тәжірибе алаңы:Оқушыларға көмір және су,күкірт және су,өзен құмы және су түрлерін көрсете отырып практикалық жұмыс жасау ережелерімен, техникалық ережелерімен таныстыру.

Екі топқа тапсырма беру. Тотияйын және су,күкірт және темір,ас тұзы және су тәжірибелерін орындата отырып,біртектіме,әртектіме екенін тусіндіру.

Қоспаларды бөлу тәсілдері:

Әртекті

1.Тұндыру

2.Сүзу(құйғы және сүзінді қағаз көмегімен)

Біртекті

1.Қайта кристалдау-бастапқы қатты күйдегі затты ерітіп, буландыра отырып,сулату жолмен тазарту,қайта кристалдау әдісі.

2.Айдау-ұшқыш сұйықтықтарды алдымен буландырып,салқындатып,сұйық күйге ауыстырып,конденсациялауды айтады.

Видеоролик

Слайдпен  жұмыс

Соңы Жаңа материалды бекіту мақсатында сұрақтар қойылады және оқулық пен жаттығулар мен есептер жинағы бойынша тапсырмалар беру:

Химия ғылымы нені зерттейді.

«дене»және «зат»ұғымдарының айырмашылығын мысалдар келтіре отырып түсіндіріндер.

Заттардың өздерін білетін физикалық қасиеттерін айтып беріндер.

Мына заттардың ұқсас және өзгеше қасиеттерін сипаттап,кесте жасандар:

а/ ас тұзы мен қант: ә/ сірке қышқылы мен су.

«Бағдаршам». Бақылау-бағалау рефлексиясы. Оқушылардың бірін-бірі, өзін-өзі бағалауға негізделген, бұл тәсілдің мақсаты өзін және құрбыларын әділ бағалауға үйрету.

 

Қосымша мәліметтер
Саралау

(Дифференциация) –оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай  жоспарлайсыз?

Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пән-аралық байланыс
-Сөзді іздеуге тапсырма   қабілеті төмен оқушылар үшін мына есеппен жұмыс жасау.  
Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен табыс критерийлері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Жеке және  жұптық  жұмыстар орындай отырып қорытынды жасайды.

Формативті деңгейлік жаттығулар орындау

 
Жоспарыма қандай өзгерістер енгізді және неге?    
Қорытынды бағалау:

Ең жақсы өткен екі нәрсені көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

1.

2.

 

 

Тақырыбы: «Сарамандық жұмыс №2»

«Лас тұзды қоспалардан тазарту»

Күні: Мұғалім:
Сынып:8 Қатысқан:                Қатыспағандар:
Сабақта  меңгерілетін  оқу  мақсаттары Лас тұзды қоспалардан тазартуды үйрену
Табыс  критерийлері

 

Барлық  оқушылар  білуге  тиісті: таза заттар мен қоспалардан тазарту әдістерін еске түсіреді
Оқушылардың  көпшілігі: ас тұзын түрлі қоспалармен араластырып, түсіндіріп береді,   тұжырымдайды
  Кейбір  оқушылар қоспаларды тазарту жолдарын ұсынып, шығармашылықпен орындайды.
Тілдік мақсат Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Сабақта  диалог/ жазылымға қажетті тіркестер.

Бұрыннан бар білімдері Оқушылар  периодтық кесте туралы біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт Жоспарланған уақыт Ресурстар
0-5 мин

6-10 мин

 «Ұқсас ерекшеліктер»   Оқытушы қандай да болмасын бір ерекшелікті айтып, (мысалы,туған ай, жұлдызнамалық белгісі, т.б.)                                                                                                                    – Мына партаға аталары мен әжелері барлар отырады.                                              — Мында үйдің үшінші қабатында тұратындар отырады.                                     — Мына жерге үйдің кенже балалары отырады.                                                                – Мына жерге үйдің тұңғыштары отырады.                                                                 — Мында «Нокиа» ұялы телефондары барлар отырады.

 

Интерактивті тақта
Орта

11-20мин

21-35мин

Жұмыстың орындалуы: Үй жұмысын тексереді.Қауіпсіздік техникасының ережелерін қайталап сұрайды.2-практикалық жұмысты оқушылар оқулықпен жұмыс жасау арқылы орындайды. Ластанған мыс купоросын тазартудыіске асыруда оқушылардың ұсыныстарын талдап болған соң мүмкіндік болса әр партаға жұмысты орындаудың алгоритімін қойған дұрыс. Практикалық жұмысты ұйымдастырудың тиімді әдіс, мұғалімнің шығармашылық әрекетіне байланысты. Дегенмен, қарапайым алгоритм үлгісін ұсынып көрелік:

Сүзгі қағазды даярлап, оны құйғышқа сулап орналастырыңдар.

