Қысқамерзімді жоспарлау

 

 

№1 ҰОҚ. Тақырыбы: Танысу. Не қайда орналасқан? Мектеп/МҰ:
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Мектепалды сынып/топ Қатысушылардың саны: Қатыспағандардың саны:
Оқыту мақсаттары 0.1.1.2.Кеңістікте бағдарлану: сол жақ, оң жақ, үстінде, астында, алдында (алды), артында, (арты), жақын, арасында, қасында.
Күтілетін нəтижелер Барлық тəрбиеленушілер:
-сол жақ, оң жақ, үстінде, астында, алдында (алды), артында, (арты), жақын, арасында, қасында деген сөздерді пайдалана отырып, кеңістікте фигуралар мен заттардың орналасуын сипаттайды.
Көптеген тəрбиеленушілер:

— орналасуы бойынша көрсетілген заттар мен фигураларды табады.

 
Кейбір тəрбиеленушілер:

-өз бетінше ойыншықтардың (мысалы мəшинелердің) қозғалыс бағдарларын түсіндіреді жəне педагогтің тапсырмасы бойынша оларды өзгертеді жəне сипаттайды.

Тілдік мақсаттар Дағдыларын дамыту:

-өзі сұрақ қойғанда жəне педагог пен тəрбиеленушілердің сұрақтарына жауап берген кезде заттардың кеңістікте орналасуын сипаттайтын сөздерді пайдалана алады;

-заттардың кеңістікте орналасуы туралы өзі сөйлем құрастырады. Пəндік лексика жəне терминология:

сол жақ, оң жақ, үстінде, астында, алдында (алды), артында, (арты), жақын, арасында, қасында.

Пікір алмасуға арналған сұрақтар: … қайда орналасқанын айт?

Сурет бойынша ненің қайда орналасқанын түсіндіре аласыңдар ма? Кеңістікте орналасуды сипаттауға саған қандай сөздер көмектескенін түсіндір.

Жазу: сол жақтағы, жоғарыдағы жəне т.с.с. заттарды боя, қорша.

Алдыңғы білім Заттардың кеңістікте орналасуы туралы білім жəне геометриялық фигуралар мен денелердің атауы.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-əрекет Ресурстар
Басталуы 0–5 минут Ынталандыру.

ҰОҚ-нің тақырыбы бойынша педагог «Қателеспе» ойынын ұсынады.

Педагог балаларға ойын өткізген кезде мұқият болып,

Ойынды сүйемелдеуге арналған көңілді əуендер.

 

 

 

 

13

 

  қателеспеуге жəне тапсырмаларды жылдам орындауға тырысу керек екенін хабарлайды.

Педагог балаларға оң қолын, содан кейін сол қолын жоғары көтеруді (қателескендерді түзетеді), содан кейін ретімен қолдарын төмен түсіруді ұсынады. Əрі қарай алға – артқа, оңға – солға бағыттарын меңгертеді. Содан соң балалар педагогтің нұсқауы бойынша музыкамен көрсетілген бағыттағы қозғалыстарды орындайды. Бұл «Буги-вуги» ойыны болуы мүмкін.

Өзектендіру.

Педагог:«Кім қателескен жоқ, неге?» – деп сұрайды. Ойын кезінде айтқан сөздерді қайталайық: оң жақ, сол жақ, алдыға, артқа.

Бүгін біз бір-бірімізбен танысамыз. Біздің кім екенімізді жəне қандай екенімізді көрсетеміз.

 
Ортасы

6 –15 минут

Мақсат қою (проблемалық жағдай).

(Ұ)Педагог тəрбиеленушілердің бірінің көзін байлайды. Ойыншықты басқа балаларға көрсетіп, көзін байлаған бала оны табу үшін ойыншықтың қайда тұрғанын суреттеп айтуларын       сұрайды.       Балалар                       заттардың   кеңістіктегі орналасуын сипаттау үшін дұрыс терминдерді таңдауда шатасады. Сол кезде педагог баланың көзіндегі орамалды шешіп, ҰОҚ-нің тақырыбын тұжырымдайды:

-Бүгінгі ҰОҚ-нде біз заттардың кеңістікте орналасуын білдіретін сөздерді қолданып үйренеміз: сол жақ, оң жақ, үстінде, астында, алдында (алды), артында, (арты), жақын, арасында, қасында.

Жаңалық ашу.

