ҚысҚАМЕрЗІМДІ ЖОсПАр

 

 

1 ұОҚ Біз қандай

балалармыз?

Мектеп/Мұ:
Күні: Педагогтің атыжөні:
сынып/топ: Қатысқандардың саны: Қатыспағандардың саны:
ұОҚ-нің мақсаттары 0.1.1.1. Табиғи және жасанды материалдарды ажырату. 0.1.1.2. Табиғи және жасанды материалдардың қасиеттерін атау.

0.1.2.1. Материалдармен және құралдармен жұмыс жасау кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау.

0.1.2.3. Жұмыс барысында жұмыс орнын және құралдарды ретке келтіру.

0.3.2.2. Өзінің шығармашылық жұмысының нәтижесін сипаттау және бағалау.

Күтілетін нәтижелер Барлық тәрбиеленушілер:

– табиғи және жасанды материалдарды ажырата алады;

– жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіре алады.

Зерек тәрбиеленушілер:

– табиғи және жасанды материалдардың қасиеттерін атай алады;

– табиғи материалдармен және құралдармен жұмыс жасау кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтай алады.

Қабілетті тәрбиеленушілер:

– әртүрлі табиғи материалдарды пайдалана алады, өздері жасаған заттарын ұсақ бөліктерін толықтырып, безендіре алады;

– өзінің шығармашылық жұмысының нәтижесін сипаттай және бағалай алады.

 

22

 

тілдік мақсаттар Дағдыларын дамыту:

•Табиғи материалдың қасиеті туралы білімдерін іс жүзінде (практикада) пайдалана алады, табиғи матери-алды зерттеу жұмыстарын көрсете алады. Көптілділік: балалар – дети – children.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері

• табиғат, табиғи материал, жасанды материал.

ұОҚ-де диалог/хатта қолданылатын тіл: Пікір алмасуға арналған сұрақтар.

Табиғатта өзін-өзі ұстау ережелері туралы білесің бе? Сен қоршаған ортада өзіңді қалай ұстайсың? Қоршаған ортадан қандай табиғи материалдарды табуымыз мүмкін?

Материалдардың бір-бірінен айырмашылықтары қандай?

Диалог құруға арналған сұрақтар: Қандай табиғи материалдар бар?

Табиғи материалдар қандай қасиеттерге ие? Табиғи материалды қалай сақтауға болады? Табиғи материалдардың жасанды материалдардан айырмашылығы қандай?

Неліктен:

… табиғи материалдар бізді таңдандырып, қайран қалдырады;

… табиғи материал нәзік; … табиғатты қорғау керек;

… жасанды материалдар ерекшеленетінін айта аласың ба?

Өткен

ұОҚ-де алған білім

Табиғи материалдардың қасиеттері,

жасанды материалдардың айырмашылықтары.

Жоспар
Жоспар-ланған уақыт Жоспарланған ісәрекет ресурстар
І. Дұрыс, әсерлі көңіл күй орнату.

 

0–1 мин

Психологиялық жағымды көңіл күй қалыптастыру үшін педагог

тәрбиеленушілерді шеңберге тұрғызып, «Мен кіммін және қандаймын!» ойынын

Ойынға қажетті доп.

 

23

 

  ойнатады. Педагог допты лақтыра оты-рып тәрбиеленушілер бір-біріне …мен ұлмын – батырмын, …мен қызбын – әдемімін, мен ұлмын – күштімін, …мен қызбын – сұлумын т.б. Қандай тамаша әдемі, батыл да ержүрек сендер сияқты тәрбиеленушілер де табиғаттың сыйы, адамзат та табиғаттың бір бөлшегі.  
 

II. Өмірлік тәжірибені маңыз-дандыру. Мақсатты болжам.

 

2–5 мин

 

Бүгін біз табиғи материалдармен таны-самыз. Табиғи материалдың қасиеттерін зерттеуге тырысамыз: пішінін, өлшемін, түсін анықтаймыз, төзімділігін сынай-мыз.

Қандай табиғи материалдарды білесіңдер? Табиғи материалды не үшін жинайды? (шырша бүрлері, емен жаңғағы, кеп-тірілген жемістер мен бұтақтар, ағаш қабықтары т.б.)

