ҚысҚАМЕрЗІМДІ ЖОсПАрлАу

 

1.

 

тАҚырыБы: Мен табиғатты бақылай аламын ба?
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты 0.1.1.1. «Бақылау» ұғымын және оны өткізу кезеңдерін түсіну
Күтілетін нәтиже Барлық балалар:

•     бақылаудың не екенін айта алады;

•     бақылаушылардың немен айналысатынын айтады;

•     тірек сөздерді пайдалана отырып, сұрақтарды құрай біледі; •     қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтайды.

Көпшілік балалар:

•     бақылауды оқып-үйреніп жатқандарын айқындай алады (2-3); •     Әліппе-дәптермен жұмыс істей алады;

•     тәжірибенің не екенін айтады.

Кейбір балалар:

•     қосымша ақпаратты қолдана алады;

•     бақылаушылардың қызметін белгілі бір бақылаумен байланыстыра алады.

тілдік мақсат Балалар:

мультфильмнен үзінді көрген соң, белсенді диалогті қолдай алады;

талқылау барысында «қалай?», «неге?», «не үшін?», «ол немен байланысты?», «егер…, не болар еді?» сұрақтары бар сөздерді пайдалана алады;

суреттер бойынша сұрақтар құрастырады;

бақылаушылардың қалай жұмыс жасайтындары туралы пікірлеседі; бақылаушылар қызметінің алгоритміне анықтама жасай алады.

 

Көптілділік: жанды табиғат – живая природа – wildlife

 

  негізгі терминдер мен сөз тіркестері. Бақылаушы, тәжірибе, әліппе-дәптер. Ғажайыптар зертханасы.

Тәжірибе жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері.

Пікір алмасу сұрақтары.

Мына жануарларды бақылай отырып, адам не ойлап тапты? Білімге құштарлық – адам бойындағы жақсы қасиет пе?

Бақылаушылар өздерінің сұрақтарына жауапты қалай табады? Бақылаушының бойында қандай қасиеттер болуы тиіс?

Зертханада жұмыс жасағанда қандай ережелерді сақтау керек? Олардың ішінде қайсыларын біз сақтауымыз қажет?

Өткен ҰОҚ-дан алған білім Қоршаған әлемнің әртүрлілігі туралы түсініктері.

Жанды және жансыз табиғат нысандарына жүргізілген бақылаудың дағдылары.

Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет ресурстар
I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 мин.

II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам. 3–5 мин.

(Ұ) ҰОҚ-да жұмыс жасау үшін педагог жағымды атмосфера туғызады. Біреу кездескенде «Қайырлы таң!» деп амандасуды жай және даналықпен ойлап тапқан.

(Ұ) Әліппе-дәптердегі 4-5-беттердегі суреттер бойынша балалар ҰОҚ-да әңгіменің не жайында болатыны туралы болжамдайды. ҰОҚ-ның соңында жетуге тиіс мақсатты анықтайды (оған рефлексия кезеңінде қайта орала-ды).

 

 

 

 

Әліппе-дәптердегі сурет.

ҰОҚ-ның ортасы III. тақырып бойынша жұмыс 6 – 28 мин. (Ұ) «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмінен үзінді көру. Білімге құштарлық болмағанда – бізді қоршап тұрған заттардың көбі қазір болмаған болар еді деген түсінікті педагог балаларға қалыптастырады. Білу, сынау, ашу, жаңаны ойлап табуға талпыну – адамға тән қасиет. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мульт-фильмінен үзінді.

 

  Ежелгі кезден бастап адам табиғатты бақылаған, өзінің білімін жинақтап, оны балаларына тапсырып отырған.

(Ұ, Ө) Әліппе-дәптермен танысу: кейіпкерлермен, шартты белгілермен. (Ұ, т) Әліппе-дәптер (1-тапсырма).

Педагог балалардың еске түсіру қабілеттеріне сүйене отырып, суреттерге қарап, сөздерден сұрақтар құру біліктерін жетілдіреді.