(Ұ) Педагог əліппе-дəптерді қарауды ұсынады. Педагог балаларға 1- тапсырмаға қарауды ұсынады. Сурет бойынша сұхбат жүргізіледі. Педагог:

–Суретте қыздың бөлмесі бейнеленген. Кереует, (үстел, орындық жəне т.б.) қайда тұрғанын айтыңдар.

–    Сурет бойынша ненің қайда орналасқанын түсіндіре аласыңдар ма?

–    Кеңістікте орналасуды сипаттауға саған қандай сөздер көмектескенін түсіндіре аласың ба?

 

Балалар əліппе-дəптердегі сурет бойынша белгілі бір затқа қатысты ненің қайда орналасқанын айтады. Өздері сұрақ қойған кезде жəне педагог пен балалардың сұрақтарына жауап берген кезде кеңістікте орналасуды сипаттайтын сөздерді пайдаланады.

Одан кейін балалар тапсырманы орындайды – заттарды орналасуына қарай көрсетілген түстерге бояйды.

Аспашам – жоғарыда, көк түсті, кроссовкалар – төменде, қызыл түсті жəне т.б.

«Құтан». Сергіту сəті

(Арқаларын түзу ұстап, қолдарын беліне қояды.

Орамал, №1 əліппе- дəптер, айна.

 

 

 

 

14

 

  Балалардың тізесі бүгулі, біресе оң аяғын, біресе сол аяғын ақырындап көтереді жəне ақырындап түсіреді. Арқаларын түзу ұстауды қадағалайды.)  
16–25 Жаңаны қолдану.

(Ж) №2 тапсырманы өзара тексерумен жұптық жұмыс түрінде орындауға болады. Балалар олардың əрқайсысы қандай бағыттарды бояйтыны туралы келісіп (мысалы, жоғары, оңға қарай), тапсырманы орындайды. Одан кейін бір-бірін тексереді.

(Т) № 3 тапсырманы орындау үшін, ол бірінші рет кездесіп отыр. Практикалық жұмыс ұсынуға болады. Педагог тапсырмада бейнеленген фигураларға ұқсас фигуралар дайындайды. Балалар фигураларды бірінің үстіне бірін қойып, оларды бояйды.

Балалар тапсырмалаларды орындау туралы кеңесуге, өз іс-қимылдарын сəйкестендіруге, өзара түсіністікке үйренеді. Сабақ соңында заттарды жасырып, ойынды қайталауға болады.

Ойынды ұйымдастыру үшін жүргізуші таңдаңыз немесе балаларды топтарға бөліңіз.

Тағы бір рет ойнаңыз. Кім дəлірек табады жəне дəлірек бағдарланады? Жеңімпаз командалар анықталады.

Əліппе-дəптер, Бір парақ қағаз. Фигуралар немесе ұсақ заттар, жиынтық полотно.
Рефлексия 26–30 Рефлексия.

Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.

Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликті салуға болады. Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.

Əліппе-дəптер

 

№2 ҰОҚ. Тақырыбы: Менің бөлмем. Қағаз бетінде бағдарлаймын. Мектеп/:МҰ
Күні: Педагогтің аты-жөні:
Мектепалды сынып/топ

                                                                          

Қатысушылардың саны:

                                                 

Қатыспағандардың

 саны:                                   

Оқыту мақсаттары 0.1.1.1.Қағаз бетінде бағдарлау, карточкалардағы геометриялық фигуралардың орналасуын сипаттау.
Күтілетін нəтижелер Барлық тəрбиеленушілер:
-сол жақ, оң жақ, үстінде, астында, алдында (алды), артында, (арты), жақын, арасында, қасында деген сөздерді пайдалана отырып, кеңістікте фигуралар мен заттардың орналасуын сипаттайды.
Көптеген тəрбиеленушілер:
— орналасуы бойынша көрсетілген заттар мен фигураларды табады.
Кейбір тəрбиеленушілер:

өз бетінше ойыншықтардың (мысалы мəшинелердің) қозғалыс бағдарларын түсіндіреді жəне педагогтің тапсырмасы бойынша

 

 

 

 

15

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16

 

  жақ, оң жақ, сол жақ бұрыш, оң жақ бұрыш, сол (оң) жақ төменгі бұрыш сөздері мен тіркестерінің мағынасын меңгеру үшін №5-6 кестенің үлестірмелі материалдарын пайдалануға болады. Педагог заттарды көрсеткен орындарға орналастыруды тапсырады (жоғарғы оң жаққа, төменгі сол жаққа жəне т.б.), бірақ барлық балалар тапсырманы бірдей орындай алмайды.

Жаңалық ашу.

