Тақырыбы: Атом құрылысының заманауи теориясы. Атомдағы электрондар күйі мен қозғалысы

 №1 Көрсетілім

 

Күні: Мұғалім:
Сынып: 10 Қатысқан:                Қатыспағандар:
Сабақта  меңгерілетін  оқу  мақсаттары Оқушылардың атом құрылысы,атомдағы электрондардың күйі,энергетикалық деңгейлерді толтыру заңдылықтарын,период нөмірі мен энергетикалық деңгейлер арасындағы байланысты ашу,кванттық теорияның маңызы химиялық туралы алған білімдерін жетілдіру; энергетикалық деңгейлерді толтыру,атомдағы электрондардың қозғалысының материалдық негізін аша білу білік- дағдыларын дамыту; сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.
Табыс  критерийлері

 

Барлық  оқушылар  білуге  тиісті: Атом құрылысы туралы  толық  мағлұмат  біледі
Оқушылардың  көпшілігі:  Атомдағы  электрондардың  күйін  жаза  алады.
  Кейбір  оқушылар  Периодтық  кестеге толық  сипаттама  бере  алады.
Тілдік мақсат Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Сабақта  диалог/ жазылымға қажетті тіркестер.

Бұрыннан бар білімдері Оқушылар  периодтық кесте туралы біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт Жоспарланған уақыт Ресурстар
0-5 мин

6-10 мин

«Миға шабуыл» (үй тапсырысын сұрау, жаттығудың орындалуын тексеру) деңгейлік тапсырмаларды орындау.
(А) «Кім жылдам?»
1. Периодтық заңды кім ашты?
2. Ол заң қай жылы тұжырымдалды?
3. Период дегеніміз не?
4. Период нешеге бөлінеді?
5. Қанша топ бар?
6. Қандай топшалар бар?
7. Реттік номер нені білдіреді?
8. Ядроның заряды қандай?
9. Пратон қандай бөлшек?
10. электронның заряды?
11. Атом неден тұрады?
12. Элемент немен таңбаланады?
Интерактивті тақта
Орта

11-20мин

21-35мин

Энергетикалық деңгейлер
Атомның орбитальдарының мөлшері әр түрлі. Электрон ядроға неғұрлым күшті тартылса, яғни ядромен неғұрлым берік байланысса, соғұрлым орбиталь мөлшері азаюы керек. Мөлшері жуық орбитальдардан электрондық қабаттар немесе энергетикалық деңгейлер қалыптасады. Энергетикалық деңгейлерді ядродан қашықтығына қарай нөмірлейді: 1,2,3,4,5,6,7. Кейде оларды сәйкесінше әріптермен белгілейді: K, L, M, N, O, P, Q. (2.4 сурет).
Электрондардың энергия қоры және ядро өрісіндегі олардың қозғалысының сипаты – атомдағы процестерді сипаттайтын, математикалық теңдеулерді шешкенде шығатын кванттық сандармен анықталады.
n бас квант саныÂ
Электрондардың энергиясын сипаттайтын бүтін сан n бас квант саны деп аталады. Ол электрон орналасқан энергетикалық деңгейдің нөміріне тең. Бірінші энергетикалық деңгейдің электрондарының энергиясы аз, олар ядроға күшті тартылады. Келесі деңгейлердің электрондары үлкендеу энергия қорларымен сипатталады, олар ядромен әлсіздеу байланысқан. Сыртқы деңгейдің электрондары ядроға тым әлсіздеу тартылатыны анық.
Атомдағы энергетикалық деңгейлердің саны элемент орналасқан периодтың нөміріне тең: І период атомдарында – бір энергетикалық деңгей, ІІ периодта – екі, ІІІ периодта – үш және т.с.с. Энергетикалық деңгейдегі электрондардың максимал саны (V периодқа дейін) мынадай формуламен анықталады:
мұндағы N – электрон саны, ал n – деңгей нөмірі немесе бас квант саны.
Осы теңдеуге сәйкес, 1-энергетикалық деңгейде екі электрон: 2-де – 8,3-де – 18, 4-де – 32 электрон бола алады.
Энергетикалық деңгейлер деңгейшелерден тұрады.Әрбір деңгейше бір-бірінен энергия қоры арқлы ерекшеленеді. Деңгейшелер саны бас квант санының мәніне тең. Деңгейшелер әртүрлі формадағыорбитальдардан тұрады: s,p,d,f.
Бор теориясын электронның толқындық және басқа элементар бөлшектердің қасиетін есепке алатын кванттық теория алмастырды. Кванттық механика күрделі математикалық аппарат, сондықтан біз,тек атом және молекула құрылысына байланысты сұрақтарды түсінуге болатын жақтарын ғана қарастырамыз.Маңыздысы атомдағы электронның қозғалысы квант сандарымен сипатталады:
А) бас квант саны -n
Б) орбиталь квант саны-l
В) магнит-m
Г) спин-s.
А). Бас квант саны сол орбитальда қозғалған электронның жалпы энергиясын анықтайды;олар кез келген бүтін санға тең болады 1 (п=1,2,3,….).
Б). Орбиталь квант саны арқылы электронның қандай деңгейшеде болатынын көрсетуге болады:
Мәндері: 0 1 2 3 4
Орбитальдар: s p d f g. Орбиталь: электрон бұлты болатын кеңістік
Орбитальдардың пішіні орбиталь квант санымен анықталады.
В). Магнит квант саны : Ядро өрісінде қозғалатын электрондар магнит өрісін туғызады,оларың өзара әсерлесуі кеңістіктегі орбитальдардың бағытын анықтайды .
z z z
x x x
y y y
Г). спин квант саны: электрондардың өз осінде қарама-қарсы бағытта ұршық тәрізді айналу қабілеті бар екені анықталды.Мұндай қасиеті«электрон спині»
( айналу)деп аталады. Атомның барлық қасиетін толықтай түсіндіру үшін 1925жылы году электронның спиндері туралы гипотеза ұсынылды. Ол z осінде екі мәнді:
m =+ m = —
Видеоролик

