Қысқа мерзімді жоспар

7-сынып

Жылына 68 с, аптасына 2 c.

 

Сабақтың тақырыбы:

Кіріспе сабақ

Зерттеу сұрағы: Орта ғасырлар тарихы нені оқытады?

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:   

СЫНЫП:  6

 

Қатысқан оқушылар  саны:

 

Қатыспаған оқушылар саны: 0
Сабақ негізделген оқу мақсаттары Қазақстанның орта ғасырлар тарихына жалпы шолу
Сабақ  нәтижесі:

 

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды.  Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен  жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау  критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында  тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзіреттілік Орта ғасырлар тарихы
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі.
Алдыңғы оқу Өткен білімді пысықтау
Сабақтың жоспары
Жоспарланғануақыт Сабақ барысы : Бағалау түрлері
Басталуы

5  минут

Бағалау парақшасымен таныстыру

Топтарға бөлу.

Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.

 

1-топ «Сары кәмпиттер»

2-топ «Көк кәмпиттер»

3-топ «Қызыл  кәмпиттер»

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Қызыл гүлім-ай» би

 

 

Тапсырманы орындаған әр балаға конфеттер беріп отырамын.

Жаңа білім

10 минут

 

 

 

 

 

Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

Орта ғасырлар тарихы адамзат өмірінің аса маңызды кезеңінің бірі болды. Орта ғасырлар құл иеленушілік құрылыстың жойылуынан, оның орнына феодалдық құрылыстың келуінен басталды. Феодалдық құрылыс бұрынғы құл иеленушілікке қарағанда озық құрылыс болды. Қоғамның негізгі өндіргіш күші — еңбекші халық бұқарасының еңбек өнімділігін арттыра түсуге деген ынтасы феодалдық құрылыс кезінде әлдеқайда өсе түсті. Орта ғасырлар кезінде әлем халықтарының өмірге, оның мән-мақсатына деген ой-пікірін, көзқарасын тұжырымдауға зор үлес қосқан жаңа христиан және ислам діндері қалыптасты. Христиан дінінің басшылары күпірлерді қудалауға ұшыратты. Батыс Еуропа халықтарын Шығыс елдеріне айдап салып отырды.

Орта ғасырларда католик шіркеуін түбірімен қайта құруға бағытталған қозғалыс — реформация өріс алды. Оның жақтастары папалардың діндарларды басқару құқын мойындаудан бас тартты. Шіркеу жерлерін тартып алуды, монастырьларды жабуды, икондар мен әулиелерге табынуды жоюды, индульгенция сатуға тыйым салуды, киелі кітапты адамдардың бәріне бірдей оқуға рұқсат берілуін талап етті. Реформация Еуропаның көптеген елдерінде (Солтүстік Германияда, Швейцарияда, Нидерланд мен Англияда, Дания мен Швецияда т. б.) жеңіске жетті.

Орта ғасырларда адамға деген жаңа көзқарастан туындаған гуманистік идея өмірге келіп, нығая түсті.

Орта ғасырларда Осман түріктері Византия империясын басып алып, еуропалықтардың Шығысқа баратын жолын жауып тастады. Еуропалықтар өз қазыналарын молайтып отыру үшін Шығысқа теңіз арқылы бет түзеді. Соның арқасында ұлы географиялық ашулар жасалды. Оның нәтижесінде еуропалықтардың әлем туралы, оның халықтары жайлы білімдері, ой өрістері кеңейе түсті. Орта ғасырларда адамзат тарихындағы ұлы жаңалықтардың бірі — кітап басып шығару өмірге келді. Ол білімнің, ғылымның, өнердің кең қанат жаюына мүмкіндік туғызды. Жоғары оқу орындары — университеттер ашылды. Мәдениет қалың халық бұқарасының игілігіне айнала бастады. Көптеген таңғажайып ортағасырлық өнер туындылары дүниеге келді. Ғылым-білімнің дамуы сағат, су двигателі, домна пеші, оқ-дәрімен атылатын қару сияқты құрал-саймандардың өмірге келуіне себеп болды.

Орта ғасырларда мемлекеттік биліктің демократиялық жүйесі өмірге келіп, қалыптаса бастады. Бұл жүйе адам құқықтарына негізделген заңдар жиынтығын (Юстиниан кодексі, «Яса» т.б.) қалыптастырды.