Педагог: бізді қоршаған ортадағы табиғаттың сұлулығы ерекше, біз бүгін соған назар аударып көрейік. Табиғи материалдар сенің жеке жұмыс жасауыңа және шығармашылық

қызығушылығыңды оятуға көмектеседі. Қандай табиғи материал сенің назарыңды өзіне аударады? Табиғи материалдар қайталанбас сұлулыққа ие.

Дербес іс-әрекетіне бағыт.

Табиғат аясында өзіңді ұстау ережелерін білесің бе? Серуен кезінде қандай табиғи материалдар жинадыңдар?

 

Шырша бүрлері, емен жаңғағы, кептірілген жемістер мен бұтақтар, ағаш қабықтары т.б.

III. тақырып бойынша жұмыс.

6 – 25 мин

Табиғи материалдардың бір-бірінен айырмашылығы неде? Тәрбиеленушілердің жауаптарын тыңдау. Табиғи материал-дар.

 

24

 

  Тәрбиеленушілерге табиғи материал-дарды өңдеп, сақтауды үйрету. Табиғи материалдар қандай жұмысқа арналып жиналғаны туралы ойлану. Табиғи мате-риалды дайындауда қандай ережелерді сақтау керек?

Қарапайым тәжірибе: табиғи материалдар мен жасанды материалды салыстырып көреді. Табиғи материалды қолымызға аламыз, мұқият қараймыз, қасиеттерін атаймыз.

Қара: өлшемін, пішінін, түсін анықта. Беткі қабатын сипаймыз (ұстаймыз) – те-гіс пе, қабыршақты ма?

сынаймыз: мыжимыз, жыртамыз, майыс-тырамыз.

Табиғи материалды кептіргеннен кейін оның қандай болатыны туралы

ойланамыз. Олар: жапырақтар, шырша бүрлері, емен жаңғағы, бұтақтар, қабықтар, кептірілген жемістер т.б. Табиғи материалдың қасиеті туралы қорытынды жасаймыз.

Жасанды материалдармен танысамыз: мата, пластмасса, сымтемірді салысты-рып, олардың сапасы жайында айтамыз: мата жұмсақ, бүктеуге болады, пластмас-са қатты, оны бүктей алмаймыз, ал сым-темірді июге, орауға болады. Қолымызға енді табиғи материалды аламыз, оны са-лыстырып көреміз. Табиғи материалдар-дан не істеуге болады?

Суреттерге мұқият қарап алыңдар, табиғи материалдар мен жасанды материалдар-ды ажыратып айтып беріңдер. Мен және менің айналамдағы табиғат қандай ғажап.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жасанды мате-риалдар: мата, пластмасса, сымтемір.

 

25

 

  Сергіту сәті: «Би билейміз» қимылды ән. Иілеміз оңға бір, иелеміз солға бір.

Бір анда, бір мұнда, өзіңді-өзің айнала. Бас аяқты топ, топ, топ,

Шапалақта хоп, хоп, хоп.

Бір анда, бір мұнда, өзіңді-өзің айнала. Басымызды иеміз, би билейміз күлеміз, Бір анда, бір мұнда, өзіңді-өзің айнала. Әліппе-дәптермен жұмыс.

Әліппе-дәптердегі ескертпені қолданамыз.

1. Табиғи материалды қолды кесіп алмас үшін арнайы қолғаппен жинау.

2. Қолды тіліп немесе кесіп алған жағдайда педагогке хабарлау керек.

3. Жұмыс аяқталған соң қолды жұмсақ құрғақ матамен сүртіп, содан кейін ғана сабындап жуу керек.

Үлгі суреттерді қарайды, тәрбиеленушілер өздері таңдаған табиғи материалдардан өздеріне ұнаған бейнелерді жасау үшін сұрақтар қойылады.

Суреттегі бейнелер қандай материалдардан жасалған? Қандай бөлшектерден тұрады?

Ұл баланы немес қыз баланы жасау үшін қандай табиғи материалдар қажет деп ойлайсыңдар?