Слайдпен  жұмыс

Соңы Қорытынды
А)Ядро маңындағы кеңістікте қозғалғанда электрондар белгілі бір орбитальдар құрайды.
Б)Мөлшері жуық орбитальдар атомда энергиясының өсуі бойынша орналасқан энергетикалық деңгейлер құрайды.
В)Энергетикалық деңгейлердің саны элемент орналасқан периодтың нөміріне тең. 12-13

«Кір жаятын жіп» стратегиясы.Стратегияның мақсаты: оқушылар өз беттерінше жаңа тақырыпты іздеп отырып тауып, түсіндіреді. Мәтін ішінен әр түрлі қағаздарға бір-бір сөз жазып, әр топқа таратылады. Оқушылар ізденіп, өз тапсырмасына қатысты сөйлемдерді құрап жазады. Оқулықпен жұмыстың түрі. Әр топ кір жаятын жіпке алып келіп, іліп, түсіндіреді.

16

 

Қосымша мәліметтер
Саралау

(Дифференциация) –оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай  жоспарлайсыз?

Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пән-аралық байланыс
-Сөзді іздеуге тапсырма   қабілеті төмен оқушылар үшін мына есеппен жұмыс жасау.  
Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен табыс критерийлері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Жеке және  жұптық  жұмыстар орындай отырып қорытынды жасайды.

Формативті деңгейлік жаттығулар орындау

 
Жоспарыма қандай өзгерістер енгізді және неге?    
Қорытынды бағалау:

Ең жақсы өткен екі нәрсені көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

1.

2.

 

 

 

Тақырыбы: Квант  сандары,  Паули  принципі,  Гунд  ережесі,  Клечковский ережелері, изотоптар

 

Күні: Мұғалім:
Сынып:10 Қатысқан:                Қатыспағандар:
Сабақта  меңгерілетін  оқу  мақсаттары Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі элементтердің жіктелуін, олардың табиғи ұяластарын танып үйрену.
Табыс  критерийлері

 

Барлық  оқушылар  білуге  тиісті: Табиғи ұяларсатрды жаттайды
Оқушылардың  көпшілігі:  Элементтердің жіктелуіндегі заңдылықтарды тұжырымдайды
  Кейбір  оқушылар  Элементтер жіктелуіндегі заңдылықтарды практика жүзінде іске асырып, болжамдар келтіреді
Тілдік мақсат Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:  Элементтерд34 ж3ктелу3

Сабақта  диалог/ жазылымға қажетті тіркестер.

Зат құрамының тұрақтылық заңы.

Бұрыннан бар білімдері Оқушылар  периодтық кесте туралы біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт Жоспарланған уақыт Ресурстар
0-5 мин

6-10 мин

1.     «Жұбыңды тап» Әр оқушы арқасында скочпен А-4  форматындағы қағаз бекітіледі. Қағаздарда сыңарлары бар ертегі немесе әдеби кейіпкерлердің бір есімі жазылған. Мысалы, Алпамыс –Гүлбаршын, Қобыланды- Құртқа, Ер Тарғын – Назым, Айман-Шолпан, Ақан сері-Ақтоқты, Естай- Қорлан, Асан-Үсен, Ербол-Меңтай, Абай-Әйгерім, Қожа-Жанар. Оқушылар сынып ішін аралап жүріп, өз жұптарын табуға тырысады. «Менің арқамда кімнің есімі жазылған?» деген тіке сұрақ қана қоя алады. Өз сыңарларын тапқаннан кейін оқушылар бір партаға отырады. Шағын топ құрамдары осылайша қалыптасады. Интерактивті тақта
Орта