Орта ғасырларда халықтар мен мемлекеттердің бәрінің даму деңгейі бірдей болмады. Ерте орта ғасырлар мен дамыған феодализм кезінде Шығыс елдері шаруашылығы мен медениетінің дамуы жағынан Еуропа елдерінен едәуір алда болып келсе, кейінгі орта ғасырларда, әсіресе қайта өркендеу дәуірінде даму жағынан Еуропа алға озып шықты. Батыс Еуропа елдері жаңа, капиталистік қатынастарға аяқ басқанда Шығыста феодализм үстемдік қүра берді. Ал Африка мен Австралиядағы, Америка мен Азиядағы көптеген елдерде алғашқы қауымдық құрылыс сақталып қалды. Қорыта айтқанда, орта ғасырлар адамзат тарихындағы шаруашылық пен мәдениеттің қарышты қадаммен алға жылжу кезеңі болды.

«Сақина салмақ ойыны»

Балалар біз бүгін сақина салмақ ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның бүгіінгі ерекшелігі кімнің   қолында сақина қалса менің сұрағыма жауап береді?

Орта ғасырлар тарихы нені оқытады?

 

 

 

 

Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

10 минут

 

 

 

 

 

 

Қолдану

Орта ғасырлар, орта ғасыр (лат. medіum acvum) – адамзат тарихының ежелгі дүние мен жаңа тарих аралығындағы кезеңі.

Орта ғасыр деген ұғымды XV – XVI ғасырларда Қайта өркендеу дәуірінің итальян тарихшы-гуманистері (Ф.Бьондо, т. б.) енгізіп, ғылымда XVIII ғасырда бекіді. Орта ғасыр – Батыс Еуропада феодалдықтың өмірге келіп, үстемдік құруы және ыдырай бастау дәуірі. КСРО кезіндегі тарих ғылымында Орта ғасырға құл иеленуші Рим империясының күйреуі (шартты түрде 476 жылы) мен XVII ғасырдағы ағылшын революциясына дейінгі кезең жатқызылды. Бұл Еуропада он екі ғасырға тең уақыт, ал Шығыс елдері кейіндеу дамығандықтан, бұл заңдылық сақталмайды. Орта ғасыр ұғымы тарих ғылымында Еуропа тарихи деректемелеріне сай пайда болып, жете зерттелген. Дегенмен, бұл ұғым дүние жүзінің басқа аймақтарында да қолданылады. Соңғы кезде тарих ғылымында Орта ғасырдың басталуы арабтардың Еуропаға шабуылы басталған кез (VIII ғасырдың басы), ал аяқталуы – Константинопольдің құлауы (1453 ж.), Американың ашылуы (1492 ж.), Германияда реформация мен шаруалар соғысы (1525 ж.) деген әр түрлі көзқарастар орын алып отыр. Орта ғасыр тарихын зерттейтін ғылым медиевистика деп аталады.

Талдау

«Ыстық орындық» орындық әдісі

(Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.

Жаттығудың сипаттамасы:

 

Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады.

Шаруалардың ортағасырлық қоғамдағы орны[өңдеу]

Шаруалардың қоғамда атқаратын рөлі орта ғасырларда қалыптасқан үш қауымдық топ теориясы бойыншы анықталды. Ол теория қоғамды адам ағзасымен салыстыруға негізделді. Адамның өміріне жан қандай қажет болса, құдайға құлшылық етуші дінбасылар да қоғамға сондай қажет делінді. Зиялы мырзалар мен ел басқарып жүрген атқамінерлер адамның қолына теңестіріліп, «соғысушылар» рөліне ие болды. Ал шаруалар адамның аяғына теңестіріліп, жұмыс істеушілер деп танылды.

 

Бұл теория бойынша адамның жаны, аяғы, қолы бір-біріне қандай қажет болса, дінбасылары да,зиялы мырзалар мен шаруалар да бір-біріне сондай қажет, олар бір-бірінсіз өмір сүре алмайды делінеді. Сондықтан да олар әрқашан бір-бірімен тығыз байланыста ешқандай талас-тартыссыз, ынтымақта өмір сүруі керек. Себебі адамның аяғы қолына, қолы жанына қарсы қастандық жасамайды.

 

Сөйтіп орта ғасырларда шаруалар қоғамның ең қажетті мүшесі саналды. Шаруаларға, олардың дене еңбегіне деген осындай озық көзқарас олардың қоғамдық өндіріске ынтасын арттырып, шарушылықтың өркендей түсуіне елеулі үлес қосты.