Ойланыңдар, табиғи материалмен жұмыс кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет? Табиғи материалмен жұмыс жасағанда ермексазды, қайшыны ұқыпты пайдалану қажет.

Тәжірибелік жұмыс: табиғи материал-дардан қыз бала мен ұл баланың бейнесін жасаймыз. Ол үшін:

– алдын-ала дайындалған табиғи мате-риалдарды ұл немесе қыз бала жасауға сәйкестендіріп таңдап алады;

– қыз бала болса шырша бүрлері, емен жаңғағы мен бұтақтар және ермексаз;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Табиғи материал-дар жиынтығы.

 

26

 

  – ұл бала жасайтындар емен жаңғақтары, бұтақтар және ермексаз таңдалады;

– дене бөліктерін біріктіруге ермексаз пайдаланылады;

– қосымша ұсақ мата қиындылары, таяқшалар, жаңғақ «қалпақшалары» т.б материалдар баланың қалауы бойын-ша таңдалып, шығармашылықпен толықтыру ұсынылады;

– кейбір тәрбиеленушілер (ерекше қабілетті) әліппе-дәптердегі суреттерге қарай отырып сабанды немесе бөлінген емен жаңғақтарын да пайдалана алады. Тәрбиеленушілер өз бетінше жұмыс істейді, оған қоса айналасындағылармен келіседі, өзара пікір бөліседі, жұмыс ба-рысында бір-біріне көмектеседі, қолдау көрсетеді.

Тәжірибелік жұмысты орындау ба-рысында тәрбиеленушілер өз білім-дері мен бақылауларына сүйенеді,

орындаған жұмыстарын (бұйым) әрлеудің қарапайым әдістерін қолданады, шығармашылық таңдау жасайды. Тәрбиеленушілер табиғи материалмен жасаған тәжірибелерінің нәтижелерін атайды, жауабын білгісі келетін сұрақтарын қояды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер.

IV. ұОҚ-нің қорытын-дысы. реф-лексия.

 

26–30 мин

Біз неліктен өз өңіріміздің табиғатын тамашалаймыз? Неліктен ол бізді қуантады, таңғалдырады, қайран қалдырады?

Табиғи материалмен жұмыс жасаудың негізгі тәсілдерін ата.

Сендерге табиғи материалдармен жұмыс жасаған ұнады ма? Не себептен ұнады, не есіңде қалды? ҰОҚ барысында қандай қиындықтарды кездестірдің?

Жұмыс барысында құрбыластарыңмен келіспеген жағдайлар болды ма? Қорытынды: Сендердің жасаған ұл бала

Әліппе-дәптер.

 

27

 

  мен қыздың «Мен ерекше баламын» деп өздері айтып тұрғандай, сендерде бүгін өздерің ерекше балалар болдыңдар, өйткені сендердің жасаған жұмыстарың маған өте ұнады және бірін-бірі қайталамайтын ерекше болды.

Табиғат аясына қонаққа барғандағы басты ереже: зиян келтірме! Қоршаған табиғаттың сұлулығын оның кез келген күйінде сезініп, түсінуді үйрену. Табиғатты аялау, қорғау.

Сендер қандай ережелермен таныстыңдар? Ережені сақтау әрқайсысың үшін не себептен маңызды деп ойлайсыңдар? Біздің өміріміз

үшін ереже сақтау не үшін қажет? Ереже сақтау біздің қауіпсіздігімізді қамтамасыз ету үшін және ұқыпты жұмыс жасауға көмектеседі. рефлексиялық бағалау өз жұмысыңды бағалап қорытындылау. Табиғатты ая-лау, қорғау, қамқорлық жасау үшін сен өз үлесіңді қосасың ба? Тәрбиеленушілер өз ойларын ортаға салады. Балалар смай-

ликтерді бояу немесе аяқтап салу арқылы өз еңбектерінің нәтижелерін бағалайды.

 

 

 

2 ұОҚ Көңілді қуыршақтар. Мектеп/Мұ:
Күні: Педагогтің атыжөні:
сынып/топ: Қатысқандардың саны: Қатыспағандардың саны:
ұОҚ-нің мақсаттары 0.1.1.2. Табиғи және жасанды материалдардың қасиеттерін атау.