11-20мин

21-35мин

Кванттық сандар– кванттық жүйелерді (атом ядросын, атомды, молекуланы, т.б.), жеке элементар бөлшектерді, жорамал бөлшектерді (кварктер мен глюондарды) сипаттайтын физикалық шамалардың мүмкін мәндерін анықтайтын бүтін немесе бөлшек сандар. Кванттық жүйе күйін түгелдей анықтайтын кванттық сандардың жиынтығын толық кванттық сандар деп атайды. Атомдағы электронның күйі үш кеңістіктік координата және спинмен байланысқан электронның төрт еркіндік дәрежесіне сәйкес келетін төрт кванттық санмен анықталады. Олар сутек атомы және сутек тәрізді атомдар үшін былайша аталады: бас кванттық сандар (n), орбиталық кванттық сандар (l), магниттік кванттық сандар (ml), магнитті спиндік не спиндік кванттық сандар (ms). Кванттық сандар микродүниеде өтетін процестердің дискретті сипаты бар екендігін бейнелейді әрі олар әсер квантымен, яғни ‘Планк тұрақтысымен тығыз байланысты болады. Паули принцип, тыйым салу принципі — табиғаттың іргелі заңдарының бірі. 1925 жылы швейцариялық физик В.Паули (1900 — 58) тұжырымдаған. Паули принцип бойынша кванттық жүйеде спині жартылай бүтін екі не одан да көп бірдей бөлшектер бір мезгілде бір күйде бола алмайды. Паули принцип химиялық элементтердің периодтық жүйесін, атом ядроларының, молекулалардың, кристалдардың қасиеттерін түсіндіруде маңызды рөл атқарады.

Паули принципі.Көп электронды атомдарда электронның жағдайы Паули ашқан квантты – механикалық заңмен өрнектеледі.Бұл заң бойынша, төрт квант сандарымен суреттелетін бір кванттық жағдайда тек бір ғана электрон болады. S-орбитальда спиндері антипараллель тек екі электрон ғана орналасады.

Изотоптар

Радиоактивтiк  құбылысты зерттеу атом ядроларының  табиғатына қатысты маңызды жаңалықтардың  ашылуына себепшi болды.

Көптеген  радиоактивтiк түрленулердi бақылау  нәтижесінде радиоактивтiк касиеттерi мүлдем әр түрлi (яғни түрлiше тәсiлдермен  ыдырайтын), бiрақ өздерiнiң химиялық қасиеттерi жөнiнен барабар заттар бар екенi анықталды. Белгiлi химиялық тәсiлдердiң бәрiмен де оларды ажырату  ешбiр мүмкiн болмады. Осының негiзiнде 1911 ж. Содди хямиялық қасиеттері бiрдей, басқа жағынан, мәселен өзiнiң  радиоактивтiгiмен ұксамайтын элементтер бар екенi жөнiнде болжам айтты. Мұндай элементтердi Менделеевтiң периодты жүйесiнiң бiр тор көзiне орналастыру  керек. Сондықтан Содди оларды изотоптар (яғни периодтық жүйеде бiрдей орын алатындар) деп атады.

Видеоролик

Слайдпен  жұмыс

Соңы 1.     «Бағдаршам». Бақылау-бағалау рефлексиясы. Оқушылардың бірін-бірі, өзін-өзі бағалауға негізделген, бұл тәсілдің мақсаты өзін және құрбыларын әділ бағалауға үйрету.
Қосымша мәліметтер
Саралау

(Дифференциация) –оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай  жоспарлайсыз?

Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пән-аралық байланыс
-Сөзді іздеуге тапсырма   қабілеті төмен оқушылар үшін мына есеппен жұмыс жасау.  
Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен табыс критерийлері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Жеке және  жұптық  жұмыстар орындай отырып қорытынды жасайды.

Формативті деңгейлік жаттығулар орындау

 
Жоспарыма қандай өзгерістер енгізді және неге?    
Қорытынды бағалау:

Ең жақсы өткен екі нәрсені көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

1.

2.

 

 

 

Тақырыбы: Изотоптар. Атом құрылысы туралы ілім тұрғысынан периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі.
Күні: Мұғалім:
Сынып:10 Қатысқан:                                   Қатыспағандар:
Сабақта  меңгерілетін  оқу  мақсаттары Білімділік: Атом құрылысы жайлы білімді нақтылау. Химиялық элементтердің периодтық жүйедегі рет нөмірінің физикалық мәнін түсіндіру. Атом құрылысының күрделілігіне байланысты периодтық заңның қазіргі кездегі тұжырымдамасын айту.

Дамытушылық: Реакция теңдеулерін құрастыруды, реактивтермен жұмыс жасай білу дағдысын дамыту. Химиялық заттарды өмірмен байланыстыра білу, оқушылардың білім деңгейлерін тексеру.

            Тәрбиелік: Мамандыққа бағдарлау, талдау салыстыра білу қабілеттері дамыған, шығармашылықпен жасай алатын оқушы тәрбиелеу. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру..

