Қысқамерзімді жоспар №1

 

ТАҚЫРЫБЫ: Кел, танысайық! Мектеп/МДҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау

0.1.6.1 Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолдана білу

0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу

0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу

Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстайды. Тыңдалған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді.
Көпшілік тәрбиеленушілер: Берілген тақырып аясында диалогпен сөйлесе алады.
Кейбір тәрбиеленушілер: Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолдана алады.
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Ойын еркін жеткізе алады. Диалогпен сөйлеседі, әдептілік сөздерін біледі.

Көптілділік: танысу знакомиться to meet Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Жазушы, мақала, конверт

Пікір алмасу сұрақтары: Аты-жөнің кім?

Сен неше жастасың? Шашың ұзын ба, қысқа ма? Бойың ұзын ба, аласа ма? Қай жерде тұрасың?

Аға, әпке, іні, қарындасың бар ма? Немен шұғылданғанды ұнатасың?

Өткен сабақтардан алған білім Қоршаған орта туралы білімі бар, өзі жайлы айтып бере алады.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 минут

(Ұ) Шаттық шеңбері

— Қайырлы таң, балалар!

— Бүгінгі күн қандай керемет!

— Кәне, барлығымыз бір-бірімізге көтеріңкі көңіл күй сыйлайық. Бүгінгі күнді жақсы өлең жолдарымен бастайық.

Күлімде күн, күлімде, Жер жасарып көгерсін! Кешегідей бүгін де Қанат қақсын көгершін.

 

 

 

 

 

 

 

11

 

ІІ. Мақсатты болжам. 3-5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҰОҚ ортасы ІІІ. Тақырып

бойынша жұмыс 6-27 минут

Педагог балалардан журналист деген кім екенін, ол немен айналысатынын сұрайды.

— Бүгін бізге тілші қонаққа келді, ол кісі сендер туралы мақала жазбақшы. Сондықтан да сендердің әрқайсыларың туралы жақынырақ білгісі келеді. Сонымен бүгін біз өзіміз туралы — аты-жөніміз

кім, нені жақсы көреміз, нені ұнатамыз, немен шұғылданамыз, солар туралы айтамыз. Алдымен тілшімен амандасып алайық.

Тілші балалармен әңгіме өткізеді: Аты-жөнің кім?

Сен неше жастасың?

Өз түріңді, мінезіңді сипатта. Шашың ұзын ба, қысқа ма? Бойың ұзын ба, аласа ма? Қай жерде тұрасың?

Аға, әпке, іні, қарындасың бар ма? Немен шұғылданғанды ұнатасың? Киімдеріңді өзің жинайсың ба? Не кигенді ұнатасың?

Аяқкиімдеріңді өзің тазалайсың ба?

Қандай ойыншықтармен, кіммен ойнағанды ұнатасың? (Балалардың тілшімен әңгімесі.)

Дидактикалық ойын:

«Қыз бала мен ұл баланың киімін ажыратамыз». Тақтада қызыл және көк түсті екі үлкен конверт ілініп тұрады. Педагог ұл бала мен қыз бала киімдерінің суреттерін        араластырып, екі конвертке балалардың бөліп салуларын сұрайды.

Әліппе-дәптермен жұмыс:

1-тапсырма. Суретте кімдер бейнеленген? Ұл мен қыздың айырмашылығы туралы айт.

Төмендегі суреттер қайсысына тән? Сызып қос. Қызға да, ұлға да қажет заттар бар ма? Көптілділік: танысу знакомитьсяto meet Сергіту жаттығуы:

Сағаттың тіліндей Иіліп оңға бір, Сағаттың тіліндей Иіліп солға бір.

Алға қарай – бір адым, Артқа қарай – бір адым. Жоғары-төмен қарайық, Орнымызды табайық.

Әліппе-дәптермен жұмыс:

2-тапсырма. Серуенге шығарда киінуді алдымен неден неден бастайсың? Нөмірлеп көрсет.