Мысалы, Жұлдыздар неге құлайды? Күн неге жарқырайды? Шөл далада құмнан қалай сақтануға болады? Кемпірқосақ қай кезде шығады? Аралар балды қалай жасайды? Қандай бұлттардан жаңбыр жауады? және т.б.

(Ұ, т) Өзекті мәселелер.

Жануарларды бақылай отырып, адамның не ойлап тапқаны жайында педа-гог балалардың ойланып жауап берулерін сұрайды.

Қорытынды жасай отырып, балалардың былай түсінуіне әкеледі: Нәтижесінде балаларда мынадай түсініктер қалыптасады:

бақылаушы – жаңа білімдер тудыратын адам;

тәжірибе – бұл заттарды, табиғи құбылыстарды тану және зерттеу тәсілі. (Ұ) Динамикалық кідіріс.

Өзекті мәселелер.

Педагог балаларға бақылаушылардың қалай жұмыс істейтіндігі жайын-да болжам жасауларын ұсынады, бақылау мен зертханалық жұмыс тура-лы түсінік береді. Балаларға қорытынды тұжырым жасауға көмектеседі: бақылаушылар қоршаған ортада болып жатқан өзгерістерді бақылайды және тәжірибелер мен зертханалық жұмыстар жасайды.

Балалар зертханалық жұмыстарға арналған көп аспаптар тұрған бөлменің қалай аталатыны туралы болжамдар айтады.

т, Ұ) Тәжірибе, зертханалық жұмыс.

Педагог балаларды зертханаға шақырады, онда олар бақылаудың қандай болатыны жайында ақпарат алады.

Тапсырма: жанды және жансыз табиғатты анықтаңдар.

 

 

Әліппе-дәптер.

 

Әліппе-дәптер су-ретті материалы.

 

 

 

 

 

 

Тәжірибе жасап жатқан бақылау-шылардың сурет-тері.

Музыкалық сүйемелдеу. Аспаптар, зертхана картиналары.

 

ҰЗАҚМЕрЗІМДІ ЖОсПАрлАу «Жаратылыстану» бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар.

(Барлығы 32 сағ, аптасына 1 сағат)

 

 

 

 

Бөлім

 

Бөлімше

 

Оқу мақсаттары

 

ҰОҚ тақырыбы

сағат cаны
1 Жанды табиғат 1.1. Табиғат әлемін танудың қарапайым әдістері 0.1.1.1. «Бақылау» ұғымын және оны өткізу кезеңдерін түсіну 1. Мен табиғатты бақылай аламын ба? 1
      0.1.1.2. Табиғат нысандары мен құбылыстарына қысқа уақыт аралығын-да бақылау жүргізу 2. табиғат құбылыстарын қалай байқауға болады?  
      0.1.1.3. Алынған ақпаратты ұсыну және қорытынды жасау 3. Бақылау кезіндегі әсе-рің қандай? 1
      0.1.1.4. Педагогтің көмегімен болжам-дар жасау және оларды өздігінен топта шешу 4. тәжірибені қалай жасауға болады? 1
      0.1.1.5. Күнделікті өмірдегі табиғат ту-ралы білімнің маңыздылығын түсіндіру 5. табиғат деген не? 1
    1.2. Өсімдіктер әлемі 0.1.2.1. Өсімдіктің жанды табиғат бөлігі екендігін анықтай отырып, өсімдік тір-шілігіне қажетті жағдайларды анықтау 6. Өсімдік өсу үшін не қажет? 1
      0.1.2.2. Өсімдіктерді ағаштар, бұталар, шөптер тобына ажырату 7. Өсімдіктердің қандай түрлерін білесің? 1
      0.1.2.3. Бөлме және жабайы өсетін өсім-діктерді салыстыру 8. Қай өсімдік қандай жерде өседі? 1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.

 

 

Comments

  1. динара

    cәлеметсізбе! маған сабақ жоспары керек еді?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code