Стақанға лас купоросты салып су құйып шайқаңдар.

Шыны таяқша арқылы тұз ерітіндісін сүзгіден өткізіп сүзіңдер.

Кәрлен табақшаға сүзіндіні құйып,спирт шамды баяулатып қыздырыңдар.

Алынған кристалдың түсіне көңіл аударыңдар.

Тәжірибеден байқағандарыңды жазып, қорытындылаңдар.

Орындаған жұмыстың суретін дәптерге салыңдар.

Оқушылар өз бетінше жұмысты орындаудың ретін жоспарлауы қажет. Қоспаны тазартудың әдістерін естеріне түсіру арқылы сүзу, қайта кристалдау әрекеттерін орындай білуді үйренеді.

Оқытушының басшылығымен тәжірибеден байқағанын қорытындылай отырып, өзі істеген практикалық жұмысты дәптеріне жазады.

Алдымен жұмыстың тақырыбын, мақсатын,құралдар мен реактивтерін жазып,одан кейін төмендегідей кесте сызады:

 

Жұмыстың тақырыпшалары. Жұмыс барысы. Қорытынды.
а) ластанған тұзды дистилденген суда еріту.   Лас тұздың ерітіндісін алдым.
ә)сүзгі дайындау. Суреті, оған түсінік Сүзгіш қағаздан түрлі мөлшерде гі шұқыраққа лайықтап сүзгі дайындадым
б) лас тұз ерітіндісінен таза ерітінді алу. Суреті, оған түсінік Сүзу арқылы таза ерітінді

алдым.

в) таза ерітіндіден құрғақ тұз алу. Суреті, оған түсінік Суын буландырып ерітіндіден тұз алдым.

 

Видеоролик

Слайдпен  жұмыс

Соңы Жұмыс соңында мына сұрақтарға жауап береді:

Қандай қоспаларды сүзу арқылы бөледі?

Құрғақ тұзды ерітіндіден қалай бөліп алуға болады?

 

Үйге тапсырма беру:тақырыпты оқу

«Таңдау» әдісі

1.     Мен сабақ қызықты\ қызықсыз болды деп ойлаймын.

2.     Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені\ үйренгенім аз болды.

3.     Мен басқаларды мұқият\ зейінсіз тыңдадым.

4.     Мен пікірсайыстарға жиі\сирек қатыстым.

5.     Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын\риза емеспін.

Қосымша мәліметтер
Саралау

(Дифференциация) –оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай  жоспарлайсыз?

Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пән-аралық байланыс
-Сөзді іздеуге тапсырма   қабілеті төмен оқушылар үшін мына есеппен жұмыс жасау.  
Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен табыс критерийлері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Жеке және  жұптық  жұмыстар орындай отырып қорытынды жасайды.

Формативті деңгейлік жаттығулар орындау

 
Жоспарыма қандай өзгерістер енгізді және неге?    
Қорытынды бағалау:

Ең жақсы өткен екі нәрсені көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

1.

2.

 

 

 

 

Тақырыбы: «Атомдар және молекулалар. Атом-молекулалық ілім және оның маңызы»

 

Күні: Мұғалім:
Сынып:8 Қатысқан:                Қатыспағандар:
Сабақта  меңгерілетін  оқу  мақсаттары Атомдар мен молекула ұғымын химиялық тұрғыдан қарастарап, олардың маңызын түсінуге  үйрену
Табыс  критерийлері

 

Барлық  оқушылар  білуге  тиісті: Атомдар мен молекулаларды біледі
Оқушылардың  көпшілігі:  Атомдар мен молекулалар туралы өз сөзімен айтады, айырмашылығын көрсетеді
  Кейбір  оқушылар  Атомдар мен молекулалардың зерттелу тарихын талқылап, дәлелдер келтіреді
Тілдік мақсат Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Сабақта  диалог/ жазылымға қажетті тіркестер.

Бұрыннан бар білімдері Оқушылар       таза заттар мен  қоспалар           туралы біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт Жоспарланған уақыт Ресурстар
0-5 мин

6-10 мин

Жаңа материалды оқыту:

Оқушыларға сұрақ қоя отырып, физика курсынан атом және малекула туралы алған білімін жаңғыртамыз.

Ой шақыру

1. Температура өзгерген кезде дененің көлемі неліктен ұлғайяды немесе кішірейеді?

2.Заттарды құрайтын бөлшектер қалай аталады ?