 

28

 

  0.1.2.1. Материалдармен және құралдармен жұмыс жасау кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау.

0.2.1.1. Құрастыру түрлеріне сәйкес түрлі техника-лар мен тәсілдерді қолдану.

0.3.2.2. Өзінің шығармашылық жұмысының нәтижесін сипаттау және бағалау.

0.1.2.3. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.

Күтілетін нәтижелер Барлық тәрбиеленушілер:

– табиғи және жасанды материалдардың қасиеттерін ажырата алады;

– табиғи материалдармен және құралдармен жұмыс жасау кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтай алады;

– жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіре алады.

 

Зерек тәрбиеленушілер:

– құрастырудың түрлеріне сәйкес әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана алады.

 

Қабілетті тәрбиеленушілер:

– әртүрлі материалдарды таңдап, бұйымның ұсақ бөліктерін әрлеу үшін қолдана алады, қуыршақтың көңіл күйін бейнелей алады;

– өзінің шығармашылық жұмысының нәтижесін сипаттай және бағалай алады.

тілдік мақсаттар Дағдыларын дамыту:

• қағаз бен және қалдық заттармен жұмыс істей алады;

•шығармашылық тұрғысында ойланады; •әртүрлі материалдарды таңдап, бұйымды әрлеу

үшін қолдана алады, шығармашылық таңдау жасай алады.

Көптілділік: қуыршақ – кукла – doll.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

• менің көңіл күйім, қатпарлап бүктеу, өлшем, пішін, түс.

 

29

 

  Пікір алысуға арналған сұрақтар: Тәрбиеленушілердің көңілді болғанын қалай білуге болады?

Көңілсіз екенін қалай білесіңдер?

Көңілді қуыршақтарды жасау үшін қандай материалдар қолдануға болады?

 

Диалог құруға арналған сұрақтар:

Көңілді қуыршақтарды жасауға қандай материалдар таңдайсыңдар?

Қағазды қалай қатпарлап бүктеуге болады? Шығармашылық жұмыстар жасауға кім көмектесті? Айта аласың ба?

Көңілді болу үшін не істеу керек?

Сенің досың көңілсіз болған жағдайда оған қандай көмек көрсете аласың?

Өткен ұОҚ-де алған білім. Қағаздың және таяқшалардың қасиеттері, олардың пайдалану жолдарын түсіндіру.
Жоспар
Жоспарланған уақыт  

Жоспарланған ісәрекет

 

ресурстар

І. Дұрыс, әсерлі көңіл күй ор-нату.

 

0–1 мин

Психологиялық жағымды көңіл күй қалыптастыру.

Ал, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік. Қабақ шытқан не керек. Көңілді боп жүрейік.

 

Өлең.

II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты бол-жам.

 

2–5 мин

Қазіргі сендердің көңіл күйлерің қандай? (Тәрбиеленушілердің жауап-тары.) Тамаша, әркез сендердің көңіл күйлерің көтеріңкі, көңілді болып жүргенін мен де қалаймын.

Бүгін бізге қонаққа келген мына қуыршақтар да өте көңілді екен. Үлгі суреттегідей бірнеше қағаз бен

қалдық заттардан дайындалған көңілді қуыршақтардың суреттерін көрсетіп, үлгіні талдау жасайды. Енді осындай қуыршақтарды өзіміз жасап көреміз.

 

 

Өте жақсы. Көңілді қуыршақ-тардың су-реттері.

 

30

 

  Шығармашылық жұмысты орындау барысында бет-бейненің көңілді әрі әдемі болып шығуына назарларыңды аударыңдар деп өтініш жасайды.  
III. тақырып бойынша жұмыс.

6 – 25 мин

Сергіту сәті:

Балалар, барлығымыз қосылып ән салайық.

Біз көңілді қуыршақпыз, алақай, алақай,

Өлең айтып, би билейміз, балақай, балақай.

Тартып алып орамалды алақай, алақай, Дөңгелене би билейміз балақай, балақай. 1. Қараймыз – өлшемін, пішінін, түсін анықтаймыз.

