ҚысҚаМерЗіМДі ЖоспарЛау

 

Қысқарған сөздер

 

ҰоҚ ұйымдастырылған оқу қызметі пт педагогтің түсіндіруі

т топтық жұмыс

Ұ ұжымдық жұмыс Ж жұптық жұмыс Ө өздік жұмыс

МДҰ мектепке дейінгі ұйым

 

1 ҰоҚ

 

тақырыбы: Менің отбасым Мектеп/МДҰ:    
Күні: Педагогтің аты-жөні:  
сынып/топ: Қатысқандар саны: Болмағандар:
ҰоҚ-ның оқытылу мақсаты 0.1.1.1. Отбасындағы өзара тату қарым-қатынастың маңызын түсініп, отбасы мүшелерімен бірлесе жұмыс жасау.  

 

5

 

Күтілетін нәтиже

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

тілдік мақсат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткен ҰоҚ-дан алған білімі

 

 

 

Жоспарланған уақыт і. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

Барлық тәрбиеленушілер:

Өзінің отбасы олардың жақсылығы мен қайырымдылығы туралы айта біледі. Отбасы мүшелерінің өзара тату қарым-қатынаста болу керектігін түсінеді.

 
Көпшілік тәрбиеленушілер:

Ата-аналарының қамқорлық жасайтынын түсінеді. Қандай істі болмасын отбасы мүшелерімен бірлесе атқару керектігін біледі.

Кейбір тәрбиеленушілер:

Сурет бойынша әңгіме құрастырады.

Отбасы мүшелеріне деген ізгі қарым-қатынас болу керектігін біледі, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету керектігін түсінеді.

Тәрбиеленушілер:

– Отбасы, туыстық, қарым-қатынас, отбасы мүшелерінің міндеттері туралы түсінік бере біледі. – Өзінің отбасы туралы айтып бере алады. Көптілділік:

Отбасы – семья – famyli

 

негізгі терминдер мен сөз тіркестері. Әке, ана, ата, әже, аға, іні, әпке.

 

 

Пікір алмасу сұрақтары.

Отбасындағы әке мен ананың айырмашылығы қандай?

Отбасыларымен қайда қыдырып бардыңдар? Отбасыларына қандай көмек көрсетесіңдер?

Отбасыларын атай білуі  
Жоспарланған іс-әрекет Ресурстары
шаттық шеңберіне тұрып, төмендегі өлең жолдарын айтады:

 

Біздің отбасы

 

Алақаны аялы,

Анам бар жаны саялы. Кешіре білген кінәмді, Әкем бар менің шыдамды. Шалғы тартқан шалғында, Ағам бар менің алдымда. Жақсылыққа талпынған, Інім бар менің артымда.

Б. Кірісбаев

Музыкалық сүйемелдеу.
0–2 мин

іі. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.

3–5 мин

(пт, Ұ) – Бүгін отбасы туралы әңгімелесеміз. Айтыңдаршы, отбасы дегенді қалай түсінесіңдер? (т) Балаларды екі топқа бөледі: ересектер; балалар. Әр топ отбасындағы ересектер мен балалардың міндеттерін айтады. Отбасы мүшелерінің суреттері.

 

6

 

ҰоҚ-ның ортасы ііі. тақырып бойынша жұмыс.

6–28 мин

(пт) Педагог: Отбасы – туыстық қатынастағы және бірге тұратын адамдар тобы. Олар: атасы, әжесі, әкесі, анасы, балалары.

Өз отбасыларың туралы әңгімелеп беріңдер. (Ұ) Әр бала өз отбасылары туралы әңгімелейді. (ПТ) Сөздік жұмысын жүргізу.

Көптілділік:

Отбасы – семья – famyli

Таспадан сөздерді тыңдайды, қайталайды. Дәптердегі 1-тапсырма бойынша фотосуретте кімдер бейнеленген?

– Отбасы мүшелерін ата.

– Осы отбасы мүшелеріне есімдер қояйық. • Айсұлудың неше әпкесі, неше ағасы бар?

• Айсұлудың отбасындағы туыстар арасындағы қарым-қатынас қандай деп ойлайсың?

– Әрқайсысыңның отбасында неше адам бар?

– Әкеңнің, әжеңнің, атаңның, анаңның есімдері кім? – Сендердің неше аға, әпкелерің бар?

Ата-анаң саған қандай қамқорлық жасайды? Өзің үлкендерге қалай көмектесесің?

– Олардың есімдері кім?

– Сендер ата-аналарыңа көмектесесіңдер ме?

– Сендер ата-аналарыңа қамқорлық жасайсыңдар ма?

• Отбасы үлкен де, шағын да болуы мүмкін. Ең бастысы – отбасыңда әрқашан тыныштық,

достық, сыйластық, бір-біріне деген сүйіспеншілік болуы қажет.