Оқушылар осы сұрақтарға жауап бере отырып, заттардың белгілі бір ара қашықтықта болатын бөлшектерден тұратындығын,сол ара қашықтықтың өзгеруіне байланысты дене көлемінің өзгеретінін еске алады. Бөлшектердің ара қашықтығы өскен сайын дененің көлемі ұлғаяды, бөлшек- тердің ара қашықтығы жақындаған сайын дененің көлемі кішірейеді.

Екінші сұраққа жауап бере отырып, оқушылар заттарды құрайтын бөлшектердің молекула екенін және молекулалар атомдарға ыдырайтындығын анықтайды.

Интерактивті тақта
Орта

11-20мин

21-35мин

Жаңа материалды оқыту. Жаңа материалды оқыту мынадай жоспармен жүргізіледі:

Мұғалімнің ежелгі грек ғалымдарының атом туралы көз қарастары және атом деген атау қалай берілгендігі туралы хабары.

М.В.Ломоносов атом — молекулалық ілімінің негізгі бағыттары, оны ағылшын ғалымы Джон Дальтон дамытуы және сол кездегі белгілі болған элементтердің атомдық массасын табуға арналған жұмыстар.

Карлсруэ (1860) қаласында өткен халықаралық химиктер съезінде атом молекулалық ілімді түпкілікті бекіту және атомның бөлінбейтіндігі туралы көз қарасты өзгерту, молекула және атом ұғымдарының анықтамаларын қабылдау;

Атом – молекулалық теория негіздерінің жаңа көзқарастарынан алған қағидалары.

Физикалық және химиялық құбылыстарды атом – молекулалық көзқарас тұрғысынан түсіндіру (диффузия,физикалық және химиялық құбылыстар).

Мұғалім қазіргі күнге дейін маңызы зор атом – молекулалық ілімнің химиядағы негізгі теория екенін түсіндіре бастайды. Атом – молекулалық ілімді алғаш химияға пайдаланып, оны әр қарай дамытқан ғалым М.В.Ломоносов еді. Ілімнің негізгі қағидалары төмендегідей:

1.Барлық заттар «корпускуладан» тұрады.(молекулшаны Ломоносов солай деп атаған)

2.Молекулалар элементтен тұрады. (атомды Ломоносов солай деп атаған)

3. Бөлшектер – молекула және атом үнемі қозғалыста болады.

4.Жай заттың молекулалары бірдей атомдардан, ал күрделі заттың молекулалары әр түрлі атомдардан тұрады. Одан ары қарай заңды оқып үйрену жоғарыда берілген жоспармен жүргізіледі.

Жаңа материалды бекіту. Жаңадан оқып үйренген тақырыпты есте сақтау үшін оқушылар төмендегідей сұрақтарға жауап береді:

а) атом – молекулалық ілімнің негізгі мәнін түсіндір;

ә) тәжірибелер нәтижесіне сүйене отырып, газдар мен сұйықтық молекуласындағы қозғалысты түсіндір.

б) атом – молекулалық теория тұрғысынан физикалық және химиялық құбылыстардың мәнін түсіндір;

в) тәжірибелер нәтижесіне сүйене отырып, газдар мен сұйықтың молекуласындағы қозғалысты  түсіндір;

Видеоролик

Слайдпен  жұмыс

Соңы «Блум сұрақтарының түймедағы»

1-қарапайым сұрақтар:-Нақты фактлілерді атау керек. Мәтіннен белгілі бір мәліметті еске түсіріп, оны айтып бер.

2-дәлелдеуші сұрақтар:- «Егер мен дұрыс түсінсем, онда…….?»

3-интерпретациялық (түсіндірме) сұрақтар- Әдетте неге? Деген сөзден басталады. Басқа жағдайда олар дәлелдемелік байланыстарды анықтауға бағытталған.

4-бағалау сұрақтары:- Неге….. жақсы, ал…….жаман? «……айырмашылығы неде?»

5-шығармашылық сұрақтар (жорамал)- «Қалай ойлайсыңдар, ……кейін (егер)»…..қалай болады?

6-практикалық сұрақтар: «Әңгіме кейіпкерінің орнында болсаңыз сіз не істер едіңіз?»

Қосымша мәліметтер
Саралау

(Дифференциация) –оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай  жоспарлайсыз?

Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пән-аралық байланыс
-Сөзді іздеуге тапсырма   қабілеті төмен оқушылар үшін мына есеппен жұмыс жасау.  
Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен табыс критерийлері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Жеке және  жұптық  жұмыстар орындай отырып қорытынды жасайды.

Формативті деңгейлік жаттығулар орындау

 
Жоспарыма қандай өзгерістер енгізді және неге?    
Қорытынды бағалау:

Ең жақсы өткен екі нәрсені көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

1.

2.

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code