Табыс  критерийлері

 

Барлық  оқушылар  білуге  тиісті: Атом  құрылысы  туралы  біледі
Оқушылардың  көпшілігі:  Элементтердің жіктелуіндегі заңдылықтарды тұжырымдайды
  Кейбір  оқушылар  Элементтер жіктелуіндегі заңдылықтарды практика жүзінде іске асырып, болжамдар келтіреді
Тілдік мақсат Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:  атом құрылысы,  изотоптар

Сабақта  диалог/ жазылымға қажетті тіркестер.

Зат құрамының тұрақтылық заңы.

Бұрыннан бар білімдері Оқушылар  периодтық кесте туралы біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт Жоспарланған уақыт Ресурстар
0-5 мин

6-10 мин

Ұйымдастыру бөлімі

Сыныпты сабаққа дайындау

Амандасу, сабақта жоқ оқушыларды журналға белгілеу

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Сан ғасыр жете алмаған байтақ арман            Электрон, протон реттік нөмірге тең

Негізі бұл әлемнің шайқап алған                     Нейтрон сонша атомдық массадан кем

Алпыс үш элементті зерттеп біліп                   Период топпен реті элементтің,

Кезінде Меделеев заң ғып жазған.                   Білдірген атом ішін ғажап қой ең.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

Сергіту. «Графиктік диктант»

1) Атомдар мен молекулаларды граммен өлшейді.

2)  1 моль су ішсең шөлің қанады

3)   Бейорганикалық химияның негізгі төрт класы бар

4)  Ауаның 78% — і оттек

5)   Химиялық элементтердің периодтық  заңы 1896 жылы ашылды

6) Сутек атомының салыстырмалы атомдық массасы 1 – ге тең

7) I, II, III периодтар – үлкен периодтар

«Кім жылдам » ойыны. Берілген жартылай формулалардан күрделі заттың формуласын құрастыр: Na…, AI 2…,  K 2…,  SO 4…,  (SO 4) 3, Ca 3…,  (РО 4) 2

 

Интерактивті тақта
Орта

11-20мин

21-35мин

Жаңа  тақырыпты  меңгерту жоспары.

1. Атом күрделі бөлшек.

2. Атом құрылысының «планеталық» моделін ұсынған ғалым.

3. Атом ядросының құрамы.

4. Изотоптар.

1911  жылы  ағылшын  ғалымы  Э. Резерфорд  атом  құрылысының  «планеталық» моделін  ұсынды. Бұл  модель  бойынша  атомның  ортасында  оң  зарядталған  ядро  бар, ал  оны  электрондар  айналып  жүреді. Ядро  құрамында  оң  зарядты  бөлшек  протоннан  басқа, зарядсыз  бөлшек – нейтрон  болады.

Электрон  е  (Аr = 0)

Нейтрон   n  (Аr = 1)

Протон   Р (Аr = 1)

Протон  саны + нейтрон  саны = Аr

Химиялық  элемент  атомдарының  ядро  зарядтарының  сандық  мөлшері  сол  элементтердің  периодтық  кестедегі  реттік  нөмірлеріне  тең  болатындығы  анықталған.

(11р, 12n) 11 е                                     (17р, 18n) 17 е

Атомның  ядро  заряды  химиялық  элементтің  қасиеттерін  сипаттайтын  физикалық  шама.

Аргонның оң заряды +18,калийдікі +19, сондықтан калий аргоннан кейін  тұр.

Қазіргі  уақытта  периодтық  заңның  тұжырымдамасы  былай  оқылады: химиялық  элементтер, олар  түзетін  жай  және  күрделі  заттардың  қасиеттері  сол  элементтердің  атом  ядроларының  зарядтарына  периодты  түрде  тәуелді  болады.

Ядро  зарядтары  бірдей, бірақ  салыстырмалы  атомдық  массалары  әр  түрлі  болатын  элементтер  де  бар.

Оқушылар изотоптарды оңай түсіну үшін төмендегі мысалмен айтуға болады.

Бір  химиктің  отбасында  үш  егіздер  туылады.

Егіздер                                                                        Изотоптар

жасы →  1                                 1                                       1 → ядро  заряды (реттік нөмірі

салмағы → 1                              2                                     3 → атомдық  масса

аты:   протий                              дейтрий                           тритий

р = 1                                               р = 1                                 р = 1

n = 1 – 1 = 0                                   n = 2 – 1 = 1                     n = 3 – 1 = 2

e  = 1                                              e  = 1                                 e  = 1

Ядроларында  протондар  саны бірдей, бірақ  массалары  әр  түрлі, белгілі  бір  элементті  құрайтын  атомдар  түрін —  изотоптар  деп  атайды.

(Изотоп  грекше «бір  орынға  орналасушы»  деген  мағынаны  білдіреді.)

(17р 18n)                                  (17р 20n)

Изотоптар  ядрозарядтары  бірдей  болғандықтан, оның  электрондар  саны  да  өзгермейді, сондықтан  химиялық  қасиеттері  де  бірдей.

Яғни, химиялық  элемент  дегеніміз – ядро  зарядтары  бірдей  атомдардың  белгілі  бір  түрі.