 

Отбасы мүшелерінің суреттері.

 

 

 

 

 

Аудиотаспа.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер.

  (Ұ, Ө) үнсіздік ойыны. Балалар жайланып отырып, көздерін жұмып, өздерінің отбасы мүшелерін, үйлерін көз алдарына елестетеді. (Ө) Дәптердегі 2-тапсырма бойынша отбасы мүшелерімен бірлесе жұмыс жасау.

Жеті ата туралы түсінік беріледі:

Жеті ата – қазақ халқының адамның ата жағынан тегінің таратылуы. Бала өзінен

бастап әкесі, атасы, бабасы т.б., яғни жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. 1 – бала, 2 – әке, 3 – ата, 4 – арғы ата, 5 – баба, 6 – түпкі ата, 7 – тек ата.

Жеті атаның ішінде сендер кімсіңдер? (Бала). Үйге тапсырма: ересектердің көмегімен жеті аталарыңның нақты есімдерін біліп келу.

 

(Ұ) Қол сергіту сәті: «Кел, санайық»

 

Үйде нешеу екенбіз? Кел санайық екеуміз: Бас бармағым – папам, Балаң үйрек – апам, Ортан терек – ағам, Шылдыр шүмек – мен, Кішкене бөбек – сен. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз.

(Ұ) Тапқырлыққа арналған ойын ұсыныңыз. «Жылы лебіз» дидактикалық ойыны

Әуен ырғағымен.

 

 

Интерактивтік тақта. Отбасы бейнеленген үлгі суреттер. https://www.google.kz/ search?q=7+ата&biw

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер.

 

7

 

  ойын шарты: ойынға барлық балалар шеңбер бойымен тұрады. Ортаға бір бала шығады, оның қолына доп ұсынылады. Бала допты кез келген бір балаға лақтырады, допты қағып алған бала отбасы мүшелеріне арналған тілекті айтып, допты кері лақтырады.

Дәптердегі 3-тапсырма бойынша отбасы мүшелерінің суреттерін ретімен орналастырады. Орналастыру себебін айтады.

Ағаштың тамырынан бастап, отбасы мүшелерінің суреттерін жапсыру. (Ата, әже, әке, шеше, аға, әпке, мен, іні, қарындас).

Д/о: «отбасы мүшелерін ата»

ойын шарты: ойынға қатысушы барлық балалар шеңбер бойымен тұрады. Ортаға жүргізуші шығады. Оның қолына доп ұсынылады. Жүргізуші допты кез келген бір балаға лақтырады. Допты қағып алған бала отбасы мүшесін білдіретін бір сөзді айтып, қайтадан жүргізушіге лақтырады. Мысалы: әже, ата, әке, ана, сіңлі, қарындас, аға.

 

4-тапсырма. Мақалдың мағынасы түсіндіріледі. Мақалдағы «ата» сөзі отбасындағы әке және атаңды білдіреді. Олар – отбасындағы қадірлі адамдар. Ата мен әкені биік тауға теңеп тұр.

Ана мен әже – олар аналар. Оларды суға теңеп тұр. Су өмірде қандай қажет болса, ана да сондай қажет. Баланы желкілдеп өсіп келе жатқан құраққа теңеп отыр. Өйткені ол шөп сияқты желкілдеп өседі.

 

 

Доп.

 

 

 

Әліппе-дәптер.

 

 

 

 

Дидактикалық ойындар жинағы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тау, ағып жатқан су және құрақтың суреті; ата, әке, ана және баланың суреті.

іV. ҰоҚ қорытындысы. рефлексиялық түзету. 28–30 мин (Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысыңды бағалап қорыту.

Балалардан ағаштың жапырағын кез келген түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:

• ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; • түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;

• бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен.

Әліппе-дәптер,

түрлі түсті қарындаштар.

 

 

2 ҰоҚ

 

тақырыбы: Отбасымның міндеттері мен қызметтері Мектеп/МДҰ:  
Күні: Педагогтің аты-жөні:
сынып / мектеп: Қатысқандар саны: Болмағандар:
ҰоҚ-ның оқытылу мақсаты 0.1.1.2. Отбасы мүшелерін атап, міндеті мен өзіне тағылған жауапкершілікті білу.

0.1.1.3. Түрлі іс-әрекет түрлеріндегі өз жетістіктеріне тең баға беру.

 

 

 

8

 

Күтілетін нәтиже

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

тілдік мақсат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткен ҰоҚ-дан алған білімі

 

Жоспарланған уақыт

Барлық тәрбиеленушілер:

Өзінің отбасы, жақсы көретін адамдары, олардың жақсылығы мен қайырымдылығы туралы әңгімелей біледі. Ата-аналарының айтқандарын тыңдап, қамқорлық жасап, көмек көрсету өзінің парызы екенін біледі.

