Қысқа мерзімді жоспар

 

 Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім «Өзім туралы»

Күні:

Сынып: 2

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы  Бос уақытты өткізу туралы идеяларды жинақтау №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 2.1 Сөздік қорды толықтыру

2.2.1.1 өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөз және сөз тіркестерді дұрыс дыбыстап айту

2.2 Берілген тақырып бойынша ойын жеткізу

2.2.2.1 көрнекілік/ үлгі/қате құрылған сөйлем  негізінде 2-3 сөйлемнен тұратын сөз сөйлеу,  сұраулы және лепті сөйлемдердің интонациясын дұрыс қою

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: өз сөзінде ақпаратты сұрау үшін сөздерді дұрыс дыбыстап айтады. Көрнекілік/ үлгі/қате құрылған сөйлем  негізінде 2-3 сөйлемнен тұратын сөз сөйлейді.

Көптеген оқушылар: өз сөзінде ақпаратты сұрау үшін сөз және сөз тіркестерді дұрыс дыбыстап айтады. Көрнекілік/ үлгі/қате құрылған сөйлем  негізінде 2-3 сөйлемнен тұратын сөз сөйлейді,  сұраулы және лепті сөйлемдердің интонациясын дұрыс қояды.

Кейбір оқушылар: өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөз және сөз тіркестерді дұрыс дыбыстап айтады.  Көрнекілік/ үлгі/қате құрылған сөйлем  негізінде 2-3 сөйлемнен тұратын сөз сөйлейді,  сұраулы және лепті сөйлемдердің интонациясын өздері дұрыс қояды.

Бағалау критерийлері

 

 

Өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөз және сөз тіркестерді дұрыс дыбыстап айтады.

Көрнекілік/үлгі/қате құрылған сөйлем  негізінде 2-3 сөйлемнен тұратын сөз сөйлейді.

Сұраулы және лепті сөйлемдердің интонациясын дұрыс қояды.

Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

мектепке, шалбар, көйлек, белдік, күрте, киеді.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Менің ойымша, ……… деп ойлаймын, ұнайды, келісемін, келіспеймін

Құндылықтарды дарыту  Бос уақытты тиімді өткізуіне дұрыс жоспарлауға үйрету.
Пәнаралық байланыстар орыс тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары  
Бастапқы білім Бос уақытты өткізу түрлерінің тізімін жасау
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар
Сабақтың басы

5 минут

Ертеңгілік шеңбер

(МК) «Қайталай ғой» оқыта үйрету ойынын жүргізу. Ойын шарты: бір оқушы қандай да бір түсті атайды, ал екінші оқушы оны қайталап, тағы бір түстің атауын қосады. Үшінші оқушы екеуін қайталап, үшінші сөзді қосады. Осылай ойын 6-7 сөзге дейін жалғасады.

Сабақтың тақырыбын анықтау,  мақсатымен, бағалау критерийлерімен  таныстыру.

 

 
Сабақтың ортасы

33 минут

(Т) Оқушыларды топқа қағаз қиындыларында жазылған әріптер арқылы бөлу. КИІМ деген сөзді құрастыра отырып, 4 топқа бөлінеді. К-1,И-2, 3-І, М-4

Тапсырма. Балпанақ мектепке жиналды.

Ол қандай киім киюі керек?

Балпанаққа көмектес.

Тірек сөздер: шалбар, көйлек, белдік, күрте ….

Дескрипторлар:

1.      Мектепке қандай киім кию керек екенін айта алады.

2.      Өз ойларын айта алады.

СЕРГІТУ СӘТІ

Тербеледі ағаштар,

Алдымен жел еседі.

Кіп-кішкентай балалар,

Үп-үлкен  боп өседі.

 

(Ж) Тапсырма. Сурет бойнша диалог құрастыр. Сөйлемдерге тиісті тыныс белгілерін қою.

Үлгі:

—       Сәлем, Диана!

—       Сәлем!

—       Сен кеше қайда бардың?

—       Мен киім дүкеніне бардым.

—       Не сатып алдың?

—       Мен әдемі қалпақ сатып алдым.

—       Оны қай кезде киюге болады?

—       Жазда киемін.

 

 

Дескрипторлар:

1.      Сурет бойынша диалог құрастыра алады.

2.      Сұрақтарды дұрыс құрастырады.

3.      Сөйлемдерге тиісті тыныс белгілерін қоя алады.

(Ө,Қ) Оқушылар өздері таңдаған бос уақытты өткізу түріне қажетті киім мен заттар туралы қарапайым әңгіме жүргізеді.

Дифференциация:

қабылдау деңгейі жоғары оқушылар қызықты/әсерлі сөздерді қолдана отырып, өздерінің бос уақыттарын қалай өткізетіні  туралы айтып береді;

қабылдау деңгейі орташа оқушылар үлгі бойынша өздерінің бос уақыттарын қалай өткізетіні туралы   айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

2 минут

Кері байланыс:

Бояу

Қызыл – түсінбедім

Сары – аздап түсіндім.

Жасыл — түсіндім

 

 

 
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар қызықты/әсерлі сөздерді қолдана отырып, өздерінің бос уақыттарын қалай өткізетіні  туралы айтып береді. Меңгеруді бақылау

Жұптар бір-бірін бағалайды.

