Тілдік мақсаттар туралы

 

Жалпы білім беретін мектептер пән мазмұны мен тілді оқып үйренуге тең қолдау көрсетілетін оқу ортасын құруға ұмтылады. Әр пәннің өз тілдік стилі бар, оны нақты бір пәннің «ғылыми тілі» деп атауға болады. Ғылыми тіл – пәннің мазмұнын оқып үйрену, ойлау қабілетін және пәндік мазмұнның негізгі ұғымдарымен жұмыс істеуді жақсарту үшін қолданылатын негізгі құрал. Оқушыларға олардың ғылыми тіл мен пән мазмұнын толық игеруі үшін білім алу үдерісінде үнемі қолдау көрсетілуі қажет. Үштілді білім беру контексінде бірінші ғылыми тілдің дамуы да тұрақты назарды талап етеді, сондықтан бірінші тіл арқылы оқуға жұмсалатын шектеулі уақыт тиімді және нәтижелі қолданылуы керек.

 

Тілдік мақсаттар ғылыми тілді үйрену үшін маңызды құрал болып табылады. Оқушылар үшін өздерінен не күтілетіндігін түсінуі тілдік мақсаттардың анық құрылуына байланысты. Сондай-ақ, тілдік мақсаттар мұғалімдер мен оқушыларға оқуға деген ынтаны қалыптастыруға, өлшеуге және қолдауға көмектеседі. Пән мазмұны мен ғылыми тілді оқытуды үнемі қатар назарда ұстайтын пән мұғалімдері оқушыларға үлгі көрсетіп, пән мен тілді  оқып үйренуге көмектеседі.

 

 

Ғылыми тілді оқып үйренуді қолдау үшін мұғалімдерге сабақ жоспарларына келесі оқу мақсаттарын жүйелі түрде қосу ұсынылады:

  • оқушылар назарын ғылыми тілге аудару (мысалы, пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін қажет терминология немесе тұрақты тіркестері бар лексиканы қолдану);
  • сабақта пән мазмұнының ұғымдарымен жұмыс істеуге қажетті жұмыс тілін қолдану (мысалы, топтық жұмыстар, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдау және пікірталас жүргізу үшін қажетті сөздер мен сөз тіркестері);
  • алдын ала оқыту, оның ішінде ең бастысы, пәнді оқуда дұрыс қолдана білу үшін қажетті терминология мен тіркестер жиынтығын қамтитын лексиканы алдын алаойдағы контексте қолдану;
  • оқушылардың тілдік төрт дағдының барлығын түрлі әрекеттерде (мысалы, оқылым-тыңдалым,оқылым-жазылым,оқылым-айтылым,тыңдалым-жазылымжәнет.б.)түрлі мақсаттарға қол жеткізу үшін қолдану;
  • оқушыларды диалог пікірталасқа қатыстыру (мысалы, оқушылардан қысқа жауаптарды қабылдамау және білімді ғана көрсететін сұрақтарды қоймау; оқушыларды өз білімін нәтижелі талқылау үшін пайдалануға ынталандыру, сондай-ақ оқушыларды Диалогке қатыса алуы үшін бай лексикалық қормен қамтамасыз ету);
  • тілге тән оқу дағдыларын дамыту (мысалы, таңдамалы түрде тыңдау, түсіндіру, металингвистикалық және метакогнитивтік танымды дамыту, басқа сөзбен айту, сөздікпен жұмыс істеу дағдылары);
  • тіл туралы сын тұрғысынан ойлауды дамыту(мысалы тілдерді салыстыру, оқушылардың тілді барынша нақты пайдалануына ынталандыру, тілді оқудағы жетістіктерді бағалау);
  • сабақтың басында тілдік мақсатты белгілеу және сабақтың соңында осы мақсат бойынша қол жеткізген жетістіктерді талқылау.

 

Тілдік мақсат үлгісі оқу жоспарының әр бөлімінде көрсетілген. Тілдік мақсат үлгісі сонымен бірге ғылыми тілдің құрамдас бөліктерін қамтиды, оны пайдалану мен есте сақтауға оқушылардың назарын аудару маңызды. Бұл құрамдас бөліктер келесі тақырыпшалармен көрсетілген:

(1) пәнге тән арнайы лексика және терминология,

(2) диалог/жазылым үшін қажетті сөз тіркестері. Берілген тіл оқушылар үшін түсінікті әрі анық болса, бұл олардың пәндік мақсаттар мен тілді оқудағы мақсаттарға қол жеткізуіне көмектеседі.

