2.Қысқамерзімді жоспарлау

 

1 ҰОҚ

 

 

 

1-тарау. Мен кіммін жəне қандаймын? ТАҚЫРЫБЫ: Кел, танысайық!Сөйлеу Мектеп/МҰ:
Саны: Педагогтің аты-жөні:
СЫНЫП-ТОП:

                                                                            

Қатысқандарсаны:

                                        

Қатыспағандар

 саны:                            

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары 0.1.2.1 Сөйлемнің мағынасын түсіну.

0.1.2.2. Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтару.

0.1.4.1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым-қатынас                      құралдарын    (ым-ишара,                               қимыл),            сөздерді (кешіріңіз, тыңдаңызшыжəне т.б.) қолдану.

Күтілетін нəтиже  

 

Барлық тəрбиеленушілер:

Тыңдалған материал негізінде сұрақтарға жауап береді. Суреттің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. Сөйлеудің не үшін қажет екенін ұғынады.

Ауызша, жазбаша сөйлеу түрлерін ажыратады.

Адамдардың сөйлеу тəсілінің əртүрлі болатынын біледі (ауызша, жазбаша, қимылмен).

Көпшілік тəрбиеленушілер: Сөйлеудің не үшін қажет екенін айтады. Сөйлемнің мағынасын түсінеді.

Өзі туралы толық айтып берді.

Досымен қалай танысқанын əңгімелейді.

Жазбаша сөйлеу түрін қолмен жазу, компьютермен жазу арқылы жүзеге асыруға болатынын біледі.

Кейбір тəрбиеленушілер:

Мазмұндау барысында өзіне таныс жағдайды əңгімелейді. Бір-бірімен ым-ишарамен сөйлеседі.

Тілдік мақсат Тəрбиеленушілер:

Сурет бойынша сұрақтарға толық, анық жауап береді. Өзі туралы айтып береді.

Өзара диалог құрады.

Ым-ишара арқылы бір-бірімен сөйлеседі.

Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Құлаққап (наушник), пернетақта (клавиш).

 

 

 

 

23

 

  ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл: Пікір алмасу сұрақтары:

Қандай жақсы сөздерді естідің?

Сенде өзіңді таныстыр. Неше жастасың? Əнуар сөзді қалай тыңдады?

Айгүл мен Əлия бір-бірімен қалай сөйлесті? Балалар өз ойын достарына қалай жеткізді?

Балалардың қимылына қарап не айтып тұрғанын түсіндің бе?

 

Өткен ҰОҚ бойынша алған білімі

Мектеп ауласы, күз мезгілі туралы пікірлесіп, балалармен қалай танысқаны туралы айтады.

Сөйлеу туралы мағлұмат алып,       ауызша, жазбаша сөйлеу түрлерімен танысады. Балалар сөйлеудің əр түрін қолданып, сөйлесіп оқу қызметін қорытындылайды.

Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жұмыс түрлері Ресурстар
I. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.

 

0–2мин.

 

 

 

 

 

 

II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.

 

3–5 мин.

Педагог балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, бір-біріне жылы сөздер айтқызады.

Балалар өздеріне ұнайтын жақсы тілектерін айтады.

Шаттық шеңбері

– Кəне, барлығымыз бір-бірімізге көтеріңкі көңіл күй сыйлайық. Бүгінгі күнді жақсы өлең жолдарымен бастайық.

 

Күлімде күн, күлімде, Жер жасарып көгерсін. Кешегідей бүгін де,

Қанат қақсын көгершін.

 

(Ұ) Ойын: «Жануарларды қимылына қарап анықта!»

Шарты: Ортаға бір бала шығады. Педагог ортадағы баланың құлағына кез келген жануардың (қоян, ит, мысық, аю, қасқыр) атын атайды. Бала естіген жануарын балаларға түсінікті болатындай қимылмен көрсетеді. Қалған балалар ортадағы баланың қимылына қарап, қандай жануар екенін табады. Бірінші тапқан бала ойынды ары қарай жалғастырады. Балалардың ым-ишара арқылы сөйлеуге, бір-бірін түсінуге болатыны туралы түсініктері кеңейеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Əліппе-дəптер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

24

 

ҰОҚ-ның ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс

6 – 27мин.