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық,қабырғаға ілінген  ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.

Сергіту сәті

2 минут

«Қыдырып қайтайық!»

би билеу

 

Оқушылар би билеп сергіп қалады.
Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Синтез  

Графикалық органайзер: «Балық қаңқасы» диаграммасы

 

Бағалау

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

Кері байланыс

3 минут

Кері байланыс кемесі
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау — Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

 

 

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

 

 

САБАҚ:

Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер

Зерттеу сұрағы: VI-IX ғасырларда билік құрған қай қағандардың есімдері тарихта сақталды?

Мектеп:
Күні: Мұғалімнің есімі:

 

СЫНЫП: 7 Қатысқандар саны: Қатыспағандар: 0
Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

6.3.1.1 – оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы Түрік қағанаты құрылуының тарихи маңызын анықтау;
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
·         Оқулықта  берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.
Оқушылардың басым бөлігі:
·         Тақырыптың  маңызы туралы  дәлелдеп айтып бере алады.
Кейбір оқушылар:
·         Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.
Бағалау  критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында  тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік  

Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер

Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі,тарих.
Алдыңғы тақырып Кіріспе сабақ

Зерттеу сұрағы: Орта ғасырлар тарихы нені оқытады

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар
Басталуы  5 минут

 

Топқа бөлу2 минут

Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

3 минут

«Қызыл гүлім-ай» би

1-топ «Сары кәмпиттер»

2-топ «Көк кәмпиттер»

3-топ «Қызыл  кәмпиттер»

 

 

Ортасы   20 минут Білу және түсіну 10 минут

Топтарға тапсырма:

(Мәтін бөліктерін тарату)

Оқулықтағы тапсырмаларды топтарға бөлу

Түргеш қағанаты 704-756 жылдар аралығында өмір сүрді. Қағанаттың негізін қалаушы Үшелік-қаған  болды. Қағандықтың территориясы Орта Азияның оңтүстік-шығысында Шаш (Ташкент) қаласынан Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Турфан қалаларына дейінгі аралықты қамтыды. VI ғасырда Тянь-Шань таулы аймақтарында өмір сүрген түргештер VII ғасырда Жетісуға қоныс аударып, Батыс түрік қағанатының сол қанатының құрамына енген, халқы ең көп тайпа болған. Қағандық халқының этникалық құрамы негізінен сары және қара түргеш тайпаларынан тұрды. Жазба деректердің көрсетуі бойынша олар Шу, Талас, Іле бойларында өмір сүрген. Үшелік қаған өзінің негізгі тайпаларын екі Ордаға бөліп, басты орталығын Суяб қаласында, екінші ордасын  Іле аңғарындағы Күнгіт қаласында орналастырған. Батыс түрік қағандығының құрамында болған басқа да түрік тілдес тайпаларда түргештердің құрамына енген. Саяси әкімшілік билік қағандықтың ең жоғарғы билеушісі бас қағанның  қолында болды. Үшелік қаған қағанатты   20 әкімшілік аймақтарға бөліп, әр аймақта 7 мыңнан әскер ұстады.

Қарлұқ қағанаты (756-940 ж.ж.). Қарлұқтар туралы алғашқы деректер V ғасырда олардың тирек  тайпаларының құрамында болғандығын айтады. Қарлұқ туралы алғашқы дерек “суй әулетінің тарихында” 581-618 жылдары кездеседі. Онда қарлұқтар өздерінің басты руының атымен бұлақ (було) деп аталған. Қарлұқ  тайпаларының әуелгі орналасқан аймағы – Батыс Алтай мен Тарбағатай арасындағы өлке. VII ғ. орта кезінде қарлұқ бірлестігінің құрамына ірі-ірі үш  тайпа – бұлақ, шігіл және ташлық кірген. Әмудәриядан бастап Қытайға дейінгі түріктердің барлығын шігіл деп атаған. Олардың біразы  Таласқа жақын жерде Шігіл деп аталатын қалада тұрған. Шу аңғарында тұрған қарлұқ қоныстарының орталығы – Баласағұн қаласы. Қарлұқтардың біраз тобы Х ғасырда Іле аңғарында, Ыстықкөл мен Балқаш көлдерінің аралығында көшіп-қонып жүрген. Қарлұқтардың көсемдерін “жабғу” деп атаған. Олардың астанасы Қойлық қаласы болды.