(Ұ) Туындаған проблемалық жағдайды шешу үшін қағаз парағымен таныстыруды жүргізуге болады. Ол əдетте кəдімгі ақ парақпен таныстырудан басталады. Педагог балалардан сұрайды:

– Бұл не? (Қағаздың парағы.)

– Оның пішіні қандай? (Тіктөртбұрышты.) – Бұл қандай жағы?

Балалар жауап беруге қиналған жағдайда, педагог жалғастырады:

– Бұл жағы қайда орналасқан?

Сұрақтарды ретімен қоя отырып, балалар жоғарыда тұрған жағы – жоғарғы, төменде орналасқан жағы – төменгі, оң жақта орналасқан жағы – оң, сол жақта орналасқан жағы– сол жақ, жоғарыда сол жақта орналасқан бұрыш – сол жақ жоғарғы бұрыш, жоғарыда оң жақта орналасқан бұрыш – оң жақ жоғарғы бұрыш жəне т.б деп аталады деген қорытындыға келеді.

Парақ бойынша саяхат – «Сиқырлы парақ». Бір парақ пен бес қарындаш өмір сүріпті. Бір күні олар бірге ойнамақшы болыпты жəне қарындаштар парақ бойынша саяхатқа шығыпты. Бірінші болып сары қарындаш жөнеліпті, ол жоғарғы жағына барып, сары сызық сызыпты. Екінші болып қызыл қарындаш кетіпті, ол төменгі жағын тауып, қызыл сызық сызыпты. Оң жағын жасыл қарындаш, ал сол жағын көк қарындаш сызыпты. Парақтың ортасында қара қарындаш қалыпты, ол сол жерге үй салған екен. Бұрыштарды тең бөлуге шешім қабылдап, екі түспен сызыпты. Барлық қарындаштар үйге жиналып, тағы да қалай ойнасақ болады деп ойланыпты. Ойланып-толғанып, қуаласпақ ойнамақшы болып шешіпті. Жоғарғы жағында сары сызық сызылған жəне жоғары қарай сары қарындаш жүгіре жөнеліпті, төменге     қарай қызыл қарындаш, оң жаққа жасыл қарындаш, ал сол жаққа көк қарындаш жүгіре жөнеліпті. Содан кейін іштері пыспауы үшін қарындаштар екі-екіден жүгіріпті: оң жақ жоғарғы бұрышқа сары жəне жасыл қарындаштар жүгірді; сол жақ жоғарғы бұрышқа – сары жəне көк; оң жақ төменгі бұрышқа – жасыл жəне қызыл; ал сол жақ төменгі бұрышқа – сары жəне қызыл қарындаштар жүгіріпті. Ал қара қарындаш оларды ұстай алмай        қойыпты. Ойын     барысында                балалар    парақта бағдарлар бар екенін түсінеді: жоғары, төмен, оң жағы, сол жағы, парақтың ортасы.

Педагог балаларға əліппе-дəптердегі 1-тапсырманы

полотно. Үлестірмелі материалдар, №5-6 кесте.

 

 

 

17

 

  орындауды ұсынады. Балалар суретке қарайды, заттарды бояйды, олардың қайда орналасқанын түсіндіреді.

Ал одан кейін кері операция орындайды – суретте бейнеленген затты тауып, осы зат орналасқан бағытқа сілтейтін көрсеткішті бояйды.

Сергіту сəті. «Ұшақ»

Балалар аяқтарын алшақ қойып, қолдарын екі жаққа созып, оңға-солға бұрылады.

 
16–25 Жаңаны қолдану.

(Ө) Қағаз парағында бағдарлану білігін пысықтау үшін балаларға практикалық тапсырмалар беріледі: «қызыл дөңгелекті жоғарғы оң жаққа, көкті төменгі сол жақ бұрышқа орналастырыңдар». Балалардың тапсырманы орындағаннан кейін қандай да бір заттың орналасқан жері туралы айтуы маңызды.

Ж) Əліппе-дəптердегі 2-тапсырмада балаларға торкөздер бойынша қайталау, яғни үлгіге сəйкес торкөз парақтың ұсынылған               фрагментіне   нүктелерді                         қойып                шығу ұсынылады.

Əліппе-дəптердегі     3-тапсырмада     торкөздер     бойынша мəшиненің жолын салу керек, ол шартты белгілермен ұсынылған бағыттарда торкөздерді ретімен санай отырып жасалады.