(Ұ, Ж)Əліппе-дəптермен жұмыс. 1-тапсырма

– Балалар мектеп ауласынан кімдерді көріп тұрсыңдар?

– Балалар қандай киім киген?

– Олар бір бірімен қалай амандасты? – Балалар бір-бірімен қалай танысты? – Олардың жастары нешеде?

– Қыздар жапырақтан не жасады?

 

Сұраққа жауап толық жауап береді. Танысу туралы өз ойларын айтады. 2-тапсырма.

Балалар суретке қарап Əнуардың не айтып отырғанын жəне Айгүл мен Əлияның қалай сөйлесіп тұрғанын айтады.

– Əнуар сөзді қалай тыңдап отыр?

 

– Айгүл мен Əлия қалай сөйлесіп отыр?

 

Сұраққа жауап бере отырып, балалар сөйлесудің түрлерімен; ауызша жəне жазбаша болатынын түсінеді. Сөйлеудің адам өміріндегі маңызын балалар сұрақтарға жауап бере отырып анықтайды. Сөйлеу арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасайтынын, бір-бірімен түсінісетінін біледі. Сөйлеу дегеніміз оқу, жазу, сұраққа жауап беру екенін біледі. Сонымен қатар қимыл арқылы өз ойыңды білдіруге болатынын түсінеді. Өз ойымызды ақырын сыбырлап жəне айғайлап жеткізетінімізді біледі.

Бой сергіту жаттығуы: «Би билейміз» əнін қимыл-қозғалыспен орындайды.

Иілеміз оңға бір, иілеміз солға бір.

Бір анда, бір мұнда, өзіңді-өзің айнала. Бас аяқты – топ, топ, топ,

Шапалақта – хоп, хоп, хоп.

Бір анда, бір мұнда, өзіңді-өзің айнала. Басымызды иеміз, би билейміз, күлеміз, Бір анда, бір мұнда, өзіңді-өзің айнала.

(Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс 3-тапсырма

Бірінші суреттегі баланың іс-əрекетін айтады. –Бала қағазға не жазып отыр? Ол нені қолданды?

Екінші суреттегі қыздың іс-əрекетін айтады.

 

– Қыз компьютерге не жазып отыр?

 

Əліппе-дəптер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Əліппе-дəптер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Музыкалық сүйемелдеу.

 

 

25

 

   

– Жазу үшін не қолданды?

 

Екі суретті салыстырып, өз ойымызды жазбаша білдіруге болатыны туралы қағазға жазу арқылы жəне компьютерге жазып пошта арқылы хат жіберіп сөйлесуге болатынын біледі.

4-тапсырма

 

Балалардың қимылына қарап не айтып тұрғанын табады.

Балалар бір-бірімен суреттегідей ымдап сөйлеседі.

5-тапсырма

 

Мектепте қандай оқу құралдарды қолданамыз? Олар бізге не үшін қажет?

Балалар тек жазу құралдарын белгілейді.

 

Педагог балаларға қарындашты дұрыс ұстау тəсілін көрсетіп , орындықта кеудесін көтеріп дұрыс отыру керек екенін түсіндіреді. Орындықта дұрыс отырмаудың салдарынан

омыртқа жотасының қисаятынын айтып, көрнекі суреттерді көрсетуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Партада дұрыс отырған баланың суреті.

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия.

 

28-30 мин.

Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды.

Кімге оқу қызметі ұнады?

Балаларға сөйлесудің қандай түрі ұнады?

Сенің ойыңша, достарыңмен қалай танысу керек? (Ө)Рефлексивті бағалау: Балалар өз жұмыстарын смайликтерар қылы бағалайды.

 

Əліппе-дəптер

 

 

2 ҰОҚ

 

 

 

ТАҚЫРЫБЫ: Біздің ойындарымыз. Сөйлем Мектеп/МҰ:
           Саны:                               

СЫНЫП (ТОП):

           Педагогтің аты-жөні:
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары 0.1.2.1. Сөйлемді ажыратып, оның мағынасын түсіну, оларды үлгінің көмегімен жəне ұсынылған үлгілер негізінде жазу. 0.3.1.1. Сөйлем сызбасын құру.
Күтілетін  

 

 

 

26

 

нəтиже Барлық тəрбиеленушілер:

Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады.