Өзінің отбасы мүшелерін атайды.

 
Көпшілік тәрбиеленушілер:

Отбасы мүшелерінің міндеттерін біледі.

Кейбір тәрбиеленушілер:

Өз әрекеттеріне және қылықтарына өз бетінше баға бере алады.

тәрбиеленушілер:

— отбасы, туыстық, қарым-қатынас, отбасы мүшелерінің міндеттері туралы түсінік береді; — отбасы туралы айтып береді.

Көптілділік:

Әңгімелесу – беседовать – talk

 

негізгі терминдер мен сөз тіркестері. Бауыр, туыс, шаңырақ.

 

Пікір алмасу сұрақтары. Саған берілген міндеті қандай?

Отбасыңда өзіңе тағылған жауапкершілік қандай? Әкең мен анаң саған риза болып қуану үшін сен не істеуің керек?

Өзінің отбасы, олардың жақсылығы мен қайырымдылығы туралы айту.
Жоспарланған іс-әрекет ресурстары
і. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

 

0–2 мин

Музыкалық сүйемелдеу.

 

Шаттық шеңбері

Е. Өтетілеуұлының «Біздің шаңырақ» өлеңін оқу.

 

Атамнан басталар, Әжеммен қосталар, Отбасым мыналар: Ең жақын адамдар.

 
  Әкем және анам бар, Бір туған атам бар, Бір туған апам бар. Бәрін жақсы көремін, Еркелеймін, еремін.  
іі. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.

3–5 мин

(пт)

Бүгін біз сендермен отбасы туралы әңгімелесеміз. Әр бала өзіне тағылған жауапкершілік міндетін білуі керек. Міндет, жауапкершілік дегеніміз не?

Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі; ана – отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы. Жақсы ана отбасына береке әкеліп, отбасын бақытқа бөлейді.

Отбасы мүшелерінің суреті.

Әліппе-дәптер. Отбасы туралы слайд http://ikaz.kz/otbasy-turaly-slajd/

9

 

  (Ұ) сөздік жұмысын жүргізу. Көптілділік:

Әңгімелесу – беседовать – talk Тыңдайды, бірнеше рет қайталайды.

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс. 1-тапсырма Отбасы мүшелерінің туыстық қарым-қатынас міндеттері туралы әңгімелеп беру.

Атам теледидар көріп отыр. Әжем тоқыма тоқып отыр. Әкем журнал оқып отыр. Анам тамақ жасап жатыр. Бала ҰОҚ оқып отыр. Қарындасым/інім ойнап отыр.

Қызы дастарқан жасап анасына көмектесіп жатыр.

 

 

 

Аудиотаспа. Әліппе-дәптер.

ҰоҚ-ның ортасы

ііі. тақырып бойынша жұмыс

6–28 мин

(Ө) 2-тапсырма:

Отбасыңда сенің міндетің не?

– Өзіңнің отбасыңдағы адамдардың міндеттері туралы айт.

– Әркім өз міндетін қалай орындайды? Әр отбасы мүшелері өз міндеттері мен

жауапкершілікті білуі тиіс. Ата-ана отбасында баланың өсуіне жауапты, денсаулығына қамқорлық жасайды, еңбексүйгіштікке баулиды, өзіне-

өзі қызмет ете білуге үйретеді, білімді, өнерлі, мәдениетті болуға тәрбиелейді. Әрбір отбасы мүшелері бір-бірімен тіл табысып, дұрыс қарым-қатынас жасауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетулері тиіс. Бұл міндеттер жүзеге асу үшін, балаға дүниеге келген күннен бастап отбасында, қоғамдық орындарда, мектепте тәлім-тәрбие беріледі. «Баланы жастан», М. Әуезовтің «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген даналық сөздерінің мағынасы өте терең.

– Сендер ата-аналарыңа қандай көмек көрсетесіңдер?

– Отбасында қандай жетістіктер бар?

• Отбасы үлкен де, шағын да болуы мүмкін.

• Ең бастысы, отбасыңда әрқашан тыныштық, достық, сыйластық, бір-біріне деген сүйіспеншілік болуы қажет.

• Сендер өз отбасыларыңа қандай тілек тілер едіңдер?

• Мен отбасыма барлық жақсылықты тілеймін.

 

 

 

 

(Ұ, т, Ө) ойын: балаларға өз отбасына сүйіспеншіліктерін білдіріп айтқызу мақсатында «Менің отбасым» ойынын жүргізеді.

шарты: Балалар шеңберге тұрып, кезекпен өзінің отбасы туралы жағымды сөздер айтады.