Табиғатта  кездесетін  хлордың  75,53 % — і  35Cl  изотоптан және  24,47 % — і  37Cl  изотоптан  тұрады. Олай  болса  хлордың  орташа  атомдық  массасы:

Аr (Cl) = 35 0.7553 + 37 0.2447 = 35.453  35.5

Иодтың  бір  ғана  изотопы  бар  , ал  теллурдың  6 изотопы  бар, оның  ішінде  массасы  үлкендеу – 128Те  және  130Те  изотоптары  басым  болып  келеді. Сондықтан  реттік  нөмірі  бойынша  Теллур  иодтан  бұрын тұрса  да, оның  иодтан  салыстырмалы  атомдық  массасы  үлкен  болып  шығады

 

Видеоролик

Слайдпен  жұмыс

Соңы Сабақты  бекіту.

І деңгей

1) Металдар  қай  қатарда  орналасқан?

а) Na, Ca, K ;    ә) Na, C, Mg;     б) C, Cl, N;    в)В, Са, Аl;      г) Р, О, Рв

2) Бейметалдардың  орналасу  ретін  көрсетіңіз.

а) Al, Na, Ca;   ә) S, P, Si;  б) Li, C, F;     в) Na, Ca, K;     г) Na, C, Mg;

3) Периодтық  заң  қай  жылы  тұжырымдалды?

а) 1969 жыл;    ә) 1869 жыл; б) 1911 жыл;    в)  1776 жыл;    г) 1748 жыл

ІІ деңгей

1) Негіздік  оксидтер  қайсы?    а) Al2O3, SO3, Na2O;     ә) Li2O, NO2, MgO;

б) Na2O, CaO, K2O;      в) Al2O3, MgO, CO2;               г) SO2, CO2, NO2

2) Галогендер  тобын  анықтаңыз. а) Na, Li, K;    ә) Cl, Br, F;                                         б) O, S, Se;    в) I, Cl, O;     г) Be, Mg, Ca

3) Металдар  қасиеттерінің  арту  қатары (негізгі  топша  бойынша)

а) Be, Mg, Ca;     ә) K, Na, Li; б) Na, Mg, Al;     в) Na, C,Al;     г) Ca, Al, Be

 

Қосымша мәліметтер
Саралау

(Дифференциация) –оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай  жоспарлайсыз?

Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пән-аралық байланыс
-Сөзді іздеуге тапсырма   қабілеті төмен оқушылар үшін мына есеппен жұмыс жасау.  
Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен табыс критерийлері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Жеке және  жұптық  жұмыстар орындай отырып қорытынды жасайды.

Формативті деңгейлік жаттығулар орындау

 
Жоспарыма қандай өзгерістер енгізді және неге?    
Қорытынды бағалау:

Ең жақсы өткен екі нәрсені көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

1.

2.

 

 

 

Тақырыбы: Химиялық элемент, жіктелуі, сипаттамасы.

 

Күні: Мұғалім:
Сынып:10 Қатысқан:                Қатыспағандар:
Сабақта  меңгерілетін  оқу  мақсаттары  Химиялық элемент және оның жіктелуімен сипаттамасын оқушыларға үйрету. Химиялық элементтерді саралай білуге  тапсырмалар орындату. Сыни тұрғыдан ойлаудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушыларды диалогтық әдіспен бірлесіп жұмыс істеуге үйрету.
Табыс  критерийлері

 

Барлық  оқушылар  білуге  тиісті: Химиялық элементтерді периодтық кесте бойынша сипаттай алуға үйренеді
Оқушылардың  көпшілігі:  Химиялық элементтерді жіктей білуге тапсырмалар орындайды
  Кейбір  оқушылар Сыни ойлау тұрғысынан химиялық элеметтерді өмірмен байланыстыруды үйренеді
Тілдік мақсат Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:  Элементтерд34 ж3ктелу3

Сабақта  диалог/ жазылымға қажетті тіркестер.

Зат құрамының тұрақтылық заңы.

Бұрыннан бар білімдері Оқушылар  периодтық кесте туралы біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт Жоспарланған уақыт Ресурстар
0-5 мин

6-10 мин

Тірек білім мен біліктерді тексеру

1.Атом құрылысының «планеталық» моделін ұсынған ғалым.
(Э. Резерфорд)
2. Атом ядросының құрамы.
(протон, нейтрон)
3. Ядро құрамындағы зарядсыз бөлшек қалай аталады?
(нейтрон)

Интерактивті тақта
Орта

11-20мин

21-35мин

Сабақтың жоспары:
1. Бейорганикалық қосылыстардың маңызды класстарын қайталау.
2. Химиялық элементтерді жіктеу және екідайлы элементтердің қасиеттерімен танысу.
3. Сілтілік металдар мен галогендерді салыстыру.
4. Жаттықтырғыш тапсырмаларды орындау.