Сөйлемнің неше сөзден тұратынын айтады. Сөйлем сызбасын салады.

Сіріңкемен шаршы салып, сөйлем құрайды.

Көпшілік тəрбиеленушілер:

Сөйлемнің мағынасын түсінеді. Əңгіменің неше сөйлемнен тұратынын анықтайды.

Шаршы арқылы сөйлемнің құрамын анықтайды. Үзік сызықтармен сөйлем құрайды.

Кейбір тəрбиеленушілер:

Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Сөйлем сызбасын оқиды.

Сөйлем сызбасын құрастырады.

Тілдік мақсат Тəрбиеленушілер:

Сурет бойынша сұрақтарға толық, анық жауап береді. Достарымен ойнайтын ойын түрлерін атайды.

Өзара диалог құрайды.

Сызба арқылы сөйлемнің неше сөзден тұратынын анықтайды.

Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Шахмат, скейт, батпырауық.

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

-Суретте не болып жатыр деп ойлайсың?

-Қораптың ішінде қандай ойыншық болғанын қалайсың? — «Классик» (мак) ойыны қалай ойналады?

-Скейт жасау білесің бе?

— Сіреңкенің қауіпті зат екенін білесің бе? — Сөйлем неше сызбамен берілген?

 

Өткен ҰОҚ-дан алған білім

Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады.

Сөйлем ішіндегі сөз санын ажырата біледі. Сіріңкенің қауіпті екенін түсінеді.

Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жұмыс түрлері Ресурстар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

27

 

II. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.

 

0–2мин.

 

II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.

 

3–5 мин.

ҰОҚ-да жұмыс жасау үшін педагог жағымды атмосфера туғызады. Əрбір тəрбиеленуші өздеріне ұнайтын өз бойларындағы жақсы қасиеттерін айтады.

 

Айтамыз алғыс қайталап, Тыңдайды бізді шартарап. Өмір сүру – бір бақыт.

Дос бола білу – шын бақыт!

 

(Ұ)Педагог əртүрлі пішіндерді беріп, əр пішіннің неге ұқсайтынын сұрай отырып, балалардан қолдарын жоғары көтеріп пішіндер жасауды өтінеді.

Балалар қолдарын жоғары көтеріп, алақандарын біріктіріп үшбұрыш, қолдарын жоғары көтерген қалпы шеңбер жəне қайтадан бастапқы қалыппен қолдарын жоғары көтеріп шаршы жасауды үйретеді, балалар қимылдарды 2-3 рет қайталайды.

 
ҰОҚ-ның ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс

6 – 27мин.

(Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс.

1-тапсырма. Сурет арқылы сұраққа жауап береді. – Суретте не болып жатыр деп ойлайсыңдар?

– Суреттен не көріп тұрсыңдар?

– Балалар қандай ойын ойнап жүр?

– Мысық пен тышқан ойынын ойнау білесіңдер ме?

– Саған тышқан болу ұнай ма?

– Өзің қандай ойынды ұнатасың?

–    Ол ойын үшін қандай құралдар керек? Балалар шағын əңгіме құрайды.

–    Досына доп бермеген Досан қандай бала?

2-тапсырма. Қораптың ішіндегі заттарды табады. Балалар қораптың ішіндегі затты табу үшін өз ойларын айтады.

Əліппе-дəптерде берілген 3 сөзді сөйлем сызбасы бойынша оқушылар өз ойларын 3 сөзден тұратын сөйлеммен айтады. Мысалы: Қорапта қуыршақ бар. Қорапта текше бар. Қорапта мəшине бар. Сөйлем құрастырғандарын, сөйлемнің сызбаға сəйкес 3 сөзден тұратынын айтады. Сөйлем туралы түсініктері қалыптасады.

3-тапсырма. «Қызық ойын» өлеңін педагог мəнерлеп оқып береді. Балалардың тыңдағаны бойынша не түсінгені анықталады. Педагогтің айтқанын қайталай отырып, балалар жаттап алады. Бұл өлеңді сергіту жаттығу ретінде пайдалануға болады.