Менің отбасым көңілді, өйткені………… Менің отбасым мейірімді, өйткені………… Менің отбасым бақытты, өйткені………… Менің отбасым тату, өйткені………… Менің отбасым әдемі, өйткені…………

Менің отбасым қайырымды, өйткені………… Менің отбасым қонақжай, өйткені………… Менің отбасымда сыйластық бар, өйткені…

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Интерактивтік тақта. Отбасы бейнеленген үлгі суреттер.

 

10

 

  ………(Ұ) сергіту сәті: Музыка ойнап тұрады.

Мынау – менің отбасым. Танысыңдар, достарым. Мынау – әкем, бұл – шешем, Інім, әпкем және мен.

Менің халім тамаша, Сіздікі де тамаша! Сенің халің жақсы ма? Оның халі жақсы ма? Барлығы да тамаша!

 

3-тапсырма. Мақалдардың мағыналарын түсіндіру, кейбіреулерін жаттап алады.

• Кез келген адам өзінен үлкен адамды құрметтеп сыйлауы керек. Яғни кішілік көрсетеді. Үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге ізет білдіріп жүрген адам қадірлі болады.

Екінші мақал бойынша: ата ақылды. Оның айтқан ақылын тыңдап өскен бала да ақылды болады. Ағасы өзінен кіші іні-қарындастарына үлгі көрсетсе, олар да ағасы сияқты ақылды, әдепті болғысы келеді.

 

(Ө) 4-тапсырма айсұлудың тапсырмаларын орындайды.

– Өзің суретте көрсетілген іс-әрекеттердің қайсысын орындайсың? (Әр бала сурет бойынша үйінде орындайтын істі белгілейді).

5-тапсырма: Өз отбасыңа қандай тілек тілер едің? Ересектердің көмегімен тілекті толықтыр.

Сендер отбасына қандай тілек тілер едіңдер? Балалар ҰОҚ-да үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтып шығады.

– Менің отбасым бақытты.

– Отбасымдағы әрбір сәт қуаныш сыйлайды. – Менің отбасым тату.

 

 

Аудиотаспа.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер.

 

Отбасы мүшелері бей-неленген сурет.

іV. ҰоҚ қорытындысы.

 

 

 

рефлексиялық түзету. 28–30 мин

Рефлексиялық бағалау: өз жұмысыңды бағалап қорыту.

Балалардан жүректі кез келген түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:

ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;

бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен.

 

 

Түрлі түсті қарындаштар.

 

«Қоршаған ортаМен танысу» ҰЙыМДастырыЛған оҚу ҚыЗМеті БоЙынша үЛГі КүнтіЗБеЛіК-таҚырыптыҚ Жоспар

Ұзақмерзімді жоспар

 

 

 

Бөлім

 

Бөлімше

 

оқыту мақсаты

Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы  

сағат саны

1 Мен және қоғам 1.1. Мен және менің отбасым 0.1.1.1. Отбасындағы өзара тату қарым-қатынастың маңызын түсініп, отбасы мүшелерімен бірлесе жұмыс жасау Менің отбасым 1
1.1. Мен және менің отбасым 0.1.1.2. Отбасы мүшелерін атап, міндеті мен өзіне тағылған жауапкершілікті білу

0.1.1.3. Түрлі іс-әрекет түрлеріндегі өз жетістіктеріне тең баға беру

Отбасымның міндеттері мен қызметтері 1
1.2. Менің мектебім 0.1.2.2. Түрлі әлеуметтік жағдаяттарда шешім қабылдау

0.1.2.3. Қарапайым этикалық нормаларды біліп, сақтау 0.1.2.4. Бірлесе жұмыс жасау, еңбек нәтижесін бағалау

Мектеппен танысамыз 1
1.2. Менің мектебім 0.1.2.1. Мектептегі және сыныптағы негізгі ережелерді білу және оларды сақтау Мектептегі қауіпсіздік және тәртіп ережелері 1
1.3. Мамандық-тар 0.1.3.1. Еңбектің маңызын және адам өміріндегі барлық мамандықтардың қажеттігін түсіндіру Мамандықтар әлемінде 1
1.3. Мамандық-тар 0.1.3.1. Еңбектің маңызын және адам өміріндегі барлық мамандықтардың қажеттігін түсіндіру Барлық мамандықтар қажет 1
1.4. Көлік және байланыс құралдары 0.1.4.1. Байланыс құралдарының адам өміріндегі қажеттілігін түсініп, олардың қолданылу аясын атау Байланыс құралдары 1
1.4. Көлік және байланыс құралдары 0.1.4.2. Қозғалыс ортасы мен қолданылуы бойынша көлік түрлерін ажырату және сипаттау Көлік түрлері 1

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code