Химиялық элементтердің жіктелуі
(ұялас топтар)

Металдар Бейметалдар Галогендер Халькогендер Инертті(салғырт)
газдар

Сілтілік Сілтілік – жер
металдар металдар

1.Сілтілік металдар тобы: Li, Na, K, Rb, Cs.
Бұл металдар сумен әрекеттескенде сілті түзеді, сондықтан сілтілік металдар деп аталады. Сілтілік металдарға тән көптеген ортақ қасиеттер бар. Сілтілік металдар жұмсақ, ауадағы оттек әсетінен тез тотығады (жанады). Сондықтан сілтілік металдарды керосин астында сақтайды. Сілтілік металдар аса белсенді болады. Сумен шабытты әрекеттесіп, сілті мен сутек газын бөледі. Сілтілік металдар жалпы формуласы R2O сәйкес келетін негіздік оксидтер, ROH сәйкес келетін сілтілертүзеді.Сілтілік металдардың атомдық массалары артқан сайын металдық қасиеті күшейеді
2. Сілтілік жер металдар тобы: Mg, Ca, Sr, Ba.
Олар минералдар,топырақ құрамында болады.Бәрінің валенттілігі тұрақты ІІ тең. Сілтілік – жер металдар жалпы формуласы RO сәйкес келетін негіздік оксидтер, R(OH)2 сәйкес келетін гидроксидтер түзеді.
3. Галогендер. («Галоген» сөзі тұз туғызушы деген мағына береді).
Галогендерге жататындар: фтор, хлор, бром, йод. Бұлар осы аттас құрамы екі атомнан тұратын жай заттар: F2, Cl2, Br2, I2 түзеді. Фтор мен хлор өткір иісті газдар. Бром сұйық, йод қатты зат. Барлық галогендер улы. Бром мен йодты аузы берік жабылатын ыдыста сақтайды. Галогендер қатынасатын тәжірибе тек қана тартпа шкафта жасалады. Галогендер өте белсенді типтік бейметалдар тобын құрайды. Галогендердің жоғары оттекті қосылыстарындағы валенттігі VII. Бәрі де ұшқыш сутекті қосылыс түзеді, онда І валентті көрсетеді. Галогендерде атомдық массалары артқан сайын бейметалдық қасиет әлсірейді.
Галогендер металдармен әрекеттесіп, фторидтер, хлоридтер, бромидтер, йодидтер деп аталатын тұздар түзеді.
Мысалы: натриймен NaF, NaCl, NaBr, NaI.
4. Халькогендер тобы: О, S, Se, Te.
Олардың ең жоғарғы валенттілігі VI – ға тең. Халькогендер жалпы формуласы RO3 сәйкес келетін қышқылдық оксидтер, H2RO4 сәйкес қышқылдар түзеді.
5. Инертті(салғырт) газдар тобы: He, Ne,Ar, Kr, Xe

Видеоролик

Слайдпен  жұмыс

Соңы  Сабақты қорытып бекіту.
Тест жұмысы
1. Металдың таңбасын көрсетіңіз:
а) O ә) Si б) Na в) Cl
2. Сутектің атомдық массасы:
а) 1 ә) 2 б) 3 в) 4
3. Бейметалды көрсетіңіз:
а) Li ә) Mg б) Zn в) H
4. Сілтілік металдардың валенттілігі:
а) 1 ә) 2 б) 3 в) 4
6. Неон қай табиғи ұялас топқа жатады?
а) сілтілік жер металдарына ә) галогендерге
б) салғырт газдарға в) сілтілік металдарға
7. Қышқылмен де сілтімен де әрекеттесетін элемент:
а) Al ә) Mg б) C в) Cu
8. Be (ОН) 2+2KOH реакциясында қандай заттар түзіледі?
а) ZnO +2H2О = ә) ВеO+ H2 =
б) Na2O + H2О = в) ВеO + H2О =

V. Үйге тапсырма беру.
VI. Бағалау.

Қосымша мәліметтер
Саралау

(Дифференциация) –оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай  жоспарлайсыз?

Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пән-аралық байланыс
-Сөзді іздеуге тапсырма   қабілеті төмен оқушылар үшін мына есеппен жұмыс жасау.  
Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен табыс критерийлері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Жеке және  жұптық  жұмыстар орындай отырып қорытынды жасайды.

Формативті деңгейлік жаттығулар орындау

 
Жоспарыма қандай өзгерістер енгізді және неге?    
Қорытынды бағалау:

Ең жақсы өткен екі нәрсені көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

1.

2.