Біздің ойын қызықты! (Құшақтарын жазып екі жаққа ырғалады).

 

Əліппе-дəптер.

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөйлем сызбасы сызылған плакат.

 

 

28

 

  Мак!Мак!Мак!

Басып кеттім сызықты. (Аяқтарын кезек көтеріп, біраяқпен секіреді).

Қап!Қап!Қап!                            (Ұ. Есдəулет)

 

Өлеңді балалар қимылмен 2-3 рет қайталап есте сақтайды.

– Сендер скейтпен сырғанап көрдіңдер ме? – Скейттің пішіні қандай?

–    Оны қырынан қарағанда неге ұқсайды?

4-тапсырма. Ермексаздан скейт бейнесін жасау. Скейттің ойын құралы екенін айтып, оның бейнесін сипаттайды.

5- тапсырма. Сурет бойынша əңгіме жүргізу. Сіріңкемен ойнауға болмайды деген қорытынды пікірге əкелуге жетелеу.

–    Немен ойнауға болмайды?

–    Балалар қораптың ішінде не бар? –    Сіріңке неге қауіпті?

Үш-төртсіріңке қорабын қатар қойып, тақырыпқа байланысты үш-төрт сөзден тұратын сөйлем құрастырады.

6-тапсырма. Сөйлем сызбасы үстінен қарындашпен бастырады. Қолдарын үзбей сызуға жаттығады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Скейттің суреті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Əліппе-дəптер.

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия.

 

28-30 мин.

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды.

(Ө) Рефлексивті бағалау– өз жұмыстарын смайликтер бойынша бағалап қорытындылайды.

Əліппе-дəптер

 

  1. Ұзақмерзімді жоспарлау

 

«Сауат ашу негіздері» ұйымдастырылған оқу қызметіне арналған тақырыптық жоспар

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің (ҰОҚ) тақырыбы Мақсаты
1  

1-тарау. Мен кіммін жəне қандаймын?

Кел, танысайық! Сөйлеу

0.1.2.1 Сөйлемнің мағынасын түсіну

0.1.2.2.        Тыңдалған       материал       негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтару

0.1.4.1    Сөйлеу    барысында    дауыс               ырғағын сақтап,        вербалды  емес        қарым-қатынас нұсқаударын     (ым-ишара,     қимыл),     сөздерді (кешіріңіз, тыңдаңызшы жəне т.б.) қолдану

2 Біздің ойындарымыз. Сөйлем 0.1.2.1. Сөйлемді ажыратып, оның мағынасын түсіну, оларды үлгінің көмегімен жəне ұсынылған үлгілер негізінде жазу.

0.3.1.1. Сөйлем сызбасын құру.

3 Біз – өнерлі баламыз. Сөйлем түрлері 0.1.2.2. Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтару. 0.1.2.3. Сөйлемдерді интонация бойынша ажырата отырып (хабарлы, сұраулы, лепті), сөйлеу барысында қолдану.

0.3.2.1. Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қою: нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі.

4 Мен білетін жақсы сөздер. Сөз 0.1.2.1. Сөз бен сөйлемді ажыратып, сөздің, сөйлемнің мағынасын түсіну.

0.3.1.1 Сөз, сөйлем сызбасын құру, оларды үлгінің көмегімен жəне ұсынылған үлгілер негізінде жазу

0.1.4.1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым-қатынас нұсқаударын (ым-ишара, қимыл), сөздерді (кешіріңіз, тыңдаңызшы! жəне т.б.) қолдану 0.3.3.1 Жазу бетін бағдарлау, жазу жолын, жоларалық кеңістікті ажырату, тор көз дəптерге кең сызықтар, əріп элементтерін жазу

5 Бəріміз тақпақ айтамыз. Буын 0.1.1.3 Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау

0.2.1.1 Сөз/сөйлем сызбасын оқу.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап,

 

JOSPARIK.KZ Күнтізбелік жоспар, сабақ жоспары, ОМЖ, ҚМЖ. Поурочные планы, план-конспект. ОМЖ, КМЖ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code