Тілші:

– Балалар, сендердің ақылды, білімді, ұқыпты екендеріңді байқадым. Сендермен уақытым өте қызықты өтті. Енді сендер туралы мақаламды жазуға кірісейін. Қош-сау болыңдар, балалар!

– Сау болыңыз!

 

 

Қуыршақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көк түсті, қызыл түсті конверт,

ұл бала мен қыз баланың киімдері

 

 

Әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

12

 

  – Кездескенше күн жақсы болсын! Жаңылтпашты жаңылмай айтайық: Көк көйлек, көк көйлек,

Дәл өзіме дөп көйлек.

Педагог жаңылтпашты қатты, ақырын айтуды ұсынады. Балалар барлық дыбысты анық айтуын қадағалау. Мақал сөздің мәйегі:

Анасына қарап қыз өсер, Әкесіне қарап ұл өсер.

Педагог балалармен бірге мақалдың мағынасын талқылайды.

Әліппе-дәптермен жұмыс:

3-тапсырма. Өз автопортретіңді сал.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия.

28-30 минут

Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды.

(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.

Балалардан дәптерді түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:

Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;

Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен.

Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар

 

 

№2

 

ТАҚЫРЫБЫ: Мен үлгілі баламын Мектеп/ МДҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ: Қатысқандар саны: Қатыспағандар:
ҰОҚ оқытылу мақсаты 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау

0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану

0.1.3.1 Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау 0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру

Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстайды.
Көпшілік тәрбиеленушілер: Суретке қарап сөйлем, әңгіме құрап айта алады. Қарама-қарсы сөздерді қолдана алады.
Кейбір тәрбиеленушілер: Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжайды.
Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: Әңгіме құрап айта алады. Қарама-қарсы сөздерді ойын барысында қолдана алады.

Көптілділік: үлгілі примерный goody Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Қарама-қарсы, мақал сөздің мәйегі

Пікір алмасу сұрақтары: Үлгілі бала қандай болады?

Аналары жұмыстан келгенде не істейді деп ойлайсыңдар? Қайсысының анасы қандай көңіл күйде болады?

 

 

 

13

 

Өткен ҰОҚ алған білім Күн тәртібін және оның маңызды екенін біледі. Ненің дыбысы екенін ажырата алады.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Мақсатты болжам. 3-5 минут

(Ұ) Педагог балаларды ортаға, шаттық шеңберіне шақырады.

Балалар педагогпен бірге өлең жолдарын қайталайды.

Мен үлгілі баламын, Айтқан тілді аламын.

«Жина,- десе, — ойыншықты», Өзім жинап қоямын.

Ініме де көмекке Бірінші боп барамын. Төсекті өзім жинаймын, Үлкендерді сыйлаймын. Айтқан тілді аламын, Мен үлгілі баламын.

– Балалар, үлгілі деп қандай баланы айтамыз? – Біздің арамызда үлгілі бала бар ма?

– Кімнің үлгілі бала болғысы келеді? – Ол үшін не істеу керек?

– Өздерің үлгі алатын аға, әпкелерің бар ма?

– Олардың қандай қасиетін үлгі тұтуға болады? Балалар достарының арасынан үлгілі балаға лайықтыларды атайды.

 

 

Көңілді ырғақты әуен Сылдырмақ

ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс 6-27 минут Көптілділік: үлгілі примерный exemplary Педагог: Үлгілі бала жан-жақты болуы керек. Таза жүріп, ұқыпты болғанымен, ойыншығын жинамаса немесе анасына көмектеспесе, ол бала үлгілі балаға жатпайды. Үлгілі баланың сабақ үлгерімі жақсы, ұқыпты, кішіпейіл, досына да көмек бере біледі.

Мен сендерге «Нағыз дос» деп аталатын әңгіме айтып беремін. Мұқият тыңдаңдар.