 

Оғыз мемлекеті (Х-ХІ ғғ.).  Қарлұқ қағанатының солтүстік-батыс жағында, Сырдарияның орта және төменгі бойында, оған жалғасып жатқан Батыс Қазақстан далаларында ІХ-Х ғасырларда  Оғыз тайпаларының ежелгі феодалдық мемлекеті қалыптасты. Әйгілі М.Қашқаридің сөздігі “Диуани-лұғат-ат-түрік” бойынша Оңтүстік Қазақстанның жерінде, әсіресе Ыстықкөл мен Шудың орта бойында қырғыз, қыпшақ, оғыз, иағма, чігіл, имек сияқты түрік тілдес тайпалардың қатар өмір сүргендігі белгілі. Осыған қарағанда оғыздардың алғашқы отаны  Жетісу болғандығына күмән жоқ. Алайда ҮІІІ ғ. екінші жартысынан бастап қарлұқ тайпаларының күшеюіне байланысты оғыздар Сырдарияның орта және төменгі бойына ауа бастаған. Сөйтіп ІХ ғ. аяғында осы аймақта оғыз тайпаларының бірлескен одағының нәтижесінде партиархалды-феодалдық  мемлекет құрылады. М. Қашқари оғыз елінің 22, кейбір деректерде 24 тайпаға бөлінгенін жазады.

Қолдану 8 минут  «Интервью» әдісі

 

Жалпыға арналған тапсырма:

Оқушылар тақырып аясында сұрақтар құрастырады. Сұрақтар тақтаға ілінеді. Оқушылар бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.

Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер

Зерттеу сұрағы: VI-IX ғасырларда билік құрған қай қағандардың есімдері тарихта сақталды?

 

 

«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі.

«Интервью» әдісі

Оқушылар өз оайларын стикерлерге жазып жабыстырады.

Сергіту сәті

2 минут

«Қыдырып қайтайық!»

би билеу

«Қыдырып қайтайық!» биі

 

Аяқталуы  20 минут Синтез

Екі түрлі түсініктеме күнделігі.

Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:

 

Бөліктің оң жағына Сол жағына
Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады. Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)

 

 

 

 

Оқушылар кестемен жұмыс жасайды

Қосымша ақпарат

 

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау — Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

«Менің көңіл-күйім баспалдағы»

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.

 

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

 

Орта мерзімді жоспар

7-сынып

жылына68 с, аптасына 2 c.

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері Тақырыптар/ Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны Оқу мақсаты Білім алушылар білуге тиісті оқу мақсаттары Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Үйрену мақсатында бағаны қоса, бағалау Негізгі дерек көздер Cағат саны
1-тоқсан
7.1А

VI – IX ғасырлардағы Қазақстан 18с

 

Кіріспе сабақ

 

Зерттеу сұрағы: Орта ғасырлар тарихы нені оқытады?

Қазақстанның орта ғасырлар тарихына жалпы шолу «Сақина салмақ ойыны» «Ыстық орындық» орындық әдісі. Графикалық органайзер: «Балық қаңқасы» диаграммасы. Қалыптастырушы бағалау. Кері байланыс кемесі.

 

7-сыныпқа арналған қазақстан тарихы оқулығы.

Маркер,ватман.

2  
Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер

Зерттеу сұрағы: VI-IX ғасырларда билік құрған қай қағандардың есімдері тарихта сақталды?

6.3.1.1 – оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы Түрік қағанаты құрылуының тарихи маңызын анықтау;

6.3.1.2 – VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;

6.3.2.2 – ерте түрік  қағанаттарының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау   ;

6.2.1.3 – тарихи оқиғалар мен процестердің  сабақтастығын сипаттау үшін «Ұлы Дала» ұғымын қолдану

«Интервью» әдісі. Екі түрлі түсініктеме күнделігі. «Әлемді шарлау» әдісі. Рефлексия парағы. «Менің көңіл-күйім баспалдағы» Дидактикалық материалдар.

Маркер,ватман.

Ғаламтор ресурстары.

4  

 

JOSPARIK.KZ Күнтізбелік жоспар, сабақ жоспары, ОМЖ, ҚМЖ. Поурочные планы, план-конспект. ОМЖ, КМЖ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code