 

Тест жұмысы
№ 21 сабаққа қосымша

  1. Металдың таңбасын көрсетіңіз:
    а) O ә) Si б) Na в) Cl
    2. Сутектің атомдық массасы:
    а) 1 ә) 2 б) 3 в) 4
    3. Бейметалды көрсетіңіз:
    а) Li ә) Mg б) Zn в) H
    4. Сілтілік металдардың валенттілігі:
    а) 1 ә) 2 б) 3 в) 4
    6. Неон қай табиғи ұялас топқа жатады?
    а) сілтілік жер металдарына ә) галогендерге
    б) салғырт газдарға в) сілтілік металдарға
  2. Қышқылмен де сілтімен де әрекеттесетін элемент:
    а) Al ә) Mg б) C в) Cu
  3. Be (ОН) 2+2KOH реакциясында қандай заттар түзіледі?
    а) ZnO +2H2О = ә) ВеO+ H2 =
    б) Na2O + H2О = в) ВеO + H2О =

Тест жұмысы
№ 21 сабаққа қосымша

  1. Металдың таңбасын көрсетіңіз:
    а) O ә) Si б) Na в) Cl
    2. Сутектің атомдық массасы:
    а) 1 ә) 2 б) 3 в) 4
    3. Бейметалды көрсетіңіз:
    а) Li ә) Mg б) Zn в) H
    4. Сілтілік металдардың валенттілігі:
    а) 1 ә) 2 б) 3 в) 4
  2. Неон қай табиғи ұялас топқа жатады?
    а) сілтілік жер металдарына ә) галогендерге
    б) салғырт газдарға в) сілтілік металдарға
    7. Қышқылмен де сілтімен де әрекеттесетін элемент:
    а) Al ә) Mg б) C в) Cu
  3. Be (ОН) 2+2KOH реакциясында қандай заттар түзіледі?
    а) ZnO +2H2О = ә) ВеO+ H2 =
    б) Na2O + H2О = в) ВеO + H2О

 

 

 

Тақырыбы: Химиялық элемент атомдарының радиоактивтілігі туралы түсінік және радиоактивтіліктің маңызы
Күні: Мұғалім:
Сынып:10 Қатысқан:                Қатыспағандар:
Сабақта  меңгерілетін  оқу  мақсаттары Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі элементтердің жіктелуін, олардың атомдарының радиоактивтілігі туралы танып үйрену.
Табыс  критерийлері

 

Барлық  оқушылар  білуге  тиісті: Радиоактивтілік  туралы  біледі
Оқушылардың  көпшілігі:  Элементтердің жіктелуіндегі заңдылықтарды тұжырымдайды
  Кейбір  оқушылар  Элементтер жіктелуіндегі заңдылықтарды практика жүзінде іске асырып, болжамдар келтіреді
Тілдік мақсат Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Сабақта  диалог/ жазылымға қажетті тіркестер.

Бұрыннан бар білімдері Оқушылар  периодтық кесте туралы біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт Жоспарланған уақыт Ресурстар
0-5 мин

6-10 мин

1.     «Команда таңдау» Тақтаға футболдан команда аттарын белгілейтін бес сөз тізбектеліп жазылады:                                                                            — «Жетісу»  — «Қайрат» — «Қайсар» — «Барселона» — «Арсенал» Оқушылар орындарынан тұрып әр командаың астына

өз есімін жазуы керек.Командаларға гүл (қызғалдақ, сарғалдақ, раушан, еңлікгүл, түймедақ, бәйшешек) ,

 

Интерактивті тақта
Орта

11-20мин

21-35мин

Радиоактивтілік (лат. radіo – сәуле шығару, actіvus – әсерлік) – орнықсыз атом ядроларының басқа элементтер ядросына бөлшектер немесе гамма-кванттар шығару арқылы өздігінен түрлену құбылысы.

Радиоактивтіктің ашылуы

Мария Склодовская-Кюри (1867 — 1934)