Нағыз дос

Ерлан мен Дидар жақын достар, олар көрші тұрады, ата-аналары да бір-бірін жақсы таниды. Екеуі кішкентай кездерінен бірге ойнайды, бірге серуендейді. Бірде серуеннен келе жатқан екеуінің алдынан үлкен ит шығып, Ерланға бас салды. Педагог:

— Балалар Ерлан мен Дидардың оқиғасын өз ойларыңмен жалғастырыңдар, әрі қарай не болды деп ойлайсыңдар? Оқиға немен аяқталуы мүмкін? — Дидардың орнында болсаң, сен не істер едің? (Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс:

1-тапсырма. Суреттерді қара. Өзіңе ұнаған суретті таңда. Ол туралы әңгіме құрастыр. Балаларға ат қой. Қай баладан үлгі алуға болатынын айт. Бірінші суреттегі бала не істеп жатыр?

Ол қандай бала? Гүлдің қандай пайдасы бар? Аулада өсетін гүлдерді қандай гүлдер дейміз? Тағы қайда өсетін гүлдерді білесің?

Екінші суретте не көріп тұрмыз?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

14

 

 

  Қыз не істеп жатыр?

Атаға кім орын берді, ол қандай іс жасады?

Қыз не оқып отыр? Ал сендер кішіге қамқор бола білесіңдер ме?

Дидактикалық ойын: «Қарама-қарсы сөзді айт». Ойынның шарты: Педагог допты кез келген балаға лақтырып, бір сөз айтады, допты қағып алған бала сол сөзге қарама-қарсы сөз айтып, допты кері лақтыруы керек.

Мысалы: Жина — шаш

Ақылды — ақымақ Ұзын — қысқа Тәртіпті — тәртіпсіз Ұқыпты — ұқыпсыз Пысық — жалқау Жаман — жақсы Ыстық — суық

Жат — тұр Қатты — жұмсақ

Сергіту жаттығуы:

Орнымыздан тұрамыз, Қолды белге қоямыз. Бұрыламыз оңға бір, Бұрыламыз солға бір. Біз үлгілі баламыз,

Гүл-гүл жайнап жанамыз. Жаттығулар жасасақ, Жақсы сергіп қаламыз.

Әліппе-дәптермен жұмыс:

2-тапсырма. Суретке қарап әңгіме құра, қай баладан үлгі алуға болады?

Үйге келген соң аналары не істейді деп ойлайсың? Қайсысының анасы қандай көңіл күйде болады? Сөздік жұмыс:

Мұнтаздай – кіршіксіз, тап-таза.

3-тапсырма. Мақалдардың мағынасын түсініп ал:

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Жақсы болу өз қолыңда.

Атадан жақсы ұл туса, Елдің қамын жейді. Атадан жаман ұл туса, Елдің малын жейді.

Педагог мақалдың мағынасын сұрайды, түсіндіреді. Балаларға қайталата отырып жаттады.

Ойын-жаттығу: «Мен орындай аламын».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15

 

IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия.

28-30 минут

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды.

(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.

Балалардан допты түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:

Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;

Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен.

Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар

 

ҰЗАҚМЕРЗІМДІ ЖОСПАР

 

«СӨЙЛЕУДІ ДАМЫТУ» ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНЕ АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

 

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің (ҰОҚ) тақырыбы  

Мақсаттары

I. Мен кіммін және қандаймын?  
1. Кел, танысайық! 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау 0.1.6.1 Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолдана білу

0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу

0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу

2. Мен үлгілі баламын 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау 0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану

0.1.3.1 Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау 0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру

3. Өскенде мен кім болам? 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау 0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу

0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру

0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу

4. Отан деп соғады жүрегім 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау 0.1.4.1 Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолдана білу

0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру

0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу

II. Мектепке не үшін барамыз?  
5. Кітап – алтын қазына 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау 0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу

0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру.

0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу.

6. Мен білімді баламын 0.1.3.1 Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау 0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру

0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу

 

JOSPARIK.KZ Күнтізбелік жоспар, сабақ жоспары, ОМЖ, ҚМЖ. Поурочные планы, план-конспект. ОМЖ, КМЖ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code