Мұндай     жаттығулардың     маңыздылығына:     кеңістікте бағдарлай білуін бекіту, санау дағдыларын жетілдіру, өлшеу əрекетін енгізу – бір торкөз өлшем бірлігі ретінде қабылданатынын     түсіндіру.     Сонымен     бірге     балада мақсатқа     талпынушылық,     шыдамдылық,     тапсырманы қатесіз орындауға құлшынысы (өйткені олай болмаған жағдайда нəтиже болмайды: сурет шықпайды) дамиды. Егер бала ұзындығы əртүрлі жəне əртүрлі бағытта кесінділерді əжептəуір сенімді жүргізсе, жануарларды, ойыншықтарды, жиһаз заттарын        жəне т.б. салуға «дыбыстық» диктантқа өтуге болады.

(Ж) Осындай диктанттың үлгісі: Менің айтқаным бойынша сурет сал: 4 торкөз жоғары, 3 – төмен жəне т.б. Неғұрлым күрделі суреттерге көшуге асықпаңыз. Баланың жұмыстан жағымды эмоция алуы өте маңызды, сол кезде осындай жаттығуларға қызығушылық арта түседі. Осы кезеңде балалар үлгі бойынша фигураны өз бетінше қайталап салады. Жұмыс нүктелерін ересектер белгілейді. Электрондық жиынтық полотномен (№4) жұмысты ұсынуға болады. Педагог (немесе балалар) фигураларды орналастырып, ненің қайда орналасқанын айтады.

Əліппе-дəптер.

 

 

 

 

 

 

 

Электрондық жиынтық полотно (№4).

Рефлексия 26–30 Рефлексия.     Педагог     қорытынды     жасап,     балаларды мадақтайды.

Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.

Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликті салуға болады. Қателіктер аз

Əліппе-дəптер

 

 

 

18

 

  болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.  

 

Ұзақмерзімді жоспарлау. I жартыжылдық

 

 

Бөлім, бөлімше ҰОҚ-нің тақырыбы, өтпелі тақырып Оқыту мақсаттары
1-бөлім. Кеңістікте бағдарлану Мен кіммін жəне қандаймын?  
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1.Заттардың кеңістікте орналасуы

1.         Танысу.      Не     қайда орналасқан? 0.1.1.2. Кеңістікте бағдарлану: сол жақ, оң жақ, үстінде, астында, алдында (алды), артында, (арты), жақын, арасында, қасында.
2.         Менің бөлмем. Қағаз бетінде бағдарлаймын. 0.1.1.1.Қағаз бетінде бағдарлану, карточкалардағы геометриялық фигуралардың орналасуын сипаттау.
3.         Менің ойыншықтарым. Не қайда орналасқан? 0.1.1.1.Қағаз бетінде бағдарлану, карточкалардағы геометриялық фигуралардың орналасуын сипаттау. 0.1.1.2. Кеңістікте бағдарлану: сол жақ, оң жақ, үстінде, астында, алдында (алды), артында, (арты), жақын, арасында, қасында.
4.         Менің аулам. Не қайда орналасқан? 0.1.1.2.Кеңістікте     бағдарлану:     сол жақ,     оң     жақ,     үстінде,     астында, алдында     (алды),    артында,     (арты), жақын, арасында, қасында.
5.         Менің мерекем. Заттарды өлшемі (биіктігі, ұзындығы, қалыңдығы) бойынша салыстырамын. 0.1.1.3.Заттарды ені, биіктігі, жуандығы бойынша салыстырып, көлемдерінің арақатынасы көрсетілген заттарды табу, оларды өлшемдерінің өсу (кему) ретімен орналастыру.
6.         Менің ойыншықтарым. Заттарды салыстырамын жəне ретімен қоямын. 0.1.1.3. Заттарды ені, биіктігі, жуандығы бойынша салыстырып, көлемдерінің арақатынасы көрсетілген заттарды табу, оларды өлшемдерінің өсу (кему) ретімен орналастыру.
2-бөлім. Сан жəне санау Мектеп не үшін керек?  
2.1. Заттарды санау 7.         Анама көмектесемін. 5-ке дейін санаймын. 0.2.1.1. 20 көлеміндегі сандарды тура жəне кері санау.

0.2.1.2.     Заттарды     саны     бойынша салыстырып, олардың реттік нөмірін атау.

  8.         Айналамдағы заттарды санаймын.

1-ден 5-ке дейінгі сандар.

0.2.1.1. 20 көлеміндегі сандарды тура жəне кері санау.

0.2.1.2. Заттарды саны бойынша салыстырып, олардың реттік нөмірін атау.

 

Comments

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code