Пәні: Сауат ашу

Класы : 1 «ә»

Оқулық авторлары:  Ә.Е. Жұмабаева, Г.И.Уайсова, Г.Т. Сәдуақас, М.Н. Оспанбекова

Баспа: «Атамұра»  2016 жыл

«Сауат ашу» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 6 сағат, оқу жылына 198 сағатты құрайды.

«Сауат ашу» пәнінің мақсаты – айтылым, тыңдалым, жазылым және оқылым дағдыларын қалыптастыру үдерісі арқылы функционалды сауаттылығының негізін қалап, білім алуға  ынталы жеке тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.

Алға қойылған осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер шешілуі көзделеді:

— қазақ әліпбиіндегі әріптермен (баспа және жазба түрі, бас әріп және кіші әріп) таныстыру;

— әріптен буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрап оқуға және жазуға дағдыландыру;

— оқу дағдысы (дұрыс, мәнерлеп, шапшаң және түсініп оқу) мен жазу дағдысын (қатесіз, сауатты, таза, каллиграфия ережелерін сақтай отырып жазу) қалыптастырып, жетілдіру;

— тілдік бірліктер (дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтін) және орфография, пунктуация туралы қарапайым түсініктерді меңгерту;

— кітап оқуға қызығушылығын тәрбиелеу;

— қарапайым талдау жасау тәсілдерін меңгерту арқылы салыстыру, топтастыру, жүйелеу біліктерін дамыту;

— сөйлеу және қарым-қатынас жасау мәдениеті нормаларын сақтауға дағдыландыру;

— сөздік қорын байыту және белсендіру, байланыстыра сөйлеу тілін дамыту;

— туған тіліне, тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;

— коммуникативтік дағдыларын (диалог барысында басқа адамның сөзін ести және тыңдай білуін, диалогке/сұхбатқа қатысуға дайын болуын, әркімнің өз көзқарасы мен пікірі болатынын түсінуін; өз пікірін айқын да дұрыс және толық жеткізе білуін) қалыптастыру;

— алған тілдік білімі мен дағдыларын жеке қарым-қатынас тәжірибесінде, күнделікті өмірлік жағдаяттарда қолдануға үйрету;

— оқушыны өз іс-әрекетін адамгершілік, ізгілік тұрғысынан ұйымдастыруға және жауапкершілікпен  қарауға тәрбиелеу.

 

Дыбыс және әріппен таныстыруға бөлінетін сағат санын білім алушылардың оқу материалын, оқыту мақсаттарын меңгеру мен әр кезеңнің тапсырмаларын орындау деңгейіне байланысты мұғалім өзі реттеуі мүмкін.

Оқу жылының соңында оқу жылдамдығының нормасы: минутына 25 сөз және белгі;  бірінші жартыжылдықта оқу техникасы тексерілмейді. 1-сыныптар үшін жазба жұмыстарының нормасы Бірінші жартыжылдықтың соңында: айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді (3-5 сөз), сөйлемдерді (2-3 сөзден тұратын) жазу; баспа әріптермен берілген мәтінді (10-15 сөзден артық емес) көшіру жұмыстарын орындай алуы тиіс.  Екінші жартыжылдықтың соңында: 1) күрделі, айтылуы мен жазылуы әртүрлі сөздерді, құрамында  дауыстылар, ұяң, үнді және қатаң дауыссыздар, йотты дауыстылар кездесетін сөздерді тыңдау арқылы жазу (8-10 сөз);  2) сөйлемдерді (3-4 сөзден тұратын), шағын мәтіндерді (10-15 сөз және белгі) тыңдау арқылы жазу; 3) сұрақтарға жауап жазу арқылы мәтіннің мазмұнын  жеткізу (15-20 сөз және белгі); белгілі бір тақырыпқа сөйлемдер құрастыру және жазу (2-4 сөйлем) жұмыстарын орындай алуы керек.

 

 

Сауат ашу

Аптасына – 6 сағат.Барлығы – 198 сағат

Бөлім Оқу мақсаттары Сабақ саны Сабақтың тақырыбы Оқулық беті Дәптер беті Сағат саны Мерзімі
      

 

      І тоқсан     48 сағат

 Әліппеге дейінгі кезең  

 

 

   

 

 
 І.Өзім туралы 1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді  (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну

1.1.5.1 түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдану

1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу

1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты,

дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұ рыс дыбыстау

1.1.9.3 сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау

1.1.7.1 тыңдалған мәтінге  өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды)

1.2.1.1 сөз/сөйлем сызбасын оқу.

1.3.11.1 сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою

1.1.6.1 сөйлеу барысында сипаттау/салыстыру сөздерін, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдану)

1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша  қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен)

1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту

1.1.9.2 дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну

1.3.4.1 мұғалім көмегімен оқыған/тыңдаған  мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу

1.1.2.1 мұғалімнің көмегімен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау

1 Сәлем саған,мектебім!Сөйлеу. 4 3 1 2.09

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code