2. Иіскейміз – исі бар ма, жоқ па? 3. Мықтылығын сынаймыз. Әліппе -дәптермен жұмыс.

Көңілді қуыршақ жасау үшін қандай материалдарды таңдайсыңдар? Оларды атап шық. Жұмысты орындауға алдымен не қажет, содан кейін орындалу ретін атап айтыңдар? Тәрбиеленушілердің жа-уаптарын тыңдау.

Қағаздың қасиеттері туралы қорытынды жасаймыз:

Қолымызға алдымен түрлі түсті қағазды аламыз, оған мұқият қараймыз, қасиеттерін атаймыз. (Жұмсақ, бүктеуге болады, жыртылады, қиюға болады, умаждауға болады т.б.). Ал таяқ қандай? Қатты, ағаштан жасалған, бүктеуге кел-мейді, сынып қалады.

Қуыршақтың орындалу реті: 1.Қолымызға қағаз алып, оны ортасы-нан бүктеп, бүктеу сызықтың бойымен қайшымен қиып аламыз.

2. Пайда болған екі тіктөртбұрыштың бір бөлігін алып, қатпарлап бүктейміз. Шетінен бастап бір бүктеп, екінші жағына аударып дәл сондай өлшеммен кезек-кезек бүктеп шығамыз, бұл қуыршақтың көйлегі.

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер және түрлі түсті қағаздар, таяқша-лар, жіп,

фломастер, қайшы, желім.

 

31

 

  3. Тәрбиеленушілер қарапайым тәжірибе жасап, қатпарлап бүктеу әдісін үйренеді, қағазды дұрыс бүктеуге, онымен қалай жұмыс жасауға болатынын меңгереді.

4. Енді таяқшаға осы дайындалған қатпарлы қағазды сәл жоғарғы жағына қарай жақынырақ қойып алып оны сым-темірмен орап байлаймыз.

5. Сымтемірдің екі жағындағы артық бөліктерін қуыршақтың қолдары етіп иіп жасаймыз, педагог жасалу жолын түсіндіреді.

6. Бұдан кейін қиып алынған дөңгелектерден бет-бейнесін салып, оны көңілді қуыршақтың басына, яғни байланған бөліктің жоғарғы жағына желіммен жабыстырамыз.

Желіммен жұмыс істегенде қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керектігі ту-ралы ойланыңдар.

Әліппе-дәптердегі жаднаманы пайдала-намыз (суреттерді қара).

Жұмысты аяқтаған соң қолыңды қолорамалмен сүртіп, содан кейін са-бындап жу. Желіммен жұмыс істегенде қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керектігі туралы ойланыңдар.

 
IV. ұОҚ-нің қорытындысы. рефлексия.

 

26–30 мин

Қуыршақ дайын болған соң кімнің қуыршағы қандай қимыл-қозғалыс үстінде, билеп тұр ма? Ән айтып тұр ма? Қандай көңіл күйде екенін әр бала өздері дәлелдейді. Тәрбиеленушілердің өз бетінше дербес әрекет етуіне жағдай жасалады, сонымен бірге дайындалған қуыршақтардың көңіл күйлері жайында сипаттап айтады, достарына көмектесіп, қолдау көрсетеді.

Неліктен қуыршақтар көңілді деп ойлайсыңдар?

Оларды жасауға қандай материалдар пайдаландыңдар?

Жұмысты орындауда қандай қиындықтар кездесті?

Көңілді қуыршақ-тар бейне-лері.

 

32

 

  Көңілсіз қуыршақтар өз жұмыстарыңда кездесті ме? Ол неге көңілсіз деп ойлайсыңдар? Ол көңілді болуы үшін қандай көмек көрсетер едің?

Сендерге сабақ ұнады ма? Не ұнады, не есіңде қалды? Сабақта қандай қиындықтар болды? Жұмыс барысын-да құрбыластарыңмен, достарыңмен келіспеген жағдайлар болды ма?

Балаларға сабақта өзінің жұмысына баға беруін ұсынады. Сызық төмен қарап тұрса – қиындықтар кездескені, түзу сызық болса, өздігінен орындады дегенді білдіреді. Жұмыс орындарын жинап, ретке келтіреді.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code