 

Тілдік мақсаттарды анықтау үшін келесі етістіктерді пайдалануға болады: саралау, санаттарбойынша, таңдау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, қарсы қою, көшіру, құрастыру, сынау, анықтау, суреттеу, әзірлеу, бағалау, түсіндіру, мысал келтіру, жорамалдау, негіздеу, келіссөздер жүргізу, болжау, өндіру, балама шешімдер ұсыну, себептерді түсіндіру, пысықтау, қайта ұйымдастыру, басқа сөзбен айту, мазмұндау, қайта қарап шығу, көшіріп алу, рөлдік ойындар ойнау, қорыту, синтездеу және жазу, түрлі мақсаттар үшін пайдалану, өз  сөзімен анықтама жазу, безендіру.

 

Тілдік мақсаттардың кейбірін пән мазмұнын оқу мақсаты деп те есептеуге болатынына қарамастан, мазмұн мен тілдің бөлінуі оқушылардың мазмұнға да, тілге де баса назар аударуына көмектеседі. Бұл, сондай-ақ, жауаптар мен шешімдер іздеу үшін қолданылатын үдерістермен салыстырғанда, жауаптарға/шешімдерге аударылатын назарды теңгерімге келтіруге көмектеседі. Атап айтқанда, осындай үдерістерге баса назар аудару тілдің нақты қолданылуы мен  ойлау әрекетінің жақсаруына көмектеседі.

 

Тілдік емес пәндерде оқыту мақсаттарының көпшілігі мазмұнға бағытталады, бірақ ең кемінде біреуі тілдік сауаттылықты дамытуға бағытталуы тиіс.

 

 

Жаратылыстану   Аптасына – 1 сағат, барлығы – 33 сағат

 

ОӘК бөлімі Тоқсан бойынша сабақ  

Сабақ  тақырыбы     

      (ОӘК)

                            Оқу  мақсаттары       ОӘК –індегі  беттер

 

сағат саны мерзімі Ресурстар
Оқулық Жұмыс дәптері      
                                                                          І  тоқсан
 

 

 

 

1

                           1A бөлім: Мен зерттеушімін. Ғылым мен зерттеушілердің рөлі. Табиғатты тану әдістері

 

 

 

    Мен зерттеушімін 1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары,үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру

1.1.2.1қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

 

3-8 3 1 7.09 Бөлме өсімдіктері,табиғи және жасанды заттар,сызғыш, таразы
                               2- бөлім. Тірі табиғат: Өсімдіктер
 

 

 

 

1 Өсімдіктер –тірі  ағзалар 1.2.1.1 өсімдіктердің негізгі сипаттамаларын және олардың өмірлік формаларын анықтау;

 

9-11 3-4 1 14.09 Жанды табиғат, жансыз табиғат, өсімдік, нысан
2 Өсімдіктердің  қандай  түрлері  болады ?

 

1.2.1.2 өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату

1.2.1.3 өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу;

1.2.1.3 жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді ажырату;

12-13

 

 

5-6

 

 

1 21.09 Өсімдіктердің суреттері, бөлме өсімдіктері, көгөністер мен жемістер
3 Өсімдік   қандай  бөліктері 1.2.1.2 Өсімдіктердің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау

1.1.2.2 Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу

14-15 7-8 1 28.09 Өсімдік суреттері, бөлме өсімдіктері, үрмебұршақ тұқымдары, стақандар, мақта
4 Өсімдіктердің  тіршілігіне  не  қажет ? 1.2.1.4  Өсімдіктердің өсуі кезіндегі сыртқы өзгерістерді сипаттау

1.1.1.1 Құбылыстар, қоршаған әлем үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру

1.2.1.4 өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу;

 

 

16-17 9-10 1 5.10 Су, топырақ, күннің суреттері, бөлме өсімдіктері,үрмебұршақ тұқымдары, қораптар
5 Өсімдіктерге  қалай  күтім  жасау керек ? 1.2.1.6 Бөлме және мәдени өсімдіктерге күтім жасаудың тәсілдерін білу                                                         1.1.2.2 Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу

1.2.1.5 мәдени өсімдіктерге күтім жасаудың тәсілдерін сипаттау

 

18-20 11 1 12.10 Сусепкіш, қопсытуға арналған таяқшалар, бөлме өсімдіктері

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code