Ядролық физиканың даму тарихына көз жүгіртсек, оның қайнар көзі 1886 жылы француз ғалымы А. Беккерель ашқан табиғи радиоактивтік құбылысынан басталады. Атомдардың тұрақты еместiгi ХIХ ғасырдың ақырында ашылғанды. 46 жыл өткен соң ядролык реактор жасалды. Радиоактивтiктiң — атом ядросының күрделi құрлысын дәлелдейтiн құбылыстың ашылуы сәттi кездейсоқтықтың жемiсi болды. Рентген сәулелерi алғаш рет шапшаң электрондар разрядтық түтiктiң шыны ыдысының кабырғаларының соқтығысуынан алынған. Олармен бiр мезгiлде түтiк қабырғаларының жарық шығаруы байкалған. Беккерель ұзақ уақыт осы тектес құбылысты — алдын ала күн жарығына сәулелендiрiлген заттардың соңынан сәуле шығаруын зерттеумен шұғылданған. Оның ойында мынадай сұрақ пайда болады: уран тұздарын сәулелендiргеннен кейiн көрiнетiн жарықпен қатар рентген сәулесi де пайда болмай ма? Беккерель фотопластинаны тығыз қара қағазға орап, үстiне уран тұзының қиыршықтарын сеуiп, ашық күн сәулесiне койды. Айқындағаннан кейiн пластинаның тұз жатқан бөлiктерi қарайғанын көрген. Ендеше, уранрентген сәулесi сияқты, мөлдiр емес денелерден өтiп, фотопластинаға әсер ететiн белгiсiз сәуле шығарады екен. Беккерелъ бұл сәуле шығару күн сәулелерiнiң әсерінен пайда болады деп ойлады. Бiрақ 1896 ж. ақпанның бiр күнiнде ауа райы бұлтты болғандықтан, кезектi тәжiрибенi өткiзу сәтi түспедi де, Беккерель үстiне уранның тұзы себiлген мыс крест жатқан пластинаны үстелдiң суырмасына алып койған. Екi күн өткен соң пластинаны алып айқындаған кезде, онда крестiң айқын колеңкесi түрiнде дақ пайда болғанын байқаған. Бұл — уран тұздарының сыртқы факторлардың әсерiнсiз-ақ, өздiгiнен белгiсiз сәуле шығаратынын көрсетедi. Қауырт зерттеулер басталды. Рас, осы сәттi кездейсоқтық, болмаған күнде де, ерте ме, кеш пе радиоактивтi құбылыс ашылған болар едi. Кешiкпей Беккерель, уран тұздарының шығарған сәулесi, рентген сәулелерi сияқты, ауаны иондайтынын, соның салдарынан электроскоп разрядталатынын байқаған. Уранның түрлiше химиялық қосылыстарын тексерiп көріп, ол мынадай маңызды фактiнi анықтады: сәуле шығарудың интенсивтiгi тек препараттағы уранның мөлшерiмен анықталады, оның қандай қосылыстарға кiретiндiгiне мүлдем тәуелсiз болады. Ендеше, бұл қасиет қосылыстарға тән емес, химиялық элемент уранға, оның атомдарына тең. Ураннан басқа химиялық элементтердің өздiгiнен сәуле шығаруға қабiлетiн байқауға талпынып көру сөзсiз едi. 1898 ж. Францияда Мария Склодовская-Кюри және басқа да ғалымдар торийдiң сәуле шығаратынын байқаған. Бұдан әрi жаңа элементтерi iздеуде негiзгi күш салған Мария Склодовская-Кюри мен оның ерi Пьер Кюри болды. Уран мен торийi бар рудаларды жуйелi түрде зерттеу, олардың iшiнен бұрын белгiсiз, Мария Склодовская-Кюридің отаны — Польшаның құрметiне полоний деп аталған, жаңа элементтi бөлiп алуға мүмкiндiк бердi. Ақырында өте қуатты сәуле шығаратын тағы бiр элемент ашылды. Ол радий(яғни сәулелi) деп аталды, Өздiгiнен сәуле шығару құбылысының өзiн ерлi-зайыпты Кюрилер радиоактiвтік деп атады. Радийдiң салыстырмалы атомның массасы 226-ға тең және Д.И. Менделеев кестесiндегi 88-нөмiрлi торкөзге орналасқан. Кюри ашқанға дейiн бұл торкөз бос болған. Өзiнiц химиялық қасиеттерi бойынша радий сілтiлiк жер элементтерiне жатады. Соңынан реттiк нөмiрi 83-тен жоғары химиялық элементтердiң бәрi де радиоактивтi болатындығы анықталды.[1]

А. Беккерель уран тұзының фотопластинаға әсерін зерттеген. Тәжірибелер барысында ол мына құбылысты байқаған: уран тұздары тығыз қара қағазбен оралған фотопластинаға әсер етіп, оның қараюын туғызатын, өтімділігі жоғары белгісіз сәулелерді шығарады екен. Мұқият зерттеулер нәтижесінде Беккерель өтімділігі жоғары белгісіз сәулелерді уран атомының өзі, ешқандай сыртқы әсерсіз-ақ, өздігінен шығаратынын анықтады. Белгісіз сәулелердің заттармен әрекеттескенде:

1) фотопластинканы қарайтатыны, яғни химиялық әсерінің бары;

2) газдарды иондауы;

3) кейбір қатты денелер мен сұйықтардың люминесценциясын туғызатыны сияқты қасиеттері белгілі болды.

 

Видеоролик

Слайдпен  жұмыс

Соңы .«Не білдім?» «Не үйрендім?» «Не білгім келеді?» Оқушылар стикерге ойларын жазып, тақтада ілініп тұрған төмендегі плакатқа жабыстырады.

Не білдім? Не үйрендім  ? Нені үйренгім келеді?
Қосымша мәліметтер
Саралау

(Дифференциация) –оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай  жоспарлайсыз?

Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пән-аралық байланыс
-Сөзді іздеуге тапсырма   қабілеті төмен оқушылар үшін мына есеппен жұмыс жасау.  
Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен табыс критерийлері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Жеке және  жұптық  жұмыстар орындай отырып қорытынды жасайды.

Формативті деңгейлік жаттығулар орындау

 
Жоспарыма қандай өзгерістер енгізді және неге?    
Қорытынды бағалау:

Ең жақсы өткен екі нәрсені көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

1.

2.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code