Дескрипторлар арқылы бағалау

 

 

Жұптар жұмыс істеу дағдылары (құрмет көрсету, кезекпен сөйлеу және т.б.)

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім «Табиғат және қоршаған орта»

 

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

 Күні:

Сынып: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы Жаз  мезгілі туралы оқу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 2.1.5.1 Әңгіме және тыңдау/көру материалындағы  оқиғалардың мәнін сипаттай отырып түсінеді
Сабақтың мақсаттары Барлығы: тақырыпқа қатысты сөздердің мағынасын  түсінеді, сұрақтарға жауап береді

Көбі: оқыған әңгімедегі кейіпкерлерді, оқиғаны сипаттай алады алады, кейіпкерге сұрақ қояды

Кейбірі: қоршаған ортаны қорғау туралы ой айтады, әңгімеге  қатысты пікірін айтады

Жетістік критерийлері Әңгіменің кейіпкерлерін, оқиғаны сипаттай алады, кейіпкерге сұрақ қоя алады.

 

Сөздік Көз жасы, тал түс, сындыру, шаба жөнелді, қайыңның бұтағы, су тамшылау, таңдана қарау, ұялу, басы салбырау, аялы алақан
Құндылықтарды дарыту Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезім
Пәнаралық байланыс дүниетану
АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім Көктем мезгілі туралы оқу-2
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

5 минут

Шеңберге тұрып, көктем туралы бір-бір сөйлем айтады.

 

Сабақтың мақсатымен таныстыру

Әңгімедегі оқиғаны, кейіпкерлерді сипаттай аламын.

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

5 минут

15 минут

5 минут

8 минут

 

(МК, Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту, сөйлемде қолданылуына мысал келтіру.

Жаздың шуақты күні орманға бардық.

 

 

шуақты күн        көбелек ұстаймын  суға шомыламын

 

жидек теремін    күн ыстық                 аспан ашық

 

 

табиғат құлпырады      күннен қорғайтын көзілдірік

 

Сергіту сәті

 

(Ұ) Бірлесіп оқу. Мәтіндегі сөздердің мағынасын ым-ишара арқылы, синоним сөздер арқылы түсіндіру.

Қайыңның көз жасы

Тамыз айы. Тал түс. Күн күйіп тұр. Бс жасар Қапан есік алдына шығып, аз-кем ойланып тұрды. Анау ауыл шетіндегі көлде шомылып жүрген балаларға қарады. Өзі де сонда барғысы келді. Бірақ көлге жаяу барғысы келмей, аулада өсіп тұрған жас қайыңның бұтағын сындырып алды.  Дереу «ат» қып мінді де, достарына қарай шаба жөнелді. Бұл оқиғаны көрші атай  көріп отырған еді.

Кешке Қапан  қайыңның бұтағынан су тамшылап тұрғанын байқады. Оған қайта-қайта таңдана қарады. Осы кезде қасына көрші атай келді.

Қапан оған:

— Ата, айтыңызшы. Бұдан неге су ағып тұр?- деп сұрады.

— Су емес. Бұл қайыңның көз жасы. Біреу бұтағын сындырған екен, соған жылап тұр. Айтайын десе, тілі жоқ. Табиғатта  бәрінің де жаны бар, жүрегі бар. Олар адамдардан аялы алақан, күтім тілейді. Ал, адамдардың жасайтыны осы…

Қапан қатты ұялды. Басы салбырап тұрып қалды. «Енді сындырмаймын, ата!» деген сөзді ішінен қайталай берді.

Төмендегі сұрақтарды қою:

Ø  Әңгіменің басты кейіпкері кім?

Ø  Қандай оқиға болды?

Ø  Қапан қандай адам? Сипаттама бер.

Ø  Қапан неге ұялды?

Ø  Қайыңның көз жасы деген тіркесті не үшін қолданды? Не айтқысы келді?

Ø  Әңгімедегідей  оқиғалар өмірде болады ма?

Ø  Егер осындай әрекетті сенің досың жасаған болса, сен не істер едің?

Ø  Адамдар қоршаған ортаны қалай қорғай алады?

Ø  Әңгімеден не түсіндің?

 

(Ұ, Қ)  «Ыстық орындық»

Бас кейіпкер Қапанға сұрақтар қою.

Үлгі:

Қапан, сен қайда барғың келді?

Сен ағашты неге сындырдың?

Атаның сөзінен кейін сен әрекетіңе ұялдың ба?

Енді ағашты сындырасың ба?

 

(Т, Қ)  Оқыған әңгімені рөлге бөліп ойнау.

Бір-бірін бағалайды.

 

(Ө) Жаз мезгілі  туралы сөйлемдер жазу

 

Дифференциация:

қабылдау деңгейі жоғары оқушылар оқыған әңгіменің мазмұны бойынша сұрақтар қоя алады;

қабылдау деңгейі орташа оқушылар мұғалімнің  көмегімен әңгіменің  мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

«Ағаш жапырақтары» әдісі

Жасыл түс – толық түсіндім

Сары түс – сұрақтарым бар

Қызыл түс — түсінбідім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code